Ақп 16, 2018 18:04 Asia/Almaty
  • Бахрейндегі ақпан айының он төрті күнгі көтеріліске шолу

2018-ші жылдың ақпан айының он төрті – Бахрейн халқының он төртінші ақпан көтерілісінің жетінші жылдығы.

Бахрейн – 33 аралдан құрылған Парсы шығанағында орналасқан ең кішкентай мемлекет. Бахрейннің аумағы – 706 км². Әл-Халифа әулеті бұл елді 1783 жылдан бері билеп отыр. Әл-Халифа әулетінің негізі бахрейндік емес, сондықтан бұл әулет Бахрейнде жергілікті саналмайды. Әл-Халифа әулеті – басында Қатардың солтүстік-батыс жағалауындағы Забареге енген Анизе тайпасынан шыққан сүннит мазхабының мұсылмандары. Бірақ басқа тайпалар арасындағы қайшылықтарына байланысты, Надж далаларынан қоныс аударып, Парсы шығанағы аймағына  келген. Бұл аймақта оларға басқа да көптеген тайпалар қосылып, ортақ одақ құрып, өздерін Атуб әулеті деп атап, нәтижесінде Бани Атуб ретінде танымал болды. 1672 жылы әл-Халифа әулеті Қатар түбегіне, кейін 1700 жылы бірінші рет сол жер арқылы Бахрейнге енді. Әл-халифа әулетінің билігі 1783 жылы басталды. Олардың бірінші басшысы шейх Ахмад бен Халифе болды. 1796 жылы шейх Ахмад бен Халифе өлгеннен осы кезге дейін Бахрейнді тоғыз патша биледі. Қазіргі патша шейх Хамд бен Иса әл-Халифа 1999 жылы әкесі өлген соң таққа отырған болатын. Әл-Халифа әулеті жергілікті емес. Бұл әулет Бахрейннің аз санды сүнниттерінің қатарына кіреді. Өйткені, Бахрейн жамағатының кемінде 65 пайызын бахрейндік және ирандық болып бөлінентін шиіттер құрайды. Бахрейн шиіттерінің шамамен 80 пайызы жергілікті, 20 пайызы ирандық, яғни жергілікті емес шиіттерден тұрады. Грэм Фуллер 2011 жылдың ақпан айының 16 күні «Нью-Йорк таймс» газетіне жазған мақаласында Бахрейн өзгерістерінің негізгі факторларын зерттеп: «Бахрейн – шиіттер аралы. Батыстың ақпарат құралдары бұл мәселеге немқұрайдылық танытады. Бірақ, шын мәнінде Бахрейн халқының 70 пайызы – шиіттер. Бұл елдің шиіттері әрқашан кемсітушілік пен басып-жаншулармен кезігіп, Бахрейннің сүнниттер басқаратын билігінде ешбір рөл атқармайды»,- деп жазды.

