Трамптың "Ортақ қадамға" қатысты шешімінің жарқын және күңгірт тұстары
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i34501-Трамптың_Ортақ_қадамға_қатысты_шешімінің_жарқын_және_күңгірт_тұстары
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранды санкциялардан босату туралы құжатқа қол қою арқылы ядролық санкциялардың күшіне енуін кейінге қалдырды. АҚШ президенті өз мәлімдемесінде Иранға қарсы негізсіз және дәлелденбеген уәждерін қайталап, өз елінің "Ортақ қадам" келісімінен шықпауы үшін төрт шарт қойды.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Ақп 04, 2018 10:47 Asia/Almaty

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранды санкциялардан босату туралы құжатқа қол қою арқылы ядролық санкциялардың күшіне енуін кейінге қалдырды. АҚШ президенті өз мәлімдемесінде Иранға қарсы негізсіз және дәлелденбеген уәждерін қайталап, өз елінің "Ортақ қадам" келісімінен шықпауы үшін төрт шарт қойды.

Ол мәлімдемесінде АҚШ үкіметінің Иранмен байланысты төрт адам мен ұйымға ядролық емес жаңа санкия салынғанына сілтеме жасап: "Мен бұл істі жалғастыру үшін екі бағытқа көңіл аудардым: біріншіден, "Ортақ қадамдағы" апатты кемшіліктерді түзету керек, болмаса, АҚШ бұл келісімнен шығады. Иранға қатысты партияшылдықтан тыс жоба әзірлеу үшін Конгреспен әріптестік жасауға дайынмын",- деді.

Трамптың "Ортақ қадам" бағдарламасына байланысты мәлімдеген төрт шарты төмендегідей:

Бірінші шарт – халықаралық инспекторлардың талап еткен барлық нысандарында әскери тексерулерге рұқсат беру;

Екінші шарт – Иранның ядролық қаруларды иеленуге ешқашан талпыныс жасамайтындығына кепілдік беру;

Үшінші шарт – "Ортақ қадам" бағдарламасының мазмұнына өзгеріс енгізу, атап айтқанда Иран тарапынан ұсынылған сенім тудырушы пікірлер мен шектеулердің жарамдылық мерзімі болмауы тиіс.

Трамп қойған төртінші шарт бойынша, бұл жоба бірінші рет ашық түрде алыс қашықтыққа ұшатын  зымырандар мен ядролық қару-жарақ жөніндегі бағдарламалардың бір-бірінен ажырағысыз саналатыны мен Иранға зымыран жасап, оны сынақтан өткізуге қатаң түрде санкция салынатыны АҚШ-тың заңдарына енгізілуі тиіс.

Осы ретте мынадай сауал туындайды: мұндай бопсалау АҚШ-тың Иранға қоятын барлық талабы ма? Бұл сауалдың жауабы анық: АҚШ қайтадан Иран халқына үстемдік етуді көздеп отыр.

Алайда, барша Трампты барып тұрған ақымақ, есінен адасқан, тіпті сырттай үлкен кісі секілді болып көрінетін кішкентай бала санайды. Бірақ бұл тұжырымдарды шындыққа жақындататын нәрсе – Трамптың ақылсыз сөздері мен оның тұлғалық тұрғыдан тұрақсыздығы.

Сол себепті Трамптың бұл әрекетінің жарқын және күңгірт деген екі тұсы бар екенін айтқан жөн.

Оның жарқын тұсы барлық талпыныстары, қысымдары мен қоқан-лоққыларына қарамастан соңғы сәтке дейін "Ортақ қадамға" қатысты айтқан сөздері мен шешімдерімен халықаралық деңгейдегі қолдауға ие бола алмаған АҚШ-тың жалғыздығын көрсетеді.

Ол АҚШ-тың күш көрсету кезеңдерінің тарихы баяғыда аяқталған жағдайда барлық нәрсені "керек» немесе «тиіс" деген тіркеспен байланыстырды.

Алайда бұл оқиғаның күңгірт тұсына халықаралық міндеттемелердің әлсіздігі жатады. Бұл оқиға тек "Ортақ қадам" бағдарламасына ғана емес, сондай-ақ, кез келген басқа келісім мен мәселеге де қатысты қайталануы мүмкін.

Иран СІМ жұма күні ресми түрде мәлімдеме жариялап: ""Ортақ қадамның" ішкі беріктігі мен бұл келісімге халықаралық деңгейде жасалған қолдау АҚШ президенті, сионистік режим мен соғысқұмар әсірешілдердің одағының келісімнің күшін жоюға немесе оған өзгерістер енгізуге бағытталған талпыныстарының жолын бөгеді",- деді.

Бірақ, АҚШ санкциялар тізіміне жаңа адамдардың есімдерін енгізу арқылы әуел бастан-ақ әлемге "Ортақ қадам" келісімін мойындамайтынын көрсетті. Бұл ИИР-ның "Ортақ қадам" бағдарламасы шеңберіндегі міндеттемелерінен тыс ешбір әрекет жасамаған жағдайда орын алып отыр.

