АҚШ-тың Иранға қарсы санкциялары-6
Бұрынғы бағдарламаларда айтылғандай, АҚШ үкіметінің ИИР-на қарсы санкция салу саясаты Иранда Ислам революциясының жеңісінен кейін1980 жылы басталды.
Өткен 40 жылдың ішінде АҚШ үкіметтері демократ, республикашыл болғанына қарамастан әрдайым"Иран лаңкестікті қолдап, адам құқығын бұзуда. Таяу Шығыстағы бейбітшілік үдерісіне қарсы, жаппай қырып-жоятын қару жасауға талпыныс жасауда" деген түрлі сылтаумен көптеген санкция салды. "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы деген құжатқа жеткізген "алтылық" елдерімен жасалған ядролықкеліссөздер тек осы санкциялардың бірін, яғни ядролықсанкцияларды шеше алды. Бұған қарамастан, АҚШ-та үкімет ауысып, Дональд Трамп бастаған республикашылдар билік басына келгенінен кейінбұл шараның өзінің күшін жоюға талпыныс жасалып жатыр.
Дональд Трамп2016 жылдағы сайлауалды бәсекелестіктер кезеңінде "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын АҚШ тарихындағы ең нашар келісім деп атады. Ол осы келіссөздер барысында Иранның ұпай көп алып, АҚШ пен Батыстың зиян шеккенін айтты. Сол себепті Трамп президенттік сайлауда жеңіске жеткен жағдайда АҚШ-ты "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығаруға уәде берді. Бұл ұстаным республикашылдардың, сионистік-саудиялық орталардың қолдауына ие болды. Олар Иранмен ядролық келісімнің жойылуын сәт санап күтіп жүр. Тура осы топ Дональд Трамптың2016 жылғы президенттік сайлауда жеңіске жетуін "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы жойылатын күн деп атады.
Бұған қарамастан, Трамп пен оның кеңесшілерінің күткеніне қарсы, сегіз ел мен Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысының екі жылдық қарқынды келіссөздерінің нәтижесінде жасалып, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарымен орындалуға міндеттілген "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын оңайлықпен жою мүмкін емес. Республикашылдардың ішіндегі саяси-қауіпсіздік мәселелер жөніндегі сарапшылар мен мамандардың көбі Трампқа АҚШ-тың аталмыш келісімнен біржақты негізде шығуының бұл елге саяси оқшаулану қаупін тудыратынын, Иранға өзінің ядролық жұмыстарын келісімге дейінгі деңгейге жеткізуіне мүмкіндік беретінін ескертті. Бұл арада басқа келісімгер тараптар, соның ішінде Еуропа, Ресей мен Қытай да келісімнің бұзылуына қатты қарсылық білдіретіндіктерін жариялады. Мұнымен қоса, ИИР-ның "Егер АҚШ ядролық келісімді жыртатын болса, Иран оны өртеп жібереді" деген кесімді ұстанымы ақырында АҚШ-тың жаңа Президентінің осы келісімді жою туралы қоқан-лоққысынан кері шегінуіне себеп болды.
Осы тұрғыдан Конгрестің ядролықсанкцияларды тоқтатуды қайта ұзартатын заңды мерзімі жетіп, АҚШ Президенті тарапынан Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына беріктігі расталғаннан кейін Дональд Трамп АҚШ-тың осы келісім аясында міндеттемелерін орындауы қажеттігін мойындауға мәжбүр болды. Одан бұрын АҚШ-тың бұрынғы үкіметінде сол кездегі Президент Барак Обама өзінің заңды өкілеттіктерін пайдаланып, Конгресс қабылдаған Иранға қарсы ядролық санкцияларды тоқтатып, оның себебін жазбаша түрде америкалық заң шығарушыларға жіберіп отырды. Сонымен қатар АҚШ Президенті 2015 жылы бекітілген ядролық келісімді қайта қарау заңы бойынша 90 күнде бір рет Иранның ядролық келісімге беріктігін растауға міндеттелді. Бұл міндеттемелер сол кездегі үкіметтің соңғы күндеріне дейін орындалды. Билік Барак Обаманың демократ үкіметінен Дональд Трамптың республикашыл үкіметіне ауысқан кезде бұл міндет жаңа үкіметке жүктелді. Жарияланған ақпараттар Трамп АҚШ-тың жаңа Президентіболған сәттен бастап-ақ Иранға қарсы ядролықсанкцияларды