Аятолла Мохиеддин Хаери Ширазидің қайтыс болған күніне арналған бағдарлама
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i33601-Аятолла_Мохиеддин_Хаери_Ширазидің_қайтыс_болған_күніне_арналған_бағдарлама
Діни оқу орындарының ахлақ пәнінің ұстазы, күрескер ғалымдардың бірі әрі діни жетекшінің Фарс облысындағы бұрынғы өкілі аятолла Мохиеддин Хаери Ширази бүкіл өмір бойы қажымай еңбек етіп, талпыныс жасап, Исламның ұлық пайғамбарының әулеті туралы үгіт-насихат жүргізіп, 81 жасында дүние салды.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаң 05, 2018 01:31 Asia/Almaty
  • Аятолла Мохиеддин Хаери Ширазидің қайтыс болған күніне арналған бағдарлама

Діни оқу орындарының ахлақ пәнінің ұстазы, күрескер ғалымдардың бірі әрі діни жетекшінің Фарс облысындағы бұрынғы өкілі аятолла Мохиеддин Хаери Ширази бүкіл өмір бойы қажымай еңбек етіп, талпыныс жасап, Исламның ұлық пайғамбарының әулеті туралы үгіт-насихат жүргізіп, 81 жасында дүние салды.

Имам Әли (ғ.с.) даналық сөзінде: "Мүлікке иелер тірі болғанымен, өлген саналады. Алайда білімге ие адамдар тірі кездерінде де, дүниеден озғаннан кейін де мәңгі есте қалады. Негізінде, тірі және өлген адамның айырмашылығы оның әсер етуіне байланысты. Сондықтан мүліктерін не өздері, не басқалар қолданбайтын байлыққұмарлар өлген саналады. Өйткені, олардың еш әсері болмайды. Құран Кәрім "Намл" сүресінің 80-ші аятында: "Шынында өліктерге естірте алмайсың. Әрі бұрылып, қашқан саңырауларға да дауыс естірте алмайсың",- деп айтылған. Алайда көп жыл және ғасырлар бұрын дүниеден озған, бірақ өздерінен кейін шәкірттері мен кітаптарын және басқа еңбектерін қалдырған ғалымдар ұмытылмайды. Олар әрқашан тірідей сезіледі. Өйткені, олар шәкірт тәрбиелеуімен бірге халықты дұрыс жолға нұсқап, шындық дінін қорғады. Олар өздері  қайтыс болғаннан кейін де олардан қалған ғылыми еңбектері істерін жалғастырып жатқандықтан, олар әлі тірі сынды. Ғалымдар қайтыс болып, арамыздан көрінбегеніне қарамастан, оларды әр адамның жүрегінен байқауға болады. Олар әлі де тірі кездеріндегіндей адамдарды тәрбиелеуде.

Шиіттер әлемі еңбекқор ғұламаларының бірінен айырылды. Діни оқу орындарының ахлақ пәнінің ұстазы, күрескер ғалымдардың бірі әрі діни жетекшінің Фарс облысындағы бұрынғы өкілі аятолла Мохиеддин Хаери Ширази бүкіл өмір бойы қажымай еңбек етіп, талпыныс жасап, Исламның ұлық пайғамбарының әулеті туралы үгіт-насихат жүргізіп, 81 жасында дүние салды. Бұл әйгілі ғұлама фикх ғылымының толық кезеңін күніне 10 сағат сабақ оқып, 3 жылда аяқтады. Ол оқуын Мансури мен Сейед Алаеддин Хосейн медреселерінде бастап, кейін Ағо Бабахан діни оқу орнында аяқтады. Сол кезеңде Бахаеддин Махалати мен Мұхаммадәли Мовахед Бахревафер сынды әйгілі фиқхшілерден сабақ алды. Содан соң оқуын жалғастыру үшін Құмға аттанды. Құмда "макасеб" пен "кефаие" пәндері сабақтарын ұстазы Мұхаммадиден алып, содан соң алты ай Сейед Хосейн Табатабаи Бруджердидың сабағына қатысты. Бруджерди қайтыс болған соң имам Хомейни, аятолла Мохаққақ Дамад Араки сынды ұстаздардан білім алды.

Аятолла Мохиеддин Хаери Ширази

 Аятолла Хаери Ширази имам Хомейни Түркияға қудаланған жылдары саяси күрес сахнасына аяқ басты. Ол хиджри қамаридың 1342-ші жылынан бастап, Шираздың Шамширгарха мештінде жоғары сынып оқушылары мен студенттер үшін жиындар өткізді. Кейін бұл жастар Шираздағы Ислам революциясының ағымдарында ықпалды рөл атқарды. Бүгін де сол жиындардан тәрбие алған шәкірттерінің кейбіреуі Фарс облысының мәдени, қоғамдық және саяси қайраткерлері ретінде елге қызмет етуде. Аятолла Хаери Ширази 1350-шы жылдан бері Құм мен Шираздың арасында қатынап, Хақани медресесінде сабақ берді. Ол саяси белсенділігі, әсіресе Шамширгарха мешітімен байланыста болғаны үшін сан рет қамауға алынып, қудаланды. Аятолла Хаери Ширази: "Алла бізді  бір жақтан қысымға салады, басқа жақтан мағынасыздыққа түспесін деп, қолымыздан тартып шығарады. Бір рет мені азап-қорлық көрсететін бөлмеге апарған кезде қолымды артыма байлап, қолыма құм салынған қапты іліп қойып, мені бір аяғыммен тұруға мәжбүрлеп,  ішімді шымшыды» деген. Сол кезде мен "Уа, Алла! Өзің көріп тұрсың ғой!" дедім. Басқа бірнеше адаммен мені бақылап тұрған САВАК-тың азаптаушысы Резвани мұны естіп: "Не дедің?" деп сұрады. Мен сөзімді қайталадым. Ол қасындағыларды азаптайтын бөлмеден шығарып, қолындағы қамшыны бөлменің бұрышына лақтырып жіберіп, өзі орындыққа отырып,  алаңдап "Былай жеген наным құрысын!" деді",- деп есіне алатын.

