Батыс Азияның алдындағы қауіпсіздік саласындағы дағдарыстар 1
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i34267-Батыс_Азияның_алдындағы_қауіпсіздік_саласындағы_дағдарыстар_1
Батыс Азия аймағының екінші қауіпсіздік конференциясының Теһранда саяси қайраткерлер мен саяси мәселелер сарапшыларының қатысуымен өтуі бұл аймақтың қауіпсіздік саласындағы дағдарыстарын эксперттік тұрғылардан талқылауға мүмкіндік тудырды.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаң 27, 2018 21:05 Asia/Almaty

Батыс Азия аймағының екінші қауіпсіздік конференциясының Теһранда саяси қайраткерлер мен саяси мәселелер сарапшыларының қатысуымен өтуі бұл аймақтың қауіпсіздік саласындағы дағдарыстарын эксперттік тұрғылардан талқылауға мүмкіндік тудырды.

Өткен бірнеше ғасырда Батыс Азия жаһандық державалардың мүдделері қиылысқан алаңға айналды. Дәл осы мәселе қарым-қатынастар мен елдердің қалыптасуына өз әсерін тигізді. Аймақ елдері шекараларының көбі отарлаушылардың жобалары бойынша бөлініп, тіпті кейбір елдерде бітісе алмайтын тайпалар бір жерге жиналды. Басқаша айтқанда, Батыс Азия – әлемдегі дағдарыстардың негізгі өзектерінің бірі. Бұл аймақтағы жаңа дағдарыстардың тамыры аймақтың отаршылық тарихында жатыр. Өткен ғасырдағы өзгерістер Батыс Азияда орналасқан елдердің отаршыл ағымдардың ықпалымен жіктелу жолына түскенін көрсетті. Бұл ағымдар колониялық бөлінушіліктер мен бөгделердің араласу әрекеттеріне себеп болды. Аймақтағы әртүрлі дағдарыстар мен қақтығыстардан бөгделердің араласушылықтарын байқауға  болады. Сол араласушылықтар аймақ қауіпсіздігін дағдарысқа тіреуде. Осман империясының құлдырауы мен Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлемдік державалардың мәмілелерінің нәтижесінде сионистік режимнің құрылуы дағдарыс тудыратын ең негізгі мәселеге айналды.

21-ші ғасырдың екінші онжылдығының соңында Батыс Азия қауіпсіздік саласындағы шиеленісті дағдарыстарға тіреліп отыр. Қазіргі ғасырдың басында АҚШ 2001 жылдың қаңтар айында Ауғанстанға, 2003 жылы Иракқа шабуыл жасап, аймақтың тұрақтылығын бұзуымен бірге қауіпсіздік саласында салыстырмалы түрде тұрақтылыққа ие елдерді тынышсыздықтар толқынымен бетпе-бет келтіріп, бүкіл аймақты соғысқа шырмай жаздады. Батыс үкіметтері де бұл жағдайды пайдаланып, аймақты қаруларының қоймасына айналдырды. Сондай-ақ, алдағы жылдары жүздеген миллиард долларға қару сатуға кепілдік алды.Трамптың өткен жылдың қаңтар айындағы Сауд Арабиясына жасаған сапарындағы құны жүз миллиард доллардан астам ақшаға қару сату келісіміне қол қоюы бұл ағымның мысалдарының бірі. Дағдарысты жалғастырып, Батыс Азияда соғыс жалындарын арттыру негізінде Батыстағы қару шығаратын компаниялардың талабы болды. Батыс Азияның тарихы кезеңдік соғыстардың АҚШ-тың қарулары мен басқа әскери жабдықтарының сатылуына қолайлы нарық болғанын көрсетті. Жаңа жағдайларда Дональд Трамп аймақта Ираннан үркіту саясатын таратып, аймақтағы дағдарыстарды ушықтырды. Әсіресе, Сирия дағдарысы аймақтағы араб үкіметтері үшін әскери қару-жарақ сатып алу қажеттіліктерін арттырды. Батыс Азия аймағындағы дағдарыстарды сақтап, тынышсыздықтарды жалғастыру аймақты қарулануға итермелеп, Батыстың қаруларын сату үшін жақсы нарықты ашты. Әлемдік экономиканың Парсы шығанағының мұнайының тұрақтылығына тәуелді болуы Батыс Азия аймағын стратегиялық маңызды аймаққа айналдырды. 

Сионистік режим мен ислам елдері арасындағы 1948, 1956, 1967 және 1973 жылдардағы аймақтық соғыстар, сондай-ақ, 1980 жылдардағы Израильдің Ливанға араласуы дағдарыс тудырып, аймақ елдерін жанама түрде ішкі қайшылықтарға тіреуі АҚШ пен сионистік режимннің мүдделеріне сай екенін көрсетті. Аймақта лаңкестікті кеңейту жобасы дәл осы мақсатпен  іске асырылды. Израильдің палестиналық жерлерді басып алуынан бері шамамен 70 жыл өткен жағдайда АҚШ пен Израиль аймақтағы таңылған дағдарыстарды пайдаланып, Палестина мәселесін ұмыттырып,  бұл тақырыпты аса маңызды емес деп көрсетуге әрекет жасауда. Бұл салада Мысыр мен Иордания сынды араб елдерінің Израильмен қарым-қатынастары орнатылған соң бүгінде Израиль мен Сауд Арабиясының қатынастарын қалыпқа келтіру саласында талпыныстар жасалуда. Бұл талпыныстар өткен бір жылдың ішінде Тель-Авив пен Рияд басшылары тарапынан расталды. АҚШ Құдсты сионистік режимнің астанасы ретінде ресми жариялағаннан бері бұл әрекеттер жаңа серпінге ие болып, аймақтағы қауіпсіздік дағдарыстардың Палестина жерлерін басып алғаннан кейінгі кезеңге өткені көрсетті. Сионистік режим өткен бірнеше жылда тәкфиршіл лаңкестік сынды дағдарыстар тудырып, жағдайды өз мүдделеріне қарай өзгертіп, аймақтағы дағдарыстардың аясында өзін сақтап қалуға әрекет жасады.  Дәл осы шындыққа назар аударып, Иранның Қорғаныс министрі Теһрандағы екінші қауіпсіздік конференциясында сөйлеген сөзінде: «Аймақтың негізгі мәселесі – лаңкестік пен ішкі қайшылықтар. Олар отаршылық, үстемшілдер және трансаймақтық елдердің араласушылықтары мен басқыншылықтан тамырланады. Олардың мысалдарының бірі ретінде Палестинаны 70 жыл бойы басып алуды атауға болады. Таяу Шығыс аймағындағы өзгерістер бөгделердің қатысуы және араласуымен, сондай-ақ, трансаймақтық күштердің басқаруымен орын алып жатыр. Аймақтың кейбір үкіметтерінің тәуелді болуы, хабарсыздықтары мен алданушылықтары Батыс Азиядағы қайшылықтардың себептерінің қатарына жатады. Батыс Азия аймағының халықтары осы кезде өз болмыстарынан хабардар болып, келешектері туралы ойлануда»,- деді.