тоқтатуды жалғастырмай, Иранның осы бағдарламаға беріктігін растаудан бас тартуды көздегенін көрсетіп отыр. Алайда АҚШ Президентінің сыртқы саясат пен ұлттық қауіпсіздік саласындағы негізгі кеңесшілері, соның ішінде Мемлекеттік хатшы Рекс Тиллерсон, Қорғаныс министрі Джеймс Мэттис, Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші Герберт Макмастер ақырында 90 күндік екі кезеңде Трампты "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына жақтасуға көндірді. Олар АҚШ-тың келісімнен шығуының осы елдің ең маңызды ядролық саладағы ұлттық қауіпсіздігі мен халықаралық келісімдерге қатер төндіретінін қатаң ескерткен болатын. Әсіресе, АҚХА Иранның ядролық жұмыстары туралы өзінің кезеңдік есептерінде осы елдің аталмыш бағдарламаны толығымен орындағанын бірнеше рет растады. Вашингтонның мемлекеттік басшылары мен АҚШ-тың негізгі одақтастарының ескертулері мен есептемелеріне көңіл аудармау Трампты өткен шілде айында Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына беріктігін тағы да растауға мәжбүрледі. Бұған қарамастан, сол кезден-ақ Трамптың 90 күннен кейін бұл жолды жалғастырудан бас тартатыны анық еді.
Трамптың көзқарасы бойынша, "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы Обама үкіметінің жетістігі саналады. Ол үнемді емдік сақтандырулар, миграцияны жеңілдету саясаты, Кубамен татуласу, климаттық өзгеріс туралы Париж келісіміне қосылу сияқты басқа жетістіктердей тоқтатылуы тиіс еді. Трамп үшін АҚШ-тың тарихындағы ең нашар деп аталған келісімді 90 күнде бір рет растау мүмкін емес болды. Осы арада сионистердің теріс жарнамасы мен саудиялықтардың мұнайдан түсетін долларлары Трампқа көмекке келді. Халықаралық қауымдастық "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сақтау қажеттігін қуаттағанымен, Трамп қазан айында жалған айыптары мен тіл тигізушілікке толы жанжалды сөздерінде Иранның бұл бағдарламаға беріктігін растай алмайтынын мәлімдеді. Алдын ала болжауға болатын бұл ұстанымнан кейін тоқтатылған ядролық санкциялардың тағдыры тағы да АҚШ Конгресінің қолына өтті.
Қазіргі таңда АҚШ Конгресінің өкілдері "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасымен қатынас тәсілі және Иранға қарсы тоқтатылған ядролықсанкциялар жайлы шешім қабылдау хақында бірнеше топқа бөлініп отыр. Конгрестің демократтары екі палатадағы басым бөлікті құрайды. Олар Иранға қарсы ядролықсанкциялардың қайта салынуына қарсы, өйткені бұл "Ортақ қадам" жан-жақты келісімін жояды. Сондықтан, Иранға қарсы жаңа жобалар дауысқа салынған жағдайда Конгрестің демократтары "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын жоюға қарсы шығу үшін қолдарынан келгеннің бәрін істейді деп болжануда.
Республикашылдар арасында да көзқарас қайшылығы байқалады. Боб Коркер мен Том Коттон сияқты реакцияшыл сенаторлардың басқаруындағы топ Иранның зымырандық бағдарламалары мен аймақтық жұмыстары сияқты ядролық емес мәселелерді "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатыстыру арқылы тоқтатылған ядролықсанкцияларды автоматты түрде қайтаруға мүмкіндік беретін механизм жобалауға талпыныс жасап жатыр. Бұл ұстаным Ақ үйдің қолдауына ие. Бұған қарамастан Конгрестегі республикашылдардың басым бөлігі "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының жойылуы мен одан туындайтын салдарлардың жауапкершілігін мойындарына алудан қашқақтап отырған сыңайлы. Сол себепті республикашылдардың бұл тобы ядролық емес тақырыптардың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан тыс талқылануын және бөлек заңдар бекіту арқылы зымырандық бағдарлама немесе лаңкестік саласында Иранға қарсы санкция салуды қуаттауда.
