Айдың жарығымен қоштасу
«8 жылға созылған қасиетті қорғаныс кезеңінің ардагері жылдар бойы ауыр жарақаттарының қиындықтарына төзіп, шәһид болды».
Әдеттегідей қысқа және қайғыға толы хабар болды. Алайда жүрекке қонымды тұрақтылық, адалдық пен махаббаттың жолдауын бірге жеткізді. Осы уақытқа дейін шәһид болу туралы хабар біздің қоғамды ерекше көңіл-күйге бөлейді. Яғни, мұндай қоғам серпінді және шындық жолында алға ілгерілеуде.
Бұл жаралы жауынгердің шәһид болуы адамдардың естеріне қайтадан Ислам жауынгерлерінің ерлігі мен жанкештілігін салды. Ол жасөспірім кезінде шындықтың жалғандыққа қарсы майданына аяқ басып, көптеген әрекеттерге қатысты. «Кербала-5» әрекетінде оқ оның жұлынына тиіп, қатты жарақат алды. Ол өзін «керуеннен қалған» деп атайтын. Сол оқиғадан кейін ол қайта-қайта ауруханаға түсіп, соңында шәһид болды. Оның ұлы Тахир Хошлафз әкесімен: «Сәлем, дерттері таусылмаған әкем! Сәлем, сансыз жарасы болған әкем! Сәлем, кеше, бүгін және ертең өшпеген және өшпейтін айдың жарығы! Екі күн болды оттегі балоны төсегіңнің қасында қалып, сенен демалып тұр. Бірақ сен кеткеннен бері мен, анам мен қарындасым жалғызсырап, жылдар бойы өзіңді күткен жүздеген шәһидтерге қызғаныш білдірудеміз. Өзіңнің күнделікті көз алдымызда дерттеріңе төзіп, сабыр сақтағаныңды жақсы түсінемін. Сен сегіз жылдық ерлігің мен жиһад кезінде сабырдың биіктігіне жетіп, өз ықыласыңның сыйын 30 жылдан кейін алып, Алладан ырзығын алушылардың бірі болдың. Алланың әулилерімен көршілестігің мүбәрак болсын!»,- деп қоштасты.
Әли 15 жасында өзінің қайсарлығымен соғыс майданына аттанды. Ол жерде оның батылдығы туралы көп айтылып, 16 жасында қажы Ахмад Мотаваселионның барлау күштері қатарына кіреді. Оның бұл күштердің қатарында үйренген бірінші сабағы дұшпанның тікенді сымынан өту болды. Шәһид Хошлафз өзін таныстырып, Ислам революциясының жүректерге әсер еткеніне тоқталып: «Мен – Әли Хошлафз пендеңмін. Негізінде менің екі есімім бар: біреуі – Джамшид. Бұл революцияға дейінгі есімім. Мен басынан бұл есімді жақсы көрмедім. Әли – менің революциядан кейінгі есімім. Соғыстың басталуынан бірнеше күн өткен кезде Күрдістанда қажы Ахмад Мотаваселионға қосылдым. Бұл мақтан тұтарлық жайт менің маңдайыма жазылды. Мен «есімім Джамшид» деп айтуға ұялатынмын. Таңылған соғыстың басында есімі Әли болған жауынгер бауырлардың бірінің басы шабылып, шәһид болды. Сол кезде жанұямға хат жазып: «Егер мен тірі қалып, шәһид болмасам, есімім – Әли. Мені «Джамшид» деп атамаңдар. Мен 15 жасымда басқа діни бауырлар сынды валие факихты қолдап, соғыс майданына аттандым»,- дедім, деп есіне алатын.
Әли Хошлафз соғыстан кейін мәдени белсенді күштердің бірі болды. Шәһидтің «Айдың жарығы жоғалған кезде» деген кітабын сардар қажы Ахмад Хисам редакциялаған. Бұл кітапты мистикалық қозғалыстың тәпсірі деп атауға болады. Негізінде кітапта соғыстың ерекшеліктерінен гөрі жаратылған уақыттан басталған Аллаға қарай мистикалық сапар туралы айтылған. Оның баяндаушысы – барлау мен жауынгерлік әрекеттерге қатысқан күштердің бірі. Жазушы өз өмірі мен революцияға дейінгі балалық кезінің тентектігі, жастық шағының оқиғалары мен таңылған соғыс кезіндегі төзуге қиын болған оқиғалармен бірге миналар қойылған жерлерден өту, барлау жүргізген түндері, БААС әскерилерінің тылына апаратын жолдарды анықтау, әртүрлі торларға түсу мен көз алдында шәһид болған достары туралы баяндады.
