Моттахари – үлкен ұстаз
(last modified Tue, 01 May 2018 10:34:23 GMT )
Maм 01, 2018 16:34 Asia/Almaty
  • Моттахари – үлкен ұстаз

Ордибехешт айының 12-ші жұлдызы – үлкен ойшыл, ұстаз Мұртаза Моттахаридің шәһид болған күнінің жылдығы. Бұл күн Иранда "Мұғалім күні" деп аталды.

Ордибехешт айының он екінші жұлдызы ирандықтар үшін қайғылы күн. Үлкен ұстаз шәһид болған күннің құрметіне орай бұл күн Иранда "Мұғалім күні" аталғандықтан мектептер мен жоғары оқу орындары ерекше көңіл-күйге бөленіп, мұғалімнің дәрежесін құрметтеп, марапаттау шаралары өткізеді. Алты жастағы бастауыш мектеп оқушыларынан бастап, тіпті жасы ұлғайған бұрынғы шәкірт-студенттер өз мұғалімдері мен ұстаздарына гүл шоқтары мен  басқа да сый-сыяпаттар жасайды. Исламдық мәдениетте мұғалім «пайғамбарлардың мамандығы» деп танымал болғандықтан мұғалім ерекше орынға ие. Хазірет Әли (ғ.с.): "Әкең мен мұғаліміңді құрметтеп, тіпті басшы болсаң да, орныңнан тұр",- деген. Иранда бұл күннің "Мұғалім күні" деп аталуы қызық оқиға. Осыдан шамамен 40 жыл бұрын осы күні Иранның танымал мұғалімдерінің бірі, ұстаз Мұртаза Моттахари лаңкестік топ мүшелерінің бірінің оғынан шәһид болды. Шәһид Моттахари сыныбы бүкіл Иранға жайылған, сабақтары Исламның ұлық пайғамбары мен хазірет әулетінің тағылымдарынан үлгі алған мұғалім болды. Оны нысанаға алғандар ұстаздың ағартушылық ой-пікірін көре алмады.

Ұстаз Мұртаза Моттахари

Шиіттер әлемі имам Мәһди (ғ.с.)-ның жасырын кезеңі басталғаннан бері пәк имамдарының көрінбеуінің қиындықтарымен кезікті. Бірақ, еш уақытта артта қалмай, алға ілгерілеп, Исламның ұлық пайғамбарының ұрпағынан шыққан соңғы пәк имамның әлемдік үкіметінің кезіне дайындады. Бұл – махдавият идеологиясы. Жердегі орынбасары ғайып кезде Алла Тағала пенделерінің даму жолын жаппай, мүміндерге Исламның ұлық пайғамбары мен хазіреттің пәк әулетінің рауаяттары арқылы дұрыс жолды көрсетті. Мұндай жолдардың бірі жасырын кезеңдегі діни ғұламалардың мәрджиаты саналады. Мұндай жағдайда ұстаз Моттахари сынды ғалымдардың рөлі өте маңызды. Шәһид Моттахари өзінің бүкіл өмірін Исламның пәк ой-пікірін үйретуге арнап, осы жолда қажымас еңбек етті.

Аятолла Мұртаза Моттахари Ислам тарихындағы әйгілі тұлғалардың әрі исламтанушы ғалымдардың бірі саналады. Ол өзінің көп талпынысымен әртүрлі исламдық ғылымдарды меңгеріп, философия, фикх және усул ғылымдары бойынша иджтихат деңгейіне жетті. Ұстаз Моттахари ғұлама Табатабаи және имам Хомейнидің шәкірттерінің бірі және ислам тағылымдарын сараптау саласындағы ең танымал ирандық заманауи діни қызметкерлердің бірі саналды. Моттахари исламдық философия мен калам ғылымдарының ұстазы болып, осы салада еңбектерін қалдырды. Ислам революциясына дейін ұстаз Моттахаридің Ирандағы марксистік ағымдарға қарсы идеологиялық күресі жастардың ой-пікіріне маңызды әсерін тигізді. Ислам мен шиіттердің тағылымдарын замануаиландыру Моттахаридің белсенділігінің ерекшеліктеріне жатады. Ұстаз бұрын күрделі түрде баяндалған исламдық тағылымдарды өзінің ерекше тәсіліне түсіріп, оқырмандарына оңай қарапайым тілмен жеткізді. Оның әртүрлі діни тақырыптарда жазылған кітаптары сан рет әртүрлі тілдерге аудырылып, жарыққа шықты. Моттахари Иранның ислам революциясының идеологиялық басшыларының бірі болып табылады. Иран Ислам революциясының жетекшісі  шәһид Моттахари туралы: "Моттахари шиіттердің тағылымдары мен ой-пікірлерін тарату үшін көп талпыныс жасап, көптеген еңбек жазды. Ол кейде Иран шиіттерінің діни кеңістігінде таралған сенімдерге сай келмейтін, кейбір сүннит ғұламалар да қабылдамаған өзінің ерекше көзқарастарын баяндады. Бұл өте маңызды болды",- деді.  

