Ауғанстанның Жоғары бейбітшілік кеңесі мен оның жетістіктері
Назарларыңызға "Соңғы жиырма жылдағы Ауғанстандағы өзгерістерге шолу" атты бағдарламалардың топтамасын ұсынамыз. Сегіз бөлімнен тұратын бұл топтамамызда Ауғанстанда орын алған өзгерістердің түрлі аспектілерін қарастырамыз. Бірінші бөлімде Ауғанстанның Ұлттық бірлік үкіметі мен Жоғары бейбітшілік кеңесінің қызметіне шолу жасаймыз.
2001 жылы мұджаһедтер Талибан режимін жеңіп, Кабул құлаған соң Германияның Бонн конференциясының шешімдеріне сәйкес Ауғанстанның
Уақытша үкіметі құрылып, Хамед Карзай Уақытша үкіметтің басшысы болып, кейін осы елдің президенті ретінде 2014 жылға дейін елдегі билік тізгінін өз қолында ұстап отырды. Хамед Карзай өзі пушту тайпасынан шыққандықтан, Ауғанстандағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті орнату үшін көп талпыныс жасады. Соның ішіндегі ең маңыздысы Жоғары бейбітшілік кеңесін құру саналады. Бұл кеңес х.ш.ж.с.б 1389 жылы құрамында 69 мүшемен құрылған болды. Ауғанстанның Жоғары бейбітшілік кеңесін құрудағы ең маңызды мақсат Хамед Карзай басқарған Ауғанстан үкіметінің шындап көздеп келген Талибан тобымен байланыс орнатып, ол топты қаруды жайына қойып, бейбіт үдеріске қосылу үшін көндіруге талпыныс жасау болды. Бұл кеңестің ең маңызды ерекшеліктерінен оның мүшелерінің құрамын айтуға болады. Бұл кеңес Ауғанстанның барлық саяси және джиһадтық фракциялары мен басшыларынан құралған. Хамед Карзай осындай мүшелік құрам арқылы оның әрекеттері мен талпыныстарына Талибан тобының сенімі артуы үшін Ауғанстандағы барлық ағымдар мен топтардың, тіпті джиһадтық топтардың бейбітшілік мәселесін қолдайтынын көрсетуге күш салды. Бұған қарамастан кейбір саяси топтар бұл кеңестің ортақ идеясы жоқ деп есептеді.
Ауғанстан істері жөніндегі сарапшы профессор Виктор Пинчук былай дейді: "Бұл кеңес бейбіт келіссөздер үдерісін ілгерілетуде көптеген қиындықтарға тап болып отыр. Себебі, Ауғанстандағы барлық фракциялар оны қолдап отырған жоқ. Тіпті, кейбір топтар бұл елдегі бейбіт үдерісті қолдамай, оны өздері үшін пайдасыз санайды".
Сол себепті Ауғанстандағы барлық саяси және джиһадтық топтар мен фракциялардың арасында үлкен құрметке ие болған бұл елдің көрнекті саяси және джиһадтық тұлғасы Бурһанаддин Раббани Ауғанстанның Жоғары бейбітшілік кеңесінің алғашқы төрағасы ретінде сайланды. Бурханаддин Раббанидың бір лаңкестік әрекет салдарынан шәһид болуына қарамастан, ол Ауғанстанның Жоғары бейбітшілік кеңесінің әртүрлі облыстардағы белсенділігін арттыру арқылы ықпалды қауымдастық ретіндегі оның орнын нығайтты. Себебі, Талибан тобы мүшелерінің басым бөлігі қаруларын тастап, үкімет қатарына қосылды. Осылайша Ауғанстандағы кейбір топтар Жоғары бейбітшілік кеңесінің осы елдің бұрынғы президенті Карзай кезінде бейбітшілік үдерісін ілгерілетуге көмектесуге бағытталған біртұтас әрі стартегиялық бағдарламасы болмаған деп санайды.
Саяси мәселелердің сарапшысы Саддиқ Патман: "Хамед Карзайдың кезінде Ауғанстанның Жоғары бейбітшілік кеңесінің бейбітшілікке бағытталған шынайы бағдарламасы мүлдем болмады. Сондықтан бұл кеңес өз жұмысына шындап кірісіп, біртұтас бағдарлама құруы тиіс еді",- деді.
