Имам Хасан (ғ.с.) – қайырымдылық пен жомарттықтың көрінісі
Жаратушының қонағы болып отырған айдың 15-ші жұлдызы Исламның ұлық пайғамбарының немересі имам Хасан Моджтаба (ғ.с.)-ның туған күнінің жылдығымен тұспа-тұс келеді. Бұл күн имамның қайырым мен дарқандығын құрметтеуге орай «Қайырым күні» деп аталды.
Имам Хасан (ғ.с.)-нан: "Қайрымдылық не?"- деп сұраған кезде: "Сұралмастан бұрын қайырымдылық көрсетіп, қажеттілік пен құрғақшылық кезінде тамақтандыру",- деп жауап берді. Ал: "Пәстік деген не?"- деп сұрағанда: "Қор санап, аздың өзінен аянып қалу",- деді.
Әлемнің барша мұсылмандарын, әсіресе ораза тұтушыларды имам Хасан Моджтаба (ғ.с.)-ның туған күнімен құттықтаймыз!
Имам Хасан Моджтаба (ғ.с.) – имам Әли (ғ.с.) мен Исламның ұлық пайғамбарының қызы хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ның бірінші перзенті. Имам Хасан Моджтаба (ғ.с.) хиджраттың 3-ші жылының Рамазан айының ортасында Медине қаласында дүниеге келіп, отбасын қуанышқа бөледі. Имам Хасан (ғ.с.) жеті жасына дейін атасын көріп, хазіреттің құшағында өсті. Исламның ұлық пайғамбары имам Хасан (ғ.с.)-ның сипаттары туралы мұсылмандардың арасында баяндап, оның набават дәрежесімен қатысты болуына тоқталып: "Хасан – менің дүниеде көрген хош иісті гүлім",- деген болатын. Күндердің бірінде имам Хасан (ғ.с.)-нан пайғамбардың мінез-құлқы туралы айтуды сұраған кезде ол: "Пайғамбарға қажеттілігі туралы айтқан еш адам құр қол қалмайтын. Хазірет мүмкіндігіне қарай халықтың қажеттілігін шешуге талпынды",- деді.
Исламның ұлық пайғамбары дүниеден озған соң имам Хасан (ғ.с.) өз әкесінің тәрбиесінде қалды. Ол қарапайым, кемел, батыл, жанкешті әрі әдепті болып тәрбиеленді. Имам Әли (ғ.с.)-ның имаматы кезінде әрқашан әкесіне әділет орнату жолында көмектесті. Ол перзенті емес, ержүрек сарбаз ретінде кез келген қиындық пен ауыр оқиға кезінде әкесінің қасынан табылды. Джамал, Сеффейн және Наһреван соғыстарына қатысып, әлемдіктерге батылдық пен жанкештіліктің сабағын үйретіп, дінді қорғау жолында жан аямайтынын көрсетті. Имам Хасан (ғ.с.) өз заманындағы ғылым мен білімнің көшбасшысы болды. Оның бойында илаһи білім мен Құран тағылымдары қалыптасқан болатын. Барша оның терең білімге ие болуынан хабардар еді. Имам өте қарапайым адам болды. Хазіреттің Алланың пенделерінің алдындағы қарапайымдылығы оның ахлағының қасиетерінің бірі болып, оның ғамалдары баршаны келіссөздер мен ымыраға шақыратын. Хазірет осы құралымен исламдық қоғамды жан-жағынан шырмаған көптеген қиындықтарға қарсы тұрып, Ислам мен ислам үмбетін күнделікті қылмыстардан қорғап, дұшпандарға дінді билеуге, мұсылмандардың исламдық болмысын жоюға рұқсат етпеді. Достары мен жақтастары үшін ең жақсы үлгі бола алатын имам Хасан (ғ.с.)-ның ең айқын ерекшелігі қайырымы мен басқаларға көмектесуі болды. Ол баршаны өзіне жақын санап, мұқтаж адамның мәселесін шешуге көмектесетін. Өйткені, Ислам мәдениетінде қайырым біржақты мәдениетті жояды. Хазіреттің батылдығы мен қайырымы тарихта тіркелді. Рауаяттардың бірінде имам Хасан (ғ.с.)-ның ешбір мұқтаждың сұрағын жауапсыз қалдырмағаны туралы айтылды. Хазіреттен: "Қалай еш уақытта мұқтаждың сұрағын жауапсыз қалырмайсыз?" деп сұраған кезде: "Мен – Алланың алдындағы мұқтажбын. Мен өзім мұқтаж болып тұрып, мұқтаждың сұрағына жауап бермеуге ұяламын. Алла Тағала маған көптеген нығмет жібереді. Сондықтан мен халыққа көңіл бөліп, илаһи нығметтермен бөлісуге әдеттендім. Мұқтаж адам қасыма келген кезде "Маған мұрсат тудырған адам хош келдіңіз!" деймін. Жомарттың ең жақсы күндері басқаның сұрағанын оған сыйлай алатын күндері саналады",- деген. Имам Хасан (ғ.с.) мұқтаж адамға: "Басқадан көмек сұрауды тек үш жайтта ақтауға болады: біреудің қанының құнын төлейтін мүмкіндігі болмаған жағдайда, үлкен қарызға батып, оны төлей алмайтын жағдай мен тақыр кедей болса. Сен бұл үш топтың қайсына кіресің?"- деді.
