Абдулла Салехтің өлімінен кейінгі Йеменнің өтпелі кезеңге аяқ басуы
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i33845-Абдулла_Салехтің_өлімінен_кейінгі_Йеменнің_өтпелі_кезеңге_аяқ_басуы
Сауд Арабиясының Йеменге қарсы соғысы бұл елде гуманитарлық апат туындағанына қарамастан әлі жалғасып жатыр. 1978-1990 жылдары Солтүстік Йеменге, 1990-2000 жылдары біріккен Йеменге билік жүргізген Әли Абдулла Салех Ансаролла қозғалысымен тактикалық одақты бұзып, бұл елде жүздеген адамның қаза болып, жаралануына соқтырған жаңа бүлік шығарды.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаң 13, 2018 13:26 Asia/Almaty
  • Абдулла Салехтің өлімінен кейінгі Йеменнің өтпелі кезеңге аяқ басуы

Сауд Арабиясының Йеменге қарсы соғысы бұл елде гуманитарлық апат туындағанына қарамастан әлі жалғасып жатыр. 1978-1990 жылдары Солтүстік Йеменге, 1990-2000 жылдары біріккен Йеменге билік жүргізген Әли Абдулла Салех Ансаролла қозғалысымен тактикалық одақты бұзып, бұл елде жүздеген адамның қаза болып, жаралануына соқтырған жаңа бүлік шығарды.

Ансаролла қозғалысы күштерінің Абдулла Салехтің күштерімен қақтығыстары ақырында Йеменнің бұрынғы Президентінің қайтыс болуымен аяқталды. Абдулла Салехтің қазасы Йеменде жаңа өзгерістердің кезеңін бастады. Бүгінгі бағдарламада Абдулла Салехтіңбилік басындағы 40 жылдық тәжірибесін талдаймыз.

Әли Абдулла Салех – 1970 жылдары билік басына келген ең соңғы араб билеушілердің бірі. Шын мәнінде, Абдулла Салех араб әлемінде 1970 жылдардан қалған билеушілердің бірі болған. Ол 1978 жылы Парламент тарапынан Солтүстік Йеменнің Президенті болып сайланды. 12 жылдан кейін 1990 жылы Абдулла Салех Йеменнің 5 адамдық Президенттік кеңесінің басшысы ретіндетаңдалды. Ол 1994 жылы Президенттік кеңес таратылғаннан кейін Солтүстік және Оңтүстік Йемен арасындағы соғыс соңында біріккен Йеменнің Президенті болып сайланды. Осы уақыттан 2012 жылдың ақпан айына дейін аталған лауазымды иеленді. Салех 1978 жылдан 2012 жылға дейін 33 жыл бойы Йеменді басқарды.  

Абдулла Салехтің билік жүргізу тәсілі 1970 жылдардағы араб әлеміндегі билеушілердің көпшілігінен еш айырмашылығы болмады. Өз жақындарын жұмысқа алып, лауазымдарды үлестіру, қарсыларды өлім жазасына кесу, тайпа шейхтерімен жақын қарым-қатынас орнату Абдулла Салехтің Йеменде билік жүргізуінің ең маңызды тәсілдері болды. Салех билік жүргізген Йеменде 1999 және 2006 жылдары тек екі президенттік сайлау өтті. Салех те араб әлеміндегі замандас билеушілердің кейбіреулері сияқты жасанды заңдылық тудыру үшін сайлауды пайдаланды. Конституцияны өзгерту арқылы президенттік мерзімді 5 жылдан 7 жылға ұзартты. Осындай тәсілдің салдарынан  басқа араб елдеріндегі сияқты авторитарлық билікте сыбайлас жемқорлық ең жоғары деңгейге жетті. Жанұя мүддесі ұлттық мүддеден жоғары қойылды. Йемен мен Әли Абдулла Салех те басқа елдер мен араб билеушілері сияқты билікті сақтап, қауіпсіздікті кепілдендіру үшін сыртқы күштердің  қолдауына тәуелді болды.

Йемен халқына соғыс пен ішкі қайшылықтарды таңу 40 жыл билік құрған Әли Абдулла Салехтің ел билеу тәсілдерінің бірі болды. 1994 жылғы Солтүстік пен Оңтүстік Йемен арасындағы соғыс пен 2004-2010 жылдар аралығындағы хусилермен соғыс Салехтің билік құрған кезіндегі екі негізгі соғыс болып саналады. 1994 жылғы соғыста 7-8 мың адам қаза тапты. Оңтүстік Йемен қолбасшыларының бірі генерал Абд Раббе Мансур Хадидің сатқындығы мен оның Әли Абдулла Салехпен одақтасуы салдарынан соғыс Абдулла Салехтің мүддесіне шешілді. Сол соғыс аяқталғаннан кейін Абдулла Салех Президент, ал Мансур Хади оныңорынбасары ретінде тағайындалды.