Бурханаддин Раббанидің шәһид болуынан кейін оның ұлы Салахаддин Раббани Жоғары бейбітшілік кеңесінің төрағасы ретінде сайланды. Бірақ оның Сыртқы істер министрі қызметіне тағайындалуына байланысты ол осы кеңестің бұрынғы басшысының жолын жалғастыра алмады. Бар назарды Пәкістанмен ынтымақтастық жасауға аударту үшін маңызды қадамдар жасап, Исламабадқа делегациялар жіберуіне қарамастан, бұл іс тек Пәкістанмен ынтымақтастық жасау арқылы ғана Ауғанстандағы тұрақты бейбітшілікке қол жеткізуге болатынын көрсетті. Салахаддин Раббаниден кейін Пир Сейіт Ахмад Гилани Жоғары бейбітшілік кеңесінің төрағасы ретінде сайланды. Ауғанстан президенті Мұхаммад Ашраф Ғани осы кеңестің толық қолдауымен оның осы елде бейбітшілік пен қауіпсіздік орнатуға көмектесу мақсатындағы қызметі мен белсенділігін жалғастыруға сенетінін көрсетті. Ол кеңес мүшелерінің санын 50-ге дейін азайтып, мүшелердің көзқарастарын бір-біріне жақындатуға күш салды. Себебі, кейбір талибандық немесе анитұлттық ағымдар да Жоғары бейбітшілік кеңес мүшелерінің арасында болып, олардың бір шешім қабылдауына кедергі жасағаны белгілі болды. "Ауғанстан исламдық бірлік" партиясының жетекшісі Мұхаммад Карим Халили қазіргі таңда Жоғары бейбітшілік кеңесіне төрағалықты мойнына алған. Ол кісі Талибандармен бейбіт келіссөздерді бастау үшін бұл кеңестің ешқандай алғышарттары жоқ екендігін бірнеше рет айтты. Сондықтан Ауғанстанның түрлі органдарының арасында Жоғары бейбітшілік кеңесінің назарын осыған шоғырландыруға тосқауыл болған бейбіт үдеріске қатысты плюрализм бар секілді көрінеді.
Саяси мәселелер жөніндегі сарапшы Сейіт Фазел Санчарки осы мәселеге қатысты: "Үкіметтің қол сұғушылықтары, кейбір мүшелердің Жоғары бейбітшілік кеңесінің жасырын түрдегі сұхбаттары бұл кеңестің маңызды табыстарға жете алмауына себеп болды",- деді.
Бұған қарамастан, Ауғанстан Жоғары бейбітшілік кеңесіне жақын топтар оның осы елде бейбітшілік пен қауіпсіздік орнатуына септігін тигізетін бағдарламасының ілгерілемеуінің ең басты себебін Талибан тобын бейбіт келіссөздер үдерісіне қосылуға ынталандыруымен сыртқы факторлар деп есептелініп отыр. Себебі, Ауғанстанда бейбітшілікті орнату үшін барлық фракциялар мен тайпалар арасында ортақ пікір пен көзқарас болуы тиіс. Ауғанстан Ұлттық бірлік үкіметінің Атқарушы кеңесінің басшысы Абдулла Абдулла да бірнеше мәрте талибандардың бейбітшілік үдерісіне қосылуын сұраған еді. Себебі, қазір Ауғанстан халқының ең басты қалауы бұл елде бейбітшілік орнату, соғыс пен қантөгістің аяқталуы саналады. Алайда, Ауғанстандағы осы мақсаттардың жүзеге асуына шетелдік топтар кедергі болып отыр.
Саяси мәселелер жөніндегі сарапшы Мұхаммад Исмаил Ғасемияр: "Қарулы оппозиялық топтың жетекшілігі Ауғанстаннан тыс жерде орналасқан. Сондықтан олармен байланыс орната алмаймыз. Бейбітшілікке жақындаған сәтте бейбітшілікті жақтаған тараптар не террорға ұшырап, не абақтыға қамалады немесе қиындықтарға душар болады",- деді.
Қайткен күнде де соңғы он жылдың ішінде Ауғанстанның Жоғары бейбітшілік кеңесінің талибандардың назарын аудартып, халықтың бейбітшілікті орнатуда күткен үміттерін ақтай алмағанына қарамастан, оның өз белсенділігін жалғастыруы Ауғанстаннның Ұлттық бірлік үкіметінің талибандармен арада бейбітшілік орнатып, келіссөз жүргізетіндігіне сенетінін көрсетті. Жоғары бейбітшілік кеңесі мүшелерінің арасында барлық фракциялар мен тайпалар өкілдерінің болуы Ауғанстан халқының қалауы талибандармен бейбітшілік орнату екенін дәлелдеп отыр. Бұл топ та халықтың жағдайы мен қалауын түсіне отырып, елде бейбітшілік орнату жолында қадам жасауы тиіс. Сол себепті, Ауғанстанның бұрынғы президенті Хамед Карзай әрдайым талибандардан сыртқы топтардың қолындағы Ауғанстандағы өз бауырларын өлтіретін қаруына айналмауын сұрап келген болатын.
Хамед Карзайдың пікірінше, АҚШ Ауғанстанда тек өзінің ғана мақсаттары мен мүдделерін көздеп, бұл мемлекеттің халқына ешқандай мән бермейді. Сондықтан талибандардың АҚШ-пен сұхбаттасуға ықыласы тек бұл топтың Ауғанстан халқы алындағы беделіне нұқсан келтіріп қана қоймай, сондай-ақ талибандардың өздерін ұлттық топ деп таныстырған соңғы уәжіне сенбейтінін және "АҚШ-пен күрес" атты Талибан тобы ұранының жай ғана уәж екенін көрсетті.