Имам Мұса Казем (ғ.с.) – сабырлы күрескер
Имам Мұса бен Джафар (ғ.с.)-ның қиындықтары мен уайым-қайғысы басқа пәк имамдармен салыстырғанда Кербала апатынан кейін одан сайын ауырлай түсті. Хазірет өзінің жарқыраған имаматы кезін қуғында немесе абақтыда өткізді.
Режеп айының 25 жұлдызы – ең ауыр кезеңде имаматқа жеткен, өмірінде көптеген қиындықтарға төзіп, теңдессіз сабыры және табандылығымен қоғамның ең дағдарысты жағдайында бізге өмірдің ең жақсы сабақтарын үйреткен имамның шәһид болған күнінің жылдығы. Исламның ұлық пайғамбарының жақтастары жылдар бойы бұл имамның өмірлік жолы мен ақыл-кеңестерін кемелдік пен бақытқа жету үшін өмірлерінің үлгісі етіп ұстануда.
Имам Казем (ғ.с.)-ның өмірі кезінде Аббаси халифаларының ең мықты халифалары – Мансур мен Харун, ең залым халифалары – Маһди мен Хади билік басында болды. Ислам жерлері жаңа жеңістердің арқасында кеңейіп, соғыстан түскен олжалар мен мүліктер Аббаси билігін екі есе арттырды. Қоғамда кейбір бұрмаланған ой-пікірлер пайда болды. Мұндай кеңістікте халықтың ойы қайшылықтармен ластанып, идеологиялық алауыздықтар халықтың діни және саяси қырағылығын төмендетті. Билік басындағылар халықтың адасуын пайдаланып, билеп-төстеушіліктерін күшейті. Имам Казем (ғ.с.)-ның кезіндегі ислам қоғамының ластанған кеңістігі ислам негіздерін таратушылардың амалдарын қиындатты. Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи имам Мұса Казем (ғ.с.)-ның кезеңін: "Бұл кезеңде тіпті өлең мен өнер, фикх пен хадис билік басындағыларға қызмет етіп, олардың байлығы мен билігін толықтыратын құралға айналды. Шынайы қоқан-лоққы билікке қатер төндірмеді. Халифалар Исламның ұлық пайғамбарының шақыруын қатты бақылауға алды. Бұл кезеңде Алла елшісі әулетінің күресі мен идеологиялық-саяси қозғалысын тек жасыру арқылы ғана іске асырылатын талпыныс пен жиһад ілгерілете алатын еді. Сол себепті имам Мұса Казем (ғ.с.)-ның жиһадының айбыны анықталды",- деп сипаттады.
Имам Мұса бен Джафар (ғ.с.)-ның қиындықтары мен уайым-қайғысы басқа пәк имамдармен салыстырғанда Кербала апатынан кейін одан сайын ауырлай түсті. Хазірет өзінің жарқыраған имаматы кезін қуғында немесе абақтыда өткізді. Бірақ, соған қарамастан имам Мұса Казем (ғ.с.) серпінді рухы және кең ауқымды белсенділігімен ең ауыр жағдайда ғашықтардың жүректерін нұр мен бақыттың бұлағына қарай нұсқады. Имам Мұса бен Джафар сол кездегі халифа Мансур Аббаси билігін күшейтіп, пайғамбар әулетіне көптеген қысым көрсеткен уақытта қоғамға жетекшілік етті. Мансур Исламның ұлық пайғамбары әулетінің мүшелерінің көбі мен олардың жақындары мен жақтастарын өлтіріп, олардың мәйіттерін белгісіз мекендерге тастап кетті. Ол мекендер Мансур өлгеннен кейін белгілі болды. Имам Мұса Казем (ғ.с.) Мансурдың кезінде имаматқа жетіп, басынан бастап бақылауға алынды. Жұрт имам Садық (ғ.с.) шәһид болғаннан кейін кімге барарын білгісі келді. Олар көптеген қиындықтармен имам Мұса бен Джафар (ғ.с.)-мен кездесе алды. Имам қасына келген адамдар мен өзінің жақтастарына: "Егер менімен кездесіп, мені тыңдап, менімен қарым-қатынас орнатқандарыңды білсе, сендерді өлтіреді. Сондықтан, абай болып, жасыру жолын пайдаланыңдар",- деген болатын.