АҚШ үкіметінің де "Ортақ қадам" келісімінің басқа тараптары секілді өз міндеттемелерін жүзеге асыруға міндетті екені анық. Бірақ, іс жүзінде АҚШ "Ортақ қадам" бағдарламасына шешуші оқ атпақ болды. Алайда, алда тұрған кедергілерге байланысты Американың бұл мақсатқа жетуі оңай іс емес. "Ортақ қадам" –  БҰҰ мен Халықаралық Атом Қуаты Агенттігі тарапынан расталған халықаралық көпжақты келісім. Сондықтан "Ортақ қадам" бағдарламасын қолдау да соған сәйкес айтарлықтай маңызды болуы тиіс.

Еуропа одағы мәлімдеме жариялап, "Ортақ қадам" бағдарламасын толық әрі тиімді түрде жүзеге асыруды жалғастыру қажеттігін қуаттап, осы одақ мүшелерімен бірге АҚШ-тың "Ортақ қадамға" қатысты шешімі мен оның салдарын қарастыратынын қуаттады.

Саяси мәселелер мен халықаралық қатынастар жөніндегі сарапшы Морад Энади Jaame Jam газетінде жарияланған мақаласында: "Трамптың санкциялардың күшіне енуін кейінге қалдыру туралы құжатқа қол қойып, "Ортақ қадам" келісімінен шықпағанына қарамастан, кезекті саясатында оны тағы да тиімсіз әрі пайдасыз етіп көрсетті. АҚШ Конгресі мен Ақ үй арасындағы "Ортақ қадам" бағдарламасын жоюға бағытталған «пинг-понг» ойынында АҚШ "Ортақ қадамнан" тыс санкцияларды күшейту арқылы өзінің санкциялық стратегиясына табандылық көрсетуді артық көрді. Х.ш.ж.с.б. 1358 жылдан бастап Конгресс бекіткен Иранға қарсы алғашқы санкцияларды жалғастырып келе жатқан АҚШ CAATSA (Countering America's Adversaries Through Sanctions Act) заңы секілді санкциясына негізделген жаңа саясаты арқылы және «Иран адам құқықтарын бұзып, лаңкестікке қолдау көрсетті» деген сылтаулармен іс жүзінде жаңа айла-тәсілдер арқылы екінші санкциялар легін жалғастырып, оларды күшейте түсті. Иранның 14 жеке және заңды тұлғасына қарсы жаңа санкцияларды жариялауы осы мәселенің айқын мысалы саналады.

АҚШ Сенатының  халықаралық қатынастар жөніндегі комитеттің мүшесі әрі демократтардың өкілі Кардиннің айтуынша, Конгресс мүшелері Иранға қатысты заңға қатысты бір келісімге келмеген. Бұл заң жобасын тағы да қарастыру қажет болғандықтан, Трамп жұма күні санкциялардың қайтадан күшіне енуі туралы құжатқа қол қоймауы керек еді.

Шынтуайтында, Иран, Ресей, ҚХР мен Еуропа одағының "Ортақ қадам" бағдарламасын сақтау үшін жасап жатқан талпыныстарына қарамастан, "Ортақ қадамның" тек сыртқы қабығы ғана қалды. АҚШ-тың мақсаты зымырандық бағдарлама мен аймақтық мәселелерді жалпылап, жинақтайтын алғашқы "Ортақ қадам" бағдарламасына қосымша ретінде тіркелетін жаңа "Ортақ қадам" келісімін жасау үшін жаңа жобаларды жүзеге асыру болып табылады.

АҚШ-тың Иранға қарсы саясаттарын жалғастыруы мен Еуропа одағы ұстанымдарындағы ауытқу түбінде АҚШ-тың әрекеттерін талдауда олардың жарқын тұсын да, күңгірт тұсын да көрсететін шындық саналады. Сонымен қатар, "Ортақ қадамға" қатысты ықтималды жағдайларды назарға алып, соған сәйкес жаңа саясат ұстануға болады.

Иран ядролық ғылымда заңсыз әрекет жасаған емес. Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі осыған байланысты жалғыз өкілетті орган ретінде Иранның ядролық бағдарламасының бейбіт жолда жүзеге асырылып жатқанын және Иранның "Ортақ қадам" келісімі негізіндегі өз міндеттемелеріне толығымен беріктігін сан рет растады. Иран АҚХА-ның бақылауымен, атап айтқанда реактор мен электр стансасына қажет ядролық отын өндіру үшін уран байыту деңгейін көтеру саласында "Ортақ қадам" келісіміне дейінгі өзінің ядролық белсенділігінің бұрынғы деңгейіне қайта орала алатындай қабілетке ие. Бұл ресми түрде мойындалған құқық саналады.

Сондықтан, "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы халықаралық қауымдастық Иранды «Ортақ қадам» келісіміне қатысты тек сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде қорғап, барлық қысымдардың алдында жалғыз қалдырмайтын кезге дейін Иран үшін қолайлы саналады. "Ортақ қадам" бағдарламасын нәтижеге жеткізетін Трамптың талаптарының бірі "Ортақ қадамды" толықтыру емес, ол АҚШ-тың халықаралық қауымдастықпен өзара әрекеттесу  жолын ұмытқанын түсінуі болып табылады.