Латын Америкасы Құдсты қолдайды
(last modified Wed, 27 Dec 2017 14:12:18 GMT )
Жел 27, 2017 20:12 Asia/Almaty
  • Латын Америкасы Құдсты қолдайды

Латын Америка мемлекеттері толығымен әрі ашық түрде АҚШ президенті Дональд Трамптың АҚШ елшілігін Тель-Авивтен Құдсқа көшіру және сионистік режимнің астанасы ретінде аталмыш басып алынған қаланы ресми тану туралы шешімін қатаң сынады.

Венесуэла президенті Николас Мадуро ресми мәлімдеме жариялап, Трмаптың шешімін халықаралық құқықты ашық түрде бұзу деп  атады. Венесуэла Сыртқы істер министрі Хорхе Арреаса да Твиттердегі парақшасында: «Боливариан халқы Палестина мәселесінің әділ шешілуіне атсалысады. Венесуэла үкіметі де Палестинаға қарасты аумақта Израиль үкіметінің заңсыз тұрақтануының күшеюіне жеткізетін кез-келген біржақты іс-шараға қатаң қарсы» деп жазды.

Боливия солшыл үкіметінің президенті Эво Моралес Трамптың шешімін қатаң сынап, оның аймақ тұрақтылығына тигізетін салдары туралы: «Біз Құдсқа қатысты Трамптың біржақты шешіміне қатты алаңдап, оны айыптаймыз» деді. Ол сонымен бірге Боливияның Палестина халқына тілектестігін айтып, Палестина жағдайының әділ жолмен шешілуін қуаттады.

Куба үкіметі Трамптың шешімін Палестина халқының заңды мүдделерін бұзатын және Таяу Шығыс аймағының тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндіретін халықаралық құқықты өрескел бұзушылық деп атады.

Чили үкіметі өзге Латын Америка мемлекеттерімен үйлесімді іс-шаралары аясында сионистік режимнің астанасы ретінде Құдсты ресми тануды айыптады. Чили Сыртқы істер министрі Эральдо Муньос Твиттердегі парақшасында: «Чили үкіметі Құдс қаласын ерекше мәртебеге ие санайды. Сол себепті біз Құдсты заңсыз түрде басып алуды мойындамаймыз» деп жазды.

Тіпті АҚШ-пен жақсы қарым-қатынас орнатқан Аргентинаның оңшыл үкіметі де Трамптың бұл ісіне өкініш білдіріп, Біріккен Ұлттар Ұйымының 1947 жылы қабылдаған №181 резолюциясына тоқталып, Құдстың Израиль режиміне тиесілі еместігін айтты. Бразилия, Никарагуа, Сальвадор және Латын Америка аймағының өзге де мемлекеттері де Трамптың әрекеттерін айыптауда.

Бұл ретте Латын Америкасының Құдсқа қатысты үйлесімді әрі біртұтас ұстанымы мен айрықша назарының дәлелі қандай деген сауал туындайды.

Шындығында, Латын Америка мемлекеттері 1948 жылы жалған Израиль режимінің құрылуына өздерін кінәлі сезінеді. 1947 жылы жаңадан құрылған Біріккен Ұлттар Ұйымында Латын Америкасының 20 мемлекеті №181 резолюциясында Израиль режимінің пайдасына дауыс берген болатын. Еврей лоббилері сол уақытта Латын Америкасы мемлекеттерінде өте белсенді болған. Сол себепті 1973 жылға дейін және қазан соғысы басталғанға дейін латындықтар әрдайым сионистік режимге қолдау көрсеткен.    

1967 жылғы соғыс Латын Америкасы мемлекеттері арасында әскери тәртіп пен алауыздыққа тап болды. Аймақтың басынан кешіргені туралы Латын Америкасы қоғамдық пікірінің хабардарлығының артуы мен Палестина легитимділігіне қатысты аймақтың саяси назары Құдс мәселесін Латын Америкасында өрістетті.   

Латын Америкасындағы араб ұлтының ұрпақтары сол уақыттан бері Палестина мәселесін тұрақты түрде көтеріп келеді. Бұл қоғамдық пікірдің хабардарлығының артуында маңызды рөл атқарды. Олар Палестина мәселесінің тек араб және ислам дініне ғана емес, христиандарға да қатысты екенін және оны белгілі бір дінмен байланыстыруды өзге аспандық екі дінге зұлымдық көрсету болып табылады деп түсіндіруге тырысты.

