Ислам революциясының қазіргі заман адамына жолдауы
Бұл бағдарламада Ислам революциясының қазіргі заман адамына жолдауын талқылап, осы тақырыптың Ислам революциясының жеңісінен 40 жыл өткеннен кейін қызу қарсы алынуының дәлелдерін қарастырамыз.
Ислам революциясының жеңісінен 39 жыл өткеніне қарамастан Иранда болған революция мен оның аймақ пен әлемге әсері әлі күнге дейін жаһанның саяси, университеттік және ақпараттық орталарында талқыланатын тақырыптардың бірі болып отыр. 1357 жылдың бахман айынан кейін тарихта көптеген оқиға орын алды. Әртүрлі кезеңдердегі мұндай оқиғалардан Иран Ислам революциясынан шабыт алған жаңа өзгерістерді айқын көруге болады. Бұның мәні бәрінен бұрын Иран Ислам революциясының ерекшеліктері мен қазіргі заман адамына беретін құтқарылу жолдауларында жатыр. Иран Ислам революциясы 1979 жылы АҚШ пен басқа да ірі алпауыттардың үстемшіл саясаттарын түйткілге ұшыратып қана қойған жоқ, 40 жылға жуық уақыт бойы өз болмысын жалғастыру арқылы қазіргі заман адамы үшін жаңа тағылымдар мен армандарды ала келді. Уақыт өткен сайын бұл тағылымдар мен жолдаулар ескіріп, жоғалмағанымен қатар қазіргі заман адамы үшін оның тартымдылықтары арта түсуде.

Иран Ислам революциясы пайда болуы, күресу сапасы және стимулы тұрғысынан басқа революциялардан бөлек. Сол себепті оның салдарлары мен жетістіктері де басқа революциялардан өзгешеленіп, ілгерірек болды. Кез келген революцияның жер сілкінісі мен жанартаудың атылуы сияқты аймақтық және халықаралық деңгейде азды-көпті әсері болады. Революция өзінің стратегиялық тереңдігін тудыру үшін бір жолдау ұсынады. Оның жолдауы қаншалықты тартымды болса, адамдар көбірек оны қабылдауға, қолдауға және одан үлгі алуға бет бұрады. Басты ұпайы илаһи жетекшілердің, әсіресе Ислам пайғамбары хазірет Мұхаммедтің (с.ғ.с.) ойлары мен өмір жолы және адалдық жариялау, Ғадир мен Ашура сияқты ұлы оқиғаларға арқа сүйеу болған Иран Исламреволюциясы либералистік және социалистік ойлар өз тартымдылығынан айырылған кезде адамзат баласына сый-құрмет, азаттық, абырой-айбын жолдауын алып келді. Солшыл ағартушылардың көбі халықтарды мобилизациялайтын жалғыз идеологияның марксизм екеніне сендіріп жатқан кезде Иран халқының Ислам революциясы әлемге мынадай жолдауды жеткізді: Ислам – зұлымдық пен тиранияға қарсы үлкен күресті ұйымдастырып қана қоймай, модернизм ғасырының күрделі кезеңінде қоғамның қиыншылықтарын шешіп, оны басқаруға және оның сақталуын кепілдендіруге қабілетті мектеп.
Иран Иран революциясы Құдай, руханилық, діни құндылықтар, мәдениет пен діни болмысты қайта жаңғырту үшін болған революция ретінде исламдық наным-сенімдерден тамыр алып қана қойған жоқ, өзінің қозғаушы күші мен мақсатын да діннен іздестірді. Бұл революция бір Аллаға иман келтіріп, билікті Соған арнағандықтан, Құдай алдында тізе бүгу қажеттігін, илаһи уәһиге иман келтіру мен оның түбегейлі рөлін заңдарда бекітті. Мұнымен қоса, бұл революция осындай дүниетаныммен жылдар бойы отаршыл алпауыттардың сайран салған жері болып, содан кейін авторитарлы әулет басқарып, мұрагерге берілетін үкіметтердің ордасы болған аймақта ирандық мәдениет пен өркениет, таза исламның принциптері, құндылықтары мен заңдары негізінде демократиялық саяси жүйе құрды. Мұның өзі отаршыл ірі алпауыттардың бүкіл есебін бұзды. Осылайша, Иран революциясыазаттық пен демократияны талап еткен халықтық көтерілістердің шабыт көзіне айналды.

