Имам Хади (ғ.с.)-ның шәһадатының жылдығына арналған бағдарлама
(last modified Tue, 20 Mar 2018 18:26:41 GMT )
Нау 21, 2018 00:26 Asia/Almaty
  • Имам Хади (ғ.с.)-ның шәһадатының жылдығына арналған бағдарлама

Бүгін Исламның ұлық пайғамбары ұрпағының бірі имам Хади (ғ.с.)-ның шәһид болған күнінің жылдығы. Имамат – Алла тарапынан жіберілген мейірімділік. Бұл міндетті орындауға өмірлерін Аллаға иман келтіріп өткізген адамдар сайланады.

Көктемде өсімдіктер жерден бас көтеріп, жауатын жаңбырдың суымен жаңа демге ие болады. Барлық жер жасыл түске оранып, әдемі гүлдер мен жемістер, бүкіл табиғат оянады. Адам кейде илаһи белгілердің көптігінен өзі мен Аллаға немқұрайдылық танытқанмен, осындай сұлулық пен айбындылықты көріп, өмірі әтірдің хош иісіне бөленеді. Көптеген нығметтері, жаратылған әлемнің сұлулығы мен ғажайыптары Жаратушыны сипаттап, Оның даналығының белгілерінне жатады. Өмірдің белгілерін көріп, адам өзі илаһи нұрға бөленіп, Жаратушының рақымдылығының самал желін пайдаланып, құлшылық етеді. Имам Хади (ғ.с.): «Шегі мен шекарасы жоқ және сипаттауға күш жетпейтін Алла Тағала – пәк. Оның серігі жоқ. Ол барлық нәрсені естіп, барлық нәрсе туралы біледі. Алла Тағаланы тек Өзінің сипаттарын сипаттайды. Ол мекенді жаратқанымен, өзінің мекені жоқ әрі оны қажет етпейді. Ол жалғыз. Ол – айбынды. Оның барлық есімі қасиетті»,- деп айтқан болатын.

Бүгін – Алла елшісінің ұрпақтарының бірі имам Хади (ғ.с.)-ның шәһид болған күнінің жылдығы. Имамат –Алла тарапынан жіберілген мейірімділік. Бұл міндетті орындауға өмірлерін Аллаға иман келтіріп өткізген, зұлымдық пен жалғандық және басқа кемшіліктер ластамаған адамдар сайланады. Сол себепті илаһи имамдардың Алланың жердегі халифалары ретіндегі  жауапкершілігі адамдар үшін Құран аяттарын тәпсірлеумен шектелмейді. Олардің міндеттері бүкіл әлем, бүкіл адамзатқа таралады. Олар нұры баршаға бірдей жететін күннің көзі сияқты. Адамдар сол нұрдан пайдаланбай, нұрдың алдынан дуал тұрғызса, өздерін дұрыс жолға нұсқау орталығынан алыстатады. Имамдар  нұсқауларымен өмірдің қурап қалған көшетін тірілтеді.

«Хади» және «Нақи» деген лақап аттарымен танымал болған имам Әли бен Мұхаммад (ғ.с.) режеп айының 3 күні немесе джамади айының 25 күні  Самеррада шәһид болды.  Имам Әли ән-Нақи (ғ.с.) әкесі имам Мұхаммад Тақи (ғ.с.) шәһид болған соң имаматтың міндетін өз  мойнына алды. Бұл кезде имам Нақи (ғ.с.) (имам Хади) сегіз жас бес айдағы  бала еді. Имам Хади (ғ.с.) әкесі сынды бала кезінде имамат міндетін өз мойнына алып, 33 жыл мұсылмандардың басшысы болды. Имам Хади (ғ.с.) сол кездің әйгілі ғұламаларының сынағынан өтіп, олардың сұрақтарына нақты жауап беріп, фикх, философия және калам мәселелерін шешетін. Ғұламалар хазіреттің имаматын мойындады.

Имам Хади (ғ.с.) имаматы Аббасилердің алты халифасының билігімен тұспа-тұс келді. Олар имам Хади (ғ.с.)-мен әртүрлі қатынас орнатты. Кейбіреулері дұшпандық, басқалары ұстамдылық білдірді. Бірақ, олардың барлығы халифатты тартып алып, имамдардың құқықтарына немқұрайдылық таныту бойынша ұқсас болды.

Аббасилер халифаларының арасында Моттавакел басқаларынан көбірек Исламның ұлық пайғамбары мен имамдардың әулеті және танымал алавилерге дұшпандық білдіріп, кез келген мүмкіндікті оларды қорлау үшін пайдаланды. Ол тіпті пайғамбар әулетінің дүниеден озғандарына да кек білдіріп, пәк имамдардың, әсіресе имам Хусейн (ғ.с.)-ның қабірі мен оның қасындағы үйлерді қиратып, Кербала жеріне егін екті. Моттавакел имам Хади (ғ.с.)-ның Мединеде қалуына алаңдады. Имамның саяси жұмыстармен айналысу ықтималы оны тыныштықтан айырды. Моттавакел бұл мәселені шешу туралы ойлап, имамды Мединеден Самерраға жер аударуға шешім қабылдады. Имам Хади (ғ.с.) Самеррада тұтқында өмір сүрді. Самерра әскери қала және кейбір Аббаси халифаларының астанасы болды. Имам сол қалаға ауыстырылып, хазіреттің қарым-қатынасы халифаның бақылауында болды. Имам Хади (ғ.с.)-ды «Аскари» деп те атайтын. Өйткені, хазірет перзенті имам Хасан Аскари (ғ.с.) стяқты Самерраның Аскари әскери базасында тұтқында өмір сүрді. Сондықтар рауаяттарда бұл екі имам «Аскарейн» деп аталады.

