Имам Хусейн (ғ.с.) – Ислам жолындағы батылдық пен жанкештіліктің көрінісі
(last modified Thu, 19 Apr 2018 19:03:02 GMT )
Сәу 20, 2018 01:03 Asia/Almaty
  • Имам Хусейн (ғ.с.) – Ислам жолындағы батылдық пен жанкештіліктің көрінісі

Бүгін Исламның ұлық пайғамбарының жақтастары әлемнің әртүрлі елдерінде Алла елшісінің немересі имам Хусейн (ғ.с.)-ның туған күнінің жылдығын тойлауда. Олар имамның өмір сүру, ойлану тәсілі мен көтерілісінен мәңгілік сабақ үйренді. Имам Хусейн (ғ.с.)-ның өмірі білім мен адамгершілікке толы.

Хиджраттың төртінші жылының шағбан айының үшінші жұлдызында имам Әли (ғ.с.) мен хазірет Фатима (ғ.с.)-ның үйі нұрға бөленіп, Алла елшісінің жүрегі ерекше көңіл-күйге ие болды. Бұл сәби имам Хусейн (ғ.с.) еді. Хазірет дүниеге атасы – Алла елшісі бастаған жолды жалғастыру үшін келді. Қасиетті хадистердің бірінде Алла Тағаланың имам Хусейн (ғ.с.) дүниеге келген кезде елшісіне: «Мені рақымым мен салауатыма ие сәбидің дүниеге келуі - мүбәрәк. Сіз бен әлемнің бүкіл мұсылмандары үшін – мүбәрәк. Имам Хусейн (ғ.с.) дүниеге келген және өзімен азаттық, махаббат пен жанкештілік әкелген күн – мүбәрәк!»- деді.

 

Әр адамның білімі оның кемелдігі мен ахлақи сипаттарына байланысты. Адамдардың физикалық және басқа тұрғылардан айырмашылығы жақсы байқалғанымен, солардың ішіндегі ең маңыздысы білім мен жақсы ахлақ саналады. Имам Хусейн (ғ.с.) – барлық тұрғыдан адамзат тарихындағы теңдессіз тұлға.  Имам Хусейн (ғ.с.) – адамзат тарихындағы үлгі тұтарлық тұлғалардың бірі. Теңдессіз жакештілік, табандылық пен шындықты талап ету, Аллаға тәуекел ету, ойлану күші мен ержүректігі, Кербала оқиғасындағы батылдығы имам Хусейн (ғ.с.) болмысының бір бөлімін көрсетті. Оның болмысының көрінісі адамдарды қызықтырды. Тарихта есімдері қалған адамдар аз емес. Олардың әрқайсы белгілі бір тұрғылар бойынша теңдессіз болды: бірі батылдығы, екіншісі жомарттығы, басқасы сопылығы, кейбіреулер жанкештілігі тұрғыларынан танымал еді. Алайда имам Хусейн (ғ.с.)-ның айбынды  тек өзіне ғана лайық болды. Бани Умайенің имам Хусейн (ғ.с.) шәһид болғаннан кейін алпыс жыл бойы имам Хусейн мен хазіреттің әкесі имам Әли (ғ.с.)-ға лағынет айтқанын ұмытуға болмайды. Бірақ олар кемшілік іздеп, хазіреттің иманына қарсы еш нәрсе таба алмай, сөздерін тоқтатты. Ливандық әдебиетші, фикх ғалымы шейх Абдолла Алели тарихи және әйгілі тұлға имам Хусейн (ғ.с.) туралы: «Имам Хусейн (ғ.с.) туралы мәліметтер мен тарихтан хазіреттің атасының жолын жалғастырғанын түсінеміз. Имамның үнсіздігі, ойлануы, ой-пікірі мен амалы илаһи  болды. Ол жиһад кезінде қолына қылыш ұстап,  жанкештілігін көрсетті»,- деген болатын.

 

