Сені теңізге тапсырамын
Қытай суларында ирандық танкер апатқа ұшырап, ирандық батыл теңізшілер шәһид болды.

Мені көріп тұрсың ба? Әлде қара түтін көзіңді тұмшалады ма? Мен осындамын, кутудемін. Көзім көкжиекке телміруде. Көкжиек қара түтінге шырмалған. Жұлдыздың жарқырайтындығына немесе таңның ататындығына үміт жоқ.
Қалың түтіннің арасында отырмын. Бұл түн аяқталып, таң атпайтын сияқты. Қараңғылықтың ортасында қайда барамын. Судан қалай шығатынымды ойлаймын ба, әлде түтін мен өрттен бе? Бұл қандай бөгде байланыс? Бұл қандай қайғылы парадокс... Тынық мұхиттағы қандай алаңдаушылық?... Шексіз мұхиттың ортасында өртену... Өрттің ортасында суға бату... Бұл шексіз уайым-қайғының басталуына себеп болатын өмірдің соңы... Не істеймін? Қалай шыдаймын? Жүрегім езіліп барады. Ойының жартысы жағалауда қалып, жартысы кемеде жүрген адамның кемені жағалаудан әкетіп, шексіз көкжиектен алыстаған кездегі көңіл-күйінің қандай екенін кім біледі?
Айтшы, не істейін? Енді сабырым таусылды. Құтқарылатын жол жоқ, үміт те қалмады. Басыңа қиындық түскенде бала кезіндегі армандарыңды ойладың ба? Не дейін? Балалық армандарымды еске түсіретін адам қайда? Алайда бұл күндері мен қайтадан бала болғым келеді... арман-қиялдарымның көмегіммен сені құшағыма алғым келеді. Аспаннан жаңбырдың жауғанын күтемін, өйткені тек сол ғана бұл жалынды өшіре алады. Неге жаумайды? Аспанның сараңдығын не істеймін? Ол сені мен мені көрсе ғой.. Аздап жаңбыр жауса ғой... Менің күтіп отырғанымды, көзім мен жүрегімдегі алаңдаушылықты көрсе ғой....
Бүкіл өмірім қайтып оралмау туралы алаңдаумен өтті..
Неше күн өтті? Білмеймін. Көзімнің алдынан қара түтіннен басқа еш нәрсе көрінбейді, тек жалынның дыбысы естіледі. Жалын жанымды түршіктіреді. Қолымды аспанға қарай көтеріп, мұғжизаны күттім. Шексіз теңізді көріп, оқиға аяқталады, өрт өшеді, бұл қараңғы уақыт өтеді деген үміт келді. Тағы да күлкі, тағы да әзіл, өмір ....
Қайтадан өрт, түтін... Жүрегім жарылып барады. Өрт пен түтінгің қалыңдығы сондай, армандарым түтінде тұншықты...
Жүрегімнің қайғысы, сау бол! Сені шаршаған жүректерге, айдың жарығы мен теңізге тапсырамын .....