АҚШ-ның ұлттық қауіпсіздік стратегиясы құжатына шолу 1
АҚШ Президенті Дональд Трамп үкіметі кезіндегі АҚШ-ның ұлттық қауіпсіздік стратегиясының бірінші құжаты жарияланды.
АҚШ-ның ұлттық қауіпсіздік стратегиясы құжатында негізгі төрт мақсат белгіленді: елді ішінен қорғау, экономикалық даму, күш арқылы бейбітшілікті қорғау, АҚШ-тың ықпалын арттыру. Алайда бұл мақсаттарға жету жолында үлкен проблемалар байқалуда.
АҚШ-ның ұлттық қауіпсіздік стратегиясы құжатының бірінші негізі «Халық пен жерді қорғау және америкалықтардың өмір сүру тәсілі» деген тақырыппен басталады. Бұл бөлімде АҚШ қоғамының ішкі қоқан-лоққылары мен қатерлерінің тізімі көрсетілген. Қоқан-лоққылардың маңыздыларының қатарына шекаралық кедергілерді әлсірету, жаппай қырып-жоятын қаруды пайдалану, мигранттар үшін тиімсіз саясаттар, лаңкестердің белсенділігі мен АҚШ-тың инфрақұрылымдарына қарсы киберлік шабуыл жатады. Дональд Трамп АҚШ-ның ұлттық қауіпсіздік стратегиясы құжатының жариялануымен тұспа-тұс сөйлеген сөзінде: «Біз АҚШ халқын қорғауымыз керек... Егер біз шекараламыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмасақ, еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмаймыз. Сол себепті, еліміздің оңтүстік шекараларында дуал тұрғызып, мигранттардың келуін тоқтатумен бірге виза беру бағдарламаларын қайта қарастыруымыз керек. Біз еліміздің шекара күштері мен ішкі қауіпсіздік күштерін қатты қолдаймыз. Сонымен бірге біздің стратегиямыз бізден исламшыл экстремистік лаңкестік пен исламшыл идеологиямен күресуімізді талап етеді. Біз оларды жеңіп, олардың АҚШ-та таралуына тосқауыл қоямыз. Біз киберкеңістік пен әлеуметтік желілер арқылы елімізге шабуыл жасайтын адамдарға қарсы жаңа стратегиялық жолдарды пайдаланамыз»,- деді. Бұл сөздер АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы құжатының бірінші негізі саналады. Құжаттың бұл бөлімінде АҚШ қоғамының ішкі және сыртқы қоқан-лоққыларға қарсы тұруы үшін қажет мәліметтер мен бағдарламалар айтылды. Сондай-ақ, заңсыз мигранттардың АҚШ-қа енуінің алдын алу үшін Мексика арасында шекарада дуал салу тағы қуатталды. Сонымен бірге мигранттық саясатты жеңілдетуді тоқтату баяндалды. Аталмыш құжатта АҚШ-тың қазіргі үкіметінің лотореялық Грин картаны (Green Card lottery) алып тастау қажеттілігіне назар аудартылды. Трамп үкіметінің мұсылмандарға қатысты дұшпандық ұстанымының жалғасында АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы құжатында «ислам» деген сөз «лаңкес» пен «экстремист» деген сөздермен бірге қолданылып, «жиһадтық лаңкестер» деген сөз тіркесі пайда болды. «Жиһадтық лаңкестер» және киберлік шабуылдармен күрес АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы құжатында көрсетілген келесі мақсаттарға жатады. Қалай болғанда да, Трамп пен оның кеңесшілері уәде бергенімен, бұл мақсаттарға жету оңай емес деген ой туады. Мәселен, АҚШ-тың құрлық және теңіз шекаралары бюджеттің миллиардтаған доллары жұмсалып, жүздеген мың шекарашы жұмысқа тартылғанына қарамастан, осы кезге дейін кейбір тауарлар мен мигранттардың заңсыз енуінен қорғалмаған. Осыған орай, Трамп Мексика шекарасында дуал салу туралы уәде берді. Бірақ, дала мен таулар және Рио-Гранде өзенінен өтетін 3200 километрден астам ұзындыққа ие дуал салу үшін кемінде 20 миллиард доллар қажет. Мұндай бюджет Ақ үй мен Конгресс және республикашылар мен демократтар арасындағы саяси қайшылықтарды арттырды. Сондай-ақ, АҚШ қоғамы арзан шетелдік жұмыс күшін қажет етіп отырған жағдайда бұл елге ағылған заңсыз мигранттардың ену үдерісінің тоқтайтындығына күмән туады. Қазіргі кезде елдегі ауыр жұмыстардың көбін Мексика мен Испаниядан заңсыз түрде келген мигранттар орындауда. АҚШ-ның жұмыс берушілері бұл адамдарды жұмысқа алып, оларға төмен жалақы төлеп, сақтандыруға ақша жұмсамай, миллиардтаған долларларды өз қалталарына түсіреді. Сондай-ақ, АҚШ пен Мексика шекарасының екі жағындағы әшкере теңсіздік жыл сайын АҚШ-тың оңтүстігіндегі елдердің саяси, экономикалық және әлеуметтік қиындықтардан күйзелген жүздеген мың адамның заңсыз миграцияның ауыртпалықтарына қарамастан тұрмыстарын жақсарту үмітімен АҚШ-қа бет алуға себеп болады. Алайда, олардың көбі АҚШ жеріне кірген соң арман-қиялдарына жетпей, керісінше бүкіл өмір бойы басқа мемлекеттегі заңсыз өмір сүрудің қиындықтарына душар болады.
