Скрипаль мәселесі – Ресей мен Батыс қарым-қатынасындағы маңызды мәселе
(last modified Sun, 15 Apr 2018 20:55:41 GMT )
Сәу 16, 2018 02:55 Asia/Almaty
  • Скрипаль мәселесі  – Ресей мен Батыс қарым-қатынасындағы маңызды мәселе

Ресей мен Батыс арасындағы қайшылыққа толы қатынастар жаңа мәселеден, яғни наурыз айының төрті күнгі Британияның оңтүстік-батысындағы Солсбери қаласындағы Сергей Скрипаль мен оның қызының улануы оқиғасынан кейін жаңа кезеңге енді. Қазіргі дипломатиялық дағдарыс Ресей мен Батыс мемлекеттері арасындағы қырғи-қабақ соғысынан осы уақытқа дейін бұрын-соңды кездеспеген жағдай.

Ресей мен Батыс қарым-қатынастарындағы жаңа кезеңді әшкере дұшпандық және Ресей мен Батыстың бір-біріне қарсы әрекеттерінің кезеңі деп атауға болады. Бұл жаңа кезеңде бұрынғыдай екі жақтың жағдайды жақсартуға талпыныс жасап жатқаны туралы хабарлар естілмейді. АҚШ пен Атлант мұхитының арғы жағындағы одақтасы, яғни Британия Мәскеуге деген дұшпандығын әшкере жариялады. Скрипаль 2010-шы жылы АҚШ пен Ресейдің тыңшыларды айырбасту үдерісінде айырбасталғандардың ішінде болып, босаған соң Британиядан баспана алды. Ол одан бұрын Ресейдің барлау қызметкерлерінің бірі болған. Кейін Британия үкіметі үшін тыңшылық  жасағаны үшін 2006-шы жылы Мәскеуде 13 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол ресейлік барлау қызметкерлері туралы  Британияның барлау ұйымы МІ-6-ға мәлімет жинап бергені үшін айыпталды. Лондон «Скрипаль «Новичок» деген газ салдарынан  уланды» деп мәлімдеді. Британиялық мамандар бұл улы заттың қайдан шыққанын дәлелдей алмады. Басқаша айтқанда, Британияның химиялық қаруларды зерттеушілері Скрипальды уландыру үшін пайдаланылған жүйкелік-салдандырушы улы газдың Ресейде шығарылғанын дәлелдей алмады. Бірақ, Ұлыбритания үкіметі Ресейді Скрипаль мен оның қызына қарсы химиялық шабуылды іске асырушы деп атады. Ұлыбританияның Ресейді Скрипальдың химиялық газбен улануына тікелей қатысты деп айыптауы батыстықтардың Мәскеуге қарсы бұрын-соңды байқалмаған, әсіресе спорт пен дипломатия салаларындағы жазалау әрекеттері үшін қажет сылтауға айналды. Ресей Президенті Владимир Путин өз елінің Скрипальдың улануына қатысы жоқ екенін қуаттағанына қарамастан, Еуроодақ басшылары Брюссельдегі отырысында Британияны қолдап, Ресейге қарсы ұстаным білдірді. Олар өздерінің ортақ мәлімдемесінде Лондонды қолдап, Скрипаль мен оның қызын Ресейдің уландыру ықтималы көп деп жариялады.

Ұлыбритания Премьер-министрі Тереза Мэй: «Ресейдің Еуропадағы ғана емес, әлемнің түкпір-түкпіріндегі әрекеттері – қоққан-лоққы. Мен бұл отырыстағы барлық әріптестерімнен  Ресейдің қоқан-лоққыларына қарсы шынайы шешім қабылдауды сұраймын»,- деді. Еуроодақтың сыртқы саясатының жоғары өкілі Федерика Могерини де одақтың Британияны қолдайтынын жариялап: «Ресейдің қоқан-лоққыларына қарсы тұратын ең жақсы жол – Еуроодақ мүшелерінің бірлігі мен біртұтастығы»,- деді. Бұрыннан маңызды қайшылықтарға ие Ресей мен Британия арасындағы қайшылықтар Еуроодақ басшыларының Мәскеуге қарсы біртұтас ұстанымымен Скрипальдің улануы оқиғасымен өте сезімтал кезеңге жетті. Екі елдің қарым-қатынасын бұрынғы қалыпқа келмейтіндей жағдайға жеткізген Британия үкіметі Батыстың Ресейге қарсы ұстанымына жан-жақты қолдау көрсетуін сұрады.

