Араб НАТО-сы жобасы: эр-Рияд сионистік режимге қызмет етуде (2)
(last modified Sat, 20 Jan 2018 13:46:05 GMT )
Қаң 20, 2018 19:46 Asia/Almaty
  • Араб НАТО-сы жобасы: эр-Рияд сионистік режимге қызмет етуде (2)

Сауд әулеті қарсыласу қозғалысы күш-қуат жинағаннан бері әртүрлі тәсілдермен, соның ішінде қоқан-лоққы, ашкөздік, қысым және қатынасты үзу арқылы ИИР-ын саяси тұрғыдан оқшауландыруға талпыныс жасауда.

Осы аяда Сауд Арабиясы алғашқы кезекте елдерді Иранмен жақындасудан аулақ ұстауға, екінші кезекте оларды өзінің полюсіне тартып, содан орын беруге тырысып жатыр. Бұл тақырып 21 ғасырдың алғашқы онжылдығында, әсіресе 2011 жылда исламдық ояну болып, Сирия дағдарысы қарсыласуға айналғаннан кейін одан ары өрши түсті. Бұл арада Иран мен Сауд Арабиясының екіжақтықарым-қатынасында кейбір мәселелердің пайда болуы басқа кезден көбірек Теһран мен эр-Риядтың байланысында текетірестің туындауына куә болуымызға себеп болды. Саудиялықтар ішкі, аймақтық және халықаралық жағдайлардан туындаған жаңа көзқараспен басқа араб ойыншыларын Теһранмен байланысты азайтуға немесе тоқтатуға жұмылдырып, көндіру жолында әрекет етті.

Аймақтағы өзгерістер үдерісі Саддам билігі құлатылып, Иракта шиіттер билік басына келгеннен бастап араб елдерінде халықтық көтерілістер орын алғанға дейін шын мәнінде шиіттердің болмыс-бітімі қалыптасып, құдіретке ие болуына жеткізді. Бұл тақырып Иранның ықпалының идеологиялық тілеулестігі мен геосаяси дамуымен байланыста болды. Шын мәнінде, Сауд әулетібасшыларының көбінің сенімінше,  АҚШ-тың Ирак пен Ауғанстандағы әрекеттерінің нәтижесінде ядролық келісім жасалып, аймақтың араб жүйесіндегі Иранның рөлі мен ықпалы артты. 2011 жылы араб көтерілістері орын алып, Сауд Арабиясыныңодақтастары құлап, Сауд әулеті үшін саяси-экономикалық түйткілдер мен шығындар артқан кезде бұл мәселенің реңі қоюланып, текетіреске айналды. Сол уақыттан бастап саудиялықтар өзі мен өз айналасындағы достары мен одақтастарының саяси жүйесіне шектеулер мен қысымдарды таңып, Бахрейн, Йемен мен Мысырда қорғаныс стратегиясын қабылдауға бағыт алды. Алайда Сириядағдарысы Сауд Арабиясына осы қысылтаяң шақтан шығуға мүмкіндік берді. Соның артынша Мысырда "Мұсылман бауырлар" партиясынан шыққан Морсидің үкіметі құлап, әскерилердің билік басына келуі, ДАИШ-тың ойраны мен Сауд Арабиясының Йеменге шабуыл жасауы аймақта басқыншы саясат қабылдау үдерісін арттыра түсті.

Осы факторды түсіндіруде сыртқы саясатта шешім қабылдаушылардың өзгерістер үдерісін түсінуінің және қоршаған орта мен ойыншыларға көзқарасын білудің өте маңызды екенін айту керек. Әсіресе, Сауд Арабиясының жүйесінде жеке адам шешім қабылдауда маңызды рөл атқарады. Шынтуайтында, шешім қабылдаушылардың түсінігі қабылданатын шешімдердің тәсілін бейбіт мақсатқа, қатігездікке, әріптестікке немесе текетіреске бастай алады. Билеушілер арасында өзгерістер болып, 2016-2017 жылдары тақ мұрагері мен мемлекеттік лауазымды орындарға фракцияның келуі Сауд Арабиясының сыртқы саясатта шешім қабылдау тәсілінің өзгеруіне себеп болды. Сондықтан түсініктерде пайда болған өзгерістер үдерісі Иранның күшеюіне себеп болды. Сол тұрғыдан Иранды ауыздықтау Сауд әулетінің саяси өмірінің жаңа кезеңінде негізгі стратегияға айналды.

Үшінші факторды Сауд Арабиясының бұрынғы Барлау министрі Бандар бен Сұлтан жақсырақ түсіндіріп берді. Ол 2014 жылдың 31 шілдесінде Fox News-та жариялаған мақаласында: "АҚШ-тың достары оның дұшпандарынан әлдеқайда көбірек қорқуы керек",-деп жазды. Бандардың бұл сөзі эр-Рияд пен Вашингтон арасындағы қарым-қатынастың өзгеру үстіндегі теңгеріміне меңзейді. 80 жыл бойы АҚШ-пен стратегиялық байланыста болу және оның Таяу Шығыстағы стратегиялық серіктесінің рөлін ойнауы Сауд Арабиясының АҚШ-тың серіктесі ретінде Вашингтонның саясатында тепе-теңдік тудырушының рөлін атқаруына себеп болды. АҚШ-тың стратегиялық үлгісінің Азияның батысынан шығысына ауысуы туралы сыбыс, АҚШ-тағы артық мұнай өндірісі,Вашингтонның араб көтерілістерінің алдын алуға ынта танытпауы, Сауд Арабиясы одақтастарының құлауы, Асадтың құлауы жобасына күдіктену осы теңдіктің бұзылуына соқтырды. Сондықтан, саудиялықтар өзі мен ішкі және аймақтық қарым-қабілетке сүйенген саясатқа бет бұрды. Оның мысалы Йемен соғысынан анық байқалды. Саудиялықтар Иранмен қарым‑қатынастағы үш фактор мен аймақтық жүйедегі өзгерістер үдерісінен түйген түсінігімен араб елдерінің астаналарында Иранның ықпалын ауқымды түрде әлсіретуге негізделген  стратегияны бетке алып отыр.

