Бірлік – ислам әлемі біртұтастығының кепілі
(last modified Mon, 25 Dec 2017 12:09:15 GMT )
Жел 25, 2017 18:09 Asia/Almaty
  • Бірлік – ислам әлемі біртұтастығының кепілі

Ислам дінінде бірлікті сақтаудың маңыздылығы қуатталғандай, жікшілдік пен қайшылық айыпталып, оның салдарлары туралы ескерту жасалды.

Ислам әлемі қазіргі таңда басқа кезеңнен көбірек бірлік пен біртұтастықты қажет етеді. Бүгінде ислам әлемі бұрын-сонды болмаған жік салушылық, ислам елдері арасындағы терең алауыздық, тәкфиршілердің әрекеттері, ислам елдеріндегі билік негіздерінің құлдырауы мен әлсіреуі, сондай-ақ, ислам мемлекеттеріндегі ауыр адами апаттармен бетпе-бет келуде. Олардың мысалдарының бірі ретінде Йемендегі жағдайға тоқталып, әртүрлі себептерді атауға болады. Ислам елдерінің ортақ, бірлікке себеп болатын факторларға ие болып, қарым-қатынастарға мән беруі  өте маңызды. Мұндай жағдайда Батыстың отаршылығы мен империализмге немқұрайдылық танытуға болмайды. Мұсылмандардың арасындағы бірлікті қорғаудың маңыздылығы туралы әртүрлі себептерді атауға болады.

Бірлік мұсылмандар арасындағы дұшпандықты жояды

Құран Кәрімнен мұсылмандардың бірлігінің маңыздылығы мен қайшылықтарының салдарлары туралы көптеген аяттарды кездестіруге болады. «Әли Имран» сүресінің 103-ші аятында: «Түп-түгел Алланың жібіне (дініне) жабысыңдар да бөлінбеңдер. Сондай-ақ, өздеріңе Алланың берген нығметін еске алыңдар. Өйткені, бір-біріңе дұшпан едіңдер, жүректеріңнің арасын жарастырды. Оның игілігімен туысқа    айналдыңдар.  Оттан бір шұңқырдың ернеуінде едіңдер, сендерді одан құтқарды. Осылайша, Алла сендерге аяттарын тура  жолға түсулерің үшін баян етеді»,- деп айтылған. Алла Тағала бұл аятта мұсылмандардың арасындағы дұшпандықтардың аяқталуына діндегі бірліктің себеп болатынын баяндады. Негізінде Ислам дініне дейін адамдардың қарым-қатынастарында дұшпандық үстемдік еткен болатын. Ислам діні келген соң дұшпандық аяқталды. 

Бірлікті сақтау – ғиззат пен күш-қуаттың факторы

Исламның ұлық пайғамбары әрқашан мұсылмандардың ғиззаты мен күш-қуатынның бірінші себебін олардың арасындағы бірлікті сақтау деп санады. Мұсылмандардың ғиззаты мен күш-қуаты үшін бірліктің маңызды болғаны сондай, тіпті хазірет Әли (ғ.с.) үкіметті өз құқығы санағанымен, мұсылманардың ғиззатына сызат түсірмеу үшін және мұсылмандардың арасындағы қайшылықтардың алдын алу үшін зұлымдықтың алдында үнсіздік танытып, сабыр сақтады.

Бірлік – мұсылмандардың біртұтастығының факторы

Бүгінгі әлемде мұсылмандардың бірлігі басқа уақытпен салыстырғанда көбірек қажет. Имам Хомейни ислам әлемінің әлсіздігін іріткі салудың салдары, ал бірлікті ислам үмбеті  айбындылығының жалғыз жолы санады. Имам Хомейни Ислам революциясының жеңісінен бір күннен кейінгі жолдауында мұсылмандар арасындағы бірліктің қажеттігін қуаттап: «Біз сүннит мұсылмандармен бірміз, біртұтаспыз. Егер кімде-кім біздің мұсылмандардың арасындағы алауыздыққа себеп болатын сөз айтса, оның надан екенін біліңіздер. Бұл шиіттер мен сүнниттердің мәселесі емес. Біз барлығымыз біргеміз»,- деді. Аятолла Хаменеи бірлікті мұсылмандар арасындағы қайшылықтардың жоқтығы және бауырластығы деп атап, мұсылмандар арасындағы қақтығыстар мен қайшылықтардың артпауын бірлікті сақтаудың маңызды нәтижелерінің бірі деп атады. Иран Ислам революциясы жетекшісінің айтуынша, бірлікті сақтау қайшылықтардың болмауы емес, ислам әлеміндегі ой-пікірлер мен наным-сенімдердің түрлілігі мен қайшылықтарға құрмет көрсету. Басқаша айтқанда,  бірлік тек бір ой-пікір немесе бір наным-сенімге ие болу емес, бірлік қоқан-лоққылар мен бейберекеттіктерге қарсы тұру үшін айырмашылықтарды қабылдап, ортақ түсініктерге шоғырлану болып табылады. Мұндай жағдайда бірлік мұсылмандардың қоғамдық, саяси, мәдени және қауіпсіздік тұрғылардағы маңызды факторына айналды. 