Келесі кезеңде батыстықтар Ресейге қарсы дипломатиялық әрекеттерді қолдануға кірісті. Бұл салада Британия елінен 23 ресейлік дипломатты шығарып, Лондонның еуропалық және батыс серіктестері де ұқсас ұстаным білдіріп, шамамен 30 мемлекет Ресейдің дипломаттарын елдерінен шығарды. Жалпы алғанда әртүрлі елдерден 150-ден астам ресейлік дипломат шығарылды. АҚШ бұл елдегі 60 ресейлікті, соның ішінде БҰҰ-дағы Ресей өкілдігінің 12 қызметкерін шығарды. Британия Премьер-министрі Тереза Мэй бұл оқиғаны «Тарихтағы ең көп ресейлік дипломаттың шығарылуы» деп атады.

Британия Сыртқы істер министрі Борис Джонсонның айтуынша, ресейлік дипломаттарды шығару Батыстың Ресеймен қарым-қатынасындағы маңызды оқиға. Ресейдің Барлау ұйымына бұл жағдайды жақсарту үшін көп жыл қажет болады. Ресейдің  Скрипальдің улануына Мәскеудің қатыстылығы туралы құжат көрсету туралы көптеген өтінішіне қарамастан Британия үкіметі ешбір құжат көрсетпеді. Керісінше үгіт-насихаттық соғыс негіздері бойынша қоғамдық пікірді көндіру үшін Мәскеудің араласушылығы туралы өзінің жасырын мәліметтерін өз одақтастарының ықтиярына тапсырғаны туралы уәж айтты.

Сарапшылар Британия үкіметінің ұстанымы мен әрекеттеріне назар аударып, Ресейдің Скрипальдың улануына қатыстылығына күдіктенуде. Сонымен бірге Лондонның бұл әрекеттерінің мақсаты Мәскеуге қарсы санкцияларды арттыруға жағдай жасау, әсіресе 2018-ші жылы Ресейде өтетін әлемдік футбол чемпионатына санкция салу болды. Британия үкіметі басқа алты мемлекеттің үкіметімен, атап айтқанда әлемдік ойныдарға қатысу үшін ұпай жинаған Польша, Исландия, Дания, Швеция, Австралия және Жапония үкіметтерімен әлемдік  чемпионатқа байкот жариялады. Осылайша, бұл мемлекеттердің үкіметтері Ресейдегі футбол чемпионатының ашылу салтанатына қатыспайды. Ресейдің футбол федерациясы басшысының орынбасары Никита Симонян Британияның өз одақтастарынан әлемдік футбол чемпионатына қатыспауды талап етуіне білдірген реакцияда: «Бұлар – «спорт саясаттан бөлек» деп уәж айтқандар»,- деді. Батыстықтар өз уәждеріне қарамастан, спортты басқа үкіметтерге қарсы саяси және үгіт-насихаттық құрал ретінде пайдалануда.

Мәскеудің көзқарасы бойынша, батыстықтардың ресейлік дипломаттарды шығару шешімдері – Ресейге қысым көрсету және бұл елді халықаралық сахнадан оқшауландыру мақсатын көздеген ұйымдастырылған әрекет. Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мария Захарованың айтуынша, бұл әрекеттің артында Британия мен АҚШ-тың құдыретті адамдары тұр. Оның пікірінше, Еуроодақтың әрекеттерін НАТО басқарады. Тіпті, НАТО ресейлік дипломаттардың шығарылуын талап етті. Ресейлік эксперт Дмитрий Игорченковтың пікіріне сәйкес, Скрипальдың ісі – НАТО-ны кеңейтіп, Ресейге қарсы санкцияларды арттыру үшін сылтау, сондай-ақ, Вашингтон Еуропаны Ресейге қарсы гибридтік соғыстың алғы шебі санайды. Мәскеу Лондонның Ресейдің Скрипальдың  өзі мен қызының улануына қатыстылығы туралы ешбір құжат көрсетпегенін қуаттап отыр. Химиялық ғылым саласының маманы Леонид Ренктің айтуынша, Ресей Скрипальды уландырудан еш пайда көрмейді, әрі  президенттік сайлау мен әлемдік футбол чемпионаты қарсаңында мұндай әрекетке бара алмайды. Brexit мәселесі бойынша Еуроодақпен көптеген пікірталас жүргізіп, бұл салада көп сынға ұшыраған Британия Скрипальдардың улануын зорайтып, Еуроодақ мемлекеттерінің қолдауына ие болу мен бірге АҚШ пен қарым-қатынасын жөндеуге күш салуда.

