Бахрейн халқы көтерілісінің жетінші жылдығы
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i35047-Бахрейн_халқы_көтерілісінің_жетінші_жылдығы
2018 жылдың ақпан айының 14 Бахрейн халқының көтерілісін еске салды. «Меруерт көтерілісі» деп аталған Бахрейн халқының көтерілісінен бері жеті жыл өтті. Бұл елдің халқы әл-Халифе әулетінің басып-жаншушы саясаттарына қарамастан көтерілістеріне табанды.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Ақп 24, 2018 21:13 Asia/Almaty
  • Бахрейн халқы көтерілісінің жетінші жылдығы

2018 жылдың ақпан айының 14 Бахрейн халқының көтерілісін еске салды. «Меруерт көтерілісі» деп аталған Бахрейн халқының көтерілісінен бері жеті жыл өтті. Бұл елдің халқы әл-Халифе әулетінің басып-жаншушы саясаттарына қарамастан көтерілістеріне табанды.

Бахрейн халқы 2011 жылдың ақпан айының 14 күні Батыс Азия мен Солтүстік Африкадағы араб елдерінің көтерілістерімен тұспа-тұс бейбіт түрде өз наразылықтарын білдіре бастады. Бахрейн халқының көтерілісі бұл ел халқының зорлық-зомбылықпен кезігіп отырғанын көрсетеді. Бахрейннің революцияшыл халқының күнделікті басылып-жаншылуы мен абақтылар және азап-қорлықтар мен елдің азаматтығынан айыру – әл-Халифа режимінің халықтың дауысын өшіру үшін қолданып отырған басып-жаншу саясаттарының бір бөлігі. Адам құқығы туралы уәж айтатын мемлекеттер мен дағдарыстарды шешетін негізгі орган, яғни БҰҰ ешбір шара қолданбай, әл-Халифа режимінің халыққа қарсы қатігез саясатына тек бақылаушы болып отырған жағдайда Бахрейн халқының мазлұмдығы одан сайын әшкерелене түсуде. Әл-Халифе режимі өткен жеті жылда ешбір халықаралық заңдар мен міндеттемелеріне табанды емес екендіктерін және Батыстың қолдауының аясы мен халықаралық органдардың адам құқығы мәселесіне қатысты екіжүзділігін пайдаланып, өзінің патшалық билігін сақтап қалғысы келетінін көрсетті. Бахрейн Батыс Азияның ең кішкентай мемлекеті бола тұра ең көп саяси абақтыларға ие ел. Бахрейн халқының көтерілісінен кейінгі жеті жылда 11000-нан астам адам қамауға алынды. Бахрейндік ғұламаларды нысанаға алу «Меруерт көтерілісінің» жалғасып жатқанын көрсетеді. Бахрейн халқының 2016 жылдың маусым айынан осы уақытқа дейін Манаманың әд-Дераз аймағындағы күрескер діндар шейх Иса Қасемнің үйнің айналасында жиналуы дінбасыларға шабуыл жасаудың Бахрейн халқының «қызыл сызығы» екенін, одан өтудің ел халқының қатаң реакциясына ұшырайтынын анықтады. Шейх Иса Қасем – халықтың құрметіне ие Бахрейн шиіттерінің саяси және діни ғұламасы. Өткен жылы  шейх Иса Қасемнің үйінің алдына режимнің жалдамалыларының шабуылдары салдарынан кемінде бес адам қаза болды. Шейх Иса Қасем әл-Халифа режимінің басып-жаншушы саясаттарына қарамастан негіздерінен артқа шегінбеді. Ол режимнің Иса Қасемді соттауы мен елдің азаматтығынан айыру сынды әрекеттеріне қарамастан халық «Меруерт көтерілісінің» мақсаттарынан бас тартпады. Бұл тұрақты жігер Бахрейн халқының революцияшыл рухын сақтауының, көтерілістің сәттілігі мен жалғасуының сыры болды.  Халифа режимінің Бахрейн ғұламаларына қатаң шара қолдануы ғұламалардың халықтық көтерілістің ішінде болып, олар мен халықтың арасында қашықтықтың жоқ екендігін көрсетеді. «Меруерт көтерілісінің» мақсаты халық пен діни азаматтар үшін ортақ. Олар Бахрейндегі өзгерістер мен негізгі реформаларды, сондай-ақ, халықтың дауысы арқылы сайланған толығымен демократиялық және азат үкіметтің орнатылуын талап етеді.  Бахрейннің қазіргі үкіметі – елдегі аз санды сүниттердің өкілі. Бұл ел халқының көпшілігін құрайтын шиіттердің үкіметте рөлі жоқ. «Меруерт көтерілісінің» мақсаты – бүкіл билікті өз қолына алу емес, оның мақсаты – қисынды және заңды сайлау өткізу арқылы халық сайлаған үкімет құру. Халифа режимі Батысқа, әсіресе АҚШ-қа тәуелді болғандықтан, Бахрейн халқының қалауын естімей, АҚШ-ның қолдауымен басып-жаншу саясаттары мен адам құқығын бұзуды жалғастыруда.