Зұлымдықпен күресу – Иран революциясының қазіргі заман адамына жолдауының келесі мақсаты. Таяу Шығыс аймағы деңгейінде жалған сионистік режимнің құрылғанын зұлымдық, қылмыс пен әділетсіздік жасаудың басты негізі санайтын революцияның арманы мен жолдауы Палестина халқына аяққа тапталған құқығын қайтару болып табылады. Әлемдік үстемшілдікпен күресу осы революцияның мақсаты мен жолдауының трансаймақтық бағыты саналады. Басынан-ақ, бұл революция Батыс пен Шығыстың үстемшілдері мен империалистеріне наразылық білдірді. Осы тұрғыдан Иран Ислам революциясы мен оның жемісі, яғни Исламреспубликасы әлемдегі әділетсіз қалыптарды бұзу және жаһанның түкпір-түкпірінде азаттықты талап еткен халықтық қозғалыстарға көмектесуге талпынумен бір мезгілде әлем халықтары және ұлттық қозғалыстармен әріптестік жасау жолын жүріп өтті.
Ислам әлеміндегі бірлікті сақтау және басқа діндермен тату тіршілік ету – Иран Ислам революциясының жолдаулары мен армандарының бірі. ИИР әу бастан-ақ ислам елдерінің бірлігі мен олардың өзара әріптестігінің жаршысы болып, көршілес елдермен тату тіршілік саясатын ұстанып, халықаралық жүйе мен дүниежүзілік ұйымдардағы ұлттық бірліктермен өзінің сыртқы саясат принциптері, яғни құрмет, хикмет пен мақсаттылық негізінде әріптестік жасап, үйлесімді болуды қолдап келеді. Иран революциядан кейінгі жылдары тіпті ықпалдастықтан жоғары қадам жасап, әлемдік қауіп-қатерлер мен түйткілдерді жоюды қалайтынын білдірді. Өркениеттер диалогы исламдық-ирандық-революциялық мәдениет пен дискурсты таныстыруға бағытталған талпыныс ретінде әлемнің назарына іліккен идея болды. Бірнеше жыл өткен соң "Қатігездік пен экстремизмге қарсы әлем" жобасы ИИР тарапынан халықтар мен мемлекеттерге төнген ең ауыр қатермен, яғни тәкфирлік лаңкестікпен күресу үшін ұсынылған үлгі болды. Бұл жоба кертартпа ойлар мен ішкі іске араласу және үстемшілдік жасау мақсаттарынан туындаған түйткілдерді жою үшін негіз болуға арналды.
Теологтар мен сарапшылардың пайымдауынша, Иран Ислам революциясының қазіргі заман адамына ең маңызды жолдауы руханилыққа қайта оралып, діннің қазіргі қоғамдардың саяси-әлеуметтік аясына енуі саналады. Иран революциясының бұл жолдауы тек ислам қоғамдары мен олардың жоғары құндылықтарға назар аударуы және үстемшілдермен күресте осы құндылықтарға арқа сүйеуі үшін ғана айтылған жоқ. Ислам революциясының қазіргі заманның материалдық өркениеттерінде өздерін жоғалтып алған адамдарға да жолдауы бар. Бұл – материалдық әлемдегі тығырықтан шығу үшін рухани дүниелерге көңіл бөлу. Ақлақтық жүгенсіздік, өз-өзіне қол жұмсау мен психикалық аурулар қазіргі замандағы көптеген қоғамдарда таралуда. Адамдар бұл қоғамдарда жанға жайлы заттар болса да, жалғыздықты сезінуде. Бүгінде бұл елдердің көбінде жалған ырымға негізделген діндер таралып жатыр. Осындай ағымдарға қосылудың артуы қазіргі заман адамының рухани нәрді қажет ететін көрсетеді. Ақиқатында жалған нанымға негізделген мистикалық ағымдар материалдық дүниелерге қатты тәуелді қазіргі заман адамын жаңа рухани тығырықтарға душар етеді. Ислам Батыс адамының рухани бос кеңістігін толтыра алады. Сондықтан бүгінде Батыс елдерінде исламға бет бұрудың артып келе жатқанына куә болып отырмыз.
