Құран Кәрімдегі көктемге қатысты белгілерді сараптау
Көктем – Алланы тану, қияметті тану және өзгеріс, даму мен кемелдікке жету сабағы. Егер адамдар табиғаттың әсемдігінен сабақ алса, шын мәнінде қияметке иман келтіргені. Олай болса, мұндай беғсаттың басталуын ең жақсы күн деп біліп, тойлау қажет.
Қыс кетерінен бұрын көктемнің құлағына сыбырлап, оған өзінің жолдауын жеткізушісі болуды сұрады. Көктем өзінің түрлі-түсті матасын далаға жайып, сайраған бұлбұлдармен бірге жолдауды жеткізді. Барша көктемнің дауысын естіді. Алайда мистиктер мен Құран аяттарын өз өмірінің үлгісі тұтатында көктемнің жолдауын: «Ол сондай Алла, желдерді жіберіп, сонда ол бұлтты қозғап, оны өлі бір жерге айдаймыз. Және жаңбыр арқылы жансыз қалған жерді қайта жандандырамыз. Өліктің тірілуі де осы сияқты»,- деген аяттан тапты. («Фатыр» сүресі, 9-шы аят).
Құранда «көктем» деген сөз тікелей айтылмаған, бірақ ондаған аяттарда көктем мен оның берекесі мен көріністеріне сілтеме жасалды. Бұлттар, жаңбыр, су, өсімдік, талдар, жемістер және табиғаттың басқа да белгілері туралы айтылған аяттар көктемді сипаттайды. Сондай-ақ, пәктік пен тазалық, рақым, қуаныш пен шаттық және өмір көктемнің көіріністері болып табылады. Негізінде көктем көптеген сабақтарға ие мектеп болғанымен, олардың ең маңыздысы Аллаға иман келтіру, яғни тауһид пен қияметке иман келтіру сабақтары саналады. Құран Кәрім барлық адамдардың көңілін тауһид пен қияметке аудартып, көктем кезеңінен өз үлесін алады.
Алла Тағала илаһи сабақтарды көрсеткенде барлық пенделері пайдаланып, ақиқатты өз мүмкіндіктеріне қарай түсінуі үшін қарапайым тәсілдерді ұсынды. Сондықтан адамдарды табиғатты тамашалап, Алланың шексіз құдыреті туралы ойланып, Алланың қыстың аязында өмірден еш белгісі қалмай, қурап қалған ағаштарға көктемнің келуімен жаңа өмір сыйлап, табиғаттың өмірін жаңғыртуына назар аударуға шақырады. Қураған ағашқа өмір беретін құдырет қиямет күні барлық адамдарды өзінің қасына жинайды. «Бақаре» сүресінің 164-ші аятында: «Күдіксіз көктер мен жердің жаратылуында, түн мен күннің ауысуында, адам баласына пайдалы нәрселермен теңізде жүрген кемеде және Алланың көктен жаңбыр жаудырып, жер өлгеннен кейін онымен жандандыруында әрі онда әр түрлі хайуанды таратуында, желдерді және көк пен жердің арасындағы бағынышты бұлтты басқаруында әлбетте ойлаған елге (Алланың барлығы, бірлігіне) белгілер бар»,- деп айтылған.
Бұл бірінші кезең – ойлану кезеңі. Келесі кезеңде Алла Тағала «Нұх» сүресінің 17-18-ші аяттарында: «Алла сендерді жерден өсіріп өндірді. Сосын сендерді ол жерге қайтарып, сонан кейін қайта шығарады»,- деді.
Расында, жаратылған әлем – Алланың даңқы мен айбындылығының айнасы. Көктем – жаратылған әлемдегі Алланың ең сәнді көріністерінің бірі. Оны тамашалап, Аллаға қарай жол тауып, Жаратушының айбындылығын көруге болады. Бұл дүниеде Алланың нығметтері туралы ойланып, өмір сүретін адамдар кемел өмірге, яғни материалдық ләззаттармен бірге рухани ләззатарға да ие болады. Ақыл мен хикметті пайдаланатын адам әсем табиғатты тамашалау сияқты ләззатты толығырақ пайдаланады. Бұл адам табиғат көктемінде материалдық пайдамен бірге рухани пайдаға да ие болады. Бірақ жаратылған әлемге немқұрайдылық танытатын адам материалдық өтпелі ләззатты қанағат тұтатын болады.
