Иран Ислам революциясының жылдығы 1
Хиджри шамси күнтізбесі бойынша 1357 жылдың ақпан айында Иранның тарихында дүниежүзінің ойшылдарын, саяси ғылымдардың сарапшылары мен саясаткерлерін таңғалдырған үлкен өзгеріс орын алды.
Ислам революциясының жеңісі Ирандағы АҚШ-тың үстемшілдігін аяқтап, Иран халқының тағдыры ғиззат, тәуелсіздік және қадір-қасиетке жеткізетін жаңа жолға түсті. Бұл үлкен оқиға Вашингтон мен одақтастарының Иранның жаңа қалыптасқан революцияшыл жүйесіне қарсы кез келген қастықты ойластыруына себеп болды. Алайда, Батыстың соғыс кезіндегі және одан кейінгі уақыттағы дұшпандық әрекеттері Ирандағы билеп-төстеушілікті қайтара алмады. Иран Ислам революциясы жетекшісінің айтуы бойынша, «қоқан-лоққылардың көпшілігі исламдық жүйенің құдыретін көрсетеді». Өйткені, егер Ислам республикасының күш-қуаты мен ықпал ету мүмкіндігі жоғары болмағанда, Иран халқының дұшпандары соншалықты алаңдамайтын еді. Қазіргі таңда Иран Ислам революциясының жеңіске жеткен күнінен бері 39 жыл өтуде. Бұл революция қырағы және тәуелсіздік пен ғиззатты талап ететін халықтарды қызықтырады. АҚШ-тың танымал жазушысы, сарапшы Ноам Хомскийдің пікірінше, АҚШ пен Батыс үкіметтерінің Иранға қарсы дұшпандықтары мен қастықтары және қарсылықтары Иранның тәуелсіздігі мен Батыстың билікқұмарлығына бағынбауына байлансыты. Хомский: «Иран тәуелсіз қалып, АҚШ-тың билеп-төстеуіне бағынбағанша, АҚШ-тың дұшпандығы мен қарсылықтары жалғасады. АҚШ-тың көзқарасы бойынша, ИИР – қабылдауға келмейтін ел. Өйткені, өзінің тәуелсіздігінен артқа шегінбейді»,- деді.
ИИР дүниежүзіне әлемнің түкпір-түкпіріндегі мұсылмандар мен мазлұм халықтар пайдалана алатын жеңіске жеткен бірінші саяси-исламдық революцияны ұсынды. «Исламдық ояну» әлемдік одағының хатшысы Одақтың кеңесінің Теһранда өткен 10-шы отырысында сөйлеген сөзінде: «Бүгін ислам мен исламдық құндылықтардың берекесімен исламдық ояну аймақ деңгейінде үлкен сынақтан өтуде. Наразылық пен әлемдік үстемшілдік пен отаршыл елдерге жиіркеніш білдіру – аймақтағы исламдық оянудың бірінші жетістігі. Өз болмысына, яғни хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның пәк Исламының негіздері мен құндылықтарына оралу – өткен бірнеше жылда тәкфиршіл құралды пайдалану арқылы батыс-араб-еврейлік мүдделердің майданына айналған аймақтың мәселелерін шешетін жалғыз жол»,- деді. Ирандағы Ислам революциясы Иран халқының қоғамдық қарым-қатынастары мен Иран қоғамын басқаратын құндылықтарға әсер етуімен бірге әлемдегі қалыптасқан халықаралық жүйені теңселтіп, күрделі өзгерістер әкеліп, халықаралық қарым-қатынастардағы әділетсіз заңдар мен критерийлерді дағдарысқа тіреді. Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи студенттермен кездесуінде: «Үстемшіл жүйе – әлемдік екі полюстік жүйе. Оның бір полюсінде «қанаушы», екінші полюсте «қаналушы» орналасады»,- деді.
Ислам революциясының жетекшісі 12-ші президенттік кезеңнің жарлығын жариялау рәсімінде: «Елдің жаңа буыны жастар революцияға дейінгі кезеңді көрмеді. Алайда халықтың елді басқаруға қатысуы ұлы имамның халықты қозғап, жылдар мен ғасырлар бойы қалыптасқан салтанатты билік пен бөгделердің араласушылығын аяқтап, ел мен халықтың қозғалысын өзгерткен үлкен жетістігі болды»,- деген болатын. Аятолла Хаменеи өткен жылдардағы әртүрлі әрекеттерге тоқталып: «Өткен жылдары кейбіреулер АҚШ-тың қазіргі басшылары сияқты ашық түрде Иран халқына дұшпандық білдірді. Кейбіреулер қастықтарын жасырын түрде іске асырды. Бірақ, бұл жобалардың барлығы халық пен басшыларымыздың сенімділігін арттырып, дұшпанның айлаларына қарсы тұру жолдарын анықтады»,- деп қуаттады. Иран Ислам революциясының жеңісі үстемшіл мемлекеттерді теңселтті. Бұл революция бір халықтың тіпті құр қолмен-ақ әлемдік алпауыт елдердің есептері мен қарым-қатынастарына өзгеріс енгізе алатынын көрсетті. Аймақ мәселелерінің сарапшысы Манучехр Мұхаммади: «Ислам революциясының жеңісімен Иран мен АҚШ арасындағы жан-жақты соғыс басталды. Ислам республикасы идеологиялық жүйе ретінде үстемшілдікке қарсы күресті өз істерінің басты мәселесі етіп қойды»,- деді. Америкалықтар Ислам революциясының жеңіске жетуінің бірінші күнінен әртүрлі тәсілдерімен оны жоюға әрекет жасады. Революция орын алғаннан бері Иранға қарсы 17 қастық жасалды: үш төңкеріс, бес ұлтаралық қайшылық, ел басшыларына қарсы лаңкестік әрекеттерді іске асыру үшін төрт лаңкестік топтың құрылуы, екі соғыс және үш үлкен бүлік... Осындай қастандықтарға қарамастан Таяу Шығыс аймағының өзгерістері бүгінде халықтың қарсыласуымен байланысты болып отыр. Өзгерістердің әсерін АҚШ пен одақтастарының аймақтағы сәтсіздіктерінен байқауға болады.
Click here to Reply or Forward
|