АҚШ-ның ұлттық қауіпсіздік стратегиясы құжатына шолу 2
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i34455-АҚШ_ның_ұлттық_қауіпсіздік_стратегиясы_құжатына_шолу_2
АҚШ Президенті Дональд Трамп үкіметі кезіндегі АҚШ-нің ұлттық қауіпсіздік стратегиясының бірінші құжаты жарияланды. Құжатта АҚШ ұлттық қауіпсіздік стратегиясының негізгі төрт мақсаты белгіленді: елді ішінен қорғау, экономикалық даму, күш арқылы бейбітшілікті қорғау, АҚШ-ның ықпалын арттыру. Алайда бұл мақсаттарға жету жолында үлкен проблемалар байқалуда.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Ақп 02, 2018 16:04 Asia/Almaty
  • АҚШ-ның ұлттық қауіпсіздік стратегиясы құжатына шолу 2

АҚШ Президенті Дональд Трамп үкіметі кезіндегі АҚШ-нің ұлттық қауіпсіздік стратегиясының бірінші құжаты жарияланды. Құжатта АҚШ ұлттық қауіпсіздік стратегиясының негізгі төрт мақсаты белгіленді: елді ішінен қорғау, экономикалық даму, күш арқылы бейбітшілікті қорғау, АҚШ-ның ықпалын арттыру. Алайда бұл мақсаттарға жету жолында үлкен проблемалар байқалуда.

АҚШ ұлттық қауіпсіздік стратегиясы құжатының екінші негізі «Құрама штаттарын бақытты ету» деп аталып, Дональд Трамптың «Экономикалық қауіпсіздік – ұлттық қауіпсіздік» деген сөздерімен басталады. АҚШ Президенті елінің жаңа ұлттық қауіпсіздік стратегиясын таныстыру сөзінде экономикалық сала туралы: «АҚШ стратегиясында бірінші рет экономикалық қауіпсіздіктің ұлттық қауіпсіздік екендігіне назар аудартылды. Серпінді әрі дамыған экономика – АҚШ-тың күш-қуаты мен әлемге әсер етуі үшін қажет мәселе. Экономикалық дамуды қауіпсіздіктен артық санайтын кез келген мемлекет нәтижесінде екеуінен де айырылады»,- деп қуаттады. Трамп АҚШ-тың экономикалық қауіпсіздігіне жету жолдары туралы: «Бұл стратегия салықтарды азайтып, қажетсіз заңдарды өзгертуді қуаттайды. Бұл стратегия әділ әрі екі жақты мүддеге негіздерге сүйенген сауданы қуаттап, сауданың әділетсіз тәсілдері мен зияткерлік капиталды ұрлауға қарсы нақты әрекеттерді талап етеді. Бұл стратегия елдің ұлттық қауіпсіздігін сақтау саласындағы инновациялық және өндірістік базасының негізіне сүйенген жаңа қадамды қажет етеді. Бұл стратегия елдің инфрақұрылымдарын толығымен жаңғыртады. Жолдар, көпірлер, әуежайлар, су каналдары мен басқа инфрақұрылымдар қайта құрылады. Бұл стратегия АҚШ-тың стратегиялық саланы өз бақылауына алып, бұл салада өзін қамтамасыз  ететін келешекке назар аудартады»,- деді. 

