Йемендегі өзгерістер: Йемен соғысының жағдайы қандай болмақ? (2)
Сауд әулеті режимі АҚШ және БАӘ-нің қолдауымен 2015 жылдың наурыз айынан бастап Йеменнің отставкаға кеткен президенті Абд-Раббу Мансур Хадиді билік басына қайтару сылтауымен Йеменге басқыншылық жасап, бұл елді құрлық, теңіз және әуе кеңістігі бойынша қоршауға алды.
Йеменнің басына түскен саяси-қауіпсіздік саласындағы қиындықтар жалпы алғанда осы елдің ішкі тұрақтылығы мен қауіпсіздігі және оның аймақтық және халықаралық қауіпсіздікке ықпал ететін негізгі төрт мәселемен байланысты. Олардың қатарында солтүстіктегі хусилер мәселесін, оңтүстіктегі бөлінуді талап ету мәселесін, Әл-Каида тобының белсенділігінің артуы және Сауд Арабиясымен қатынастардағы қиындықтарды атау керек.
"Ансаролла" Йемендегі билік құрылымы пирамидасының басында орналасқан
"Ансаролла" қозғалысы 2004 жылдан бастап Йеменнің солтүстік бөлігінде соғыс бастап, Йеменнің ішкі өзгерістеріндегі ықпалды ойыншыға айналды.
Бұл қозғалыс өткен ғасырдың 90-шы жылдарының басында мәдени-әлеуметтік мақсаттармен Йеменнің зейдилік қоғамында, әсіресе Саада облысында басталған әрекеттердің жалғасында қалыптасты.
"Ансаролла" әскердің қысымынан құтылу үшін өз әрекеттерін бастады. Йемен әскерінің ішінде қайшылықтар артып, оның әлсіреуі салдарынан бұл қозғалыс солтүстік облыстардың барлығына толық үстемдік орнатып, Йеменнің басқа күштерімен салыстырғанда бұрын-соңды болмаған әскери ықпалға ие ең маңызды партизандық күштердің біріне айналды.
"Ансаролла" қозғалысы соңында Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесінің бастамасымен оның ұсынысын қабылдап, Ұлттық келіссөздерге, өтпелі кезеңдегі президенттің шақыруымен және ол саяси билікке араласуға ерік-жігері бар екендігін дәлелдейтін белгілер жібергеннен кейін келіссөздерге қатысты. Бірақ "Ансаролланың" екі өкілі Абдулкарим Джадбан мен Ахмад Шарафаддиннің өлтірілуі мен Ибраһим әл-Уәзирге жасалған террор және осы сұхбаттардың нәтижелері мен оның басында Йеменді алты федералды аймаққа бөлуге дауыс беріп, Сааданы Санамен бір облыста орналастырған Йеменнің саяси жүйесінің жұмыс тобының шешімдері "Ансаролланың" теңізге қолжетімділігіне бөгет жасап, бұл қозғалысты елдегі күллі саяси үдеріске қарсылық білдіруге итермеледі.
Санаға үстемдік орнату мен соғыстың басталуы
"Ансаролла" 2014 жылы тамыз айында жойылған жеңілдіктерді қайта қалпына келтіру талабымен жемқор уақытша үкіметтің биліктен кетуін сұрады.
Бұл талап ету әрекеті "Ансаролла" бастаған наразылық шерулеріне ұласып, 2014 жылы қыркүйектің жиырма бірі "Ансаролла" күштерінің әл-Иман университетіне баса-көктеп кіріп, бірінші танк дивизиясының орналасуы мен оның қолбасшысы Әли Мохсен әл-Ахмардың қашуымен "Ансаролла" қозғалысы іс жүзінде Санаға үстемдік орнатып, бейбітшілік туралы келісімге қол қою мен ұлттық ынтымақтастыққа ұласты.
Осы келісімге сәйкес, үкімет отставкаға кетіп, Халед Баһаһ жаңа үкімет құрып, "Оңтүстік Һарак" және "Ансаролла" қозғалыстары кеңесшілерінің ішінен біреуі президенттік қызметке тағайындалуы тиіс болды.
Йеменнің саяси жүйесінің жұмыс тобы тарапынан жаңа елдің жаңа әкімшілік бөлінуі туралы хабардың таралуымен "Ансаролла" қозғалысы 2015 жылдың қаңтар айында Йемен үкіметіне қарсы әрекеттерін шынайырақ түрде бастады. Осылайша Һади, Баһаһ және оның министрлерінің басым бөлігі үй қамауына алынып, қаңтардың жиырма екісі күні Баһаһ пен Һадидің екеуі де отставкаға кетті. "Ансаролла" қозғалысы да ақпанның алтысы күні үкім шығарып, Парламентті таратып, Мұхаммад Әли әл-Хусидің жетекшілігімен елді басқару үшін революциялық комитет құрылды. Бұл жағдай Һадидің Аденге қашып кетуіне дейін жалғасты.