Трамп заңсыз мигранттардың АҚШ-қа ену үдерісін тоқтату және бұл елдегі 11 миллион заңсыз мигрантты шығару, сондай-ақ АҚШ-қа жаңа келген мигранттардың жақындарының кіруіне тыйым салып, Грин карта лотереясы бағдарламасын тоқтату туралы уәде берді. Бірақ, бұл мақсаттарға жету үшін АҚШ Президентінің қарамағындағы атқарушы органдардың талпыныстарымен бірге Конгрестің шешімі де қажет. Конгрестегі демократтардың аз санының Трамптың мигранттық саясатына шынайы қарсыласуымен бірге республикашылардың біразы да заңсыз мигранттарды елден шығару мен мигранттарға қатысты заңдарды өзгертуді АҚШ үшін пайдалы санамайды. Осыған орай президенттік міндетін атқаруға кіріскеннен бері Трамп кейбір елдердің, көбінесе мұсылман елдерінің азаматтарына АҚШ-қа сапар шегуге тыйым салуынан басқа осы кезге дейін мигранттарға қатысты саясаттарға шынайы өзгеріс енгізе алмады. «General Electric» компаниясының атқарушы директоры Джеффри Иммельт Трамптың мигранттарға қатысты саясаттары мен шекарада дуал салу жобасын сынап: «Біз сауданы қолдаймыз. Біз мемлекеттер арасындағы тауар еркіндігі ағымын қолдаймыз. Сондықтан, менің ойымша, дуал салу сияқты саясатты іске асыру бізге лайық емес»,- деді. Өткен 11 айда Трамп үкіметі «жиһадтық лаңкестермен» күресу саласында да қабылдауға лайық шара ұсынған жоқ. Бұл кезеңде 2001 жылдың 11 қыркүйек оқиғасынан кейін бірінші рет Нью-Йорк қаласында лаңкестік әрекет орын алды. Бұл мәселе Трамптың лаңкестер мен экстремистер үшін қолданған шараларының нәтиже бермегенін көрсетті. Ресми мәліметтер бойынша 2001 жылдан кейін лаңкестік әрекет жасағаны немесе лаңкестік әрекет жасауға талпыныс жасағаны үшін айыпталғандардың 80 пайыздан астамы АҚШ-та туғандар немесе сол елде өскендер болды. Басқаша айтқанда, АҚШ-тың ішкі қауіпсіздігіне қауіп-қатер тудыратын лаңкес – дәл осы елдің өзінде өскен адам. Негізінде АҚШ-тың бұрынғы және қазіргі үкіметтерінде лаңкестерге қарсы елдің сыртындағы лаңкестік топтар мен АҚШ-тың ішіне кірген кездегі олармен күресу бағдарламалары қарастырылған болатын. Бұл тақырып Трамп үкіметі дайындаған АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік стратегиясында да қарастырылды. Жаппай қырып-жоятын қаруды АҚШ-да пайдалану ықтималынан туындаған қоқан-лоққыларға қайшы бұл мемлекет сан рет киберлік шабуылдармен кезікті. АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік стратегиясы сол қоқан-лоққылармен қарсыласуды қарастырды. Америкалықтардың күнделікті өміріндегі ғаламтордың әсерінің артуы мен елдің экономикалық инфрақұрылымдарының бұл құбылысқа тәуелді болуына байланысты АҚШ қоғамы киберлік шабуылдармен бетпе-бет келді. Шабуылдар қазіргі таңда көбінесе қаржы жемқорлығы мақсатында іске асырылды. Алайда келешекте сайберлік шабуылдар әуежайлар, порттар, атом стансалары немесе қалалық инфрақұрылымдарға қарсы жасалуы мүмкін. Арналардың техникалық-қауіпсіздік мамандарының пікірінше, сайберлік шабуылдар саласындағы белсенділер әрқашан үкіметтер мен органдардың сайберлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге талпынды. АҚШ үкіметі сайберлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін миллиардтаған доллар жұмсағанымен нәтижеге жетпеді.