Негізінде имам Хасан (ғ.с.) адамзаттың ғиззат пен қайырым иесі екендігін, сондықтан адамгершілікті қорғау қажет деген мәселені қуаттады. Бұл салада исламдық қоғам экономиканы дамытып, қажеттіліктерді қамтамасыз етуге міндетті болуымен бірге жетімдерге қамқоршы болуға міндетті. Алла Тағала Құран Кәрімде пайғамбарға (с.ғ.с.): «Олар сенен жетімдердің жайынан сұрайды. Оларға: «Жетімдерді түзету жақсы. Тіпті, оларды қосып алсаңдар, сонда олар туыстарың...»,- деген. («Бақаре» сүресі, 220-шы аят). Имам Хасан (ғ.с.) қайырымдылықты ең артық жақсылық деп санаған. Құран Кәрім «Бақаре» сүресінің 215-ші аятында: «(Мұхаммад с.ғ.с.) олар сенен Алла жолында не беретіндіктерін сұрайды. «Нендей қайыр сарып қылсаңдар әке-шеше, жақындар, жетімдер, міскіндер және жолда қалғандар үшін. Қайырдан не істесеңдер, күдіксіз Алла оны біледі» де»,- деп айтылған. Унес: «Күндердің бірінде бір күң имам Хосейн (ғ.с.)-ға гүл шоғын сыйлады. Имам оған «Сен Алланың жолында азатсын» деді. Мен хазіреттен «Бір гүл шоғы үшін оны азат еттіңіз бе?!» деп сұрадым. Имам: «Алла Тағала бізді «Ниса» сүресінің 86-шы аятында «Қашан сендерге сәлем берілсе, одан жақсырақ немесе соның өзін қайтарыңдар» деп айтылғандай қылып тәрбиеледі. Барлық сыйлардан Алланың жолында азат болу сыйы артық»,- деп жауап берген.
Имам Хасан (ғ.с.)-ның кедейлермен дастархан басына отырып, оларды құрметтегені туралы көптеген хикая бар. Имамның көзқарасы бойынша, адамдар экономикалық тұрғыдан тапшылыққа кезіккен жағдайда да Ислам байлықтың тек бір топтың қолында болуын қабылдамайды. Осы ретте имам Хасанның (ғ.с.) туған күнінің жылдығында жетімдердің ғиззатын қорғау мақсатында оларға қайырымды болу, қоғамдағы кедейшілікті тамырымен жою, илаһи ризалыққа ие болып, мәдениетті жандандыру жобасы мұқтаждарға көмектесу үшін жақсы сылтау болады. Бұл жоба жетімдерге, мұқтаж отбасылар мен қамқоршысыз қалған балаларға, әсіресе әртүрлі дәлелдермен абақтыға түскен балаларға, қарттар мен науқастар және еңбек ете алмайтын ата-аналарға демеушілік жасауды қарастырады. Бұл жоба бойынша жетімдер жақсылық жасаушы қайырымды адамдарға тапсырылады. Содан соң бұл адамдар өз қарамағына алған бір немесе бірнеше баланың атына ай сайын ақша жіберіп тұрады. Имам Хасанды (ғ.с.) таныстыратын ең жақсы жол хазіреттің өзі туралы сөздерін еске алу болып табылады. Ол хазірет: «Мен Алла Тағала өз кітабында олармен дос болуды уәжіп еткен әулеттің перзентімін»,- деді. «(Мұхаммад с.ғ.с.): “Сендерден бұған жақындық махаббаттан басқа ешбір ақы тілемеймін” де. Кім бір жақсы табысқа ие болса, оның бұндағы жақсылығын арттыра түсеміз...». («Шура» сүресі, 23-ші аят).