Иман – барлық діни тұлғалардың ілгерілеуі үшін өте маңызды фактор. Өз мақсаттарына иман келтірген басшы алға басып, осалдық көрсетпейді. Қолда бар иманынан күш алады. «Инфал» сүресінің 2-ші аятында: «Сөзсіз мүміндер; Алла еске алынса, жүректері қобалжиды да оларға Алланың аяттары оқылса, сенімдері артылып, Раббыларына тәуекел қылады»,- деп айтылған. Алла елшісі күпірлікті жеңген және жеңілген кезде де өзінің мықты иманымен мақсаттарына жету үшін бағдарламаларын ілгерлетті. Имам Хусейн (ғ.с.) да мақсаты мен көтерілісіне атасы сияқты сенімді болды. Имам  Бани Умайенің қастықтарымен күресіп, Язидке бият етпеуді ислам мен мұсылмандар құтқарылатын жалғыз жол санады. Сол себепті Язидтің билігіне қарсылық білдірді. Имам Хусейн (ғ.с.) атасы мен әкесінен  тек иман сабағын ғана үйренбеді, ол дүниенің қиындықтарына төзіп, илаһи мистиканың биік толқынына жетіп, биік таулар сынды мықты болды. Хазірет Алланы танып, мистиканың жоғары деңгейіне жетіп, қиындықтарға толы оқиғаларды да көркем санайтын. Айта кететін жайт, хазіреттің қарындасы хазірет Зейнап та мұндай оқиғалардан тек әдемілік көретін. Куфе басшысы Абдолла бен Зияд одан: «Алланың ағаңа не істегенің көрдің бе?»- деп сұрағанда: «Мен әдеміліктен басқа еш нәрсе көрмедім»,- деп жауап береді. Әйгілі тұлғалардың пікірінше, Кербала оқиғасы Бани Умайе әскерінің сұм әрекеттері болғанымен, имамның айбыны мен қиындықтардың алдындағы сабырын көрсетті. Бұл өте әдемі көрініс болды.

Батылдық – адамгершілік қасиеттердің бірі. Адамдары рухани және ахлақи батылдықтан ада халық бөгделердің үстемдігін оңай қабылдайды. Негізінде бір елдің ғиззаты мен беделі халқының батылдығына қатысты. Сүнниттердің әдетиетшісі Ибн Аби әл-Хадид имам Хусейн (ғ.с.)-ның батылдығы туралы: «Батылдық тұрғысынан имам Хусейнге тең адам жоқ. Кербала майданында оған шабуыл жасаған кезде ол бауырлары мен жақындары және серіктерінен бөлінбеді, бірақ аттың үстіндегілерді арыстандай құлатты. Қорлыққа көнбей, шәһид болған адам туралы не айтуға болады»,- деді. Өз-өзіне сенімді болу – табысты адамдардың көрнекті қасиеттерінің бірі. Илаһи басшылардың барлығы бұл ерекшеліктің жоғары деңгейіне жеткен болатын. Ашура көтерілісінің іргетасын қалаушы имам Хусейн (ғ.с.) бұл қасиеттің жоғары деңгейіне ие болды. Имам өз мақсатынан кейін шегінбеді. Имам Хусейн (ғ.с.) Ашура күні өлімге жақындаған кезде Умар бен Саадтың әскеріне қарсы тұрып, былай деді: «Алламен  ант етемін. Оларға қорлауға рұқсат етпеймін және құлдар сынды қашпаймын». Имам Хусейн (ғ.с.) мақсаты мен иманына табанды болғандықтан  еш нәрсе оны қалауына жетуден бас тартқыза алмады. Имам Хусейннің (ғ.с.) жомарттығы мен кешірімділігі әрдайым халықтың ауызында болды. Ғалымдардың көбі бұл қасиеттер тұрғысынан ешбір адам имам Хасан (ғ.с.) мен имам Хусейнге (ғ.с.) жетпейді деп санады. Рауаяттардың бірінде: «Күндердің бірінде имам Хусейн (ғ.с.) үйде намаз оқып отырған кезде бір кедей адам Мединеге келіп, имам Хусейн (ғ.с.)-ның үйіне барып, есігін қағып: «Бүгін өзіңе үміт артқан адам үйіне келгенде үмітсіз қалмайды. Сен жомартсың, әкең бұзақыларға қарсы күресті»,- дейді. Имам Хусейн (ғ.с.) намазын қысқартып оқып, қызметшісін шақырып: «Біздің күнделікті жұмсайтын ақшамыздан қолыңда қанша қалды?» деп сұрайды. Қызметші: «Жақындарыңызға бөліп бер деген 200 дирхам қалды»,- деп жауап береді. Имам: «Соларды әкел. Соларды қажет ететін адам келді»,- дейді. Қызметшісі кетіп, ақшаны әкелгенде имам бұл ақшаны кедей адамға беруді бұйырып: «Бұл ақшаны менен ал. Мен кешірім сұраймын. Сені жақсы көретінімді біл. Болғанда көбірек беретін едік, қазір қолымыз бос»,- деді. Келген адам ақшаны алып, жылайды. Хазірет:  «Біздің сыйымызды азсындың ба?»,- деп сұрағанда ер адам: «Жоқ, мен бұл жомарт қолдың жердің астына түсетіндігіне жылап отырмын»,- деді»,- деп айтылған.

Әлемнің барша мұсылмандарын Исламның ұлық пайғамбарының немересі имам Хусейн (ғ.с.)-ның туған күнінің жылдығымен құттықтаймыз!