Алла Тағала халықтың көпшілігіне жаратылған әлемнің шындықтарын көрсету үшін көктем сияқты кезеңдер мен өсімдіктердің өсуіне тоқталып, адамдардың қайта тірілуін еске салады. Көктем келген кезде өзімен бірге өмірдің рухын әкеледі. Өйткені жаратылған әлемнен илаһи рух байқалады. Күзде сары түске боянып, қыс кезінде суық өлімді бастан өткерген табиғат көктемде жаңа өмірді бастайды. Бұл таңғалдырарлық көрініс, яғни өсімдіктердің қара жерден өсіп шығуы қияметтегі жағдайды қайталайды деген маңызды жайтты еске салды. Жылдар бұрын жерленіп, әлдеқашан шіріп кеткен өлген адамдар қияметтің көктемінде тіріліп, қабірден бастарын көтереді. «Хадид» сүресінің 17-ші аятында: «Біліңдер, Алла жер өлгеннен кейін жандандырады. Расында, түсінулерің үшін сендерге белгілерді ашық көрсетеді»,- деп айтылған.
«Фатыр» сүресінің 9-шы аятынан: «Ол сондай Алла, желдерді жіберіп, сонда ол бұлтты қозғап, оны өлі бір жерге айдаймыз. Және жаңбыр арқылы жансыз қалған жерді қайта жандандырамыз. Өліктің тірілуі де осы сияқты»,- деп оқимыз. Сондықтан жыл сайын табиғатты өлімнен өмірге қайтаратын Алла Тағала өлген адамдарды да қайта тірілтеді.
Көктем – қияметтің шағын үлгісі. Бұл үлгіні өмірімізде тек бір рет қана емес, жыл сайын бастан өткеріп, табиғат кезеңдерінің айырбасталуын сан рет байқаймыз. Исламның ұлық пайғамбарының сахабаларының бірі хазіреттен: «Уа, Алланың елшісі! Алла Тағала қиямет күні өлгендерді қалай тірілтеді? Жаратылған әлемде бұл мәселенің белгілері бар ма?»- деп сұрағанын сонда хазіреттің: «Осы уақытқа дейін құрғап, кеуіп қалған жерден өтпедің бе? Біраздан кейін сол құрғап қалған жерден өткен кезде бой көтерген құрма ағаштарын көрмедің бе?»- деді. «Көрдім»,- дедім. Хазірет: «Алла Тағала осылай өлгендерді де тірілтеді. Бұл – жаратылған әлемдегі оның белгілері»,- деп қуаттады.
Көктем – өзгеріс, қуаныш пен шаттық және әдемі кезең. Біз де жаңа ойларымызбен өзіміздің амалдарымыз бен наным-сенімдерімізді тәрбиелей аламыз. Сондай-ақ, әр жолы көктем келген сайын өміріміздің қысқаратынын ұмытпауымыз керек. Сондықтан көктем белгілерінен алатын келесі сабақ мұрсатты танып, өмірді дұрыс пайдалану болып табылады. Исламның ұлық пайғамбары мұсылмандардың өмірдің көктемінен пайдалануына назар аударуы керектігі туралы Абузар Ғаффариге: "Уа, Абузар! Бес нәрсе саған бет бұрғанша, бес нәрсені бағалап, олардың қадірін біліп, пайдалан: жастық шақты қартаймастан бұрын, денсаулықты науқастанбастан бұрын, әлсіздіктен бұрын күш-қуатты, бос қуатты қиындық тумастан бұрын, өмірді өлімнен бұрын",- деген болатын.