АҚШ – халықтық қозғалыстарды басып-жаншушы (1)
(АҚШ-тағы қара нәсілділердің азаматтық қозғалысы) Бірнеше апта бұрын Иранның кейбір қалаларында қымбатшылық, жұмыссыздық пен тұрмыс жағдайына наразылық ретінде өткен ереуілдер кезде АҚШ осы тақырыпты теріс пайдаланып, Иранның ішкі ісіне араласуға кірісті. 6 бөлімнен тұратын "АҚШ – халықтық қозғалыстарды басып-жаншушы" атты бағдарламада АҚШ үкіметінің елдің іші мен сыртындағы халықтық қозғалыстарды басып-жаншуына тоқталамыз.
АҚШ үкіметі Иранның ішкі ісіне араласушылықты жалғастырып, Иранның ішкі тұрмыстық тақырыбына әлемдік сипат беруге күш салды. АҚШ осы мақсатқа қол жеткізу үшін 2018 жылдың 5 қаңтарында көптеген елдердің қарсылығына қарамастан БҰҰ-ныңҚауіпсіздік кеңесінде Ирандағы халықтық наразылықтар тақырыбында отырыстың өткізілуін талап етті. АҚШ сол отырыста өз мақсатына жетпеді. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Ирандағы халықтық наразылықтар тақырыбын талқылауға қарсылық білдірді. Бұған қарамастан, әлемнің саясаткерлері мен халықтарының санасында мынадай сауал туындады: Иран халқын қолдаймыз деп уәж айтатын АҚШ үкіметі өз елінде болған халықтық наразылықтарға қандай қатынас көрсетті? Ресейдің СІМ-нің ақпарат хатшысыМария Захарова осы жайлы Facebook-тегі өзінің парақшасында: "АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Никки Хейлидің әлемге айтары бары күмәнсіз. АҚШ әлеммен наразыларды басып-жаншудағы өз тәжірибесімен бөлісе алады. Мысалы, АҚШ "Wall Street-ті басып алу" наразылық қозғалысы мүшелерін ауқымды түрде қамауға алып, үнін өшіргені немесе Миссури штатының Фергюсон қаласындағы наразылықтарды қанға бөктіріп, басып-жаншығаны туралы тәжірибесін баяндай алады",-деп жазды. Шындық мынада: адам құқығын қорғаймыз деп уәж айтатын АҚШ өз халқының наразылықтарын басып-жаншуда қара тарихқа ие. Бүгіннен бастап берілетін бағдарламада осы шындықтардың біразына шолу жасайтын боламыз.
Ең қарапайым сипаттамада әлеуметтік қозғалыс әлеуметтік қатынастың бір түрі деп аталған. Сол арқылы адамдардың үлкен тобы өздерінің қалыптасқан жағдайға наразылықтарын ұжымдық әрекет қалыбында баяндайды. Бұл наразылық қоғамдағы теңсіздік пен кемсітушіліктен бастап, әл-ауқат пен экономикалық, мәдени және әлеуметтік жағдайды жақсартуға дейінгі тақырыптардың үлкен спектрін қамти алады. Әлеуметтік қозғалыстардың көбінің тәсілі – көшелерде бейбіт мақсатта наразылықтар өткізу. Алайда, азаматтық бағынбаудың басқа тәсілдері, соның ішінде аштық акциялары мен дөрекі шерулер де кең таралған. Әлеуметтік қозғалыстарда ұжымдық әрекет әрдайым жағдайды өзгертуге бағытталған. Бұл жағдайды өзгерту азаматтық немесе әлеуметтік құқық саласында, тіпті саяси жүйелерді ауыстыру, немесе бір заңды түпкілікті өзгерту саласында бола алады. Соңғы екі ғасырда әлемнің көптеген елдерінде әлеуметтік қозғалыстар болды. АҚШ та өзінің тарихында бірнеше наразылық қозғалысын бастан өткерді. Олар басып-жаншуларға қарамастан бірнеше рет қайталанды.
