Тель-Авив пен эр-Рияд Иранмен текетіресте ортақ мүдделерге ие
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i33917-Тель_Авив_пен_эр_Рияд_Иранмен_текетіресте_ортақ_мүдделерге_ие
Сауд Арабиясы 2030 жылға дейін түбегейлі өзгерістер жасайды деп күтілуде. Бұл елдің қазіргі билеушілері Сауд Арабиясын модернизациялауды ойлап қана қоймай, басты өзекті Иранмен бақталасып, жауласуға негіздеуді көздеп отыр.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаң 15, 2018 13:55 Asia/Almaty
  • Тель-Авив пен эр-Рияд Иранмен текетіресте ортақ мүдделерге ие

Сауд Арабиясы 2030 жылға дейін түбегейлі өзгерістер жасайды деп күтілуде. Бұл елдің қазіргі билеушілері Сауд Арабиясын модернизациялауды ойлап қана қоймай, басты өзекті Иранмен бақталасып, жауласуға негіздеуді көздеп отыр.

Ондаған жылдар бойы консерватизмді күн тәртібіне қойып, барлық мақсаты басқа елдерде ашық та жасырын түрде төңкерістер мен басқыншылықтар жасау түрінде түбегейлі өзгерістер жасау болған саудиялық билеушілер енді Сауд Арабиясында инфрақұрылымдық және инженерлік өзгерістер жасауды күн тәртібіне енгізіп отыр. Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммад бен Салман – бұл елдің қазіргі патшасы Салман бен Абдулазиздің үшінші әйелінен туған ұлы.  Тақ мұрагері бұл өзгерістерді Трамппен достасып, Еуропа басшыларымен көптеген кездесулер өткізуден бастады. Ал кейін Иранмен достасып, жақындасқаны үшін және Сауд Арабиясының саясаттарына жақтаспағаны үшінЕуроодақ басшылары арасына алшақтық түсіруге кірісті. Осылайша Сауд Арабиясының арқасында АҚШ әлемде өзін сақтап қалуға тырысып жатқандай көрсеткісі келеді.

Сауд Арабиясының жаңа саясаттары мұнымен аяқталмайды. Йеменге себепсіз шабуыл жасау, Катармен кенеттен қарым-қатынасты үзіп, оны жан-жақты қоршауға алу, Ирак үкіметімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатуға шара қолдану және 20 жылға жуық уақыттан кейін Ирактың шиіт саясаткерлерімен байланыс орнатуға талпыныс жасауы – осының барлығы саудиялықтардың сырттай өзгеше сыртқы саясатының көріністері болып табылады. Бұл шаралардың барлық нысанасы ИИР-ның аймақтағы ықпалымен күресуден басқа ештеңе емес. Әлемдегі миллиардерлердің қатарына жататын көптеген наразы ханзадалар мен саудиялық оппозиционерлер Бен Салманның түрмелерінде азапталып, мал-мүліктері тәркіленіп жатыр. Саудиялық сарай мен елдің ішкі жағдайы қатты ушығып тұр.

Әлемдік қауымдастық осы күнге дейін аталған қылмыстарға қарсы үнсіздік танытып отырғанымен, жуырда БҰҰ мен Йемен туралы адам құқығы комитеті саудиялықтарды қысымға алды. Сауд Арабиясы Йемен халқын қатігездікпен өлтіріп, инфрақұрылымын бұзудан күткен нәтижеге қол жеткізбеді. Сондай-ақ, Катарды өзінің қысымдары алдында тізе бүктіре алмады. Саад Харириді масқаралықпен отставкаға кетіруі және оның өзі мен жанұясын жөнсіз түрде тұтқынға алуы әлем халықтарына Сауд әулетінің саяси біліксіздігін дәлелдей түсті. Тағы бірмаңызды оқиға орын алды. Онда сионистік режимнің Энергетика министрі Юваль Штайниц: "Израиль мен Сауд Арабиясы Иранға қатысты ортақ алаңдаушылықтарға байланысты бір-бірімен жасырын сөйлесті. Біз ислам және араб елдерінің көбімен байланыстамыз. Қарым-қатынастың көбі белгілі бір деңгейде жасырын болды. Қымсынбайтын тарап – әдетте бізбіз. Байланыстың жасырын қалуын қалайтын – қарсы тарап. Бізде ешқандай проблема жоқ. Сауд Арабиясымен немесе басқа бір ислам және араб елімен байланысымыз даму үстінде болса, қарсы тараптың қалауына құрметпен қарап, қарым-қатынасты құпия сақтаймыз. Өзіміздің солтүстік шекарамызда Иранның бір әскери базасының құрылуына тосқауыл қою үшін қысым жасаймыз. Араб әлемі бұл салада бізге көмектеседі. Иранмен ядролық келісімді өзгертуге талпыныс жасағанда бірқатар ұстамшыл араб елдері бізге көмектесті",-деп мойындады.

Reuters ақпарат агенттігі осы жөнінде: "Бұл бір израильдік жоғары лауазымды тұлға тарапынан осындай байланыстардың бары туралыайтылған алғашқы әшкерелеушілік саналады",-деп жазды. Мына жайт өте маңызды:  сионистік режимнің бұрынғы Соғыс министрі Моше Яалон да осы жөнінде: "Адел әл-Джубейрдің аузынан араб тілінде еститін нәрселерімізді өзіміз иврит тілінде айтатынымыз кездейсоқ емес",-деп қуаттады.