"Ансаролла" мен Йемен әскерінің оңтүстік облыстарға қарай тартылуына себеп болған Һадидің Аденге қашуы оқиғасымен Йемен дағдарысының аймақтық деңгейге көтерілуі үшін алғышарттар пайда болды. "Ансаролла" мен оның одақтастарының Аденге қарай жылдам ілгерілеуімен бетпе-бет келген Һади Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесінен "Ансаролла" күштерінің ілгерілеуімен күресу үшін көмек сұрады.
"Ансаролла" қозғалысының Йемендегі үстемдігін мойындауға дайын болмаған Сауд Арабиясы кідірместен "Табандылық бораны" атты әскери амалын бастады. Бұл амалдарды он елден құралған коалиция басқарып, соның салдарынан Йеменде адами апат пайда болды.
Адами апат қарсаңындағы Сана – Герника тәжірибесінің қайталануы
Йемендіктерге қарсы коалицияның Сауд Арабиясы басшылары мен хусилік әскерилермен қақтығыстарының артуына байланысты Йемендегі адами дағдарыс кең етек жайды. Бұл дағдарыс Баск еліндегі Герника қаласының нацистік әскерилер мен италияндық фашистер тарапынан бомбалану оқиғасын еске салды. Бүгінде Йемен тағдырды қайталағанына айыпты. Бұл – адамзат қылмыстарының тарихында ұмытылып кеткен сабақ.
1937 жылы сәуірдің жиырма алтысы күні генерал Франциско Франконың бұйрығымен Басктер еліндегі Герника қаласы бомбаланды. Герника қаласын немістің нацистік Кондор легионы мен италияндық фашисттік әуе легионы "Руген амалдары" атты құпия амал барысында бомбалады. Сол оқиға салдарынан жүздеген бейбіт тұрғын қатыгез түрде өлтірілді.
Japon Times Йемендегі шарасыз адами апатты сараптап, былай деп жазды: "Бүгінде Герника қаласының бомбалануынан бері 80 жыл өтті. Ал Йемен азаматтарына Сауд Арабиясы АҚШ-тың көмегімен қылмыстар жасап жатыр".
Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты йемендік Тавакколь Камран Twitter әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында: "Сауд Арабиясы мен БАӘ-нің коалициясы Санадағы легитимділікке қарсы төңкерісті сылтауратып, Йеменді басып алды",- деп жазды.
Бейбітішілік саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты сондай-ақ адам құқықтары жөніндегі барлық белсенділерді Бин Салман мен Бин Зайдты Еуропаның ішкі соттары және халықаралақ соттарда жауапкершілікке тартқызуды сұрады.
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы Йеменде жыл сайын 3000 йемендіктің қатерлі ісік ауруына шалдығатынын мәлімдеді.
Невио Загария Йемендегі мүшкіл жағдайға қатысты Йемендегі жұқпалы дифтерия ауруының таралуы туралы ескертіп: "Йеменде бұл ауруға шалдыққандардың саны 914-ке жетті, соның ішінде 59 адам қаза болды",- деді.
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы мұның алдында Йеменде 1 миллионнан астам адамның тырысқақ ауруына шалдыққанын, 2000-нан астам адамның осы ауру салдарынан жан тапсырғанын, қазіргі таңда шамамен 20 миллионға жуық йемендіктің, яғни Йемен халқының үштен екі бөлігінен астамының ауыз суға қол жетімділігі жоқ екендігі туралы есеп берген болатын.
Алдағы көкжиектер
Қазірде өзінде шарықтау шегіне жеткен Йеменнің оңтүстігіндегі қанды оқиғалардың түп-тамыры 2016 жылдың маусым айынан, яғни Йеменнің елден қашып кеткен президенті Абд-Раббу Мансур Хадидің БАӘ-нің қамқорлығында болған биліктен кеткен премьер-министрі Халед Махфуз Баһаһты қызметінен босатқан кезден бастау алады.
Бұған қарамастан саудиялық коалицияның негізгі мүшелері саналатын БАӘ мен Сауд Арабиясы өзара қайшылықтары баршаға жария болмас үшін өздерінің Йеменге, әсіресе оның солтүстік аймақтарына қарсы шабуылдарын 2016 жылы БАӘ-нің әскери ұшағының Йемен мен Сауд Арабиясы шекарасында нысанаға алынғанына дейін жалғастырды. БАӘ Сауд Арабиясын өз ұшағының құлатылғанына айыптаса, Рияд Абу-Дабиді өзінің қырғи ұшақтарымен оның оңтүстік аймағына шабуыл жасады деп кінәлады.
Сауд Арабиясы мен БАӘ арасындағы қайшылықтар жасырын түрде жалғасып жатты. Бірақ, 2017 жылдың мамыр айында Аден облысының әкімі Айдрус әз-Зубайди мен оның орынбасарының отставкаға кетуімен баршаға мәлім болды. Бұл жағдай әз-Зубайди жақтастарының наразылықтарының басталуына себеп болып, нәтижесінде Оңтүстік Йеменнің өтпелі кеңесі құрылды.