Йемендегі өзгерістер: Йемен соғысының жағдайы қандай болмақ? (3)
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i35641-Йемендегі_өзгерістер_Йемен_соғысының_жағдайы_қандай_болмақ_(3)
Сауд режимі АҚШ және БАӘ-нің қолдауымен 2015 жылдың наурыздан бастап Йеменнің отставкаға кеткен президенті Абд-Раббу Мансур Хадиді билік басына қайтару сылтауымен Йеменге басқыншылық жасап, оны құрлық, теңіз және әуе кеңістігі бойынша қоршауға алды. Осы теке-тірес бүгінде БАӘ мен Арабстанның қол астындағы әскерилердің Йеменнің оңтүстік аймақтарында, әсіресе үлкен маңызға ие Аден қаласында қақтығысқа түсуіне дейін жетіп, бұрын-соңды болмаған түрде шиеленісе түсті.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Нау 19, 2018 14:27 Asia/Almaty

Сауд режимі АҚШ және БАӘ-нің қолдауымен 2015 жылдың наурыздан бастап Йеменнің отставкаға кеткен президенті Абд-Раббу Мансур Хадиді билік басына қайтару сылтауымен Йеменге басқыншылық жасап, оны құрлық, теңіз және әуе кеңістігі бойынша қоршауға алды. Осы теке-тірес бүгінде БАӘ мен Арабстанның қол астындағы әскерилердің Йеменнің оңтүстік аймақтарында, әсіресе үлкен маңызға ие Аден қаласында қақтығысқа түсуіне дейін жетіп, бұрын-соңды болмаған түрде шиеленісе түсті.

"Ансаролла" қозғалысының мақсаттары мен құралдары

"Ансаролла" қозғалысының мақсаттары алуан түрлі. Олар әлеуметтік, саяси, географиялық және экономикалық деңгейлерді қамтыды. Жоғарыда аталған деңгейлердің барлығында "Ансаролла" өзінің даусыз құқықтары мен әлеуметтік негізі санаған құқықтарды жүзеге асыруды мақсат етті. Географиялық салада "Ансаролла" өзінің қол астындағы жерлерді Қызыл теңізбен байланыстыруды көздеді.

"Ансаролланың" көзқарасы бойынша, кез келген шынайы шешім жолын анықтауда осы қозғалыстың саяси жүйедегі саяси құқықтарын назарға алу міндетті саналады.

Қазіргі таңда әскери құралдар "Ансаролла" қозғалысының ең маңызды құралы саналады.

Стратегиялық зерттеулер орталығының Сыртқы саясат жөніндегі сарапшысы Ахмадиан осы үдерістерді сараптап: "Йемен соғысы "Ансаролла" қозғалысының Йемен өзгерістеріндегі ықпалды әрі негізгі ойыншысы екендігі және қала беретіні туралы шындықты дәлелдеді. "Ансаролла" қозғалысы негізгі рөл атқармайтын жағдайда Йеменнің саяси келешегін болжау мүмкін емес. Тарихи тұрғыдан алатын болсақ, зейдилер де тұрақты түрде биліктің бір бөлігі болды. "Ансаролла" да қазіргі таңда зейдилердің негізгі күші және маңызды ойыншысы саналады. "Ансаролла" Йемен өзгерістерін бұл елдің болашағын осы қозғалысты назарға алмай елестету мүмкін еместей етіп көрсетті" деді.

"Ансаролла" қозғалысы текетірес пен қиындыққа толы әскери-амалдық және саяси кеңістікте орналасқан. Алайда бұл тек "Ансаролла" ғана қиындықпен бетпе-бет келіп отыр деген мағынаны білдірмейді.

Йемен соғысындағы Сауд Арабиясы

Саяси дереккөздері Сауд Арабиясының шығыны азырақ болатын Йемен батпағынан шығудың жолын іздеп жатқанын болжап отыр. Бұл саудиялық басшылардың АҚШ-тың ұстанымдарының тұрақсыз  екенін, нақты стратегияны ұстанбай, керісінше Сауд Арабиясының Йемендегі әскери амалдарына байланысты бұл елде туындаған жағымсыз адами апат пен дағдарысты қатты сынға алып отыр. Сондықтан Сауд Арабиясы үшін Ұлыбритания дипломатиясы жақсырақ шешім жолы болуы мүмкін деген пікірді ұстанған жағдайда орын алып отыр.

Саудиялық режим өзінің Йемен әскери күштері мен халықтық комиттерінің алдындағы үсті-үстіне жалғасқан жеңілістері мен ауыр шығындары және он төрт жыл толғалы отырған Йеменге басқыншылығы кезіндегі өз мақсаттарына жетудегі сәтсіздікке ұшырауының жалғасында Йемен батпағынан шығудың шешім жолын табуды көздеп, сол мақсатына жету үшін Ұлыбританияға қосылып отыр.

Rai Al-Youm интернет басылымы: "Сауд Арабиясының жүйесі тікелей түрде Ұлыбритания үкіметінен көмек сұрады. Бұл режим Лондонның Сауд Арабиясын Йеменде орын алған жағдайдан, яғни қазіргі шиеленіскен дағдарыстан құтқара алатын стратегиялық шешім жолын табуды сұрады",- деп жазды.

Кейбір ақпарат көздері Rai Al-Youm-ге сілтеме жасап: "Ұлыбритания да Йемен дағдарысын аяқтау мақсатындағы жоспарын ұсынуда",- деп хабарлады.

Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Адел әл-Джубейрдің жуырдағы Ұлыбританияға сапары осы іспен тікелей байланысты.