Бахрейн 2011 жылдың ақпан айының он төртінен бері «Меруерт көтерілісі» деп аталған халықтық наразылықтардың куәсі болып отыр. Бахрейн халқы көтерілісінің 2011 жылы басқа араб елдерінде орын алған төңкерістерден ең маңызды айырмашылығы Халифе үкіметінің әрекетінде болды. Басқа араб мемлекеттеріне керісінше, Бахрейндегі Халифе үкіметі Сауд Арабиясы үкіметінен Бахрейнге әскерилерін жіберіп, бұл елдің үкіметіне қарсы наразылықтарды  басып-жаншуды сұрады.  Сол себепті, Сауд үкіметі 2011-ші жылдың наурыз айының күні, яғни Бахрейн халқының көтерілісінен бір айдан кейін бұл елге қарсы шабуыл жасап, Халифа әулетіне халқын басып-жаншуға көмектесті. Халифа әулетінің бұл әрекеті халықаралық құқықтардың негізін, яғни өз тағдырын анықтау құқығын бұзу болып табылады. Өз тағдырын анықтау құқығын бұзуға болмайтыны туралы бірінші рет БҰҰ Жарғысының 1-2-ші баптарында баяндалды. БҰҰ Жарғысының 1-ші бабында нақты түрде халықтың өз тағдырын анықтау құқығы немесе халықтардың автономиялығы туралы айтылды. Сонымен бірге екінші бабында: «Халықтың құқықтық теңдігі мен халықтың тағдырын анықтау негіздеріне сүйеніп, халықтар арасындағы достық қарым-қатынастарды кеңейту әлемдік бейбітішілікті нығайту үшін қажет әрекет»,- деп айтылған. БҰҰ Жарғысының 55-ші бабында адамдардың құқықтары мен тағдырын шешу құқығы қайталанды. Азаматтық және саяси  құқықтар  халықаралық келісімінің 1-ші бабын халықтардың өз тағдырын анықтайтын құқықтарды қуаттайтын құжат ретінде атауға болады. Бұл құжатта: "Барлық  халықтар өз тағдырын анықтау құқығына ие. Соған сәйкес, халықтар өздерінің саяси ұстанымдарын ерікті түрде анықтап, өздерінің экономикалық, қоғамдық және мәдени дамуын қамтамасыз ете алады",- деп жазылған.

Бахрейн үкіметі Сауд Арабиясынан бұл елге әскерилерін жіберуді сұрауы арқылы Бахрейн халқының өз тағдырын анықтау құқығына көзжұмбайлық танытты. Өйткені, саудиялық басқыншылардың бұл елге араласуымен бахрейндік наразыларға қарсы үкіметтік зорлық-зомбылық күшейді. Бахрейн үкіметі бұл елдің бейбіт наразыларына қарсы басып-жаншуды қолданды. Бахрейндегі наразылықтарды басып-жаншу әртүрлі тәсілдер арқылы іске асырылды. Бұл тәсілдердің көбі адам құқығы мен барлық мемлекеттер үшін орындау міндет саналатын  заңдарды әшкере түрде бұзу болды. Бахрейндік наразыларға қарсы зорлық-зомбылықтарға себеп болған ең маңызды жайттардың бірі бұл елдің қауіпсіздік органдарының құрамына байланысты. "Антивар" сайтында жарияланған Ранни Амиридің мақаласында: "Бахрейннің ұлттық қауіпсіздік органдары мүшелерінің үштен екі бөлімінен артығы бахрейндік емес. Олар Иордания, Пәкістан, Мысыр және басқа елдердің азаматтары. Бахрейндік шиіттер Бахрейннің ұлттық қауіпсіздік органдарының 5 пайыздан төмен мөлшерін құрайды. Бахрейннің ұлттық қауіпсіздік органдарының қол астындағы елдің қауіпсіздік күштерінің 90 пайызын бахрейндік еместер құрайтындықтан, олардың қатарынан тіпті бір бахрейндік шиіт офицер көзге түспейді. Бахрейндік қауіпсіздік органдарының мұндай құрамы бұл елдің қауіпсіздік күштерін ұлттық және азаматтық сезімдерден алыстап, Бахрейн үкіметінің өзіне қарсыларды басып-жаншуына себеп болды",- деп жазды.

