Діни жетекшінің мұғалімнің жоғары орыны туралы баяндамасы
(last modified Sat, 19 May 2018 11:29:38 GMT )
Maм 19, 2018 17:29 Asia/Almaty

"Ислам революциясы орын алып, Ислам республикасы жүйесі орнатылып, олардың Ираннан қолдары кесілді. Сол себепті олар Ислам революциясы мен Ислам республикасы жүйесін жойғысы келеді".

Мұғалім келешек буынды тәрбиелеуші ретінде әрқашан қоғамда маңызды әрі әсерлі рөл атқарады. Осыған орай Иранның әйгілі ойшылы, аятолла Моттахаридің шәһид болған күнінің жылдығы ордибехешт айының он екісі – мамыр айының екісі «Мұғалім күні» аталып, мұғалімдер марапатталады. Жыл сайын мұғалімдерді құрметтеу аптасында Ислам революциясының жетекшісі  аятолла Хаменеи мұғалімдердің бір тобының алдында сөз сөйлеп, олардың жоғары беделін мадақтайды. Алайда аятолла Хаменеи мұғалімдермен кездесіп, оларға алғыс айту үшін биыл Педагогика университетіне барып, мәдени және саяси салаларда маңызды да сындарлы сұхбат жүргізді.

Аятолла Хаменеи мәдениет саласындағы қызметкерлермен кездесті

Ислам революциясының жетекшісі  сөзінің бірінші бөлімінде имам Хомейнидің «Мұғалім – пайғамбарлардың мамандығы» деген сөзін еске салып: «Сіздер адамзат тарихының ең жақсы адамдары ретінде өткен және белгілі мақсаттарға жол нұсқау үшін жіберілген тұлғалардың, яғни пайғамбарлардың жолында келе жатырсыздар»,- деді.

Аятолла Хаменеи тәлім-тәрбиенің елдің алға ілгерілеуі мен бақытқа жетудегі рөлін қуаттап, елдің әртүрлі органдары мен басшыларын халыққа мұғалімнің жоғары беделін көрсетуге талпыныс жасауға шақырды. Аятолла Хаменеи балалар мен жасөспірімдерді дұрыс жолға нұсқап, өздері мен қоғамның дамуы  үшін білім алу кезеңін маңызды деп атап: «Білім беріп, тәрбиелейтін органдар басқа ешбір орган ие болмайтын мұрсатқа ие. Бұл мұрсат – біздің балаларымыз бен жасөспірімдеріміздің 12 жыл бойы мектепте өткізетін мұрсаты. Бұл – құндылықтарды, революция мен халықтардың армандарын дұрыс жеткізетін мұрсат. Бұл балалардың бойында ұлттық болмыс  қалыптастырады. Бұл келешек адамдар үшін теңдессіз мұрсат. Ол білім беру органдарының ықтиярында»,- деді.

Ислам революциясының жетекшісі бір мұғалімнің оқушының болмысында қалыптастыратын кейбір ерекшеліктері туралы: «Оқушылар мектепте сіздерден, мұғалімдерден тәрбие алады. Сондықтан бұл жауапкершілікті түсіну керек. Олар азаттық туралы ойланатын, ерік-жігерлері жоғары, батыл, жанкешті, пәк, иманды болып  тәрибиеленеді»,- деді. Аятолла Хаменеи оқушылардың ұлттық болмысының қалыптасуын қуаттап: «Оқушыларымыз ұлттық болмысты сезіп тәрбиеленуі керек. Жас бала болмысын сезсе, бұрмаланушылық, қиянат пен жалқаулықтан тартынады. Адам болмысын сезбесе, басқалар оны қалаған жағына қарай бұрмалай алады»,- деді.

Балалар мен жасөспірімдердің ұлттық болмысын қалыпастыру үшін бірнеше үлгінің болуы өте маңызды. Ислам революциясының жетекшісі  халықтың ғиззатын қорғау үшін  дұшпандарға қарсы тұрып, шәһид болған революцияның бірнеше шәһид тұлғасын оқушыларға үлгі ретінде таныстырды.

Тәлім-тәрбие  саласында «әділет» пен «пайдалы білім беру» сынды екі ерекшелікке көңіл бөлу аятолла Хаменеидің мұғалімдердің алдында қуаттаған тақырыптардың бірі болды: «Үйрететін білім пайдалы болуы керек. Жастар сол білімді өз өмірлері мен қоғамның тұрмысын жақсарту үшін пайдалана алуы керек.

Пайдалы білім деген – осы. Пайдалы білім деп мақсаттарымызды жақындататын, өзімізді дамытып, қабілеттерімізді пайдалануға мүмкіндік беретін, рухымызды көтеріп, ілгерілететін білім саналады»,- деп баса айтты. Аятолла Хаменеи тәлім-тәрбие кезіндегі әділет талап ету қасиетін тәрбиелеу туралы: «Елдің тәлім-тәрбиесі әділетке қарай бейімделуі керек. Яғни,  білім мен тәрбие беретін орталықтарымыз әділет талап етуші адамдарды тәрбиелеуі қажет. Өйткені, әділет – адамзат тарихының басынан осы уақытқа дейін әрқашан адамдарды біріктерген жоғары құндылық»,- деді. Пайдалы білім алып, қоғамда әділет орнатқысы келгендердің қоғам үшін пайдасы өте көп болады.