Аятолла басқа бір жерде абақтыда болған уақыты туралы: "Ұрып-соғудың шебері доктор Фахраи деген адам болған. Ол бір рет құлағымнан қатты ұрғаны сондай, соның салдары осы кезге дейін сезіледі",- деді.

Қарапайым өмір сүру, сопылық, сән-салтанаттан алыс болу діни ғұламалардың ең айқын ерекшеліктеріне жатады. Халықтың Ислам дініне бет бұруының маңызды факторларының бірін Алла елшісінің қарапайымдылығы мен дүниеқұмар болмауы деп атауға болады. Имам Әли (ғ.с.) Исламның ұлық пайғамбары туралы: "Хазірет жерде отырып, өз қолымен аяқ киімі мен киімін жамап отыратын, тоқымы жоқ есекке міне беретін. Мұндай тұрмыс әлемді өзгертіп, жүректерді билеп, хазіреттің жолдауын адамдарға жеткізіп, тасжүректерді жібіте алды",- деп айтқан болатын. Осыған орай діни қызметкерлер мен мұсылман ғұламалары тарих бойында пайғамбардан үлгі алып, халық сынды және халықпен бірге өмір сүрді. Аятолла Хаери – Ширази қарапайым өмір сүрген діндарлар мен ғұламалардың бірі. Оның шәкірттерінің бірі Ғаравиан ұстазы туралы: "Аятолла Хаери Ширази өте қарапайым өмір сүрді. Бір рет 70-ші жылдардың басында Ширазға жасаған сапарымда сол кісінің үйіне бардым. Түскі тамаққа қалуды сұрады. Сол күнгі түскі тамақ езілген құрт пен нан болды. Аятолла Хаери Ширази 27 жасында Шираздың жұма намазының имамы болып сайланды. Біраз жылдар бұрын, шамамен 1362-1363-шы жылдары жұма күндері таңертең Теһранның  Нармак мешітінде сабақ берді. Мен де сол жерде жастарға сабақ беретін сынып ашып, аятолла Хаери Ширазидің    сабағына қатысқаннан кейін сабағымды өткізіп, аятолланың үйреткенін пайдаландым. Аятолла Хаери Ширази мистік, ақкөңіл, ахлағы жоғары адам болды. Бұл кісінің сабақтарының көбі Құмда Фейзие діни оқу орнының шәкірттері үшін қолданыс тапты",- деді.    

Аятолла Мохиеддин Хаери Ширази

 Қазіргі таңдағы Ислам әлемінің ықтиярындағы фикх, тәпсір, калам, философия мен ахлақ сынды ислам ғылымдары діни ойшылдардың еңбегі мен талпыныстарының нәтижесі болып табылады. Діни ғұламалар екі тұрғыдан әсер етті: біріншіден, олар ислам ғылымдары мәселелерін Исламның негіздерінен, атап айтқанда Құран Кәрім мен сүннеттен алып, реттеді. Оларға араласып, өзгеріс енгізбеді; екіншіден, Исламның негіздерін қорғап, өзгертушілер мен өздерінің жеке немесе топтық ұстанымдары мен пікірлеріне сай тәпсір жасаушылардан құтқарды. Аятолла Хаери Ширази Ислам революциясының жеңісінен кейін діни жоғары оқу орнында сабақ берді. Ислам Кеңесі Мәжілісінің бірінші шақырылымында Шираз халқы тарапынан депутат болды. Бұл кезеңнің екінші жартысында аятолла Сейед Абдолхосейн Дастғейб Ширази мұнафықтардың қолынан шәһид болған соң, имам Хомейнидің бұйрығымен жұма намазының имамы, кейін Фарс облысындағы имамның өкілі болып сайланды. Аятолла Хаери Ширази сонымен қатар діни жееткшінің Эксперттер мәжілісінің бірінші және екінші кезеңдерінде Фарс облысы халқының өкілі ретінде қатысты. Адамды басқа жаратылыстардан артық ететін себептердің бірі оның ойлану, білім алу қабілеті саналады. Адамзаттың ой-пікірін оның екі қаруы: қаламы мен тілі анықтайды. Аятолла Хаери Ширази шешен болуымен бірге қаламы да өткір адам болатын. Ол кісінің 20-дан астам кітабы шыққан. Олардың кейбіреуіне 8 томдық  "Астарлы әңгімелер мен ақыл-кеңестер", "Әлемдік қаржы және исламды жаңғыртатын қаржы", "Велаяте факих", "Намаз", "Қарым-қатынастардың сыры", "Илаһи тұлғалар", "Адамтану", ««Хамд» сүресінің тәпсірі», "Ілім мен дін", Исламдағы ойлану мен ахлақ", "Исламдық ахлақ" және т.б. жатады.

Аятолла Хаери Ширази күрес пен талпынысқа толы ғұмыр кешіп, азар айының 29 күні 81 жасында дүние салып, Құм қаласындағы хазірет Фатима-Масуменің қасиетті кесенесінің қасында жерленді.

Аятолла Хаери Ширази Құм қаласында жерленді