Келесі кезеңде Ресейдің Батыс мемлекеттерінің шешімдеріне қарсы әрекеттеріне куә болдық. Басында Ресей 23 британиялық дипломатты елінен шығаруымен бірге Мәскеудегі  Британия консулдығының мәдени  орталығының жабылатынын хабарлады. Содан соң Ресей үкіметі Лондонның батыс  серіктеріне қарсы реакция білдіріп, наурыздың 29 күні 60 америкалық дипломатты шығарып, Санкт-Петербургтегі АҚШ консулдығын жапты. Ресей Сыртқы істер министрлігі Мәскеудегі еуропалық елдердің елшілерін шақыртып, наурыздың 30 күні 23 мемлекеттің 59 дипломатын шығаратынын жариялады. Мәскеу өз елі дипломаттарының шығарылуына жауап ретінде еуропалық мемлекеттердің 41 дипломаты мен британиялық 50 дипломатты шығару туралы шешім қабылдады. Еуроодақ мемлекеттерінің Скрипаль мәселесіне қатысты Ресейге деген ұстанымы бірдей болмады. Бұл Одақ мүшелерінің көбі Мәскеуге қарсы ұстанымға ие болғанымен, Кипр, Словакия, Грекия және Австрия Мәскеудегі елшілерін шақыртып, Ресейдің дипломаттарын елдерінен шығармады. Бұл мәселе Еуроодақтағы Ресейге деген ұстанымдардың қайшылығын көрсетеді. Түркия мен Сербия ресейлік дипломаттарды шығаруға қарсылық білдірді. Саяси және дипломатиялық қайшылық Ресей мен Британияның арасында орын  алғанымен АҚШ бұл мәселені өз мүддесіне пайдаланып, Ресейге қарсы қысымдарды күшейтетін құралға айналдырды. Әртүрлі халықаралық мәселелерге қатысты Мәскеу мен Вашингтон арасындағы  қайшылықтардың жалғасуы мен Скрипаль мәселесіне көңіл бөліп, Ресей мен АҚШ арасындағы қарым-қатынастардың жаңа кезеңінің басталуы мен қазіргі жағдайдың жақсаруына қатысты үміт жоқ. Вашингтонның Мәскеуге қарсы дұшпандық әрекеті америкалықтардың ресейліктерді дағдарысқа тіреуді көздейтінін көрсетеді. Ресейлік маман Сергей Роговтың пікірінше, бүгін Ресей мен АҚШ арасында жаңа қырғи-қабақ соғыс орын алуда. АҚШ-тың Ресейге қарсы қысымдары күшейгенімен, Мәскеу бұл қысымдармен қарсыласуымен бірге Вашингтонның әрбір дұшпандығына реакция білдірді. Америкалық дипломаттарды шығарып жіберуі мен Санкт-Петербургтегі консулдығын жабуы Ресейдің АҚШ-тың дұшпандық әрекеттеріне қарсы қатаң жауап қайтаруға қатысты ерік-жігерін білдіреді.

Ресей мен Батыс мемлекеттерінің қазіргі дипломатиялық дағдарысы екі жақтың қарсы әрекеттерімен сезімтал кезеңге жетті. Батыстың Ресейге қарсы әрекеттерді кеңейту саласындағы әрекеттердің көшбасшылығын Британия өз міндетіне алып, Батыс үкіметтерінің басшыларын Ресейге қарсы әрекеттерде үйлестіріп отыр. Батыс Путиннің президенттік сайлаудағы жеңісіне байланысты Мәскеу мен Путинге қарсы саяси қысымдарды арттырмақ. Ресей мен Батыстың Скрипаль мәселесіне қатысты бетпе-бет келуі Шығыс пен Батыстың қайшылықтары мен қақтығыстарының жаңа кезеңге енуін көрсетеді. Болжамдар бойынша қайшылықтар келешекте арта түседі.