Имамат аспанының бесінші жұлдызы
Берекеге толы қасиетті режеп айының бірінші күні – шиіттердің бірінші имамы – имам Мұхаммад Бақер (ғ.с.)-ның туған күнінің жылдығы. Әлемнің барша мұсылмандарын осы күнмен құттықтаймыз!
Режеп – жаннаттағы суы сүттен ақ әрі балдан тәтті бұлақтың аты. Осыған орай режеп айында өзін ластықтар мен күнәларынан тазартып, бұл айдың пайдасын көретін адам жаннаттағы бұлақ сынды өзінің жаны мен рухын тазартып, қалыптастырған саналады. Режеп айының басталуы шын мәнінде Алланың пенделері үшін дүниеге қайтадан келіп, өмірлерін қайтадан бастау болып табылады. Күндері мен түндерін материалдық дүниенің мәселелеріне шырмап өткізетін пенделер бұл айда Аллаға құлшылық етіп, күнделікті ғибадаттарын өтеп, құлшылық келісімдерін күшейтеді. Періштелер бұл айда ерекше көңіл-күйге ие болып, айдың шындығын түсініп, оның несібесіне ие болғысы келген мүміндерді құттықтайды. Алла елшісі: «Режеп айы – Алланың айы. Сондықтан бұл айға ешбір ай жетпейді. Бұл айда кәпірлерді өлтіру – харам. Біліңдер, режеп – Алланың айы, шағбан – менің айым, рамазан – менің үмбетімнің айы. Егер кімде-кім режеп айында тіпті бір күн ораза тұтса, Алланы риза етіп, одан илаһи ыза алыстайды»,- деген болатын.

Хиджри қамари күнтізбесі бойынша 57-ші жылдың режеп айының бірінші жұлдызы жұма күні Медине қаласында есімін «Мұхаммад» деп қойған сәби дүниеге келді. Оның лақап аты «хазірет Бақер» немесе «Бақер әл-Улюм» болды. Өйткені, ол білімнің теңізі мен ғылымның құпияларын ашты. Имамның «Шакер», «Сабер» және «Хади» деген басқа лақап аттары хазіреттің кейбір сипаттарын білдіреді. Оның анасы Фатима имам Хасан (ғ.с.)-ның қызы, әкесі имам Саджад (ғ.с.) имам Хусейн (ғ.с.)-ның ұлы болды. Осыған орай имам Бақер (ғ.с.) әкесі мен анасы жағынан имам Әли (ғ.с.) мен хазірет Фатима (ғ.с.)-ның немерелерінен болған бірінші имам болды. Имам Бақер (ғ.с.) өмірінің бірнеше жылын атасы имам Хусейн (ғ.с.)-ның қасында өткізді. Кербала оқиғасы кезінде төрт жастағы бала болған ол язидшілердің айуандығын көрді. Имам Бақер (ғ.с.) әкесі имам Саджад (ғ.с.) шәһид болғаннан кейін 18 жыл бойы Ислам үмбеті кемесінің басшысы болып, тарихтың сезімтал кезеңдерінің бірінде басшы және имамның міндетін атқарды.
Имам Бақер (ғ.с.) табанды иманы, көркем амалы және адамгершілігімен көптеген адамдарды дұрыс жолға нұсқап, Құранның ең жақсы тәпсіршісі ретінде аяттарды дұрыс түсіндіріп, көптеген түсінбеушіліктерді жойып, қарсыластар мен пайдакүнемдердің бұрмаланушылықтарын әшкереледі. Имамның Құран аяттарын өте жақсы түсінгендігіне қатысты сол кездегі ақын Малек бен Аин Джаһани: «Егер халық Құран ғылымын білгісі келсе, құрайыштардың арасында бұл ғылымның данасының бар екенін білгені жөн. Егер имам Бақер (ғ.с.) Құран ғылымы туралы баяндайтын болса, көптеген нәрселер анықталады»,- деген болатын.

