Ирактың парламенттік сайлауы: коалициялар мен шетелдік ойыншылардың ұстанымдары 3
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i35629-Ирактың_парламенттік_сайлауы_коалициялар_мен_шетелдік_ойыншылардың_ұстанымдары_3
Аймақтық және трансаймақтық мемлекеттер Ирактағы парламенттік сайлауға ерекше назар аударып, өздері қолдайтын ағымдардың көбірек дауысқа ие болуына талпыныс жасауда. Ирактың төртінші парламенттік сайлауы 2018 жылдың мамыр айының 12 күні өтеді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Нау 19, 2018 00:53 Asia/Almaty
  • Ирактың парламенттік сайлауы: коалициялар мен шетелдік ойыншылардың ұстанымдары 3

Аймақтық және трансаймақтық мемлекеттер Ирактағы парламенттік сайлауға ерекше назар аударып, өздері қолдайтын ағымдардың көбірек дауысқа ие болуына талпыныс жасауда. Ирактың төртінші парламенттік сайлауы 2018 жылдың мамыр айының 12 күні өтеді.

Ирак – өзгерістері аймақ пен трансаймақтық елдер үшін өте маңызды Таяу Шығыстағы  елдердің бірі. Бұл маңыздылықтың себебі Ирактың кезінде алпауыт араб елдерінің бірі саналып, осы кезде де Таяу Шығыс аймағындағы мемлекеттердің теңгеріміне өз әсерін тигізуі саналады. Осыған орай аймақтық және трансаймақтық мемлекеттер Ирактағы парламенттік сайлауға ерекше назар аударып, өздері қолдайтын ағымдардың көбірек дауысқа ие болуына талпыныс жасауда. Негізінен, Ирактың парламенттік сайлауы Сауд Арабиясы, АҚШ, сионистік режим, Түркия және ИИР үшін өте маңызды.

Сауд Арабиясы мен АҚШ

Сауд Арабиясы мен АҚШ-ты Ирак халқының көпшілігінің қалауына қарсы әрекет ететін  ойыншылар деп атауға болады. 21-ші ғасырдың бірінші онжылдығында Сауд Арабиясы Ирактағы шиіттердің күшінің артуына себеп болған Саддам режимін құлатуына қатысты АҚШ-қа наразы болды. Бірақ, сол ғасырдың екінші онжылдығында Рияд пен Вашингтон арасында Ирактағы мазхабаралық мақсаттарына байланысты келісім орнады. Сауд Арабиясы мен АҚШ кейбір сүннит топтарына, сондай-ақ, Иран мен ирактық Хашд аш-Шааби халықтық күштеріне қарсы шиіттерге тікелей қаржылай және саяси қолдау көрсетіп, алдағы мамыр айындағы сайлауға ықпал етуге күш салуда. Сауд Арабиясы мен АҚШ Ирактың парламенттік сайлауында бірнеше мақсатқа жетуді қалайды: олардың бірінші мақсаты – күрдтер мен шиіттер бірікпеуі үшін олардың арасында іріткі тудыру болып табылады. Өйткені, 2010-шы жылғы сайлауда күрдтер мен шиіттердің бірігуі Нури Малеки үкіметінің құрылуына көп көмектесті. Қазір Рияд пен Вашингтон Бағдад пен Эрбиль арасындағы қайшылықтарды пайдаланып, 2018 жылғы сайлауда 2010 жылдағы шиіттер мен күрдтердің коалиция құру сценарийінің алдын алмақ.

Сауд Арабиясы мен АҚШ-тың екінші мақсаты – ұлттық ұрандарды тайпалық және мазхабаралық ұрандарға ауыстыру. Олар бұл жол арқылы Ирактың ыдыраған БААС партиясының қалған мүшелеріне көмектесуді көздеуде.

Сондай-ақ, олардың үшінші мақсаты – шиіт топтары, әсіресе тайпалары арасында Иранды Ирактағы дағдарыстардың негізгі себепкері және Хашд аш-Шааби күштерін Иранның қолдауымен бұл дағдарыстарға қатысты деп сендіру болып табылады. Саддам режимі құлағаннан кейін Ирактағы ойында ИИР-нан жеңілген Сауд Арабиясы өткен жылдары екі жолдан, нақтырақ айтқанда Ирактағы сүнниттердің әлеуетін олардың арасындағы Иранның беделін жою үшін пайдаланып, секуляр шиіттер мен Иранға қарсы шиіттердің арасында қарым-қатынас орнату арқылы Ирактағы Теһранның әсерін әлсірету үшін  әрекет жасауда. Вашингтон бұл жолда Риядты қолдап отыр.

Стратегиялық мәселелердің маманы Хасан Шокрипур Сауд Арабиясы мен АҚШ Айад Алави басқаратын «Әл-Ватание» коалициясының сайлаудың көпшілік дауысына ие болуы үшін жағдай жасауға талпынуда деп санайды. Шокрипурдың айтуынша, соңғы мәліметтерге сәйкес, 36 партиядан құрылған «Әл-Ватание» коалициясына Салех әл-Мотлак мүше болып кірген Салим әл-Джабури басқарған партия кіреді. АҚШ пен Сауд Арабиясы «Әл-Ватание» көпшілік дауысқа ие болуы үшін 2010 жылғы сайлауға керісінше  биылғы жылы үкімет құра алады. Сауд Арабиясы мен АҚШ өз үгіт-насихаттарын іске асыру үшін сүнниттердің алдағы сайлауға қатысуын жоғары деңгейге жеткізуі керек. Егер «әл-Ватание» көпшілік дауысқа ие бола алмаса, Хейдар Абади басқарған «Наср» коалициясы көпшілік дауысқа ие болады. Бұл мақсатқа жету үшін Нури Малеки мен Хейдар әл-Абади арасындағы қайшылықтарды күшейту көзделуде. АҚШ пен Сауд Арабиясы үшін алдағы парламенттік сайлауда Нури Малеки немесе Хади әл-Амери басқаратын коалициялардың жетуі жаман жағдай саналады. Рияд пен Вашингтонның келесі мақсатына, тіпті әл-Ватание коалициясы мен Ирак сүнниттері жеңіске жетпеген жағдайда бұл елдің үкіметін өз бақылауына алуы жатады. Олар Парламентте мықты аз сандыларға ие болып, Хашд аш-Шааби заңсыз деп жарияланған кезде аймақта, әсіресе Иракта Хизболла сынды басқа  партияның құрылуына тосқауыл жасамақ.