Алайда Израильдің басшылары Сауд Арабиясымен қарым-қатынаста қандай жетістіктерге жетеді? Сионистік қайраткерлердің тура айтуынша,  ұстамшыл араб елдерімен, соның ішінде Сауд Арабиясымен қарым-қатынасы оларға Иранды тоқтатуға көмектеседі. Сонымен қатар олардыңпайымдауынша, бүгінде әлемнің алпауыттарына Сирияда Иранның әскери базасын құруға келіспеуге қысым жасайтын кезде араб елдері Израильге көмектеседі. Бұл сөздер жөнсіз айтылмаған, өйткені коалицияда саудиялықтармен қоса, оның аймақтық серіктестері, яғни Бахрейн мен БАӘ де белсенді рөл атқарады. Басқа араб елдерінің кейбіреуі де осы жолда қызмет етеді.

Өткен аптада сионистік режим армиясының ортақ штабының басшысы Гади Айзенкот арабтың бір онлайн басылымына берген сұхбатында: "Израиль Сауд Арабиясымен өзінің тыңшылық мағлұматтарымен бөлісуге дайын",-деді. Ол Тель-Авив пен эр-Риядтың Иранға қарсы ортақ мүдделерге ие екендігін қуаттады.

Al-Mayadeen телеарнасының да Израильдің ақпарат құралдарына сілтеме жасап хабарлауынша, "Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммад бен Салман Иранның ықпалының таралуымен күресу үшін Израильмен келіссөздерді ілгерілетуден басқа шара жоқ. Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусының офицерлері және Хезболла қолбасшыларының жаңа буыны Израильдің армиясы үшін ең қатерлі қауіп саналады" деген.   

Таяу Шығыс, соның ішінде араб елдеріндегі өзгерістер үдерісі мен олардың АҚШ және Израильмен қарым-қатынастарына шолу жасағанда олардың аймақтағы қарсыласу өзегін қатты нысанаға алғанын және ондағы ықпалды мүшелерді, яғни Иран мен Хезболланы қатты шабуылға алғанын көрсетеді. Қарсыласу күштерінің бірлігі мен тікелей талпыныстарының арқасында қарсыласу өзегінің жуырда аймақта жеңіске жетуі және ДАИШ-ты Ирак пен Сириядан қуып шығуы иврит-батыс-араб өзегінің әлсіреуіне жеткізді. Бір кезде 50-ден астам ел мен ұйымды қамтыған бұл коалиция қазір АҚШ, сионистік режим және Сауд Арабиясы деген үштікпен шектеліп қалған. Қызық жайт мынада: бұл үштіктің екеуі, яғни АҚШ-тағы Трамп пен Сауд Арабиясындағы Мұхаммад бен Салман амал-әрекеттері тұрғысынан өздерінің халықтары тарапынан қатаң сынға алынған. Тіпті, партияластары да оларды сынға алды. Шын мәнінде енді қарсыласу өзегінің басты дұшпаны – сионистік режим. Бұл режим өзінің соңғы әшкерелеушіліктерімен және АҚШ пен Сауд Арабиясын қолдану арқылы осы елдердің үкіметтерін өзінің аймақтағы қалқаны ретінде пайдаланып, жауластық саясаттарын ілгерілетті. Ол аймақтағы қайшылықтардың саясында басып алынған жерлерді күн сайын кеңейтіп, Палестина халқының қалтқысыз құқығын жоюға бар күшін салып жатыр. Саяси сарапшылардың пайымдауынша, егер саудиялық тарап сионистік режиммен қарым-қатынасты қалыпқа келтіріп, онымен коалиция құру жолын кеңейтсе, өзін «ислам әлемнің анасы» деп атайтын  Сауд Арабиясы үшін барлығы жойылады. Тіпті, араб елдері басшыларының үнсіздігіне қарамастан, саудиялықтар үшін ешқандай абырой қалмайды. Басқа жағынан,  Сауд Арабиясы  осы ойында сәттілікке қол жеткізбей, бөлінуге душар болса, бұл жерде тағы Израиль ғана өзі мен өзінің басқыншылық саясатын жалғастыру үшін қауіпсіз орта қалыптастыра алады.

Ливанның "әл-Ахд" ақпарат сайтында: "Сионистік режимнің министрі Авигдор Либерман араб елдері басшыларын қырық жыл бұрын Кэмп-Дэвид келісіміне қол қойғаннан кейін басып алынған Палестина жеріне сапармен барған Мысырдың бұрынғы Президенті Анвар Садат сияқты әрекет жасауға шақырды. Либерман Израильдің енді басқа кезден көбірек араб елдерімен қайшылықтарды аймақтық деңгейде шешуге жақындап қалғанын, ал Таяу Шығыстың басқа кезден әлдеқайда көбірек Иранға қарсы ұстамшыл елдердің коалициясын қажет етенін қуаттады",-деп жазды.

Сауд Арабиясының жағдайы біз ойлағаннан әлдеқайда көбірек дағдарысқа ұшырап отыр. Осы арада Израильдің Сауд Арабиясымен жақындығы, тіпті Иран мәселесіне қатысты өзара байланысы олардың жариялау-жарияламауды қалайтынындай құпия тақырып емес.