«Айдың жарығы жоғалған кезде» деген кітап өзінің шындығымен көптеген адамдарды қызықтырды. Әли Хошлафздың әскерлес досы: «Айдың жарығының сен екенін де аз адам біледі, сені аз адам таниды...»,- деп жазған болатын. Ислам революциясының жетекшісі аталмыш кітапқа қатысты: «Хамедандықтар – махаббат пен ықылас иелері; айбынды ерлер; имам Хусейн (ғ.с.)-ның жақтастары; Алла дінінің серіктері. Аналары – батыл әрі сабырлы ерлерді тәрбиеушілер. Рухани кеңістік, қырағы жүректер... Аталмыш рауаяттан шыққан бұл және басқа тақырыптар жүректерді ләззатқа бөлейді. Рауаятшы – мәңгі тірі қалатын шәһидтердің бірі. Қатты жаралы денесі оның жүрегінің сергектігі мен қырағылығын азайта алмады. Жазушы – тәжірибелі адамдардың бірі. Оған және оған ұқсас адамдарға Алланың мейірімі болсын», - деп жазды.
Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеидің айтуынша, қасиетті қорғаныс облыстардағы дарындардың көрінуіне себеп болды. Әли Хошлафз Исламды қорғап, өз өмірін қиған мыңдаған жастардың бірі болды. Ислам революциясының жетекшісі өткен жылы шәһидпен кездесуінде: «Сіздер өмірлеріңіздің ең жақсы сәттерін бір-екі рет емес, Құдайға шүкір, ондаған, жүздеген рет өттіңіздер. Біз сіздер өткен сәттер туралы армандаймыз. Сіздердің оқтан қайтыс болған шәһидтерден айырмашылықтарыңыз сіздердің жылдар бойы қиындық көргендеріңізде. Бұл сіздердің шәһидтіктеріңіздің құнын арттырады»,- деген болатын.
Әли Хошлафз Ислам революциясының жетекшісімен кездесуін өмірінің ең әдемі сәттерінің бірі деп санады.
Әли Хошлафз бұл кездесуінде діни жетекшіге махаббатын білдіруімен бірге мәселелер мен алаңдаушылықтарды діни жетекшінің қазіргі қалыптасқан жағдайға наразы болуының нәтижесі деп атап: «Сіз бір нәрсе айтыңыз, біз тынышталайық»,- деді. Ислам революциясының жетекшісі: «Алаңдамаңыздар, сіздер көріп отырған нәрселер – биіктікке жеткізетін қиын жолдағы табиғи оқиғалар. Егер біз Точал немесе Дамавандқа көтерілгіміз келсе, жолымызда шұңқыр, тас немесе жел болмайды деп ойлай алмаймыз. Бірақ соған қарамастан, алға ілгерілейміз. Еш нәрсеге алаңдамаңыздар. Бұл оқиғалар болмағанда, таңғалатын едік»,- деп жауап берді.
Діни жетекші келесі бір сөзінде: «Мәдени әскер, мәдени майдан революция мен Ислам республикасы жүйесіне қарсы шабуыл жасады. Біраз адамдар революция мен жүйені қорғап, жандарын қиды. Сіз бен сіздер сияқты адамдар өз болмыстарыңыз және сөздеріңізбен бөгделердің мәдени шабуылдарына қарсы күресіп жатырсыздар. Бұл – мәдени қорғаныстың өзі. Революция орын алып, жеңіске жетуінен шамамен 40 жыл өтті. Өздеріңіз көріп отырғандай, бір оқиғадан кейін келесі оқиға орын алуда»,- деді.
Жанкештінің шәһид болуына орй жолдауында Ислам революциясының жетекшісі оның ерлігі мен табандылығын мақтан тұтып: «Қадірлі жанкешті Әли Хошлафз дүниеден озды. Ол өмірінің ондаған жылында мүгедектіктің ауыртпалығын тартып, енді шәһадаттың жоғары орнына, яғни Аллаға жақындау дәрежесіне жетті. «Тірі шәһид» деп аталған шәһидке Алланың рақымы болсын. Оның пәк рухына сәлем мен салауат жолдап, соңында қалған жақындарына көңіл айтамыз»,- деді.