Сионистік режимнің ЮНЕСКО-дан шығуы – тарихты өзгерту үшін жасалған талпыныс
Сионистік режим (Израиль режимі) ЮНЕСКО ұйымына тіл тигізіп, оны "суға батып бара жатқан титаник", "арабтар мен ДАИШ-тың билігінде қалған ұйым" деп атап, осы халықаралық органнан шықты. Бұдан бұрын АҚШ үкіметі де 2018 жылы ұйымнан шығатынын жариялаған болатын.
Сионистік режим мен АҚШ-тың сионистердің астанасын қасиетті Құдсқа өзгерту шешімдеріне байланысты БҰҰ Бас ассамблеясында дауыс жинай алмай, абыройларынан айырылғаннан кейін Бениямин Нетаньяху ЮНЕСКО-дағы өкілі Кармель Шам Коэнді басып алынған жерлерге қайтарып, бұл ұйымға жолдау жіберіп, сионистік режимнің ағымдағы жылдың басынан ЮНЕСКО-ның мүшесі болмайтынын жариялады. Бұдан бұрын 2017 жылдың қазан айында АҚШ Мемлекеттік департаменті де өз елінің ЮНЕСКО-дан шығатынын жариялаған болатын. АҚШ ЮНЕСКО-ның сионистік режимге қатысты ұстанымына наразылық білдіріп, бұл ұйымның мүшелігінен шықты. АҚШ Мемлекеттік хатшысы Тиллерсон: «Бұдан былай Вашингтон бұл ұйымның тек бақылаушысы рөлін атқарады»,- деді.
АҚШ-тың ЮНЕСКО-дан шығуының мәдени немесе әлемдік мұралар мәселелеріне қатысты болмағаны анық. 2011 жылы ЮНЕСКО Палестинаны өзінің тәуелсіз мүшелерінің бірі ретінде қабылдады. АҚШ бұл шешімге реакция білдіріп, ЮНЕСКО-ға төлеп отырған қаржыны тоқтатты. ЮНЕСКО-ның атқарушы комитеті 2016 жылдың мамыр айында қарар шығарып, сионистік режимнің Бейт әл-Мұқаддас пен Газа секторының халықаралық статустарын бұзғаны үшін айыптап, Бейт әл-Мұқаддастың тарихи болмысына құрмет көрсетуді талап етті. Бұл қарарда Тель-Авивтің әл-Ақса мешітінің исламдық болмысын құрметтеу қажеттігі еске салынды. ЮНЕСКО ұйымының қарарында: «Бейт әл-Мұқаддас монотеистік діндердің – яһуди, христиандық және исламның орталығы» деген сөйлемді қосу сионистік режимнің бұл қаланы еврейлендіру бағдарламаларын залалсыздандыру болып табылады»,- деп жазылды. Бұл қарар Тель-Авивті басқыншы күш ретінде таныстырып, сионистердің Бейт әл-Мұқаддастың шығыс бөлімдерін басып алуын ресми қабылдамады. ЮНЕСКО сионистік режимнің Бейт әл-Мұқаддастың шығыс бөлімі мен көне қаланың аумағындағы қазба жұмыстарын сынап: «Тель-Авивтің Газа қаласына, әл-Халилдегі тұлғалардың қабірлері мен Бейт-Лехемдегі Рашел қабіріне көрсетіп отырған ұстанымы халықаралық заңдарға қайшы»,- деді. 2017 жылдың шілде айында ЮНЕСКО атқару комитетінің Польшаның Краков қаласында өткен 41-ші отырысында Палестина жеріндегі әл-Халил қаласы әлемдік мұра ретінде тіркелді. Сол кезде сионистік режимнің премьер-министрі ЮНЕСКО-ның бұл қала туралы шешіміне шабуыл жасап, халықаралық ұйымның шешімін бұрыс деп жариялады. Ол сондай-ақ, Израильдің мүшелігі үшін ЮНЕСКО-ға төлейтін қаржысын 1 миллион долларға азайтып, үнемделген ақшаны әл-Халилдің еврей тұрғындарының тарихын көрсететін мұражай салуға жұмсады. ЮНЕСКО әл-Халил қаласының көне бөлімін палестиналықтардың аймағы деп жариялағаннан кейін АҚШ ЮНЕСКО арасындағы қарым-қатынасын қайтадан қарастыратынын жариялады. БҰҰ-дағы АҚШ өкілі Никки Хейли: «Бұл қарар Вашингтонның сыртқы саясатындағы басты мәселе саналатын Израиль мен Палестинаның бейбіт келіссөздерін жандандыру талпыныстарын жою саналады»,- деді.