20 ғасырда АҚШ-та орын алған ең маңызды әлеуметтік қозғалыстардың бірі "АҚШ-тың қара нәсілділерінің азаматтық құқығы" (Black civil rights movements in America) қозғалысы болды. Бұл қозғалыстың басты мақсаты АҚШ-та жүйелі түрдегі кемсітушілік пен этностық бөлінушілікті жою болды. Олар қара нәсілді азаматтарға қарсы жүйелі түрдегі кемсітушілік саясаттарын ұстанатын АҚШ-тың мемлекеттік органдарына наразылық білдірді. Бұл кезеңдегі күресте қатігездік орын алмағанымен азаматтық бағынбаушылықтар АҚШ-тағы жергілікті штаттық және федералдық басқармаларда көптеген дағдарыстардың тууына себеп болды. Бұл үкіметті, қоғам мен кәсіподақтарды америкалық қара нәсілділер бетпе-бет келіп отырған әділетсіздіктерге қарсы ұстаным білдіруге мәжбүрледі.
1963 жылдың 28 тамызында АҚШ-тың қара нәсілділерінің азаматтық құқық қозғалысының ең маңызды оқиғаларының бірі азаматтық құқық пен этностық теңдік қозғалысының 200 мың белсендісінің Вашингтонға қарай шеруге шығуы болды. Онда Мартин Лютер Кинг "Менің бір арманым бар" (I have a dream) тақырыбында сөз сөйледі. Наразылықтардың осы кезеңінде АҚШ-тың қара нәсілді мұсылмандарының басшысы Малкольм Икске 1965 жылдың 21 ақпанында Нью-Йорктің Гарлем ауданында террор жасалды. Бұл террор нәсілшілдік пен кемсітушіліктің АҚШ қоғамы болмысының бір бөлігіне айналғанын көрсетті.
Құлдық 1865 жылы АҚШ Конституциясының 13-ші қосымшасын бекітумен жойылды деп жарияланды. Алайда АҚШ-тың қоғамында нәсілшілдік ешқашан жойылған жоқ. Қара нәсілділердің көбі кедейшілікте өмір сүрді, тіпті олардың балаларына ақ нәсілділердің мектептерінде оқуға рұқсат берілмеді. Қара нәсілділер азаматтық құқықтардың көбінен мақұрым қалып отыр. Олардың меншік құқығы арнайы шектеулермен рәсімделді. Бұл адамдардың маңызды саяси лауазымдарда қызмет етуге құқылары болмады. Қара нәсілділер ақ нәсілділерге тиесілі клубтар мен мейрамханаларға кіре алмады. Тіпті, АҚШ-тың оңтүстігіндегі кейбір қалаларда қара нәсілділер автобустарда ақ нәсілділерге арналған орындықтарға отыруға құқылы болмады. Роза Паркс есімді қара нәсілді әйелдің бір қоғамдық автобуста бір ақ нәсілдіге тұрып, орын бермегені үшін қамауға алынуы Мартин Лютер Кинг үшін 1942-1968 жылдар аралығында қара нәсілділердің күресшіл қозғалысын басқару үшін түрткі тудырды.
АҚШ-тағы қара нәсілділердің күресі 1964 жылы азаматтық құқықта азшылықтарға қарсы кемсітушілікті жою туралы заңның бекітілуіне себеп болды. Қолда бар деректер көрсеткендей, әрдайым адам құқығын сақтаймыз деп уәж айтатын АҚШ-та әлі де түрлі нәсілді азаматтардың көбінің құқықтары сақталмайды. Әртүрлі зерттеулер АҚШ-тағы жұмыс орындарында апартеидтік ағымдардың қайта көтерілгенін көрсетеді. Жұмыс тапсыру мен табысты төлеудегі кемсітушілік қара нәсілді жанұялардың орташа табысыныңүнемі ақ нәсілділерден төменірек болуына себеп болды. Нәсілшілдік қатынастың ең айқын үлгісін АҚШ полициясы мен қауіпсіздік күштерінің қара нәсілділермен қатынасынан көруге болады. АҚШ-тың Дэйтон университетінің ұстазы Вернила Рэндалл "АҚШ-тың бақылаушысына" берген сұхбатында осы шындыққа меңзеп: "АҚШ-тағы нәсілшілдік мәселесінің маңызды бөлігі полицияның қара нәсілділерге қарсы қатігездікке жауапкершілікті мойнына алмауына қатысты. Олар қара нәсілділерді өлтіруден, оларға қатігездік жасаудан аянбайды, өйткені оларға жаза қолданылмайды",-деді. Қауіпсіздік және соттық кемсітушіліктің нәтижесінде 2014 жылықара нәсілділердің көтерілісі орын алды.
