Намазға қатысты 26-шы басқосуға арналған бағдарлама
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i33653-Намазға_қатысты_26_шы_басқосуға_арналған_бағдарлама
Намазға қатысты 26-шы басқосу «Намаз және киберкеңістік» деген тақырыпта азар айының 30 күні Хормузган облысында өтті.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаң 06, 2018 19:39 Asia/Almaty
  • Намазға қатысты 26-шы басқосуға арналған бағдарлама

Намазға қатысты 26-шы басқосу «Намаз және киберкеңістік» деген тақырыпта азар айының 30 күні Хормузган облысында өтті.

Намаз – Исламның ең маңызды ғибадаттарының бірі. Намаздың сөйлемдері мен зікірлерінің мағынасы таухид, набоват, ақырет пен Ислам дінінің мәтініндеге қоғамдық мәселелерге қатысты. Алла елшісі өз міндетін бастаған кезде адамды тәрбиелеу мен исламдық жүйенің негіздерін нығайту мәселелеріне  тоқталып, өз міндетін  ғибадат пен намаз оқуды үйретумен бастады. Ислам әлемінің бағдарламаларында намаз өте айқын үлгі. Құран Кәрімнің шамамен 98 аятында «салат» (намаз) деген сөз қайталанады. Бұл намаздың маңыздылығын көрсетеді. «Таһа» сүресінің 14-ші аятында Алла Тағала: «Рас, Мен Алламын. Менен басқа Тәңір жоқ. Сондықтан маған құлшылық қыл.  Сондай-ақ, Мені еске алу үшін намазды толық орында»,- деген болатын.

Адамның өміріндегі намаздың маңыздылығына қатысты жыл сайынғы намаз туралы басқосу ИИР-дағы ең маңызды мәдени оқиғалардың бірі. Аталмыш басқосу жыл сайын Иранның облыстарының бірінде өткізіледі.

Иран Ислам революциясының жетекшісі намазға қатысты 26-шы басқосуға жасаған жолдауының бір бөлімінде намазға шақыруды қуаттап: «Намазға шақыру – өмірдің ең әдемі көріністеріне шақыру. Өйткені, намаз – өмірдің бір тарауы. Онда адам барлық ізгіліктер мен  сұлулықтардың иесі Жаратушының алдында ғашықтықпен дұға тілеп, өзінің жан-жүрегінің сұлулығы мен ізгілігінің сынамасын  жоғарылатады»,- деді. Ол Құран мен хадисте зікір мен намаз оқуға кеңес берген әсерлі тілді намазға шақырудағы ерекшеліктің белгісі деп атап:  «Құдайдың түзу пенделері мұны өздері үшін дәріс санап, намазға шақырсын.  Ислам жүйесіндегі мүмін басшылар намазға шақыру үшін кең мүмкіндіктер жасауы тиіс. Дінбасы, мұғалім, тәрбиеші, директор мен жауапты тұлға қай жерде болса да өз ықпалындағы адамдарды осылай қарай бағыттап, олардан Құдай мен намазға шақырушыларды дайындауы керек»,- деді.

Аятолла Хаменеи 

Намазға қатысты 26-шы басқосу «Намаз және киберкеңістік» деген тақырыпта азар айының 30 күні Хормузган облысында өтті. Бұл басқосудың мақсаты намаз сынды көркем илаһи ғибадаттың тұрғыларын зерттеп, бұл саладағы әртүрлі мақалаларды оқырмандардың арасына тарату болды. Сондықтан сөз сөйлеген адамдар намаз бен киберкеңістік туралы әртүрлі жайттарға назар аудартты.    

Илам қаласының жұма намазының имамы Уад Морад Бейги намаздың маңыздылығы туралы: «Намаз адамды тәрбиелеп, оның иманын нығайтуда маңызды рөл атқарады. Намаз адамды жоғары мақсаттарына жеткізетін сенімділік пен тыныштыққа бөлейді; адамның дүниетанымын арттырып, мәңгілік пен ақыреттің арасындағы көпір саналады. Құран аяттары бойынша, діндарлар мен дінге сенім артатындардың орындайтын ең бірінші ісі намаз оқу болып табылады. Яғни, намаз – адам мен қоғамның арасындағы көпір. Намаз – адамның жеке және қоғамдық өмірін бақылайтын фактор. Ислам дінінде бұл өте маңызды. Құран аяты бойынша,  намаз адамды ластықтан құтқарады.  Бұзақылық пен күпірлік – ластық, күйзеліс, тынышсыздықтар, алаңдаушылық сынды мәселелердің көбінің тамыры. Намаз адамды бақылауға алып, оны күнә мен бұзақылық жасаудан сақтайды.