Имам Мұса Казем (ғ.с.) қиындықтар мен қысымдарға қарамастан білім іздегендерге көптеген хадис ұсынды. Сейед бен Тавус бұл туралы: "Имам Казем (ғ.с.)-ның көптеген жақтастары мен серіктері қасына келіп, хазіреттің сөздері мен жиналғандардың сұрақтарына берген жауаптарын жазып алатын",- деген болатын. Хазірет өз аталары мен әкелері сияқты ілім мен білімнің теңізі болып, көптеген шәкірт тәрбиелеп, Құран тәпсірі, фикх және сол кезде таралған басқа ғылымдардың ұстаздары деңгейіне жеткізді. Сүнниттердің әйгілі ғұламасы Ибн Хаджар Хейсами имам Казем (ғ.с.)-ның ғылыми дәрежесі туралы: "Мұса Казем – әкесінің білімінің мұрагері, кемел тұлға. Ол надан халықпен қатынас орнатқан кезде сабыр мен төзімділік білдіріп, ашу-ызасын басып, жамандыққа жақсылықпен жауап қайтарғаны үшін «Казем», яғни «ашуын басушы» деген лақап атқа ие болды. Имам Казем (ғ.с.)-ның кезінде ешкім илаһи білім мен кешірім тұрғысынан хазіретке жетпейтін",- деген.
Имам Мұса Казем (ғ.с.) өзінің өміріндегі бағдарламаларын іске асыруға қатысты: "Өмірлеріңде уақытты төртке бөлуге талпыныңдар: уақыттың бір бөлігін Алламен сырласуға, екінші бөлігін халал ырзыққа жетуге талпынуға, келесі бөлігін бауырларың және сені кемшіліктеріңнен хабардар етіп, шын жүректен сендерге шындықты айтатын сенімді адамдармен қарым-қатынас орнатуға, төртінші бөлігін сендерге айтылған уақыттың үш бөлігін орындауға көмектесетін халал ләззаттарға қалдырыңдар. Уақытты айтқандай бөліп, дүниені жаман әрі одан алыстауға шақыратын, сырт көзге өздерін мистикалық мектептер ретінде көрсететін мектептерден керісінше, Ислам мектебінің бұл дүниедегі өмір үшін әдемі бағдарламалар ұсынатынын көреміз",- деген болатын. Имам Казем (ғ.с.) келесі бір сөзінде: "Өздеріңнің ішкі қалауларыңа дүниені халал пайдаланатындай жауап беріңдер. Өз болмыстарыңа зиян келтіруден абай болыңдар, ысырап етпеңдер, діни істеріңді орындау үшін халал жолдарды пайдаланыңдар. Өйткені, "дүниеден дін үшін немесе діннен дүние үшін алыстаған адам Ислам жолында емес" деп айтылған",- деді. Діннің көзқарасы бойынша ішкі талап-тілектер халам және харам болып екі топқа бөлінеді. Егер нәпсіні басып-жаншу керек деп санайтындар сияқты бұл қалаулардың барлығына қарсылық білдірілсе, басылып-жаншылған нәпсі діни істерді орындау бойынш ынтымақтастықтан айырылады. Имам Казем (ғ.с.) адамға халал қалауларына оң жауап беріп, нәпсісін құлшылық етіп, діни міндеттерді орындауға пайдалануға кеңес береді. Мұхаммад бен Саеи Шафии: "Имам Казем жоғары дәрежеге ие болды. Ол Аллаға құлшылық етуімен танымал болды. Түнді сәжде мен қиямда өткізіп, күнді ораза тұтумен өткізген. Сабырлығы мен кешірімділігіне қатысты "Казем" деп аталды. Хазірет өзі туралы жамандағандарға жақсылықпен жауап қайтарып, жамандық жасағандарды кешіретін. Хазірет өзінің көп ғибадат жасауына байланысты "Абд Салех" деп атанды. Иракта "Баб әл-Хаваедж" деп танымал болды. Өйткені, хазіреттің үйіне кірген әр мұқтаж бұл үйден құр қол шықпайтын",- деп есіне алатын. Имам Казем (ғ.с.) ұзақ уақыт, шамамен 7-10 жыл бойы Харунның әртүрлі абақтыларында қамалды. Соңғы рет қамауға түскен кезде көп азап көрді. Харун үкіметінің ең қатыгез адамдарының бірі Сенди бен Шахак хазірет түскен зынданның қараушысы болды. Сенди зынданында қараңғы әрі қорқынышты құбырлар болды. Сенди хазірет Мұса бен Джафар (ғ.с.)-ды көп қорлады. Имам Казем (ғ.с.)-ның зияратнамасының бір бөліміне сәйкес, хазіретке сәлем жолдап, салауат айтып, былай дейміз: "Абақтылар мен қараңғы зындандарда азап көріп, аяқтары шынжырлардан зақымданған адамдарға сәлем!".
Имам Мұса Казем (ғ.с.) 35 жыл күрес, абақтыда қамалып, сан рет қудаланып, үрей тудыратын ортада өмір сүріп, биліктің қысымына қарамастан илаһи ахкамды орындап өмір сүрді. Имамды қамари күнтізбесі бойынша 183-ші жылы Харун әр-Рашидтің бұйрығымен Сенди бен Шахақ уландырды. Имам абақтыда шәһид болды. Харун имам уландырылған соң қоғамдық пікірді алдау үшін: "Құдай Сенди бен Шахақты лағынет етсін. Ол бұл істі менің рұқсатымсыз орындады",- деді.