Сауд Арабиясы мен оның жақтастарының Ауғанстан мен аймақта дағдарыс тудыру жолындағы талпыныстары
(last modified Sat, 28 Apr 2018 12:45:00 GMT )
Сәу 28, 2018 18:45 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясы мен оның жақтастарының Ауғанстан мен аймақта дағдарыс тудыру  жолындағы талпыныстары

Соңғы уақытта Ауғанстанның жоғары лауазымды қайраткерлері мен партия мүшелері ИИР туралы ұстанымдарында бұрыс жолды ұстанып, Гильменд өзенінің суына көңіл аударып, ойландыратын сөздер айтуда.

Мұндай пікір бәрінен бұрын Ауғанстандағы өзгерістерді аймақтық қарым-қатынастар мен ынтымақтастықтарды бұзуға итермелейтін экстремистік және дағдарыс тудыратын көзқарастардан алынды деген ой туады. Сондай-ақ, олар Ауғанстанды нақты, айқын перспективаларынан бұрмалап, жаңа, белгісіз жағдайға итермелейді. Ауғанстан басшыларының мұндай пікірлері бұл елдің кейбір саяси топтарының, әсіресе Гүлбадин Хикматиярдың ислам партиясы мен оның жеке басының Сауд Арабиясын Ауғанстандағы бейбітшілік үдерісіне рөл атқаруға көндіру талпыныстарымен байланысты. Америкалық «Уолл Стрит жорнал» газетінің жазуынша, Сауд Арабиясы үкіметі Ауғанстандағы бейбітшілік келіссөздерінің қайтадан басталуына көмектесуге келіскен. АҚШ-тың Сыртқы қарым-қатынастар кеңесінің институты да бұл мәселеге  назар аударып, оны Сауд Арабиясының аймақ пен халықаралық мәселелерге, соның ішінде Ауғанстанға белсенді араласуы саласындағы Иранмен бәсекелестігі деп атады. Бұл тақырып Хикматияр мен Ауғанстанның кейбір үкіметтік және саяси басшыларының Сауд Арабиясы сапарымен байланыстырылады. Францияның Халықаралық стратегиялық зерттеулер орталығының қызметкері Карим Пакзад: «Хикматияр Сауд Арабиясына Ауғанстанға оралуы үшін борыштар. Осыған орай ол әшкере түрде Иранға қарсы ұстаным білдіріп, Сауд Арабиясының Йемендегі қылмыстарын қолдауда. Хикаматиярдың Кабулда болуы мен үкіметке ықпал етуі әсіресе президент сарайы үшін қатерлі. Ол Сауд Арабиясының ықпалын арттыруға талпыныс жасап, елді тынышсыздық пен дағдарысқа қарай итермелейді. Бұл Ауғанстанның ұлттық мүддесіне сай келмейді»,- деді.

Сауд Арабиясының ислам әлемінің өзгерістеріне қатысты ұстанымы мен Йеменге қарсы соғысы Ирак пен Сириядағы ДАИШ лаңкестік тобын қолдауымен барша үшін толығымен әшкере болды. Ауғанстандағы саяси мәселелер бойынша эксперт Джавид Куһестани: «Сауд Арабиясының ДАИШ лаңкестік тобының құрылуына қатысты болуы және әртүрлі аймақтарда, соның ішінде Ауғанстанда мазхабаралық соғыс ашуды көздегені туралы құжаттар бар»,- деді. Сауд Арабиясы Ауғанстандағы Талибан тобын лаңкестік топ деп таныстырып, іс жүзінде Ауғанстан үкіметі мен Талибан арасында арағайындық жасау мүмкіндігін жойды. Сондықтан Сауд Арабиясының Ауғанстандағы бейбітшілік үдерісіне қатысуы үшін бірнеше жайтқа назар аударуы қажет: біріншіден, Ауғанстан қоғамында сәтсіздікке ұшыраған адам саналатын Хикматияр сындылар Сауд Арабиясының алдында Ауғанстанның бейбітшілік үдерісіне қатысуға жол ашып, Сауд басшыларының қаржылай көмектеріне ие болғысы келеді. Ауғанстан халқы мен саяси ағымдарының қолдауынан кенде Хикматияр Мұхаммад Ашрафты бұл елдегі өз саясатының жалғыз қолдаушысы санап, Сауд Арабиясының лаңкес тақ мұрагері бен Салманды  сенім артатын басшы ретінде көрсетіп, Талибан мен ДАИШ лаңкестік тобы саудиялықтарға қызмет етіп, Ауғанстан мен көршілес елдер арасындағы шекараларының қауіпсіздігін Бен Салманның талаптарымен қатерге тіреуді көздеуде. Сауд басшылары да Хикматиярдың өз басшыларына бағынбайтынын және әрқашан өзінің саяси көзқарастарын алға ілгерілетуге талпынғаны туралы біледі. Бен Салманның Иранмен бәсекелесуі Хикматияр мен Ауғанстанның басқа саяси басшыларының пікірінше бұл елдің қоғамындағы өз жағдайын нығайтуға жақсы мұрсат тудырды. Осыған орай өткен айларда ИИР-на қарсы ұстанымдар айтылып, Гильменд өзенінің суын Иранға қарай ағуын тоқтату мен шиіттерге қарсы сөздер көбейді.