2004-2010 жылдар аралығында хусилермен болған алты кезеңдік азамат соғысы Салех кезінде Йеменде орын алған екінші соғыс болды. Соның салдарынан мыңдаған адам қаза тауып, жараланды. Бұл соғыста Сауд Арабиясы ресми түрде Әли Абдулла Салехті қолдап, йемендік хусилерге қарсы соғысқа кірісті. Соғыспен қоса, 2011 жылғы ішкі қақтығыстар да Әли Абдулла Салехтің билігінің салдары  болды. Қақтығыстарда Йеменнің шамамен 2 мың адамы қаза тапты. Сауд Арабиясының Йеменге қарсы соғысы Абдулла Салехтің сыртқы дұшпанға қарсы қатысқан жалғыз соғысы болды. БҰҰ-ның Гуманитарлық көмек кеңсесінің статистикасы бойынша, бұл соғыста кемінде 8800 адам қаза тауып, 51 мыңнан астам адам жараланды. Бірақ, Әли Абдулла Салех соғыстың соңына дейін Йемен халқының мүддесін қорғай алмады. Ол билікке қайта оралу үшін саудиялықтардың қолдауына арқа сүйеп, Ансаролла халықтық қозғалысына қарсы соғысқа шығып, ақырында өлтірілді. Сөйтіп оның Йеменде қиянат пен жемқорлыққа толы қырық жылдық билігі аяқталды.

Мансапқорлық Әли Абдулла Салехтің ең маңызды жеке қасиеттерінің бірі болды. Ол 1970 жылдардағы араб елдеріндегі замандасәріптестері сияқты Йеменде билікке жету үшін барлық құралдарды пайдаланды. Салех біріккен Йемендегі президенттікке соғыспен қол жеткізді. Ал 1999 және 2006 жылдары сахналанған екі сайлау өткізу арқылы билікті сақтап қалды. Абдулла Салех 2011 жылыхалықтық наразылықтар барысында өзінің ұлы Ахметті билікке жеткізуге тырысты. Алайда ақырында билікті өзінің орынбасары Мансур Хадиге тапсыруға мәжбүр болды. Егер Абдулла Салех Мансур Хадидің билікте оның тәсілін қолданатынын, яғни өзінің туысқандары мен жақындарын билікке алып келіп, Салехтің жақындарын биліктен шеттететінін білсе, тура сол 2011 жылы өле-өлгенше халықтық наразылықтарға қарсы тұрар еді. Ол 2011 жылы маусымда Йемен Президентінің кеңсесінде болған жарылыста қатты жарақат алып, Сауд Арабиясының астанасы эр-Риядта 8 ота жасатты. Бірақ күтпеген жағдайда Йеменде билік басына қайтып келді. Абдулла Салех 2012 жылдың ақпан айында бір сахналанған сайлаудан соң жалғыз үміткер Мансур Хадидің мүддесіне орай  биліктен кеткенімен, Йеменде өз ықпалын сақтау үшін Халықтық конгресс партиясының басшысы болып қалды.

Абдулла Салех 2004-2010 жылдар аралығында хусилермен алты рет соғысқанына қарамастан, билікке қайтып оралу мақсатында 2015 жылы хусилермен одақтасты. Алайда Йемен ісімен таныстардың сенімінше, бұл одақ ескі дұшпандар арасындағы стратегиялық одақ емес, тактикалық одақ болды. Мұндай одақтың ұзаққа бармайтыны анық. Ақырында бұл тактикалық одақ тек үш жылға ғана созылып, Абдулла Салех Ансаролла қозғалысына қиянат жасап, саудиялықтарға қарсы Йемен халқының тәуелсіздік талап еткен арманынан теріс айналып, өзіне өлім үкімін шығарды.

Әли Абдулла Салех Йеменде билік басында отырған қырық жылының жемісі азаматтық соғыстар және қиянатпен қоса, бұл елді Таяу Шығыстағы ең кедей араб еліне айналдыру болды. Дүниежүзілік банктің 2012 жылғы статистикалық мәліметтері бойынша, Йемен елінің жылдық жалпы ұлттық табысы 1070 долларды құрап, араб елдері арасында ең кедей ел, әлем бойынша ең кедей елдердің бірі саналып, дүние жүзіндегі 173 елдің арасында 140 орында тұрған жағдайда Әли Абдулла Салех Мансур Хадиге билікті тапсырды.Йеменде Салехтен кейінгі кезең оның өлімімен басталды. Сауд Арабиясының Йеменге қарсы соғысы салдарынан 22 млн-нан астам йемендік гуманитарлық көмекке мұқтаж, 17 млн-нан астам адам азық-түлік тапшылығына ұшырап, 16 млн-нан астам адам таза тұщы суға зәру.  Бұған қарамастан, Йемен халқы соғысты тоқтатуға және тәуелсіз үкімет құруға деген үмітпен осы елдің тарихында жаңа кезеңді бастады.