Ирандағы адам құқығының жағдайы(1)
(last modified Tue, 23 Jan 2018 16:30:14 GMT )
Қаң 23, 2018 22:30 Asia/Almaty
  • Ирандағы адам құқығының жағдайы(1)

Адам құқығының негіздері мен құрылымы Маңызды гуманистік арман ретінде илаһи діндерден бастау алатын адам құқығы əлемнің өркениеті мен мəдениетіндегі құнды жетістіктердің бірі саналады. Осы аяда Иранның тарихы мен мəдениеті адам құқығының маңыздылығына қатысты көптеген принциптер мен негіздерге толы.

Ислам Иран халқының ресми діні ретінде адам құқығымен тығыз байланысты. Исламдағы құқықтық жəне құқықтық емес шариғат үкімдерінің барлығы адамның түпкі болмысынан алынған. Барлық адамдар өздерінің түпкі болмыстары бойынша бірдей. Дін, этнос, мазхабтан басқа бүкіл адамдардың табиғи болмыс-бітімінің негіздері ортақ. Ислам тұрғысынан, адам – құнды тіршілік иесі. Оған ақылы мен еркі бар тіршілік иесі ретінде құрметпен қарау қажет.

ИИР Конституциясында адам немесе азаматтық құқықтарға жоғары орын берілген. Әйел мен еркек болғанына қарамастан барлық адамдардың құқықтарын сақтау, барша үшін әділ сот қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Иран халқының Конституция алдында тең болуы – ИИР көңіл аударатын ең маңызды мәселелер. Конституция бойынша, ИИР адамға  жоғары орын беріп, Алла алдында жауапкершілікті сезініп, азаттыққа иман келтірген жүйе болып табылады. 

ИИР исламның қағидалары мен өзінің Конституциясына сүйеніп, адам құқығы саласында айтарлықтай жетістіктерге жетті. Иран қалыптасқан жағдай мен шындықтар негізінде қоғамдық әділетті орнату және халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында экономика, мәдениет пен қоғам салаларына жан-жақты әрі ауқымды инвестиция салып, халықтың дамуға теңдей қатысу құқығын  кепілдендірді. Өткен 40 жылға жуық уақытта Иранда адам құқығы жағдайының дамуы айқын байқалды. Қазіргі жағдай 1979 жылғы Ислам революциясының жеңісіне дейінгі жағдайдан, тіпті аймақтағы басқа елдердегі жағдайдан өзгеше. Ирандағы адам құқығының жағдайын талқылағандағы маңызды жайт – исламның қағидалары, Конституция мен адамның болмыс-бітіміне құрметпен қарауды ескеру.

ИИР Конституциясы х.ш.ж.с.б. 1358 жылы халықтың көпшілік дауысымен референдум арқылы бекітілді.  Конституция Ирандағы ең жоғары құқықтық құжат ретінде бір жағынан биліктің іс-әрекеті алдындағы жеке бостандықтардың шекарасын, екінші жағынан қоғамдық күштердің жеке кеңістікпен қатынастағы әрекеттерінің шегі мен шекарасын белгілеп,  қоғамдық және әлеуметтік жүйенің жанындағы жеке бостандықтардың принципін нақты айқындап берді. Иран Конституциясының «Халықтың құқығы» деп аталатын үшінші тарауы 24 баптан тұрады. Онда адам құқығы мен халықтың негізгі бостандықтары жайлы баяндалған. Адамның болмыстық қадір-қасиеті, әділ сот қауіпсіздігіне ие болу, баршаның заң алдындағы теңдігі, азаматтық, әлеуметтік және саяси құқықтарға ие болуы, халықтың саяси және қоғамдық бостандықтарға ие болуы – мұның барлығы Иранның Конституциясында нақты көрсетіліп, ресми түрде танылған.

ИИР адам құқығы саласында Адам құқығы штабы сияқты әртүрлі құрылымдарға ие  елдердің қатарына жатады. Бұл штаб өзінің ерекше құрылымымен биліктен тыс орган ретінде әрекет етеді. Сот органының азаматтық құқық хатшылығы, Әкімшілік әділет соты, Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Тоқсаныншы принцип комиссиясы мен адам құқығы комитеті халықтың құқықтарының сақталуын қадағалайтын органдар мен құрылымдардың қатарына жатады. Әртүрлі құрылымдармен қоса,  ИИР әрдайым адам құқығы жағдайын жаңа заң жобаларын ұсыну арқылы жоғарылатуды көздеп келді. Халықтың құқықтарын сақтау және қорғау негізінде әкімшілік жүйенің жалпы саясаттарын орындау аясында Ирандағы барлық атқарушы органдар халықтың құқықтарын сақтау мен қорғау мақсатында азаматтық құқықтар жарғысын дайындауға міндеттелген.

Бір жыл бұрын ИИР Президенті Хасан Руханидің қатысуымен Азаматтық құқық жарғысының тұсаукесер рәсімі болды. ИИР Президенті тарапынан қол қойылған бұл құжаттың кіріспесінде: «Азаматтық құқық жарғысы халықтың құқықтарын жоғарылату үшін дайындалып, Иранның құқықтық жүйесінде белгіленген азаматтық құқықтардың жиынтығынан тұрады»,-деп жазылған. Азаматтық құқық жарғысы 19 бап пен 120 тармақтан тұрады. Өмір сүру құқығы, денсаулық сақтау және сапалы өмір сүру құқығы; азаматтық бостандық және қауіпсіздік құқығы; тағдырды анықтауға қатысу құқығы; ойлау және сөйлеу бостандығы;  жиын, шеру мен ереуіл өткізу құқығы; ұлттық қауіпсіздік пен абырой-айбын құқығы – осының барлығы Азаматтық құқық жарғысында халықтың құқықтарын сақтап, кепілдендіру мақсатында баса айтылған маңызды тақырыптар болып табылады.

Иранда адам құқығы сапасын жоғарылатуға бағытталған ішкі механизмдермен қоса, бұл ел адам құқығына қатысты 20-дан астаихалықаралық хаттама мен конвенцияға қосылған. Халықаралық келісімдерге қосылу кез келген ел үшін, соның ішінде  ИИР үшін де сараптамалық зерттеулермен қоса Конституция мен ішкі заңдардың осы келісімдерге сәйкес дайындалғанын білдіреді. ИранныңКонституциясы мен заңдарында әйел немесе еркек болғанына қарамай барлық адамдардың құқықтарын жан-жақты қамтамасыз ету, жөнсіз кемсітушілікті жою, барша үшін әділ мүмкіндіктер қалыптастыруға көңіл бөлінген. Ирандағы барлық мемлекеттік органдарадам құқығының материалдық және рухани дамуына жағдай жасауға және тиісті дайындықпен азаматтық құқықтарды әртүрлі салаларда кепілдендіруге міндетті.

Келесі бағдарламада ИИР-дағы әйелдердің орны мен олардың құқықтарын кең түрде талқылайтын боламыз.