Жікшілдік пен қайшылық азапқа себеп болады

Ислам дінінде бірлікті сақтаудың маңыздылығы қуатталғандай, жікшілдік пен қайшылық айыпталып, оның салдарлары туралы ескерту жасалды. Алла Тағала «Анғам» сүресінің 65-ші аятында мұсылмандардың арасындағы қайшылықтар мен жікшілдікті ең жаман азаптардың себептерінің бірі ретінде айыптады. Жікшілдік ислам әлемі бірлігінің жойылуына немесе әлсіреуіне себеп болып, бүгінде ислам әлемі ең тұрақсыз және дағдарысты жағдайлармен бетпе-бет келді. Лаңкестік топтарды құру, қатыгездіктер пен бейберекеттіктер, Сирия, Йемен, Ливия мен Ирактағы дағдарыстар мен АҚШ Президентінің басып алынған Құдс туралы шешімі – ислам әлеміндегі бірліктің жоқтығы мен қайшылықтардың салдарлары. Егер ислам әлемінде бірлік орнатылса, ислам әлемінің дұшпандары, әсіресе АҚШ еш уақытта қасиетті Құдстың жерін сионистік режимнің мүддесіне сай етіп шешім қабылдауына дәті бармас еді. 

Қайшылықтардан алыстап, ортақ мәселелерге назар аударудың қажеттілігі

Ислам әлемі ДАИШ лаңкестерінің қоқан-лоққылары азайған, бірақ исламның дұшпандары әсіресе АҚШ пен Израиль ислам елдері арасында жік салып, қайшылықтарды арттыруды көздеп отырған қазіргі жағдайда ортақ мәселелерге назар аударуы қажет. Мұсылмандардың ең маңызды ортақ мәселесі – бір пайғамбар мен бір қасиетті кітапқа ие болуы. Исламның ұлық пайғамбары мен Құран Кәрімге сүйену мұсылмандар арасындағы келіссөздердің басталуы мен олардың арасындағы қайшылықтардың азаюына себеп болады. Бұл  мақсатқа жету үшін ислам ғұламалары маңызды рөл атқара алады. Ғұламалар ислам мемлекеттерінің үкіметіне тигізетін ықпалына байланысты олар діндегі надандық пен бұрмалануышылықтар сынды мәселелерге қарсы тұру үшін мұсылмандардың ортақ діни мәселелеріне сүйеніп, исламдық бірлікке көмектесе алады. Сирия мен Ирактағы дағдарыстар бірліктің жоқтығының маңызды белгілерінің бірі. Сирия мен Ирактағы жүздеген мың адамның қырылуы мен жарақат алуына, миллиондаған азаматтарының босқынға айналуына себеп болған мәселелердің бірі ислам мемлекеттері арасындағы бірлікке қатысты қайшылықтар болды. Батыс мемлекеттерінің араласуы мен саясаты қазіргі жағдайдың маңызды факторы болғанымен, егер ислам елдері арасындағы бірлік мықты болғанда, олардың саясаты Сирия мен Иракта дағдарыс тудыра алмайтын еді. Сирия мен Ирактағы ДАИШ лаңкестігінің сәтсіздікке ұшырауына кейбір ислам мемлекеттерінің, атап айтқанда Иран, Ирак және Сирияның бірлігі мен біртұтастығы себеп болды. Сауд Арабиясы мен одақтастарының Йеменге қарсы соғысы қасиетті Ислам дінін теріс түсінудің, діни ортақ мәселелерге сүйенудің орнына мазхабаралық қайшылықтарға сүйенудің салдары. 

Мұсылмандардың жеңісінің, ислам әлеміндегі қоқан-лоққыларды аяқтаудың немесе азайтудың кілті мұсылмандар арасындағы бірлікке байланысты. Исламдық бірліктің ішінен ДАИШ сынды топтар құрылмайды, адами апат пайда болмайды, дұшпандар мұсылмандардың діни болмысы мен ислам әлемінен Бейт әл-Мұқаддасты бөле алмайды.