АҚШ көздеген Жаңа Таяу Шығыс (1)
(АҚШ-тың аймаққа қатысты ұзақ мерзімді мақсаттарына шолу) "Қырғи қабақ" соғысы аяқталғаннан кейін АҚШ-тың Таяу Шығысқа қатысты саясаттарын өзгертуге бағытталған жаңа кезең басталды. Ақ үйдегі неоконсерваторлар мен сионист әсірешілдер Таяу Шығыстың стратегиялық картасын қайта қарауды талап етті. Бұл АҚШ-тың аймаққа бұрынғыдан бетер үстемдік жүргізуіне жағдай жасауы тиіс болды.
Осы мақсатпен аймақта "Үлкен Таяу Шығыс" жобасы орындала бастады. Оны орындау демократизациялау және АҚШ-тың ойындағы саяси өзгерістер жасау түріндегі әскери құзыры мен саяси ықпалын арттыру деген мағынаны білдірді.
Алайда "Үлкен Таяу Шығыс" жобасының жеңіліс табуы АҚШ-тың Таяу Шығыста бір жерді сақтап қалып, оныдемократизациялау идеясынан бас тартып, оған керісінше «Сайкс-Пико» отаршыл жобасы негізінде географиялық бөлшектеу идеясын ұстануына себеп болды.
Аймақта осының негізінде пайда болған сепаратистік үдеріс Таяу Шығыс қоғамдарында діни, тайпалық және этностыққайшылықтар мен «Сайкс-Пико» жобасының құрылымына негізделген. АҚШ Таяу Шығыстан алған тәжірибесіне сәйкес мынадай нәтиже шығарды: Таяу Шығыста ішкі қайшылықтар мен бейберекеттік тудыру АҚШ-тың стратегиялық мүдделеріне көбірек үйлеседі. Өйткені, бұл аймақтағы бейберекеттік АҚШ-тың саясаттарына қайшы демократия мен исламдық ояну сияқты модельдердің пайда болу мүмкіндігін нәтижеге жеткізбейді. Бұл АҚШ-тың мүддесіне сай келеді.
АҚШ ОББ-ның бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуден бұл ұйымның Ұлыбританияның MI6 және Израильдің Моссад тыңшылық ұйымымен әріптесе отырып, ДАИШ-ты құрғанын жариялады.
Сноуден өзінің құжаттарында: "АҚШ-тың Израиль және Ұлыбританиямен әріптесіп, бір лаңкестік топ құрып, әлемнің түкпір-түкпірінен экстремистерді жинауды көздегенін, бұл амалды "Араның ұясы" деп атағанын растайтын құжаттар бар",-деді.
Сноуденнің айтуы мен жарияланған құжаттар бойынша, "Араның ұясы" атты операцияны осыдан бұрын Ұлыбритания Израильді қолдау үшін жобалаған болатын. Бұл операция басқа ешқандай идеологияны қабылдамайтын исламдық ұранмен және экстремистік үкімдерге негізделген топ құруды көздеген. Сноуденнің баяндамасында: "Израильді қолдау мәселесін шешудің жалғыз жолы – оның шекараларына жақын жерден дұшпан қалыптастыру. Ол дұшпан қаруын Израильге емес, исламдық елдерге қарай кезеуі керек",-деп баса айтылды.
«Жаңа Таяу Шығыс» жүйесі шеңберінде Израиль АҚШ-тың әскери және экономикалық мүдделерін жобалаудағы басты элемент саналады. АҚШ өзінің аймақтағы гегемониясына қарсыласушыларды жоюға талпыныс жасады.