Француз мұсылманы Мери Фаллот өзінің исламға бет бұрғаны жайлы: "Менің ойымша, ислам – ғашықтық, сабырлық пенбейбітшілік жаршысы. Тура осы жолдау еуропалықтардың назарын көбірек тартты. Маған белгілі бір шеңбер қажет болды, өйткені адам өзі ұстанатын заңдар мен қимыл-әрекет ережелеріне мұқтаж. Алайда христиан діні маған ешқашан осындай жағдай жасамады. Менің ойымша, ислам – қарапайым, нақты әрі басы артық рәсімдерден ада дін. Оның келбеті ашық та айқын",-деді. Ислам – наным-сенімдер, ғибадаттар мен жеке және қоғамдық заңдарға қатысты тағылымдардан тұратын дін. Илаһи діннің көзқарасы бойынша, ақырет жолы өмір мен осы дүниедегі жауапкершіліктерден өтеді. Осы тұрғыдан ақлақтық, әлеуметтік, саяси-экономикалық тағылымдар – адам мен қоғамның барлық қажеттіліктерін назарға алған және оларға ақылға қонымды да қисынды жауап беретін жан-жақты бағдарлама. Вена университетінің мұсылман шығыстанушысы Лиза Лате исламның бұл ерекшелігін халықтың осы илаһи дінге тартылуының басты факторы деп атап: "Исламның барлық салаларды жан-жақты қамтуы және әділет талап етуіне байланысты әлемнің түкпір-түкпірінде исламды ұстанушылардың көбейіп бара жатқанына куә болып отырмыз",-дейді.
Жаңа Зеландияның азаматы Мария Джин Бхаскаран өзінің исламға бет бұрғаны жайлы: "Ислам мен мұсылмандарға қарсы жарнамаларды көрген соң шиіттік мазхаб жайлы зерттеуге кірістім. Бұл тармақ та басқа таухидтік мазхабтар сияқты өзінің тұғырын бір Аллаға сенуге негіздеген. Осылайша, осы дін туралы оқып, зерттеуді бастадым. Ақырында мынадай нәтижеге жеттім: ірі алпауыттарға тәуелді ақпарат құралдарының исламның қатігездікті насихаттайтыны және соғыс пен қақтығыстарды тудыруды көздейтіні туралы жөнсіз жарнамаларына керісінше, ислам теңдік, достық, тату тіршілік пен адамдар арасындағы ғашықтық пен махаббатқа ынталандырып, барлық адамдарды бір Құдайдың пендесі, бірдей құндылыққа ие маңызды адам ретінде сипаттайды. Әрбір еркін адамның қалайтыны – осы. Осылайша мен исламға бет бұрдым",-деді.
Батыс елдері Ислам революциясы жеңіске жеткеннен кейін исламның келбетін бұзып, одан үркітіп, онымен жауласуды бастады. Олар осылайша Мұхаммедтің (с.ғ.с.) таза исламы жолдауының зорлық-зомбылыққа ұшыраған халықтар мен әлемнің қоғамдық пікіріне жетуіне кедергі жасауды көздеді. Осы талпыныстардың барлығына қарамастан, исламның келбетіне нұқсан келтірілгенімен, Батыс елдерінің исламға саяси-ақпараттық шабуыл жасауы қоғамдық пікірдің ислам тағылымдарына көңіл аударып, осы дінге бет бұруына себеп болды. Ислам революциясы идеологиялық жетекшіліктің арқасында орын алды. Оның берік сақталуының сыры мәдени шақырудың жалғасуында болды. Иранның мұсылман халқының оянуы діни жетекшінің басқаруымен басталғандықтан, бұл елден тыс жердегі халықтардың зұлымдық пен үстемшілдікке қарсы қозғалысы да діни жетекшілікпен орындала алады. Исламреволюциясының Ираннан тыс жерлерге жолдауы – осы. Ислам революциясын басқа елдерге экспорттау сол елдердегі халықтардың болмысына қол сұғу дегенді білдірмейді, керісінше илаһи тағылымдарға сусап қалған адамдардың интеллектуалдық сауалдарынажауап беру дегенді білдіреді.