Бүгінгі таңда БАӘ саудия режимінің Йеменге шабуылы кезіндегі мақсаттарына қол жеткізудегі жеңілісінің жалғасында және АҚШ-тың рұқсатымен стратегиялық маңызы бар Аден айлағы, Йемен аралдары мен Баб әл-Мандеб бұғазына үстемдік орнату үшін талпыныс жасап жатыр.

Ливандық Al Ahed News ақпарат агенттігінің интернет торабы бұл жайында: "БАӘ алғашқы күннен бастап-ақ өзінің арнайы содырларын құрып, оларды қаржылай қамтамасыз етіп, олардың Аден облысы мен Аден айлағындағы ықпалын күшейтуге күш салып келді. БАӘ бұл күштерді Аденнің айналасында орналасқан "Қауіпсіздік белбеуі" деп атап, бұл күштердің қолбасшылығын Айдрус әл-Зубайди деген кісіге тапсырды",- деп жазды.

Кейбір йемендік ақпарат көздері Al Ahed News-ке сілтеме жасап: "БАӘ арнайы бағдарламалары негізінде амал етуде. Бұл бағдарламалардың негізгі мақсаты Аден айлағы мен Йемен аралдарына үстемдік орнату болып табылады",- деп жазды.

АҚШ стартегиялық айлақтар мен маңызды аралдарға үстемдік орнатуды, Баб әл-Мандеб бұғазы мен Парсы шығанағына құятын сауда және мұнай тасымалдайтын су жолдарына билік орнатуды БАӘ-нің мойнына артқан секілді. Америкалықтардың осы мәселеге қатысты БАӘ-не берген өкілеттігіне сәйкес, БАӘ Эритреядағы Асеб айлағы мен Қызыл теңізге үстемдікті 99 жылға дейін жалға алып, әскери база салған.

Йемендік ақпарат көздері: "БАӘ Сомалиде бір айлақ салып жатыр. Сонымен қатар, ол Баб әл-Мандеб бұғазындағы стратегиялық Сокотра және Маюн (Перим) аралдарына үстемдік орнатып, АҚШ-тың Баб әл-Мандеб бұғазына билік орнатудағы талпынысын толықтырған Аден теңіз айлағына да үстемдік орнатты. Баб әл-Мандебке үстемдік орнатудың нәтижесінде келешекте Хормоз бұғазына деген қажеттілік туындамайды",- деп хабарлауда.

АҚШ, Сауд Арабиясы мен БАӘ-нің жоспары Йеменге билік орнатып, Сауд Арабиясынан Баб әл-Мандебке Йемен жері арқылы мұнай тасымалдау желісін салу болып табылады. Сонда Иранның Хормоз бұғазына деген ықпалы жойылады.

 

Соңғы сөз:

Келешекке көз жүгіртетін болсақ, бұл мәселеде үш маңызды жайт бар: біріншіден, 2011 жылға дейін болған Йемен одағының қайта оралуы өте ауыр, тіпті мүмкін емес. "Оңтүстік Һарак" қозғалысы бұл сценарийді қабылдамай, бұған қарсы өзінің барлық әскери-саяси қуатын пайдаланады; екіншіден, "Ансаролла" қозғалысының келешегіне қатысты сценарийде келесі жайтты ескерген жөн: Йеменде орын алатын кез келген өзгеріс Сауд Арабиясының бұл елге қарсы соғысының болашағымен тікелей байланысты. Басқаша айтқанда, соғыстың салдары "Ансаролла" мен Йемендегі басқа да қозғалыстардың орны мен рөліне әсер ететін болады; үшіншіден, аймақтық және халықаралық ойыншылардан құралған шетелдік ойыншылар Йемендегі өзгерістер мен ондағы "Ансаролланың" атқаратын рөлі мен алатын орнына әсер етті және әлі де етеді. Соның нәтижесінде, аймақтаңы өзгерістер де "Ансаролла" қозғалысының келешегіне әсер етеді.

Жалпы алғанда, Йеменді билеген кеңістік пен осы елдегі өзгерістерді қалыптастырып, оған бағыт беруші әртүрлі қозғалыстарға көз жүгіртетін болсақ, "Ансаролланың" Йеменнің саяси құрылымындағы өз құзыры мен билігін бекітіп, қарсы тарапқа ұпай беруіне қарамастан Хадимен саяси келісімге келіп, саяси шешім жолын қабылдап, ішкі және сыртқы заңдылыққа қол жеткізу секілді ұпайларды алуды көздеп отырған секілді көрінеді.

Осылайша "Ансаролла" өзінің әскери билігін саяси билікке айналдырып, әскери-қауіпсіздік ұйымдары мен Йемендегі билік құрылымының жиынтығына әсерлі құзыр мен ықпалға ие болады. Бұл құзыр мен ықпал оның мақсат-мүдделерін орташа және ұзақ мерзім аралығында қамтамасыз етпек. Йеменнің "Ансаролла" қозғалысы өзінің жуырда мәлімдеген ұстанымында барық йемендік топтар мен партиялардың өкілдері қатысатын Йемендегі президенттік және парламенттік сайлауларды қолдайтынын мәлімдеді.

"Ансаролланың" Йемен ішіндегі саяси-әскери салада алатын орны біртіндеп аймақтық және халықаралық ойыншылар тарапынан ресми түрде мойындалды. Бұл шындықтың белгісін БҰҰ мен кейбір батыс елдерінің қуаттауы мен кейбір араб елдерінің "Ансаролланы" сұхбаттасуға шақыруынан байқауға болады.

"Ансаролла" қозғалысының саяси және әскери деңгейдегі қарсыласу қуаты оның әлемдік деңгейде қабылдануының артуына себеп болды және болып қалады. Үдеріс тұрғысынан, бұл өзгеріс жоғары қарай бет алған.