Революция жетекшісі ИЫҰ-на мүше елдердің парламентаралық басқосуында баяндама жасады
(last modified Sat, 27 Jan 2018 12:10:33 GMT )
Қаң 27, 2018 18:10 Asia/Almaty
  • Революция жетекшісі ИЫҰ-на мүше елдердің парламентаралық басқосуында баяндама жасады

Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи Ислам Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдердің 13-ші парламентаралық басқосуының бірінші күні жиналған қонақтармен кездесіп, ислам әлемінің маңызды мәселелері туралы пікір алмасты. Хазірет ислам әлемінің негізгі мәселелері туралы дер уақытында әрі дауысты шығарып айтып, өз ұстанымдарын жариялау міндетін қуаттап, Палестина мен ислам әлемінің бірлігін негізгі тақырыптардың бірі деп атады.

 

Ислам Ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің 13-ші парламентаралық басқосуы  қаңтар айының 16 күні Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің ұйымдастыруымен ұйымға мүше елдердің жоғары лауазымды қайраткерлерінің қатысуымен Теһранда өтті. Ислам Ынтымақтастық Ұйымы – БҰҰ-нан кейінгі екінші үкіметаралық ұйым. Бұл ұйым мүше болып кірген 57 исламдық мемлекет басшыларының саммитіндегі келісім бойынша және ислам елдері арасындағы бауырластық пен ынтымақтастықты нығайту және ортақ мүдделерді қолдау мақсатында құрылды.17 елдің Мәжіліс Төрағалары мен 14 елдің Мәжіліс Төрағаларының орынбасарлары, сондай-ақ ислам елдерінің мәжілістеріндегі комиттеттердің басшылары мен депутаттарының қатысуымен өткен басқосуда экономикалық және сауда ынтымақтастықтарды арттыру, лаңкестік мәселесі, АҚШ-тың исламдық аймақтарда қауіпсіздік саласында бейберекеттіктер тудыруға араласуы мен қасиетті Құдсқа шабуыл жасау сынды мәселелер талқыланды.

Иран Ислам революциясының жетекшісі  аятолла Хаменеи Ислам Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдердің 13-ші парламентаралық басқосуының бірінші күні жиналған қонақтармен кездесіп, ислам әлемінің маңызды мәселелері туралы пікір алмасты. Хазірет ислам әлемінің негізгі мәселелері туралы дер уақытында әрі дауысты шығарып айтып, өз ұстанымдарын жариялау міндетін қуаттап, Палестина мен ислам әлемінің бірлігін негізгі тақырыптардың бірі деп атады.

 Ислам революциясының жетекшісі Ислам Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдердің 13-ші парламентаралық басқосуының бірінші күні жиналған қонақтармен кездесті

Ислам революциясының жетекшісі ислам  елдерінің Мәжіліс Төрағалары мен өкілдеріне қошамет білдіріп, ислам елдері Мәжілістерінің маңызды орнына тоқталып: "Бұл орган ислам үмбетінің қажеттіліктері мен талап-тілектерін әлемге жеткізе алады. Бұл маңызды жағдайды діни және тарихи міндеттерді орындау үшін пайдалану керек. Бүгін Батыс Азия ғана емес, бүкіл дүниежүзі маңызды өзгерістердің куәсі болуда. Сол өзгерістерде рөл атқару қажет",- деді. Аятолла Хаменеи ислам әлемінің Бірінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі өзгерістерден көрген соққыларына сілтеме жасап: "Бірінші Дүниежүзілік соғыстан кейін ислам әлемі бөлшектеніп, ешбір құқықтары жоқ елдер Батыс Азия мен Солтүстік Африкадағы ислам елдерін билеп-төстеп, ешбір дәлел мен ешбір құқысыз ислам әлемінде ұзақ мерзімге қалып, оғын соққы келтірді. Сондықтан мұндай оқиғаның қайталануына рұқсат етпейік",- деп баса айтты.

Аятолла Хаменеи бұл басқосудың жұмыс кестесінде қарастырылған тақырыптарды маңызды деп атағанымен, Йемен мен Бахрейн мәселелері сынды кейбір маңызды тақырыптарға немқұрайдылық танытылғанына көңіл бөліп, оларға назар аудару қажеттілігін қуаттады. Хазірет Йемен мен Бахрейн мәселелерін өте маңызды және ислам үмбетінің денесіндегі терең жара деп таныстырып, оларды емдеу қажеттілігіне ерекше назар аудартты. Ислам революциясының жетекшісі  ислам әлемінің негізгі және өмірлік маңызды мәселелерінде анық ұстаным білдіру қажеттілігін қуаттап: "Біз әлемнің қоғамдық пікірі мен әлемнің көрнекті тұлғаларының арасында шындықты таратып,  Батыстың қатерлі үгін-насихат империясына ислам әлемінің  маңызды мәселелеріне көзжұмбайлық білдіріп, үнсіздік танытқан қастандық әрекетімен ислам үмбетінің негізгі мәселелерін шетте қалдыруға рұқсат бермеуіміз керек. Көбінесе сионистер тарапынан басқарылатын Батыстың   үгіт-насихат органы маңызды емес. Олар ойдан шығарған тақырыптарға қатысты жанжал тудырып, Палестина мен әлемнің басқы маңызды мәселелерін қоғамдық пікірдің ойынан шығарғысы келеді. Біз сионистерді ауыр соғыста жеңгендей, жұмсақ соғыста да жеңетінімізге сенімді болуымыз керек",- деді.

