Иран Ислам революциясының жылдығы 9
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i34697-Иран_Ислам_революциясының_жылдығы_9
Ислам революциясының жеңісінен кейінгі шамамен 40 жылға жуық уақытта АҚШ-тың Иранға қарсы дұшпандық әрекеттерінің куәсі болдық. Бұл дұшпандық әрекеттерге Иранға қарсы сегіз жылдық соғыста Саддамды, сондай-ақ мұнафық лаңкестік топқа қолдау көрсетуі мен Иранға қарсы төңкеріс ұйымдастыруы кіреді. Негізінде осы күнге дейін АҚШ-тың Иранға қарсы дұшпандығы тоқтаған жоқ.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Ақп 10, 2018 17:05 Asia/Almaty

Ислам революциясының жеңісінен кейінгі шамамен 40 жылға жуық уақытта АҚШ-тың Иранға қарсы дұшпандық әрекеттерінің куәсі болдық. Бұл дұшпандық әрекеттерге Иранға қарсы сегіз жылдық соғыста Саддамды, сондай-ақ мұнафық лаңкестік топқа қолдау көрсетуі мен Иранға қарсы төңкеріс ұйымдастыруы кіреді. Негізінде осы күнге дейін АҚШ-тың Иранға қарсы дұшпандығы тоқтаған жоқ.

10 жылдық санкциялары мен  "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы жүзеге асырылмаған кезеңдегі санкцияларды әртүрлі сылтаулармен енгізіп, олардың күшін жоймай, жалғастыруды мақсат етуі АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына тек сырт көз үшін қол қойғанын көрсетеді. АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қол қойылғаннан екі айдан кейін америкалық есеп-шоттардағы Иранның 2 миллиард долларын бұғаттап, зымырандық мәселені сылтауратып, Иранның санкциялық тізімін ұзартты. Иран үкіметі келісімге келуді мақсат етіп, екі жылдан астам уақыт бойы "алтылық" тобы аясында америкалықтармен келіссөздер жүргізген жағдайда олар неліктен "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын АҚШ тарихындағы ең жаман келісім деп атады деген сұрақ туады. "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының кіріспесінің 5 бабында: ""Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы  БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің барлық санкцияларының және Иранның ядролық бағдарламасына қатысты жан-жақты санкцияларының күшін жоюына себеп болады",- де қуатталды. Сонымен бірге "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының 21-ші бабында: "Америка 2 және 5 тармақтарда белгіленген санкциялардың күшін жойып, келісімді жалғастырады»,- деп, 24 бабында: «Америкалықтар Еуроодақпен бірге санкциялардың тізімін анықтап, оларды жояды» деп баса айтылды. Сондай-ақ, бәрінен маңыздысы Америка «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының 26 бабында санкцияларды қайтадан салудан тартынатыны туралы айтылған. Бірақ, АҚШ Парламентінің өкілдері Дональд Трамптың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасымен қарсыласуының сәтсіздігін көріп, АҚШ-тың нәтижесіз ұстанымын жасыру үшін «Иранның баллистикалық зымырандары мен халықаралық санкцияларлы іске асыру» деп аталған №1698 жобаны 423 оң дауыспен бекітті.  Аталмыш жоба бекітілген соң, көп ұзамай еврейлер агенттігі, сионистік лобби мен сионистік режим риза болып, бірауыздан АҚШ-тың қазіргі ұстанымының, әсіресе АҚШ Конгресі санкциялары солардың айтуымен бекітілді деп мәлімдеді.

ИИР Президенті Хасан Рухани 1396 жылдың бюджетін белгілеген кезде АҚШ-тың уәдеге тұрмайтындығына реакция білдіріп: «Санкциялардың созылуын «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бұзу санап, оған қатаң жауап қайтарамыз»,- деген болатын. Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи имам Хомейнидің АҚШ режимін «үлкен шайтан» деп атағанын еске салып: «АҚШ жүйесі халықаралық сионизмнің қатерлі арналарының қызметшісі, тәуелсіз халықтардың дұшпаны, аймақ пен әлемдегі соғыстардың көбінің себепшісі болып, сүлік сынды халықтардың бар-жоғына қадалады»,- деді. Аятолла Хаменеи жүздеген дарынды жастармен кездесуінде АҚШ-тың Иранға дұшпандық білдіруінің мақсаттарымен бірге Иранның АҚШ-қа тәуелділігінен құтылуына тоқталып: «Дұшпан ИИР-ның жұмыстары мен өзгерістеріне шолу жасап, Иранның артта қалған тәуелді мемлекеттен ықпалды, саяси, қорғаныс және ғылыми күшінің күннен күнге артуын көріп, ызаланып, қатты алаңдауда»,- деп қуаттады.

Ислам революциясының жетекшісі АҚШ режимінің Иран халқына деген дұшпандығының Ислам революциясының жеңісінің алғашқы күндерінен басталғанын еске салып: «Ол күндері ядролық мәселе, зымырандық және Иранның аймаққа араласуы туралы тақырыптар болмады. Бірақ, америкалықтар революцияның жеңісімен пайдалы әрі өзіне тәуелді Ираннан айрылғанын түсінді»,- деген болатын. АҚШ-тың Иранға дұшпандық білдіруінің себебін АҚШ-тың аймақтағы Сирия, Ливан мен Ирактағы жобаларын заласыздандырған үдерістерден қаарстыруға болады. АҚШ басшылары Иран халқының жеңісін қабылдауға мәжбүр. Бұл жолы да АҚШ Иранға қатысты қателесуде. Ислам революциясы жетекшісінің айтуынша, Обама АҚШ-тың темір жұдырығын қолында жасырып, өзгеріс туралы айтқан кезде қуанбады. Сондай-ақ, бүгін де Трамптың қоқан-лоққыларынан қорыққан жоқ. Діни жетекшінің айтуынша, Иранды өз мақсаттарына жетудің сылтауына айналдыруы – АҚШ-тың ой-пікір тұрғысынан артта қалғандығының белгісі.