Пәк имамдардың ерекшеліктеріне ілімі, күнәдән пәк болуы мен ерекше ахлақтары, сонымен қатар өз заманының адамдарынан артық болуы жатады. Бұл ерекшеліктердің барлығы имам Хади (ғ.с.)-ның болмысында қалыптасқан еді. Ғылым мен білімге ие болу – кемелдікке жетудің ең маңызды жолдарының бірі. Имам Хади (ғ.с.)-ның пікірінше, адами жоғары мақсаттарға жету үшін адамдар білім жолына түсуі керек. Имам Хади (ғ.с.): «Ғалым мен оқушы – екеуі де даму жолында серіктес»,- деп айтқан болатын. Имам Хади (ғ.с.) ғалымдар мен ойшылдарды жер бетіндегі нұр мен хабардарлықтың бұлағы деп санайтын.

Исламның тауһидтік көзқарасы бойынша, адам өмірінің әрбір сәті мен әрбір мекенінде Алланың бақылауында. Бірақ Жаратушы пенделерін өзіне жақындатып, оларды тыныштыққа бөлеу үшін уақыттар мен мекендерді белгіледі. Имам Хади (ғ.с.) қасиетті мекендердің артықшылығына тоқталып: «Алла Тағаланың қасиетті мекендері бар. Ол сол мекендерде жасалатын дұғаларды жақсы көреді»,- деген. Көбінесе халық сапар шегетін,  көктемнің тыныштығы мен сұлулығы көрініс табатын Наурыз мейрамы – қасиетті мекендерді пайдаланып, дұға оқып, ғибадат жасау үшін жақсы мұрсат.

Дін әулиелерінің көзқарасы бойынша, қуаныш пен шаттық – адамның тағдыры мен табиғи құқығының бір бөлігі. Исламның ұлық пайғамбары әрқашан көңілді болып, осы мәселені қуаттаған. Хазіреттің пәк әулеті рухтың шаттығы үшін қажет бағдарламалар ұсынатын. Олардың бағдарламалары гүлшанақ тәрізді  мүміннің жүрегінде гүлдеп, адамның болмысындағы Аллаға деген махаббатқа себеп болады.

Имам Хади (ғ.с.) – адамның туған-тумаларымен қарым-қатынас орнатқаны немесе мүмінді қуантқаны, болмаса бауырының қиындықтарының бірін шешкені туралы естіген кезде қатты қуанатын әрі жақтастарын қуаныштан хабардар етіп, халықты сондай сауапты іске жігерлендіретін пәк имамдардың бірі. Исхақ Джалаб: «Зилхадже айының сегізі – Құрбан айт күні Абу әл-Хасан Хади (ғ.с.) үшін біраз қой сатып алдым. Хазірет қойларды жақындарының арасында бөлді»,- деп есіне алатын.

Ибн Шахр Ошуб имам Хади (ғ.с.) туралы: «Имам Хади – аққөңілдігі мен адалдығы тұрғысынан ең кемел адам. Ол үнсіздік танытқанда даңқы, сөйлеген кезінде айбындылығы көрініс табатын»,- деп айтқан болған.

 

Самеррадағы екі имам: имам Хади (ғ.с.) мен имам Хасан Аскари (ғ.с.)-ның қасиетті қабірі

Имам Хади (ғ.с.)-ның кезінде қысымдар күшейіп, саяси белсенділікке қатысты қиындықтар артты. Бірақ хазірет мұрсатты жоғалтпай, майданға қадам басты. Хазірет тарихта есімдері тіркелген шәкірттер тәрбиеледі. Шейх Туси хазіреттің шамамен 190 шәкіртін тіркеді. Аббаси билігінің халифасы Моғтаз бұдан артық имам Хадиға (ғ.с.) төзе алмай, оны уландырып өлтірді. Сөйтіп, имам Хади (ғ.с.) шәһид болды. Діни мәтіндерге сәйкес,  «шәһәдат» – өлімнің ең жақсы түрі. Илаһи басшылардың көбі шәһид болуды мақтан тұтқан.

Имам Хади (ғ.с.) басқа имамдар сынды шәһид болу мәртебесіне жетті. Имам Хади (ғ.с.)-ның қасиетті мәйітінің жаназасы шығарылған соң үйіне әкеленіп, хазіреттің ғибадат мекені қабіріне айналды. Самерра қаласындағы имамның қасиетті қабірі – ғашықтары зиярат жасайтын мекен.

Имам Хади (ғ.с.)-ның шәһид болған күнінің жылдығына байланысты әлемнің барша мұсылмандарына көңіл айтамыз.