Осы көзқарас аясында Конгресс үстіміздегі жылдың шілде айында "АҚШ-тың дұшпандарымен санкциялар арқылы күресу заңын" (CATSA) бекітті. Бұл заң алдымен Сенатта "Иранның тұрақсыздық тудыратын шараларымен күресу заңы" деген атпен бекітілді. Содан соң Өкілдер палатасында наразылық туындады. Бұл заң жобасы Ресей мен Солтүстік Корея қосылғаннан кейін "АҚШ-тың дұшпандарымен санкциялар арқылы күресу заңы" деген қорытынды атпен Конгресте бекітіліп, 2017 жылдың 2 тамызында Дональд Трамптың қол қоюымен заңға айналды. Осы заң бойынша, Иран, Ресей мен Солтүстік Кореяға қарсы жаңа ауырсанкциялар салынды. Иранға қарсы санкциялардың сылтаулары лаңкестік пен содыр топтарды қолдау, адам құқығын бұзу және баллистикалық зымырандарды дамыту бағдарламасы деп аталды. Мәскеудің 2016 жылы АҚШ-та болған президенттік сайлау үдерісіне араласуы, Пхеньянның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларына көңіл аудармай, құрлықаралық баллистикалықзымырандарды сынауы Ресей мен Солтүстік Кореяға қарсы санкция салуға сылтау болды.
CATSA заңын орындау барысында Дональд Трамп Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына беріктігін растаудан бас тартқан күні АҚШ-тың Қаржы министрлігіне Иранның зымырандық бағдарламаларына қатысы бар адамдар мен компанияларға, сондай-ақ, Ислам революциясының Сақшылар корпусына жаңа санкция салуға бұйрық берді. Осы санкцияларды орындағаннан кейін тарихта бірінші рет бір елдің әскери ұйымы америкалықтар тарапынан санкцияға ұшырады. Бұған қарамастан Иранның әскери және саяси басшыларының қатаң түрде ескерту жасауы АҚШ Президентінің Сақшылар корпусын бұл елдің Мемлекеттік департаментінің санкциялық тізіміне қосудан бас тартуына себеп болды. Сақшылар корпусының атауы осындай тізімге енгізілгенде Иран мен АҚШ арасындағы әскери текетіреске түрткі болар еді. Вашингтонамерикалықтардың сан рет уәж айтқандарына қарамастан, өткен 40 жылда бұл жағдайдың туындауынан бас тартып келді. Ақырында Конгресте үлкен жанжалмен Сақшылар корпусына қарсы бекітіліп, Трамптың бұйрығымен орындалған санкциялардыңАҚШ-тың Иран мен Сақшылар корпусына қарсы салған бұрынғы санкцияларынан мән-мағына жағынан мүлдем айырмашылығы болмады. Оның барлығы көбінесе АҚШ үкіметі мен Конгресінің "Ортақ қадам" жан-жақты келісімін жоюға дәрменсіздігін жасыру мақсатында жасалып жатыр.
Бүгінде Иранға қарсы ядролықсанкцияларды тоқтатуды жалғастыру немесе оларды қайта қайтару туралы шешім қабылдайтын 90 күндік мерзімге аз қалғанда барлық назар АҚШ Конгресіне ауып отыр. Дәлел-дәйектер көрсеткендей, Иранның ядролық келісімді қайта қарауға немесе оған жаңа тармақтар қосуға қатысты қатаң ұстаным білдіріп, әлемдік қауымдастық, соның ішінде еуропалықтар осы ұстанымға жан-жақты қолдау көрсеткеннен кейін Конгресс өзінің бастапқы ұстанымынан кері шегінугедайындалды. Бұған қарамастан, бұл сәтсіздіктің зымырандық жұмыстар және Таяу Шығыс аймағына ықпал ету сылтауымен Иранға қарсы ядролық емес санкциялардың күшеюімен қатар жүретінін күтуге болады.
Сол себепті 40 жыл бұрын басталған АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларының қиссасы бұрынғыдай жалғаса береді. Америкалықтар тіпті өздерінің міндеттемелері аясында Иран халқына қысым жасау үшін бұл құралдан бас тартуға дайын емес деп айтуға болады. Ал Иран халқы америкалықтар салған әртүрлі санкциялар жағдайында өмір сүруге әдеттеніп, қиындыққа ұшырамағанымен қатар өздерінің ең басты ғылыми, өнеркәсіптік және қорғаныстық жетістіктерінің кейбіреуіне, соның ішінде бейбіт мақсаттағы ядролық бағдарлама мен қорғаныс саласындағы бағдарламаларға санкциялардың қысымы барысында қол жеткізді.