Иран Ислам революциясының жылдығы 6
(last modified Mon, 05 Feb 2018 12:19:02 GMT )
Ақп 05, 2018 18:19 Asia/Almaty

Ислам революциясы орын алғаннан бері 40 жыл өткенімен, оның нәтижесі осы күнге дейін саяси, экономикалық, мәдени және басқа салаларға тұрақты түрде әсер етуде. Олардың негізі «Ислам республикасы жүйесі» деп аталған тиімді діни жүйенің құрылуы болды.

 300 жыл бойы дін тарихқа қатысты, дін саяси  белсенділік танытып, үкімет құру күшінен кенде деген ой-пікір қалыптасқан болатын. Алайда Ирандағы Ислам революциясының жеңісі және имам Хомейнидің серпінді ой-пікірлері бұл үш жүз жылдық қалыптасқан пікірді дағдарысқа тіреп, оның қате екенін көрсетті.

Роберт Барр өз кітабында: «Иран еш нәрсені, тіпті, атом бомбасын қажет етпейді. Иран мәдени күшімен дүниежүзін өзіне бағындырып, осы құрал арқылы алға ілгерілейді. Сондықтан біз бүгін АҚШ пен бүкіл Батыс шешім қабылдап, Сирияда Башар Асадты кетіру үшін миилардтаған доллар жұмсайтын, ал «Ислам республикасы» деп аталған бір мемлекет «жоқ» деп, оның пікірі қабылданатын жағдаймен бетпе-бет келдік. Бұл қазіргі таңдағы әлемдік сахнадағы күш-қуаттың өзгеруінің белгісі»,- деп жазды. «Ислам революциясының әлемдік әсері мен өзгерістер» туралы топтың жауаптысы, сарапшы Манучехр Мұхаммади: «Әлемдік деңгейде Ислам революциясыынң әсерлері «әлемдік геометрия» деп аталған ағым ретінде баяндалды. Революция жеңіске жеткен кезде әлемді екі полюске – Шығыс пен Батысқа бөлген екіполюстік жүйе биледі. Оларды екі алпауыт ел басқарды. Әлемдегі барлық оқиғалардың көзі Батыс немесе Шығыс көздері болды. Бұл қалыптасқан заңдарды бұзған бірінші оқиға имам Хомейнидің қозғалысы болды. 41-42-ші жылдары имам Хомейнидің қозғалысында «АҚШ Кеңес Одағынан жаман, Кеңес Одағы Ұлыбританиядан жаман, ал Ұлыбритания бұл екеуінен де жаман әрі қаскүнем» деп айтылған болатын.

Ислам революциясы әлемдік теңгерімді өзгертіп, жаңа теңгерім ұсынып, бүгінде барша Иранның аймақтағы басты алпауыт ел екенін мойындайды. Америкалықтар жуырда "Иран – әлемдік мәдени алпауыт ел" деген кітап жазып, Иранның күш-қуатын мойындады. Ислам революциясының жеңісінің ұлттық деңгейдегі  жетістігі жүйенің қалыптасуы мен жүйенің қабілеттігіне сүйенген күш-қуат көздерін қайта қарастыруы болды. Ислам революциясы тек ұлттық деңгейде ғана емес, аймақ деңгейінде де үлкен әсерін тигізді. «Ислам революциясы батысында Мавританиядан, шығысында Малайзия мен Индонезияға дейін созылған бір жарым миллиард жамағатқа ие ислам әлемін қайтадан жаңғыртты. ИИР – географиялық және мәдени, сондай-ақ, діни тұрғылардан ислам әлемінің орталығы. Ислам революциясы шиіттер әлемін қайта жаңғыртып, шиіттер әлеміне көп әсер етті". Сөйтіп, Ислам революциясының  жолдауы әлемдік жолдауға айналды.

Иран Ислам революциясының жетекшісі  2015 жылы Батыс жастарына екі хат жолдап, Исламды ешбір делдалсыз, тікелей зерттеп, тануға шақырды Ислам революциясының жетекшісі  бірінші хатын Франциядағы 2015 жылдың қаңтар айындағы лаңкестік әрекеттен кейін, екінші хатын Франциядағы 2015 жылдың қараша айындағы лаңкестік әрекеттен кейін жазды. Аятолла Хаменеи екі хатта Батыс жастарынан "Мұсылмандардың Құран кітабын тікелей оқисыздар ма?" және "Ақпарат құралдарынан басқа қай жерден Ислам туралы оқыдыңыздар?" деп сұрады. Бұл жолдаулар – Ислам революциясының серпінділігінің белгісі.

Ұлыбританияның Өкілдер палатасының өкілі Дейв Говард: "Біз, батыстықтар ирандықтар туралы көптеген мәліметтерге иеміз, бірақ оларды толық әрі дұрыс түсінбейміз. Менің ойымша, Иранның жетекшісі хаттарында баршаның алаңдауына себеп болған ортақ мәселеге тоқталып, Батыс жастарын Исламды зерттеп, шынайы Исламен танысуға шақырды. Бұл өте жақсы ұсыныс. Жастар Исламды адамдар арқылы танудың орнына  исламдық мәтіндерді оқыу арқылы танығаны жөн",- деді Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі Әлиакбар Велаяти: "Ислам революциясы жетекшісінің Батыс жастарына жолдаған хаты маңызды бастама болды. Өйткені, екінші тарап ислам әлемін бөлшектеуді қалап, Исламды қаралап көрсетуде. Бұл хаттар Исламды дұрыс тануға көмектеседі",- деді. 

1979 жылғы Ислам революциясының жеңіске жетуі "жаңа ғасырлар" деп аталған түсінікті ұсынды. Ислам революциясы жетекшісінің айтуынша,  "жаңа кезең – Ислам мен Құран және исламдық тағылымдар кезеңі". Ислам революциясы Шығыс пен Батыс полюстеріне бөлінген әлемге жаңа көзқараспен қарап, өзгеріс әкелді. Ислам революциясының жетістіктері әлемдік теңгерімге әсерін тигізді.

 

 

 

Тегтер