Ислам революциясының жетекшісі Палестина мәселесін ислам үмбетінің басты мәселесі деп атап: "Өткен 70 жылда Палестинада орын алған оқиғалар тарихта кездеспеген зұлымдық болды. Палестина мәселесінде "жерлерді басып алу", "миллиондаған халықты қудалау" және "жаппай қырып-жою мен адамзат тарихындағы үлкен қылмыс" сынды үш оқиға орын алды",- деп мәлімдеді. Аятолла Хаменеи Палестина тақырыбын  адамзатқа қарсы үлкен қылмыс, тарихи зорлық-зомбылық деп атап, діни міндет бойынша оған үнсіздік танытуға болмайтынын қуаттап: "Палестина – Иордания өзені мен Жерорта теңізінің арасында орналасқан ел. Оның астанасы – қасиетті Құдс. Сионистер бір кезде "Нилден  Евфратқа дейін" деп ұрандатты. Бірақ, бүгін өздерін қорғау үшін дуал салуға кірісті",- деді. Аятолла Хаменеи АҚШ Президентінің жуырдағы Құдсты сионистік режимнің астанасы деп жариялауын "үлкен қателік" деп атап: "Олар бұл істерін атқара алмайды. Олардың талпыныстары нәтижеге жетпейді",- деді. Хазірет сондай-ақ, Сауд режимі сынды аймақтағы кейбір үкіметтердің АҚШ-қа қосылып, сионистерді қолдайтындықтарына тоқталып: "Сионистер сынды дұшпанның қылмыстары анық. Бірақ, осы кездегі саудиялықтардың ісіндей мұсылман бауырлардың дұшпандығы ислам үмбеті мен ислам дүниесіне қарсы қиянат",- деді.

Ислам революциясының жетекшісі сөзінің жалғасында мұсылман халықтар мен үкіметтер арасындағы бірліктің қажеттігін қуаттап, ислам әлемінің халқы мен олардың көптеген мүмкіндіктері мен ерекше географиялық жағдайына тоқталып: "Ислам әлемі бірігіп, үлкен құдыретті құрып, өзара ұлтаралық, аймақтық, тіл мен дінге қатысты қайшылықтардың пайда болуына рұқсат етпеуі керек",- деді. Аятолла Хаменеи ислам үмбеті арасында іріткі салуды сионистік-америкалық жоба деп атап, бұл жобаның мақсатын ислам әлемін маңызсыз мәселелерге шырмап, сионистік режимнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету деп атады.

 

 Аятолла Хаменеи сөзінің келесі бөлімінде АҚШ сынды үлкен шайтанның өтіріктерін әшкерелеу қажеттігін қуаттап: "Адам құқығығын қорғау мен лаңкестікпен күресу туралы уәж айтатын АҚШ Африка, Латын Америкасы мен басқа ұлттар мен халықтар туралы сөйлеп, оларға қарсы әрекет жасап, ДАИШ сынды лаңкестерді әшкере түрде қолдайды» деді. Діни жетекші АҚШ-тың ДАИШ-ты құруы мен сионистік режимді қолдауын мойындайтындығына тоқталып: "Олардың өздері лаңкестіктің жақтастары және лаңкестердің қолдаушылары бола тұра,  лаңкестікке қарсы күрестің туын көтеруде. Мұның барлығын әшкерелеп, әлемге жеткізу керек. Сонымен бірге әлем халықтары мен көрнекті тұлғаларын хабардар ету қажет",- деп баса айтты.

 

 

Ислам революциясының жетекшісі сөзінің соңында басқосуға қатысушылардан ислам әлемінің маңызды мәселесі туралы қарар шығарумен қанағаттанбауды, шешімдерді іс жүзінде іске асыруды сұрады. Хазірет Ирандағы діни халықтық демократияны сәтті тәжірибенің бірі және материалдық-рухани дамудың факторы деп атап, АҚШ-тың Иранға қарсы қастықтарына сілтеме жасап: "Алланың көмегімен Иран халқы  қастықтардан өтті. Келешекте де АҚШ-тың қастандықтарын залалсыздандырады. Ислам елдері мен ислам халықтары бірігіп, үстемшілердің қастандықтарына қарсы бір жұдырықпен жауап қайтаратындығына үміттенемін",- деп қуаттады.