Намаз мәдениетін тарату қоғамдағы саулық, бейбітшілік пен тыныштықтың орнатылуына себеп болады. Бұл салада ғаламтор өте маңызды ықпалға ие. Қарым-қатынас арналары, әсіресе ғаламтор отбасылардың хабар алатын құралына айналған кезде бұл кеңістікті намаздың маңыздылығы мен оның рухани әсерлері туралы таратуға пайдалануға болады. Егер діни негіздер әлем халықтарына әдемі өнер түрінде ұсынылса, халық хабардар түрде намаздың адам тәрбиелетін мәдениетіне бет бұрады. Намаз деп аталған құрал арқылы қоғамдағы жамандықтардың тамырын жоюға болады»,- деп баса айтты.       

 

Намазға қатысты 26-шы басқосуға қатысушылар

 

Киберкеңістіктің маңыздылығы мен адамзаттың әртүрлі салаларына кеңінен әсер ететіндігі жасырын емес. Ғаламтордың әсерін теріске шығаруға болмайды. Ол саяси, қоғамдық, мәдени, экономикалық салаларға әсерін тигізеді. Қоғамның басшылары, ойшылдары мен көрнекті тұлғалары қоғамды мәдениеттендіру мақсатында алдын ала бағдарлама құрады. Киберкеңістік пен әлеуметтік желілердің маңыздылығы мен олардың қоғамға тигізетін әсерлеріне байланысты киберкеңістікті шындықты әлем халықтарына жеткізуге және құндылықтарды таратуға пайдалануға болады. Иранның намазға қатысты штабының басшысы Қараати ғаламторды  пайдаланудың қажеттілігі туралы: «Құран мүміндерге «Сендер де шамаларың келгенше әр түрлі күш әрі ат байлаумен әзірлік көріңдер. (Сондай-ақ, заманауи техникалық құралдар дайындаңдар.)..»,- деді. («Әнфал» сүресінің 60-шы аяты). Бүшінде дұшпан ғаламторды мәдени биліктерін орнату үшін пайдалануда. Біз де үгіт-насихат жүргізіп, мәдениет пен Құранды және пайғамбар әулетінің тағылымдары мен намазды тарату үшін әртүрлі желілерді пайдалануымыз керек»,- деп қуаттады. Иранның Байланыс министрі Азари Джереми Бандар-Аббаста өткен намазға қатысты жиналыста киберкеңістікті дінді тарататын дарбаза деп атап: «Киберкеңістікте белсенділік білдіруіміз керек. Өйткені, киберкеңістіктің ерекшелігі – мәліметті таратудың жылдамдығында»,- деді. Азари Джереми намаздың жолдаулары мен шындықтарының халық үшін қызық екендігіне тоқталып: «Киберкеңістіктің мүмкіндіктерін революция мен намазды таныстыруға пайдалануға талпыныс жасауымыз қажет. Киберкеңістік біржақты емес,  адамның барлық тұрғыларын көрсете алады. Бұл құрал біздің ықтиярымызда»,- деді.

 

Намазға қатысты 26-шы басқосу Бандар-Аббаста өтті

 

 Намазға қатысты 26-шы басқосуды ұйымдастырушылар бағдарламалық қамтамасыздандыру, драмалық туындылар, аудио подкасттар, намаздың мазмұнын тарату және графикалық дизайн салаларында марапатталды. Басқосудың орталық штабына шамамен 2800 фильм мен бағдарламалар ұсынылды. Солардың ішінен 20 іріктеліп, жиналыста таныстырылды. Бұл анимация, графикалық дизайн, нақты графика, графикалық дизайн, қағаз тақталар, плакаттар, инфографика, аудио подкасттар, дұғалар, ойындар мен ойын-сауық, мәдени-ағартушылық және мультимедиялық салаларда іске асырылған еңбектер болды.

Намаздың рухы сындарлы әрі жамандық пен күнәләрдың алдын алу қасиетіне ие. Ол адамдарды өзгертіп, оны жан-жақты дамытады.  Құдыретті Жаратушының алдында намазға тұрып, Оны мадақтап, оның әдемілігі туралы айтатын адам бүкіл болмысымен илаһи пәк әрі әдемі ерекшеліктермен жақтас болады. Бұл жерде Алла Тағала адамзатқа көмекке келіп, намазханның жаны мен жүрегін сенімге толтырып, иманның өмірде табысқа жетудің негізгі шарты екенін қуаттайды. Намаз – нұрға жеткізетін жол. Егер намаз ықылас және қарапайымдылықпен оқылса, кемелдік пен иманға себеп болады. Сондықтан, Алла Тағала Құран Кәрімде қадірлі пайғамбарынан намазды өзі ғана орындамай, жанұясын да намазға  шақыруды талап етіп: «Үй-ішіңді намазға бұйыр және өзің де оған көңіл бөл...»,- деді. («Таһа» сүресі, 132-ші аят).