Қауіпсіздік   күштерімен бірге Бахрейннің сот органдары да Халифа режиміне наразыларды басып-жаншып, бұл елдің саяси және діни  қайраткерлеріне қарсы зорлық-зомбылық көрсетуге көмектесті. Оларды өтірік айыптап, бірнеше жылға бас бостандықтарынан айырды. Бахрейн үкіметі кейбір белсенділерге Иран үшін тыңшылық жасады деген айып тақты. Мәселен, шейх Хосейн Исаны  Қатар үшін тыңшылық жасады деп айыптап, 10 жылға қамауға алды. Тіпті, шейх Иса Қасем сияқты танымал тұлғаға «діни қайшылықтар тудырып, лаңкестікке көмектесіп, ақша жылыстатты» деген айыптар тақты. Мұндай айыптар шейх Иса Қасемді бұл елдің азаматтығы мен азаматтық құқықтарынан айыруға сылтау болды. Бахрейн үкіметі 2016 жылдың мамыр айынан шейх Иса Қасем өмір сүретін әд-Дераз мекенін қоршауға алып, Бахрейннің осы тұлғасы үй қамауына алынды. Бұл жағдай аталмыш мекенде өмір сүретін 20 мың адамның да қатаң қауіпсіздік шаралармен кезігуіне себеп болды. Қауіпсіздк шаралары кейбір уақыттарда тіпті медициналық орталықтарға баруға да тыйым салды. Бахрейн үкіметі елдің кейбір саяси белсенділері мен діни басшыларының, соның ішінде шейх Иса Қасемнің өмір сүретін жерін Адам құқығы әлемдік жарғысының 13-ші бабына қарамастан, қоршауға алып отыр. 1948 жылы бекітілген Адам құқығы әлемдік жарғысының 13-ші бабында: «Кез келген адам өз елінде еркін жүріп-тұрып, өмір сүретін мекенін таңдай алады" деп жазылған. Азаматық және саяси құқықтар бойынша халықаралық келісімнің 12-ші бабының бірінші тармағында: "Елдің ішінде заңды түрде өмір сүріп жатқан адам еркін жүріп-тұрып, өмір сүретін мекенін таңдай алады",- деп баса айтылған.

Бахрейндік азаматтар өткен 14 айда өлім жазасы мен елден қоныс аударуға мәжбүрлеумен де кезікті. Бахрейннің соты 2017 жылы үш бахрейндікке өлім жазасын қолданды. 2018 жылдың қаңтар айының соңғы аптасында  бахрейндік 22 азамат өлім жазасына кесілді. Адамзат құқығы халықаралық федерациясы мәлімдеме жариялап: "Бахрейнде 2017 жылдан бері өлім жазасын қолдану шешімдері жүзеге асуда. 2010 жылы тоқтатылған өлім жазасын қолдану қазір артып келеді. Адамзат құқығы халықаралық федерация басшысының орынбасары Флоренц Блюие өлім жазасын Бахрейн басшыларының саяси құралы деп атап, өлім жазасының артуын жеке адамның құқығын бұзу және кемсітушілік деп атады. Қоныс аударуға мәжбүрлеу – Бахрейн сотының елдің азаматтарына қарсы қолданатын келесі құралы. Халифа үкіметі қаңтар айының 28-29 күндері төрт бахрейндік ағайындыны, ақпан айының 1 күні келесі  төрт бахрейндік азаматты Иракқа кетуге мәжбүрледі. Негізінде қоныс аударуға мәжбүрлеу бұл елдің азматтығынан айырғаннан кейін ғана мүмкін  болады. Халифа үкіметі бұл шешімдерін Бахрейнді тазарту үшін іске асыруда. Осылайша шиіттердің санын азайтуды көздеуде.  Халифа үкіметі Халықарлық сот  заңының 4 бөлімінің 7 тармағында қудалау мен қоныс аударуға мәжбүрлеу адамзатқа қарсы қылмыстың бір түрі ретінде қуатталған жағдайда халықты қоныс  аударуға мәжбүрлеуде.

Бахрейн халқының Халифа режиміне қарсы көтерілісі бұл елдің үкіметі мен халқы арасындағы қайшылықтарды басуға саяси шешім  табылмаған жағдайда сегізінші жылға қарай аяқ басуда. Сондай-ақ, халықаралық ойыншылардың, соның ішінде БҰҰ-ның Халифа үкіметінің өз елінің азаматтарына қарсы зұлымдығының алдын алу үшін шара қолданатындығынан еш белгі көрінбейді. 2018  жылы, яғни Бахрейн халқы көтерілісінің сегізінші жылдығында Бахрейн азаматтарына қарсы зорлық-зомбылықтар артып, үкімет пен халықтың арасындағы алшақтық арта түседі деп болжауға болады.

 

 

Тегтер