Трамп пен Нетаньяхудың 2017 жылы АҚШ елшілігін Құдсқа көшіру шешіміне қатысты жанжалдан кейін Тель-Авив пен Ақ үй әлемдік қоғамға жауап беру мен тарихи шындықтардан қашып, ЮНЕСКО-дан шықты. Францияның Le Grand Soir басылымы Джереми Салеттің мақаласында АҚШ пен Израильдің ЮНЕСКО-дан шығуын зерттеп: «ЮНЕСКО – Палестинаны мүшесі ретінде қабылдаған БҰҰ-ның қарамағындағы бірінші орган болды. Бірақ, АҚШ пен Израиль бұл ұйымнан шығу туралы шешім қабылдады. Бұл шешім жаңалық болған жоқ. Израиль мен АҚШ басшылары – әлемнің бүлік тудырушы және ең қауіпті басшылары. АҚШ пен Израиль бұл режим құрылғаннан бері әлемнің ең қорқынышты оқиғаларының себепкерлері болды. 1990 жылдардан бері АҚШ Палестинадан басқа әлемнің үш мемлекетінің халқының қырылуына, атап айтқанда Ирак пен Сирия және Ливиядағы соғыстарға қатысты болды. Бүгін АҚШ Сауд Арабиясының Йемен халқын қырып-жоюын қолдап отыр. Тарихқа шолу жасау 1948 жылы Палестинаның жойылуымен шамамен 500 ауылдың, сонымен бірге мәдени және сәулет құндылықтарының да жойылғанын көрсетді. Палестиналықтардың қалған басқа көне мәдени мүралары 1967 жылы қиратылды. Соғыс палестиналықтарды үйлері мен отандарын тастап кетуге мәжбүрледі. Олар Иордан өзенінің батыс жағалауына қарай қашты. Бұл аймақтың тұрғындарының көбі 1948 жылдағы сионистік шабуылы барысында Иордан өзенінің батыс жағалауына қашқан болатын. Соғыс бұл аймақта палестиналықтардың өмір сүргенін дәлелдейтін барлық ескерткіштерді құртуды көздеді. Бұл әрекеттер сионистерге «Палестина қайда? Бұл жерде еш уақытта палестиналықтар болғанемес» деп арсыз уәжденуге мүмкіндік берді. Сөйтіп, кейбір саяси бақылаушылар Палестинаны қиратудың еврей мемлекетін құруға қажет болды деп санайды. Сионистер тарихи шындықтарды теріске шығарып, белгілі болмысы бар жерлерді еврейлердің жері деп таныстыруға әрекет жасауда. Бұл жолда АҚШ үкіметі оларға арсыз түрде қолдау көрсетуде.
Сионистік режим көптеген жылдар бойы, әсіресе өткен бірнеше жылда Палестинаның шынайы тарихы мен негізгі тұрғындары туралы мәселеге қатысты әлемдік қоғамның қарсылықтарымен кезігіп, еш уақытта дұрыс жауап бере алмады. Өткен бірнеше онжылдықта әл-Ақса мешіті сионистер үшін қауіп-қатер болғанына күмән тумайды. Әл-Ақса мешіті – сионистердің өтіріктерін әшкерелеуші. Сионистік режим жылдар бойы бұл қасиетті мекеннің астында қазба жұмыстарын жүргізгендеріне қарамастан, ғибадатхананы таба алмағандықтан ызалы. Сол аймақтан әлемнің ең көне сәулеттерінің қирандылары табылды. Бірақ, хазірет Сүлейменнің әл-Ақса мешітінің аумағынан салынған үлкен ғибадатханадан ешбір із табылмады. Сионистік режимнің құрылғанынан тек 70 жыл өтті. Яһудилердің соңғы үкіметінің милади жыл санағы бойынша алты ғасыр бұрын құлағаны туралы шынайы мәліметтерге назар аударса, Нетаньяхудың «Құдс – яһудилердің 3000 жылдық астанасы» деген уәждеріне тек ақымақтар ғана сенеді. Бұл Израильдің заманауи қоғам емес, керісінше палестиналықтарға қарсы күш қолданып, тарих пен зерттеушілердің құжаттарына көзжұмбайлық танытатын тайпалық әрі регрессивті қоғам екенін көрсетеді.
АҚШ тарихи және халықаралық құжаттарға көзжұмбайлық танытып, 2017 жылдың соңында Құдсты сионистік режимнің астанасы ретінде ресми танымал етті. Халықаралық заңдар бойынша, бұл қала басып алынған қала саналады. Осыған орай халықаралық қарым-қатынастар пәнінің ұстазы доктор Мұхаммад Реза Деһшири АҚШ пен сионистік режимнің ЮНЕСКО-дан шығуымен бұл органның халықаралық тәуелсіз орган ретіндегі беделі артқанымен, екі ел бұрынғымен салыстырғанда еркін түрде халықаралық қоғамға қарсы әрекеттерін жалғастыра алады. Трамп қасиетті Құдс қаласын сионистік режимнің астанасы деп жариялап, халықаралық қоғамның қарсылығымен бетпе-бет келді. Расында ЮНЕСКО-ға мүше елдер Палестинаны бұрыннан тәуелсіз мемлекет ретінде таныған болатын. Сондықтан Трамптың бұл шешімі Палестинаға қатысты халықаралық қоғамның ұстанымына қарсылық жариялауы болды.
Қорыта айтқанда, АҚШ пен сионистік режим Палестина мәселесін ұмыттырғысы келгенімен, ұмыттыра алмайды. Өйткені, бұл мәселе тарихи тақырып. Қасиетті Құдс мұсылмандардың бірінші құбыласы болғандықтан исламдық болмысынан айырылмайды. АҚШ пен сионистік режим қарсыласу жалынын өшіруге күш салғанымен Палестина мәселелері бойынша сарапшы Хайам әл-Зағбидің айтуынша, бүгінде басқыншыларға қарсы тұруға, күресуге, барлық жолдарды пайдаланып, Израильдің қалашықтар құрылысын жалғастыруы мен Құдсты еврейлендіру әрекеттеріне қарсы үнсіздікті бұзу үшін ең жақсы мұрсат туды. Трамптың АҚШ елшілігін Тель-Авивтен Құдсқа көшіру шешімі Палестинаның тарихи шындықтарына ешбір өзгеріс енгізбейді. Бұл қаланың келешегін тарих, жігер және Палестина мәселесіне табандылық таныту анықтайды.