Имам Мұхаммад Бақер (ғ.с.)-ның кезеңі саяси өзгерістер және биліктің Омеяд әулетінен Аббаси әулетіне ауысуымен тұспа-тұс келді. Бұл кезеңде имам жағдайды пайдаланып, исламдық ғылым мен мәдениетті кеңейтумен айналысты. Хазірет ислам әлемінде нәтижелері кейінгі кезеңдерде байқалған мәдени-ғылыми қозғалысты бастады. Имам Бақер (ғ.с.) жалған және бұрмаланған наным-сенімдерге мықты бөгет сынды қарсы тұрып, Исламның ұлық пайғамбары мен хазірет әулетінің ой-пікірлерін ғылыми және мәдени орталықтар арқылы таратуға талпыныс жасады. Исламның әйгілі ғалымы шейх Туси имам Бақер (ғ.с.)-ның танымал шәкірттерінің санын 462 адам деп айтқан болатын. Сол кездегі діни және ғылыми тұлғалар имам Бақер (ғ.с.)-ның қасына келетін. Мұхаммад бен Талхе Шафеи имам Бақер (ғ.с.) туралы: «Ол білімді жарушы, оның сөзі қысқа бірақ мағыналы, білімі нұрлы болды. Ол пәк және адал амал етіп, жақсы ахлаққа ие болды. Ол өмірін Аллаға бағыну жолында өткізді. Ол Аллаға жақын болып, басшы болуға лайық болды»,- деп жазған.
Имам Бақер (ғ.с.)-ның ғылыми болмысы тірі кезінде әйгілі болып, имамның айналасы әрқашан ғалымдар мен білім бұлағын іздеген шәкірттерге толы болды. Имамның білімі туралы хабар бүкіл ислам жерлерінде таралып, халық, әсіресе шәкірттердің оған деген ықыласы жоғары болды. Бұл сүйіспеншілік Ирак халқының арасынан көбірек байқалып, дос пен дұшпан оның даналығын мадақтады. Тарихта: «Сол кездегі халифа Хишам бен Аболмалек қызметшісінің қолына сүйеніп тұрған жағдайда имам Бақер (ғ.с.)-ды әл-Харам мешітінде көріп: «Бұл Ирак халқы ғашық әрі білімі баршаны таңырқатқан адамның өзі ме?»- деп сұрағанда: «Иә, дәл өзі»,- деген жауапты естіп, қызметшісін имамның қасына жіберіп, халифаның сұрақтарына жауап беруге шақыруды бұйырдаы. Халифа сұрақ қойып, имам оларға Хишам үнсіздік танытып, еш нәрсе айта алмайтындай жауап береді.
Имам Бақер (ғ.с.) ғылыми-мәдени жұмыстарымен бірге саяси-қоғамдық істерге де немқұрайдылық танытпай, әрқашан залым басшыларды сынады. Имам халықты хабардар ету жолында адал басшылардың ерекшеліктерін баяндап, халықты басшыларды атаған еркшеліктерге сай бағалауға нұсқады. Имам Бақер (ғ.с.): «Қоғам басшысы үш ерекшелікке ие болуы керек: біріншіден, тақуалық; екіншіден, өз ашуын басатындай сабырлы болғаны жөн; үшіншіден, халықты басқаратын адам әке сынды мейірімді болып, жақсы амал етуге міндетті»,- деген.

Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи имам Бақер (ғ.с.) туралы: «Бұл тұлғаның имаматы 18 жылға созылып, қажымас талпыныс пен күрестің үлгісі болды. Қазіргі кезде Иран халқының мақсаты – материалдық және адасқан, бұзақылыққа батқан дүниеде шындықты айтуды жаңғырту. Имам Бақер (ғ.с.) тек санаулы серіктерінің көмегімен сол кездегі зорлық-зомбылық кезеңдегі Исламды таратуға талпыныс жасады»,- деді. Имам Садық (ғ.с.): «Әкем, имам Бақер (ғ.с.) әрқашан Алланы еске алатын. Ас ішкен кезде де Алланы ұмытпайтын. Халықпен сөйлескен кезде әрқашан «Алладан басқа Құдай жоқ» деген сөйлемді қайталайтын. Адамдарды түндерін күн шыққанша ғибадат жасап, ояу өткізуге шақырды. Отбасында Құран оқуды білетін мүшелеріне Құран оқуды, басқаларға Алланың есімін қайталауды бұйырды»,- деген болатын. Имамның қызметшісі Афлах: «Мұхаммад бен Әлимен қажылық міндеттерін орындау үшін сапарға шықтым. Меккеге жетіп, имам әл-Харам мешітіне кірген кезде Қағбаға қарап, жылай бастады. Ол дауыстап жылап, мені таңғалдырды. Мен «Пәк имам неліктен былай жылайды» деп ойлап: «Ата-анам жолыңызда құрбан болсын. Халық сізге қарап тұр. Егер мүмкін болса, ақырынырақ жылаңыз»,- дедім. Имам: «Жаратушының кешіріміне ие болу үшін неліктен дауыстап жыламаймын»,- деп, Алланың үйін тәуәп етіп, намаз оқыды. Намазын аяқтап, сәжде жасады. Алланың алдындағы сәждеден басын көтерген кезде сәжде жасаған жері көзінің жасынан суланған болатын»,- деп есіне алатын. Имам Бақер (ғ.с.): «Ер адамның бауырына күлімсіреп қарауы сауапқа ие. Оны қиындық пен реніштен алыстату – Алла қабылдайтын амал. Алланың алдында мүміннің жүрегін қуантудан жағымды амал жоқ»,- деп айтқан болатын. Имам Бақердің (ғ.с.) бұл жолдағы ең жақсы амалы діни бауырының қиындықтарын шешуі болды. Бұл амалды әр түрлі жол арқылы жүзеге асыруға болады. Кейде күлімсіреп қарау арқылы дертке толы жүректі өзіне қаратуға болады. Кейде мүміннің бір мәселесін шешіп, өз жақсылығыңды арттыра аласың. Сол себепті ең жақсы ғамал – мүмінді қуанту» деп айтылған.
Әлемнің барша мұсылмандарын имам Мұхаммад Бақер ( ғ.с.)-ның туған күнінің жылдығымен құттықтаймыз!