Экономикалық тұрғыдан АҚШ-тың аймақтағы ең маңызды мақсаты Парсы шығанағы аймағындағы бай энергетика қорына жеңіл әрі арзан қол жеткізу болып табылады. Парсы шығанағы әлемнің мұнай қорының 60 пайыздан астамын қамтамасыз етеді. Осы мақсатқа жету үшін әскери күш-қуатты пайдалану АҚШ-тың басымдықтарының біріне айналды. Сондықтан, АҚШ-тың Иракқа әскери шабуылы басталардан алты ай бұрын АҚШ Қорғаныс министрінің сол кездегі орынбасары Түркия үкіметін көндіріп, Анкараны Иракқа шабуыл жасауға қатыстыру үшін осы елде жүрген кезде сөйлеген сөзінде "Аймақ елдеріндегі демократия Ирактан басталады" деген.
Осы жобадан кейін АҚШ-тың сол кездегі Мемлекеттік хатшысы Паульдің доктринасы көтерілді. Бұл доктринаның негізгі ерекшелігі «Жаңа Таяу Шығыста» ұлт қалыптастырып, үкімет құрып, мәдениет жасау болды. Дипломатия әлемінде мұндай позициялар толығымен табиғи әрі айқын ұғым саналғанымен, әдетте жарияланған саясат пен атқарылатын саясаттың айырмашылығы жер мен көктей болады.
АҚШ адам құқығын бұзу және сансыз қылмыстар жасау жөнінен қара тарихқа ие болғанымен, демократия, бейбітшілік пен адам құқығының сақталуын талап ету сипатын ұстануды шарасыздықтан жалғастырып келеді. Ақ үй аймақта демократия орнатамыз деп уәж айтады. Алайда соңғы жиырма жылда Батысқа жақтасатын адамдардың билік басына келуі үшін талпыныс жасап келді.
Бұл үдерісте АҚШ-тың стратегиялық өзгерістері әл-Каида ісінен кейін лаңкестікті құрал ретінде пайдалануға және 11 қыркүйек оқиғасынан кейін ДАИШ-тың белсенділіктерін жандандыруға шоғырланды. Шын мәнінде ДАИШ АҚШ-тың «Жаңа Таяу Шығыс жобасын қайта ашудың жаңа кілті болды. ДАИШ Ирак пен Сирияда өз үстемдігін жалғастыра бергенде аймақтың саяси сахнасының өзгеруіне соқтыруы мүмкін еді. ДАИШ-ке дейін бұл мүмкін емес іс саналатын.
Осы аяда Еуропадан, Африка мен Азиядан жаңа күш тарту әлемнің түкпір-түкпіріндегі лаңкестік топтар мен элементтердің бір-біріне қосылып, одақтасуына жағдай жасады. Осындай топтардың бірі тәкфирлік және салафиттік ағымдар болды. ОларТаяу Шығыс аймағында дамып, осы байланыс жүйесін пайдалану арқылы әлемнің түкпір-түкпірінен арнайы адамдар мен топтарды тартып, ДАИШ тобы түрінде әрекет етті.
ДАИШ 2013 жылдың наурыз айындағы алғашқы әрекетінде Ракка қаласын басып алды. Бұл қала лаңкестердің қолына түскен облыс орталығы еді. 2014 жылдың қаңтар айында ДАИШ Сирияның батысында орналасқан Анбар облысындағы Фаллуджа қаласын өз бақылауына алып, оның артынша осы облыстың орталығы Рамади қаласының басым бөлігін басыс алып, Түркия мен Ирактың шекараларына жақын жердегі Ирактың солтүстік-шығысындағы аудандарды да қарамағына алып, 2014 жылдың маусым айында Ирактың екінші үлкен қаласы Мосул қаласын жаулап, соғысты Самарра, Бакуба, тіпті Джалулаға дейін жайды.
Осы сұрқия жоспарды орындаудағы екінші қадам тәкфирлік ойларды таратумен бір мезгілде ДАИШ күштерін қалыптастырып, Иракта ауқымды жорықтар жасау үшін жаңа күш тарту болды. Бұл жоба ДАИШ-тың Ирактың Нейнава мен Салахеддин облыстарындағы әскери базалары мен гарнизондарына алдын ала ұйымдастырылған шабуылдар жасауымен басталды. Аталмыш жоба үшінші кезеңде ДАИШ үкіметін жариялауымен сырттай толықтырылғандай болды.