 

Израиль

 

Израиль режимі Ирактың Күрдістан аймағына әсер еткенімен, бүкіл Иракқа сондалықты ыөпал ете алмайды. Бірақ бұл режим Ирактағы парламенттік сайлау қарсаңында сайлауға әсер ету әрекеттерін арттырды. Израиль режимі Иракта екі мақсатты көздейді: бірінші мақсаты – шиіт үкіметі мен шиіттерге қатысты саяси топтардың күшеюіне кедергі жасау. Өйткені Тель-Авивтің пікірінше, Ирактың шиіт үкіметі мен Израильдің ең маңызды дұшпаны саналатын ИИР үкіметі арасында жақын қарым-қатынас орнатылған. Иракта шиіттер үкіметінің билік басына келуі Бағдадтағы Теһранның ықпалының артуына себеп болады. Израиль режимінің екінші мақсаты кейбір секулярлық саяси топтар мен кейбір сүннит ағымдарды қолдап, Ирактың келешек парламентінде аз санды мықты топ құрып, бұл топты Хашд аш-Шаабиді нығайту арқылы аймақтағы қарсыласу қозғалысын күшейтуге кедергі жасауға пайдалану. Осыған орай кейбір хабарлар Ирактағы кейбір саяси топтармен қарым-қатынасқа ие тарап кеткен БААС партиясының біраз мүшелерінің Иорданияда израильдік басшылармен кездескені туралы мәлімдеді. Жуырда Израильде Ирак үкіметіне қарсы ағымдарды қолдайтын конференция өтті.

 

Түркия

Түркия Саддам режимінен кейінгі Ирактағы сайлауларда әрқашан екі мақсатты, нақты айтқанда Анкараға жақын күрдтер мен сүнниттердің ағымдарын қолдау және шиіттердің үкіметінің күшеюіне кедергі жасауды көздеді. Ирактың биылғы сайлауында Түркияның бұрынғы кезеңдердегіндей әсері жоқ деген ой туады. Өйткені, бір жақтан 2017 жылдың қыркүйек айында өткен Күрдістан аймағының Ирактан бөлінуі туралы референдум мен Түркияның оған қарсылық білдіруі күрд ағымдарының Ирактың саяси құрылымындағы бұрынғы рөлінен айырылуына, сондай-ақ, Анкараның күрд ағымдарына деген ықпалының төмендеуіне  себеп болды.  

 

Иран Ислам республикасы

ИИР-ның Иракқа қатысты ең маңызды стратегиясы бұл елдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қолдауы болып табылады. Осыған орай ИИР ДАИШ лаңкестігімен күресте Ирак үкіметінің ең маңызды қолдаушысы болды. Иран Ирактың Күрдістан аймағының бөлінуі туралы референдумға қарсылық білдірді. Сол себепті, ИИР біріншіден, Ирактың парламенттік сайлауын тыныш кеңістікте өткізуін қалап, Ирак халқының өз тағдырын анықтау құқығын қуаттады. ИИР Ирактың алдағы сайлауында аймақ пен аймақтың сыртындағы мемлекеттерді Хашд аш-Шааби туралы стратегияларынан хабардар етіп, Ирак заңын, соның ішінде сайлауға әскери органдардың қатысуына тыйым салатын заңын құрметтеп, Хашд аш-Шаабиге қатысты саяси партиялардың сайлауға қатысуын қуаттайды. Өйткені, Теһранның көзқарасы бойынша, ешбір заңды ағым сайлауға қатысу құқығынан мақұрым қалмауы керек. ИИР мен «Заң үкіметі, «Фатх» және «Наср» коалицияларының мазхаб тұрғысынан жақын болуына қарамастан, Иран Ирактың сайлауында тіпті  исламдық республиканың  ұстанымдарын қолдамайтын саяси топтар жеңіске жетсе де, Ирак халқының дауысын құрметтейді. Осы салада Бағдадтағы Иран елшісі Ирадж Масджеди: «Иран Ирактағы демократия мен азат сайлаудың өтуін қолдауымен бірге халықтың дауысын қолдайтынын жариялады»,- деді.

Ирак мәселелері жөніндегі сарапшы Мұстафа Хабиб: «Ирактың 2018 жылдың мамыр айындағы сайлауы тіпті шетелдік ойыншылар үшін де бәсекелестігі жоғары сайлау болады. Өйткені, Саддам режимі құлдырағаннан кейінгі бірінші сайлауда саяси мүдделер қауіпсіздік мүдделерінен маңызды болады»,- деді. Сондықтан жаңа Ирактың төртінші парламенттік сайлауы бұл елдің партиялары мен саяси топтарының арасындағы бәсекелестік болуымен бірге аймақ пен трансаймақтық елдер үшін де әшкере бәсеке болмақ. Сауд Арабиясы мен АҚШ   сионистік режиммен бірге Ирактың біліксіз Парламенті мен қайшылықтарға ие әлсіз Үкіметін көргісі келсе, ИИР Иракта білікті Парламент пен Үкіметтің құрылуын қолдайды.