 

Ислам революциясының жетекшісі сөзінің келесі бөлімінде Иранның ядролық энергияны бейбіт түрде пайдалану тақырыбына тоқталып, Иранның мұнай мен газ қорларына сілтеме жасап, ядролық энергияны қажет емес деп санайтын үкіметтер мен адамдарға: «Ядролық мәселе – елдің қажеттілігі. Мен бұл туралы сан рет айтқан болатынмын. Біз бірнеше жылдан кейін 20 000 мегаватт ядролық қуатты қажет ететін боламыз. Бұл – елдің мамандары есебінің нәтижесі. Келешекте оны қажет еткен кезде қайдан аламыз? «Сендер бүгін мұнайға иесіңдер» деп айтылуда. Дұрыс, бірақ мұнай таусылмайтын қор емес. Ядролық энергияға қатысты жұмыстарды мұнай таусылған кезде бастайық па? Келешек ұрпақ «Недіктен дер кезінде бастамадыңдар» деп бізге лағынет айтатын болады»,-деді. Алайда діни жетекші Батыстың Иранның ядролық энергияны бейбіт жолда қолдануына кедергі жасауының себебін басқа мәселе деп атап: «АҚШ-тың сылтау іздеп, бізге қарсы санкция салып, дұшпандық білдіруі ядролық энергияға қатысты  емес. Бұл бар болғаны сылтау ғана. Егер энергия тақырыбынан бас тартсақ, басқа сылтау тауып, дұшпандылықтарын жалғастырады. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасында біз ядролық энергия мәселесін қабылдадық, бірақ дұшпандық  аяқталмады. Енді бізді Таяу Шығыс аймағының істеріне араласуда деп айыптап, зымыран мәселесін көтеруде. Егер ертең «Енді пәлен қашықтыққа жететін зымырандарды шығармайтын болдық» деп жарияласақ, бұл тақырып жабылады. Бірақ басқа мәселе табылады. Олардың ерегесі Ислам республикасының жүйесіне байланысты. АҚШ үкіметі мен америкалық жүйе Ислам республикасы жүйесінің құрылысына дұшпандық білдіріп, оны құлатқысы келді. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы мен басқа сөздердің барлығы – сылтау»,- деді.

Батыстың, әсіресе АҚШ-тың Ислам республикасына дұшпандық білдіруінің себебі неде? Ислам революциясының жетекшісі  бұл сұраққа былай деп жауап берді: «Ислам респуликасы жүйесіне қарсылық білдірудің себебі бұл жүйенің құрылып, елдегі америкалық билеп-төстеушілікті тоқтатуында. Бүкіл мәселе осында. Америкалықтар бір кезде «Иран» деп аталатын табиғи ресурстарға бай, стратегиялық маңызды жағдайға ие елді толығымен билеген болатын. Бірақ Ислам революциясы орын алып, Ислам республикасы жүйесі орнатылып,  олардың Ираннан қолдары кесілді. Сол себепті олар Ислам революциясы мен Ислам республикасы жүйесін жойғысы келеді. Олар аймақ мемлекеттерінің көбін билегендей, Иранды да билегісі келеді. Олар өздері үшін нөкер елді қажет етеді. Ислам республикасы оларға өз ғиззатын көрсетті. Ол Иранның тәуелсіздігіне төзе алмайды. Олар ақшасын алып, мүмкіндіктерін пайдалана алатын, олардың бұйрықтарына бағынатын, егер көңілдерінен шықпаса, өздері өзгерте алатын биліктің орнатылғанын қалайды»,- деп ескертті.

Аятолла Хаменеи Иранның қолына түскен Трамптың Парсы шығанағының оңтүстігіндегі елдердің басшыларына жазған құпия хатына тоқталып: «Бұл хатта оларға «Барлығың бірігіп, пәлен-түген жұмысты жасаңдар, мен бұл жерде жеті триллион доллар жұмсадым» дейді. Ол жеті триллион долларды Иракты билеу үшін, Сирияны билеу үшін жұмсады. Бірақ ойындағы мақсатына жетпеді»,- деді.

 

Аятолла Хаменеи Иран халқының Ислам республикасы жүйесінің берекесіне орай зорлық-зомбылыққа бағынбайтынын, халықтың ғиззат пен беделге ие екенін қуаттап: «Сондықтан орын алған оқиға, яғни АҚШ Президентінің құнсыз әрекеті біздің күткенімізден өзгеше емес. Бұл – АҚШ-тың басынан бастап жасап келе жатқан әрекеттерінің бірі: бұрынғы үкіметтері кезінде басқа түрде жасалса, қазір басқа түрде жасалып отыр»,- деді. Хазірет АҚШ-тың өз міндеттемелеріне табанды болмауына қатысты «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын қабылдау шарттарының бірін еске салып: «АҚШ Президенті санкциялардың күшінің жойылатыны туралы жазып, қол қойып берсін деген едім. Бұл менің аталмыш келісімді қабылдауымынң шарты болған. Жауапты адамдар талпыныс жасап, тері төккенімен, ондай кепілдік ала алмады. Соның салдары – қазір көріп отырған жағдай. Екі, екі жарым жыл өтті. Біз барлық міндеттемелерімізді орындадық. Енді Трамп келіп: «Мен уәде берген жоқпын. Мен келісімнен шығамын, мен былай, мен олай істеймін» дейді»,- деп баса айтты. Ислам революциясының жетекшісі  Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының тағдыры туралы келешекте Британия, Франция және Германиямен өткізетін келіссөздеріне тоқталып: «Қазір «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын үш еуропалық мемлекетпен жалғастыруға болады» деген сөздер айтылуда. Мен бұл үш елге сенбеймін, сондықтан мен оларға сенбеңдер деймін. Егер келісімге келгілерің келсе, кепілге ие болыңдар. Шынайы, іс жүзіндегі кепіл қажет. Кері жағдайда  олар да АҚШ істеген істі жасайды, бірақ басқа түрде. Келіссөздерде Иран халқының мүддесі мен абырой- ғиззаты толық сақталуы керек»,- деп қуаттады.