Бахрейн халқы басылып-жаншылып, ел патшасының бұйрығымен көтеріліске қатысқандар әскери соттарда айыпталды. Бұл тақырып қарапайым халыққа қарсы әскери шаралардың күшейе түскенін көрсетеді. Бахрейн Парламенті мен ел патшасы 2017 жылы әскери соттарға әскери емес азаматтарды айыптап, қамауға алып, соттауға рұқсат берді. Англиялық «Экономист» басылымы бұл туралы: «Бахрейн – өз қарсыластарын әскери соттарда айыптайтын үстемшіл режимдердің бірі» деп жазды. Адам құқығы инспекторлары ұйымы: «Бахрейн үкіметі соттарды қарсыластарының ауызын жабатын құрал ретінде пайдалануға талпыныс жасауда»,- деп мәлімдеді. Халифа режимі пайдаланған барлық құралдарға қарсы халықтың бірлік дауысының естілуі Халифа режимінің соңын білдіреді. 14 ақпан көтерілісі өз мақсатына жеткенше жалғасады. Бахрейннің Ұлттық Вафақ исламдық жамағаты өз жолдауында 14 ақпан көтерілісінің «Режимді құлатқанша табандымыз» деген ұранмен жалғасатынын қуаттап: «Бұл ұран бахрейндіктердің өзгеріс енгізуге деген табандылығын көрсетеді. Ұлттық келісім – елдің қазіргі дағдарысынан шығатын жалғыз жол. Өйткені, жеті жылдық сабыр мен табандылық дағдарыстардың күшпен шешілмейтінін дәлелдеді»,- деп  баса айтты. Келіссөздер жүргізу көтерілісшілердің талаптарын іске асырудың ең жақсы жолы болып табылады. Бұл Бахрейн халқының көпшілігінің бейбіт көңіл-күйін білдіреді. Әл-Халифа режимі басып-жаншуды Бахрейн халқының көтерілісінің үнін өшірудің жалғыз жолы санап, келіссөздерге сенбейді. Осы ретте Бахрейннің «Әл-Вафа» исламдық қозғалысының басшыларының бірі шейх Мұртаза әс-Санди әл-Халифа режимінің «келіссөздер бөлмесінен» гөрі «өлім бөлмесін» артық санайтындығына сілтеме жасап: «Әл-Халифа режимі саяси азаматтармен сұхбаттасудың орнына оларды саяси абақтыларға қамап, азаптайды»,- деді.

«Меруерт көтерілісінің» орын алуының ішкі факторларына қарамастан әл-Халифа режимі әлемдіктерге бұл көтерілістің себебін сыртқы факторлар деп көрсетуге әрекет жасауда. Бахрейн режимінің қарапайым құралдарды  пайдалануын басып-жаншушы әрекеттерін ақтау талпынысы деп бағалауға болады. Сонымен бірге Бахрейн режимі бахрейндік көтерілісшілерге қарсы басып-жаншуды күшейтіп, оларды ИИР-мен байланысты деп айыптауда. ИИР басшылары сан рет Бахрейннің ішкі істеріне араласпайтынын қуаттап, негізсіз айыптауларды әл-Халифа режимінің құлдырауы санайтындығының белгісі екенін мәлімдеген болатын. Осыған орай ИИР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Бахрам Ғасеми: «Бахрейндік басшылар айыптары мен ескі жобалары мен қауіпсіздік-полициялық ұстанымдары мен халықтың заңды талаптарына көзжұма қараудың орнына өз халқымен шынайы келіссөздер жүргізу арқылы дағдарысты аяқтағаны дұрыс болар еді»,- деп баса айтты. Әл-Халифа режимінің саудиялық әскерилердің көмегімен жасап отырған басып-жаншушы саясаттарына қарамастан Бахрейн халқы қарсыласу мен тұрақтылығын жалғастырып, әлемдіктерге өзінің заңды талаптарына жетіп, тағдырын өзгерту құқығына ие болғанша шегінбейтінін дәлелдеді. Өткен жеті жылдағы Бахрейн халқының табандылығы әл-Халифа режимі мен оның демеушілерінің үміттерін үзді. «Меруерт көтерілісі» халықтың әрбір көтерілісінің ешбір тәсілмен басылып-жаншылмайтынын көрсетті. Бахрейн халқының талаптарын орындау – жеті жылдық саяси дағдарысты шешетін жалғыз жол. Басып-жаншумен Бахрейн халқының  көтерілісі өшпейді, керісінше, халық пен  ғұламаларының режимге деген жиіркеніші мен сенімсіздігі артады. «Меруерт көтерілісі» екі мықты қанатымен өз жолын жалғастырады.