АҚШ әлем мемлекеттері арасында ішкі өнімінің деңгейі тұрғысынан жоғары болып, бұл елдің ұлттық ақшасы доллар әлемнің  негізгі валютасы болғанымен, АҚШ-тың экономикалық проблемалары мен Дональд Трамптың бір жылғы жұмысына назар аудару бұл елдің ұлттық қауіпсіздік стратегиясы құжатында белгіленген мақсаттарға жетудің соншалықты оңай болмайтынын көрсетеді. Сондай-ақ, АҚШ экономикасының әлсіреуінің шынайы белгілері көрінуде. Қазіргі таңда АҚШ 20 трилллион доллар қарызымен әлемнің ең қарыздар мемлекеті. АҚШ-ның кедейлері мен байларының кірістерінің ара қашықтығы елдің тарихындағы ең жоғары деңгейге жетңп, 42 миллион америкалық кедейшілік деңгейінен төмен жағдайда өмір сүреді. Сонымен бірге АҚШ қоғамының тек тұтынуға бейімделуі мен шетелдік тауарларға құмарлығы бұл елдің ішкі өндірісіне шығын келтіріп, миллиондаған адам жұмыс орындарынан айырылуына себеп болды. Трамп бизнесмен президент ретінде АҚШ экономикасын дамытып, елдің сауда және қаржы проблемаларын шешуге уәде берді. Негізінде Трамптың «АҚШ – бірінші!», «Америкалықты сатып ал!» және «Америкалықты жұмысқа ал!» деген ұрандары оның 2016 жылғы сайлауда жеңіске жетуіне себеп болды. Трамп салық жүйесін өзгертуді, жаңа жұмыс орындарын ашып, АҚШ-ның сыртқы сауда қатынастарын әділ етуді өзінің мақсаттары ретінде жариялады. Дәл осы тақырыптар Трамп үкіметіндегі АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік құжатының экономикалық бөлімінің негізін құрады. Трамп салықты жеңілдету жобаларын іске асыру арқылы АҚШ экономикасына түрткі беру арқылы ірі компанияларды өнім шығару бөлімдеріне инвестиция салуға жігерлендірмек. Болжамдар бойынша АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік стратегиясының құжаты жарияланғаннан бірнеше күннен кейін АҚШ Президенті қол қойған салық жүйесіне өзгеріс енгізу туралы заң бұл елдің әртүрлі таптарының бір жарым миллиард доллар салығын жеңілдетеді. Ақ үй бұл жеңілдіктердің қомақты бөлімінің Американың орта таптарына берілетіні туралы уәж айтты. Олар салық жеңілдіктерінің арқасында көбірек тауар сатып алуға және елдің ішкі өнімін шығаруға мүмкіндікті арттырады. Сондай-ақ, үкімет салықтарды жеңілдетіп, ірі компанияларға елдің экономикасын көтеруге мүмкіндік бермек. Сыншылар жеңілдіктердің соңында америкалық ірі компаниялар мен байлардың қалталарына түсіп, қоғамдағы орта және кедей таптарға қарсы қысымдарды бұрынғыдан бетер арттыратыны туралы ескертті. Олар Трамптың ойындағы салық заңын іске асырудың әртүрлі таптар арасындағы кірістердің алшақтығын, сондай-ақ, қоғамдық қарыздар мен федералды үкіметтің  қаржы тапшылығын   арттыратындығына, үкіметтің тұрмысқа қатысты жобаларын қаржы тапшылығымен кезіктіріп, АҚШ халқының күнделікті тұрмысын одан сайын қиындататындығына назар аудартты. Трамптың салық жобасының сыншысы Берни Сандерс: «Салық бағдарламаларының нәтижесінде салық пайдасының 50 пайызын АҚШ-тың тек бір пайызын құрайтын байларына тапсырып, бағдарламаның оныншы жылының соңында іс жүзінде орта таптың 50 пайызының салықты артығырақ беруге мәжбүр болатындығына куә боламыз»,- деді. Қалай болғанда да салық жобасын іске асыру АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік стратегиясы құжатының кейбір бөлімдеріне қайшы келеді. Мәселен, үкіметтің салық кірістерін төмендетуі елдің ескірген инфрақұрылымдарын жөндеп, қалыпқа келтіруге қажет қаржы мөлшерінің азаюына соқтыруы мүмкін. Басқа жақтан үкіметтің қоғамдық қарыздары үкіметтің ішкі және шетелдік несие беретін мекемелерге деген тәуелділігін арттырады. Бұл тақырып Трамп үкіметінің қаржы жауапкершілікке ие болу талпыныстарына қайшы. Сонымен қатар Трамп пен оның экономикалық кеңесшілерінің АҚШ-тың шетелдік сауда қатынастарын қайтадан қарастыруы үлкен дағдарыстарға әкеледі. Трамп сан рет: «АҚШ-тың сауда қарым-қатынастары туралы екі және жан-жақты келісімдері әділетсіз әрі америкалық компанияларға шығын келтіреді, сондықтан бұл келісімдерді қайтадан қарастыру керек»,- деген болатын. Трамп Ақ үйге аяқ басқан соң АҚШ-тың Trans-Pacific Partnership келісімнен шығатынын жариялап, бұл келісімнің баптарына өзгеріс енгізу туралы айтты. Бұл азат сауда келісімінде Канада мен Мексика қалмайды. Трамп ішкі өнім шығару және жұмыс орындарымен қамтуға қолдау көрсету саясатын қуаттап, өз өндірісін АҚШ шекараларының сыртына ауыстыратын америкалық компанияларға айыппұл салатыны туралы ескертті. Халықаралық сауда жүйенің шиеленісті болуы мен АҚШ-тың өндірістік компанияларының көбінің жергілікті қажеттіліктерге немқұрайдылық танытуы Трамп үкіметі назарға алған қолдау саясатын жүзеге асыруды қиындықтарға тірейді. Қазіргі таңда АҚШ үкіметінің Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея және Еуроодақтың 28 мүшесінің компанияларына қолдау саясатын таңу мүмкіндігі Трампты сауда қарым-қатынастарын әділ ету мақсатына жету саласында қолын байлап отыр.  Қытай америкалық бизнесмендермен 400 миллиард доллардан артық мөлшерге сауда жүргізуде. Сондықтан америкалық тауарлардың рейтингінің төмендеуі Қытайдың арзан тауарларын пайдалануды қиындатады.