Ұстаз Моттахаридың ең айқын ерекшеліктерінің бірі сұрақтарды қолдауы болды. Ұстаздың пікірінше, Ислам – ақылға сүйенген және өз тағылымдары үшін дәлелдерге ие дін. Сондықтан сұрақ қойып, зерттеу жүргізу оған зиян келтірмейді, керісінше оған деген сүйіспеншілікті арттырады. Ол: "Сұрақ қою мен зерттеу дінді жабысқан надандықтың шаң-тозаңы мен  бұрмаланушылықтардан тазартып, оның көркем жүзін көрсетеді. Діни мәселелер туралы сұрақтардан қорқып, оларды қатерлі санаған діни қызметкерлерге қайшы ұстаз Моттахари исламдық ой-пікірдің күштілігіне сеніп, әртүрлі мәселлерге қатысты сұрақтарды қолдап, оларға қарапайым тілмен жауап беретін. Сондай-ақ, сол тақырыпта сөз сөйлеп, кітаптар жазып, басқа ғұламаларды да еңбектерін жазып, сұрақтарға жауап беруге шақыратын. Ұстаз әрқашан қоғамның мәдени ағымдарына қатысып, дін мен мазхабқа қатысты сұрақтарға көп мән беретін. Ол еңбектерді оқып, мәдени топтардың мақсаттарын түсінетін. Егер күдік-күмәндарды байқаса, жауапсыз қалдырмайтын. Ұстаз "Біз жас буын үшін жеткілікті кітап жазбадық, егер оларды діннің мөлдір бұлағымен таныстырсақ, еш уақытта лас суларға жақындамайтын еді" деген болатын.  Ұстаз Моттахари Батыс пен Шығыстан енгізілген қате ой-пікірлерге қарсы тұрып, кейбір діни қызметкерлердің ырымшылдықтарынан туындаған бұрмалаушылықтарға қарсы тұрды. Ол дінді бұрмаланушылықтардан сақтау жолында басқалардың  көңіліне қарамай, тек Алланың ризалығы туралы ойлады. Ұстаз Моттахаридің мұндай ұстанымы оның тіпті діни қоғамның ішінен тіл тигізушіліктермен кезігуіне себеп болды, бірақ олардың ешбіреуі бұл ұстаздың шиіттердің  кеңістігін қорғауынан бас тартуына себеп болмады. Ұстаз Моттахаридің таза ниеті мен қажымас талпынысы бұл ойшылдың барлық еңбектерінің, тіпті шәһид болғанынан бері 40 жыл өткен кезде де жастардың қызуғшылықтарына себеп  болды. Ұстаз Моттахари хиджри шамсидің 1325-ші жылдан философия, қоғам, ахлақ, фикх және тарих салаларындаңы әртүрлі еңбектерін жазуды бастады. Ол кісінің 70-тен астам еңбегі жарық көрді. Кейбір кітаптары ұстаздың көзі тірісінде,  кейбіреуі дүниеден озғаннан кейін басылып шықты. Ұстаздың сұхбаттары мен сабақтары әртүрлі журналдарда жарық көрді. 

Иран Ислам революциясының көсемі имам Хомейни ұстаз Моттахари шәһид болғаннан кейін ол шәһидтің имамның алдында жоғары орынға ие екенін көрсеткен мәлімдеме жариялады: "Мен бұл ардақты тұлға туралы сезімім мен көңіл-күйімді білдіре алмаймын. Ол Ислам мен ғылым үшін үлкен қызмет етті. Қылмыскерлердің исламдық және ғылыми орталарды бұл тұлғадан айырғаны өте өкінішті... Моттахари мен үшін сүйікті перзент, діни-ғылыми орталар үшін мықты тірек, халық пен ел мүддесі үшін пайдалы қызметкер болды. Ол өзінің қысқа өмірінде ұждандарды оятатын, шиіттер мектебіне деген махаббатқа толы рухын мәңгілік есте қалдырды".