Ортақ араб армиясын құру жобасының көтерілуі кейбір елдердің, соның ішінде  Сауд Арабиясының аймақта мазхабаралық араздық тудырып, шиіт-сүннит текетіресін өршітуге күш салып жатқан жаңа сап түзеуін білдіреді. Бұл сапты Сауд Арабиясы бастаған араб елдері құрап, өздері "шиіт өзегі" деп атаған нәрсеге қарсы сүнниттік өзек қалыптастыруды көздеп отыр. Әлемнің түкпір‑түкпіріндегі мұсылмандардың көбінің пайымдауынша, шиіт пен сүнниттің арасына жік салу жобасы жылдар бұрын америкалық және британдық жасырын желілер арқылы аймақта көзделіп келген. Шиіт-сүннит қайшылығы батыстықтар үшін құралға айналды. Батыстықтар аймақтағы көтерілісшілердің шабуылдары жебесінің өткір ұшы мұсылмандардың қорлықта өмір сүруіне себеп болып отырған Батыс пен АҚШ-қа бағытталмауы үшін араб көтерілісі құбылысын ішкі мәселелер мен діни қайшылықтарға айналдыруға тырысты.

Сол себепті қазір бүкіл аймақта, соның ішінде  Сирияда әрбір мәселені шиіт пен сүнниттің дауына айналдыру үшін бұрын-соңды болмаған жан-жақты талпыныс жасалып жатыр. Сол арқылы Батыс пен сионистік режим өздерін аман сақтауды ойлап отыр. Сионистік режимнің қауіпсіздік стратегиясы алдымен жасырын әрекет етіп, Сирияға қатысты үнсіздік сақтау болды. Өйткені, сириялық наразылардың сионистік режимнің жалдамалылары екені байқалмауы тиіс еді.

Тәкфирлік лаңкестік – Иранның басқа ойыншылармен интеграция жасайтын ең маңызды салаларының бірі. Терроризм, дискуссиялық және болмыстық бәсекелестік, әлеуметтік қозғалыстар, мемлекеттердің саяси және әлеуметтік тұрақтылығы және оның аймаққа әсерлері, трансаймақтық алпауыттардың аймаққа ықпалы мен құзыры да аймаққа әсер ететін ірі мәселелердің қатарына жатады. Иран мемлекеттердің тұрақтылығы мен дискуссиялық бәсекелестікте аймақта сындарлы рөл атқара алады. Бұл басқалармен көбірек интеграция жасауға себеп болады.  

АҚШ полюсінде бөлшектену жағдайы аса үлкен болмағанымен, бәсекелестер арасындағы алшақтықты тактикалық тұрғыдан пайдалануға болады.  Иран бәсекелестердің алдауды мақсат ететін жобаларына көңіл аударып, аймақтағы өз шығындарын нақты басқаруы керек. Бәсекелестердің стратегияларының бірі Иранның күш-қуатын аймақтың  әртүрлі мәселелеріне бөліп, соның нәтижесінде Иранның шығынын арттыру болып отыр. Мысалы, Йемен дағдарысы Иран үшін материалдық және рухани тұрғыдан үлкен шығынға ие болып, басқа ойыншылармен алшақтықты арттыра алады. Иранның қырағы дипломатиясы Ираннан және шиіттен үркітуді азайтады. Иранның ДАИШ-пен күресі шиіт пен сүнниттің соғысы ретінде емес, жалпы адамзат баласының қиыншылығын жою және адам құқығын сақтау аясында қарастырылуы керек.  Иран өз диалогын этнос пен мазхабтан жоғары диалог ретінде көрсету арқылы әлемдік қауымдастықты өзіне оңай ілестіре алады. Сенім тудырып, текетірестерді жою аймақтың қауіпсіздігіне бірлесе жету үшін қажет шарт болып табылады. Бұл іс Ислам революциясының мүдделерін сақтап, оның принциптеріне арқа сүйеу, соның ішінде  жақындасу диалогы арқылы орындалуы мүмкін.

ИИР реалистік қатынас ұстану, аймақта сенім тудыру және текетірестерді жою саясатын қолдану арқылы араб елдерінің қолайсыз қатынасына қарамастан, өз ықпалын тигізе алды. Уильям мен Мери колледжінің ұстазы Джеймс Ален Биллдің сенімінше, АҚШ геостратегиялық орталық пен пайдалы қазбалар орналасқан аймақта Иранды бақылауға алып, оның аймақтағы гегемониясының алдын алуды көздеп отыр. Осы шындық негізінде ИИР сенім тудыру қатынасымен Таяу Шығыс аймағында қауіпсіздікті қамтамасыз етуші негізгі мемлекеттердің бірі болады алады. Таяу Шығыстағы араб елдері өздерінің стратегиялық одақтастарының тіпті өз жеріндегі басқыншы әрекеттерінің теріс әрі бүлдіргі салдарын тәжірибеден өткізсе де, әлі де сенімсіздік  жолында қадам басып, әлемнің әртүрлі аймақтарындағы ащы тәжірибелерден қапы қалып отыр.

(Стратегиялық зерттеулер орталығында дайындалған)