2014 жылы Фергюсон қаласында болған тынышсыздықтар бір қара нәсілді жеткіншектің нәсілшіл полиция қызметкері тарапынан өлтірілуіне наразылық ретінде басталып, АҚШ-та үлкен ашу-ыза мен наразылық толқынына ұласты. Наразылықтар полиция офицері Даррен Уильсонға Майкл Браунға оқ атып, оны өлтіргені үшін сот үкімі шығарылғаннан кейін басталды. "Нью-Йорк Таймс" газеті бір мақалада Фергюсон оқиғалары жайында: "АҚШ-тың Миссури штаты полициясының ақ нәсілді қызметкері 18 жастағы Майкл Браунды қолын көтеріп, берілгенін білдірген кезде атып өлтірді",-деп жазды.
Нью-Йорк қаласының соттық медицина басқармасының бұрынғы басшысы доктор Майкл М. Баден Браунның жанұясы тарапынан аутопия жасату (поталогиялық-анатомиялық зерттеу) үшін жалданған болатын. Ол: "Браунның басына екі оқ атылған. 4 оқ америкалық жеткіншектің оң жақ шынтағына тиген",-деп мәлімдеді.
АҚШ сот органдарының осы қара нәсілді жеткіншектің өліміне қатысты жауапкершілікті қабылдамауы Миссури, Калифорния мен Вашингтон штаттарында қара нәсілділердің бұрын-соңды болмаған наразылықтарының туындауына себеп болды. Олардың көбі полицияның қатаң қатігездігімен басып-жаншылды. Әртүрлі қалаларда қара нәсілділердің наразылықтары өршіген кезде полиция оларға қатаң қатынас көрсетіп, талай рет көзден жас ағызатын газ бен пластикалық оқтарды пайдаланып, наразы халықты басып-жаншыды. Сондай-ақ, көптеген наразылар АҚШ-тың қауіпсіздік күштері мен ұлттық гвардиясы тарапынан ұсталып, түрмеге қамалды.
Көптеген тілшілер, тіпті шетелдік тілшілер АҚШ-тың Фергюсон қаласына келіп, осы қаладағы басып-жаншулар мен қақтығыстар жайлы репортаж таратты.
CNN телеарнасының тілшісі бір репортажда: "Жүздеген адам бейбіт түрде орталық полиция басқармасына қарай бара жатқан кезде кенеттен, белгісіз себеппен АҚШ-тың полиция күштері сауытты көліктерімен келіп, көзден жас ағызатын газ бен түтін шығаратын бомбаларды лақтырды",-деп хабарлады. Ол жағдайдың өте қорқынышты болғанын айтып: "Біз полиция күштерінің пластикалық оқтарды шерушілерге қарай атқанын өз көзімізбен көрдік",-деп қуаттады.
Осы қатігез қатынастар Халықаралық адам құқығын қорғаушы ұйымдардың 2014 жылы бірнеше рет полицияның наразылармен қатынасы жөнінде АҚШ-тың штаттық және федералдық басшыларына ескерту жасауына себеп болды. БҰҰ-ның сол кездегі Бас хатшысы Пан Ги Мун АҚШ басшыларын осы ел халқының Миссури штатының Фергюсон қаласында бейбіт шерулер өткізу құқығы мен наразылық шерулерде сөйлеу бостандығына құрметпен қарауға шақырды. Халықаралық кешірім ұйымы 2014 жылы 23 қазанда жарияланған есебінде Майкл Браунның өліміне наразылармен қатынас тәсілін сынап, АҚШ үкіметі мен Миссури штатының басшыларынан Фергюсон қаласы тұрғындарының бейбіт шерулер өткізу құқығына құрметпен қарауды талап етті. Адам құқығын қорғау ұйымы 2014 жылдың 19 қарашасындағы бір есепте АҚШ-ты Миссури штатындағы наразылармен дұрыс қатынас жасап, оларды қара нәсілділердің жағдайына наразылық білдіру құқығын сақтауға шақырды. Адам құқығын қорғау ұйымы көзден жас ағызатын газды пайдалану мен бейбіт шерулер өткізуге тыйым салуды адам құқығын бұзу деп атады.
АҚШ-тағы нәсілшілдік хикаясының Фергюсон қаласындағы наразылық қозғалысымен аяқталмайтыны анық. Осы елдің билік органдарын жайлаған нәсілшілдік көзқараспен АҚШ-та қара нәсілділердің қайта көтерілетінін күтуге болады.