ДАИШ үкіметі аймақ пен аймақтан тыс жерлерден берілген күмәнді қолдауларды пайдаланып, қол астындағы жерлерін кеңейтті. Бұл жоба шын мәнінде отаршыл алпауыттардың Таяу Шығыста дағдарыс тудыру үшін қолданатын ескі нұсқасы еді. Олар осылайша дағдарыстың саясында аймақтағы тәуелсіз елдерді әлсіретіп, бөлшектеуге бағытталған өздерінің ашкөз мақсаттарын орындауды көздеді.
Таяу Шығыстағы бұрынғы жоба-жоспарларға қарағанда олардың бір-бірімен сабақтас екенін көруге болады. "Ливанның 33 күндік соғысы" барысында Израиль Ливанға шабуыл жасап, Хезболланы жою арқылы Палестина мәселесін біржолата шешуді ойлады. Бұл режим аталмыш жобаны "Жаңа Таяу Шығыстың тууы" деп атап, халықаралық қауымдастықтан жаңа жүйені қалыптастыру үшін оның қиындығына төзуді сұрады. Израильдің әскери операциялары жеңіліс тапқан соң Генри Киссинджер тізбекті сипаттап берді. Оның пайымдауынша, Хезболла өзінің күшін сақтап қалғанға дейін бейбіт немесе соғыс жолы арқылы Палестина мәселесін шешу мүмкін емес. Оның пікірінше, Хезболланы жер жастандыру үшін оның Иранмен байланыс жолын, Ливан-Иран қолдайтын негізгі жолды жою керек. Бұл күре жол Сирияның Хомс облысынан өтеді. Сондықтан бұл жобаны "буындарды жою" жобасы деп атауға болады.
Шын мәнінде, АҚШ пен аймақтың кейбір елдерінің, соның ішінде Сауд Арабиясының ДАИШ-ты қолдағандағы мақсаты АҚШ-тың аймаққа әскери және қауіпсіздік тұрғыдан үстемдігін қайтару, Израильдің мүддесіне орай қарсыласу қозғалысын әлсіретіп, шын мәнінде лаңкестікпен күресте алғы шепте болған елдерді шетке ысыру болды.
Осыған орай, бұл аймақта өте маңызды өзгерістер орын алды. АҚШ өзінің саяси-қауіпсіздік стратегияларын аймаққа таңуға талпыныс жасады.
Вирджинияның батысындағы Блуфильд университетінің саяси ғылымдар жөніндегі ұстазы доктор Колин Кавель: "Әлемнің түкпір-түкпіріне экспортталатын барлық қару-жарақтың үштен бірі АҚШ-қа тиесілі. Сондықтан бұл ел әлемдегі ең ірі қару-жарақ экспорттаушыға айналды",-дейді.
АҚШ – Сауд Арабиясына қару-жарақ экспорттайтын ең ірі ел. Сауд Арабиясы Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка аймағында ең үлкен қару-жарақ сатып алатын ел саналады. Өткен 5 жылдың ішінде құны 100 млрд доллардан асатын қару-жарақ сатылғаннан кейін АҚШ Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка аймағына қару-жарақ сату арқылы аймақта тұрақсыздық пен бейберекеттіктің белең алуына себеп болды деп кесіп айтуға болады.
АҚШ азамат соғыстарын кеңейту, айбынды елдерді әлсіз мемлекеттерге айналдыру, аймақты бөлшектеу ықтималдығы оның мүдделерін жақсырақ әрі көбірек қамтамасыз ете алады деген нәтижеге жетті. Сондықтан кез келген ішкі тартыс пен діни-тайпалық қайшылықтар қазір АҚШ-тың қолдауына ие болып. Бұл қайшылықтарды Таяу Шығыс аймағына енгізген «Сайкс-Пико» жобасы болатын.