Сауд Арабиясының әртүрлі елдердегі рөлі әрқашан дағдарыс тудырушы болды. Ауғанстан халқы күнделікті Сауд әулетнің Йемен, Сирия мен Ирактағы қылмыстарының куәсі болуда. Осыған орай Сауд басшыларының Ауғанстандағы араласушылығы экстремизм мен лаңкестікті нығайтудан басқа нәтижеге жетпейді. АҚШ Президенті Дональд Трамп Сауд Арабиясы мен қауіпсіздік саласында ынтымақтастық жасайтын басқа елдерден ақша алып, Сауд Арабиясының Ауғанстандағы араласуын қолдайды. Осыған орай Сауд Арабиясының Ауғанстанның қауіпсіздік өзгерістеріне араласуы жыл сайын Ауғанстанда миллиардтаған доллар жұмсайтыны туралы уәж айтатын АҚШ-ның мүддесіне болады. 

Сауд Арабиясының Ауғанстанның бейбітшілік үдерісіне әсер ететін күші бар ма, әлде жоқ па? Сарапшылар бұл сұраққа теріс жауап береді. Олардың пікірінше, бұл мемлекет  Ауғанстандағы кейбір мешіттерге, әскери жасақтар мен діни орталықтарға  әсер еткенімен, Сауд Арабиясы бұл елдің өзгерістеріне терең әсер ете алмайды. Сауд Арабиясы үкіметінің ең маңызды осалдығы бұл елдегі өзгерістерді түсінбеуі болды. Яғни, Сауд Арабиясы жалғыз өзі Ауғанстандағы өзгерістерге маңызды әсер ете алмайды. Ауғанстағы саяси мәселелер эксперті Ахмад Саиди: «Сауд Арабиясы Ауғанстандағы бейбітшілік үдерісіне қатысуға жарамайды,  өйткені, талибандарға әсер ете алмайды» дейді. Сауд Арабиясы бұл елде Мекке мен Медине қалаларының орналасуы мен көптеген ақшаның құйылуын пайдаланып, рухани және материалдық тұрғылардан әртүрлі өзгерістерге әсер етуге талпынуда. Бірақ, еш уақытта Сауд Арабиясының Ауғанстандағы рөлі соншылқты әсерлі болған жоқ. Сондықтан, Сауд Арабиясы мен шақырушылар Сауд басшыларының Ауғанстан өзгерістеріне араласуынан өз мақсаттарын көздейді. Олардың ең маңыздысы талибандармен қарым-қатынас орнатуға талпыну. Негізінде, Сауд Арабиясы Талибан тобын «лаңкестік топ» деп жариялап, олармен келіссөздер өткізіп, келісімге келу мүмкіндігін жойды. Сауд Арабиясының келесі маңызды мақсаттары мен бағдарламаларына Ауғанстанның өзгеріс үдерісіндегі Қатарды оқшауландыруы жатады. Өйткені, Талибанның саяси штабы Қатардың Дохасында орналасқан. Бұл мәселе Қатар үшін үлкен ұпай саналады. Ал Сауд Арабиясы үкіметі үшін Қатардың әсерін қабылдау өте қиын. Сауд Арабиясының Ауғанстандағы «бейбітшілік жобасына» көмектесуге шақырушылары   экстремистер мен зорлық-зомбылық жасаушылар. Сауд Арабиясының Ауғанстанда бейбітшілік орнатуға қатысуы ваххабизмнің қаржылай және идеологиялық қолдауымен экстремизм мен терроризмді нығайтады.