Араб әлемінен кейін арабтардың көбі Латын Америкасы аймағында өмір сүреді. Бразилия 12 миллион 500 мың санағымен ең көп араб ұлты тұрақтанған ел саналады. Бразилиядан кейін Аргентина 4.5 миллион араб тұрғынымен екінші орында тұр. Венесуэла 1 миллион 600 мың адаммен Латын Америкасында араб халқы тұратын үшінші мемлекет есептеледі. Колумбия мен Мексикада бір жарым миллион, Чилиде 800 мың араб қоныстанған. Жалпы алғанда Латын Америкасының шамамен 35 миллион тұрғынын арабтар құрайды. Ал АҚШ-та 3 миллин 700 мың араб өмір сүріп жатыр. Мұсылмандардың Латын Америкасында жағдайлары жақсы. Олардың халқының саны 10 миллион адамға дейін жетеді.

Латын Америкасы аймағында жаңа солшылдардың қайта жандануынан бері, яғни жиырма жыл бұрын басып алынған аумақта палестиналықтардың құқығын мойындау толқыны басталып, оның шарықтау шегі аймақ халқының Құдсты қолдауынан көрінді. Лула Да Силваның президенттігі кезінде Бразилия ел астанасы Бразилиада Палестина елшілігін ашуға әрекет еткен алғашқы мемлекет болды. Бұл мәселе Бразилиядағы сионистер мен сионистік режимді құптайтын еврейлердің қатаң реакциясына тап болды. Палестина халқының құқығын қолдау Дилма Русефтің президенттік қызметі кезінде де жалғасты. Алайда ақырында еврейлер, АҚШ пен сионистік режимнің жақтастары Русефті биліктен кетірді.

Латын Америкасының түкпір-түкпіріндегі палестиналық үкіметтік емес ұйымдар да аталмыш аймақ халқының хабардарлығын арттыру және оларды Палестина халқының бұзылған құқықтарымен таныстыру жолында маңызды рөл атқарды. Мұны Латын Америкасының гуманитарлық ассоциацияларының мәлімдемелерінен көруге болады. Мәлімдемелердің бірінде: «Палестина дүниенің екінші бөлігінде орналасқан. Дегенмен, біздің олармен тарихи ұқсастығымыз бар. Палестиналықтарға және олардың қалауларына құрмет көрсетуіміз қажет. Латын Америкасының Палестина халқымен тарихи ұқсастығының бірі отаршылдық пен басқыншылықта көрінеді» деп жазылды.

Трамп әрекетін айыптаудағы Латын Америкасы мемлекеттерінің біртұтастығы Латын Америкасында берік әлеуметтік негізге ие христиандар мен мұсылмандардың құқығының бұзушылығына қатысты қоғамдық пікірді тартуды көздейді. Мұнымен қатар, Израиль режимі мен сионистердің Латын Америкасы тарихында жарқын тәжірибесі болған жоқ.

Израиль режимі Аргентинадағы «лас соғыста» маңызды рөл атқарды. АҚШ-тың орталық барлау басқармасының жоспары мен МОССАД ұйымының ынтымақтасуымен Латын Америкасының бірқатар елінде жүзеге асқан бұл соғыста Латын Америкасының көптеген белсенділері мен либерализмнің жақтаушылары қаза тауып, соққыға жығылып немесе із түссіз жоғалған. Латын Америкасының халқы құрбандарға құрмет көрсетіп, Израиль режимінің кінәсін ешуақытта кешірмейді.   

Латын Америкасындағы Израильдің ақпараттық-саяси және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қызметтерінен бөлек, бұл режим оңшылдар әскери жасақтарын құрып, аталмыш аймақта қанды төңкерілістерді қолдауға зор ықпал еткен. Чилиде Сальвадор Альендеге қарсы көтерілісте израильдік кеңесшілер маңызды рөл атқарды. Жуырда әшкере етілген құжаттарға сәйкес, Израиль режимі Чилиде Аугусто Пиночеттің диктаторлық режимін қару-жарақпен қамтамасыз етуге жәрдемдескен. Сонымен бірге Израиль режимі тәуелсіз және либерал топтармен күресу үшін әскери жасақтарды құру тәжірибесіне ие. Соның ішінде 1980 жылдардағы Ливан ұйымдарының құрылымына ұқсас AUC қарулы ұйымын немесе Колумбияның өзін-өзі қорғау бірлескен күштерін атап өтуге болады. Аталмыш ұйымның басшысы Карлос Кастаньо өзі жариялаған өмірбаянында Израильде әскери білім алғанын ашық мойындайды. 

Жалпы алғанда сионистік режим Латын Америкасының азаттық қалаушы халқының көзқарасы тұрғысынан дүниежүзіндегі озбырлық пен қылмыстың символы болып есептеледі. Сол себепті, Палестина халқына қолдау көрсету бұл аймақта  өрістеп келеді.