Биылғы Құдс күнінің маңыздылығының себептері
(last modified Wed, 06 Jun 2018 18:58:28 GMT )
Маусым 07, 2018 00:58 Asia/Almaty

Қасиетті Рамазан айының соңғы жұмасы Палестинаның езілген халқына қолдау көрсету мақсатында Иран Ислам революциясының көсемі имам Хомейнидің ұсынысымен "Құдс күні" деп аталды. 2018-ші жылдың Құдс күнін өткен 30 жылдағы ең маңызды Құдс күні деп атауға болады.

Газадағы ең үлкен адами апат

2018-ші жылдың Құдс күнінің маңыздылығының ең басты себебі – Газа секторы халқының өткен онжылдықтарда ең ауыр жағдайды бастан өткеруінде. Газа секторының қоршауына қарсы халықтық комитет 2017 жылдың қазан айында жариялаған мәлімдемесінде Газадағы адами апат туралы: "Газа халқының 80 пайызы кедейшіліктің шегінен төмен жағдайда өмір сүруде. Жұмыссыздық 50 пайызға, жастар мен білімі бар адамдардың арасында 60 пайызға жетті. Орта есеппен күнделікті табыс 2 долларға теңеледі. Жұмыссыздардың саны 250 000-ға жетті. Бір жарым миллион адам өмірлерін көмек көрсететін ұйымдардың арқасында өткізуде. 40000 бала анемия мен нашар тамақтанудың зардабын шегіп отыр. 15 500 жетім күнделікті тұрмыстың  нашарлығынан қорлық көруде. 50 000 адам сионистік әскерилердің шабуылдары салдарынан мүгедек болып қалды. Газада гигиена жағдайы қатты нашарлап, қатерлі жағдайға жетті. Болжамаған аурулар күшейіп, дәрі-дәрмектің  30 пайызы, медициналық қажеттіліктердің 45 пайызы жеткіліксіз. 13000 адам обыр ауруына шалдыққан. Олар медициналық күтімді қажет етуде. Мыңдаған азамат, әсіресе кедей адамдар жұқпалы ауруларға шалдығуда",- деп жазған болатын. 2000-шы жылы Газа секторы тұрғындарының 98 пайызы ауыз су тапшылығымен кезікті. Алайда 2014-ші жылы олардың саны 14 пайызға төмендеді. Электр қуатының тапшылығы – Газадағы келесі апат. Ол жерде күніне тек 4-6 сағат қана тоқ болады. Израиль қылмыстарының салдарынан Газа секторында психикалық және қоғамдық қиындықтардың деңгейі артты. Әр үш баланың біреуі психикалық және қоғамдық           мәселелерге ие.

Мұндай жағдайда БҰҰ өткен 2017-ші жылдың шілде айындағы мәлімдемесінде: "Газа  2020-шы жылға дейін өмір сүруге жарамсыз жерге айналады",- деп жариялады. Бірақ Газа секторына сапар шегіп тұратын Германияның  "Конрад Аденауэр"  фондының эксперті Марк Фрингс "Газа қазір өмір сүруге болмайтын жағдайда. Газа секторының апаты 10 жылдан артық уақытқа созылған Израильдің қоршауы мен Мысырдың қоршауды қолдауына байланысты. Бұл қоршаулар аймаққа тауардың кіріп-шығуына шектеу қойып, палестиналықтар үшін де қарым-қатынасты қиындатты",- деді. Халықаралық Амнистия ұйымы мамандарының бірі Омар Шакир: "Израиль қоршауы Газаны еркін ауасы бар абақтыға айналдырды. Газа қоршауы –  Израильдің Газа халқына қарсы қолданып отырған ұжымдық жазасы. Бұл Изриальдің саяси стратегиясы. Бұл режим қысым жасап, палестиналық ХАМАС тобын жойғысы келеді. Бірақ бұл стратегия еш әсер еткен жоқ және толығымен заңсыз әрі адамгершілікке жат",- деді.

Дональд Трамп – Палестинаға қарсы қылмыстарды қолдаушы әрі оларға жағдай жасаушы

Палестина халқының, әсіресе Газа секторы тұрғындарының өмір сүру жағдайын Дональд Трамп, Бениямин Нетаньяху және Мұхаммад бен Салманнан құрылған үштік Палестинаға қарсы шапқыншы саясаттарымен одан әрмен нашарлатты. АҚШ Президенті Дональд Трамп 2018-ші жылдың "Бақытсыздық күнінің" 70-ші жылдығы, мамырдың 14 күнгі біржақты әрі заңсыз әрекетімен АҚШ елшілігін Тель-Авивтен Құдсқа ауыстырды. Трамптың бұл әрекеті басып алынған жерлерде зорлық-зомбылықтардың жаңа кезеңінің  басталуына себеп болды. Ақпарат құралдары мен сарапшылар АҚШ Президентінің  қызы Иванка Трамптың АҚШ елшілігін Құдста ашқан  суреттерін жариялап, бұл оқиғаны "қан моншасындағы ашылу рәсімі" деп атады.

Англияның "Гардиан" газеті 14 мамыр өзгерістері туралы мәлімдемесінде: "Тек мамырдың 14 күні  60-тан астам палестиналық Газада шәһид болды",- деп жазды. Джамал Заһран "Әл-Ихрам" газетіндегі сараптамасында: "АҚШ-тың өз елшілігін Құдсқа ауыстыру шешімі АҚШ-тың қарсыласу күштері коалицияның алдындағы сәтсіздіктерінің орындарын толтыру жолындағы талпыныс болды. Бірақ Американың бұл әрекеті қарсыласудың батылдығын арттырады",- деп мәлімдеді. Абдолбари Атуан да өз сараптамасында: "Трамптың АҚШ елшілігін Құдсқа ауыстыру әрекетінің мақсаты араб елдерін сионистік режиммен бітімге келуге мәжбүрлеу және Ораза айтынан бұрын "Ғасырдың мәмілесін" іске асыру болды",- деп жазды. Бұл мәміле сионистік режимнің тұрақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін іске асырылды. "Ғасыр мәмілесі" палестиналық босқындардың өз еліне оралу құқығын жойып, басып алынған жерлердің қомақты бөлімін Израильге беру, сондай-ақ басып алынған жерлерде қарсыласуды жою сынды тақырыптарға назар аудартты.

Бениямин Нетаньяху – соғыс қылмыскері

2018-ші жылдың Құдс күні Нетаньяху кабинетінің Палестинаға, әсіресе Газа халқына қарсы қылмыстары екі есе артқан жағдайда өтуде. Израиль Дональд Трамптың көмегі және кейбір араб үкіметтерін арағайындығымен халықаралық заңдарды, соның ішінде Қауіпсіздік кеңесінің  қарарларын бұзып, палестиналықтарға қарсы қылмыстарын күшейтуде еш тайынбай отыр. Күнделікті Газа халқын бомбалау, оларға зымырандық шабуыл жасау мен наразыларға қарсы оқ ату іске асырылып жатыр. Палестина халқы 2018 жылдың наурыз айының 30-ынан бері "Қайта оралу құқығы" атты шерулерін бастады. Бұл шерулердің мақсаты босқындардың өз жерлеріне оралу құқықтарын қуаттау болып табылады.  Израиль шерулерді басып-жаншып, наурыздың 30-ынан мамырдың соңына дейін 130-дан астам палестиналықты өлтіріп, 12000-нан астамын жаралады. Мүгедектердің құқықтары саласында белсенділік танытатын үкіметтік емес "Хиндикап Интернешнл" ұйымы: "Наурыздың 30-нан осы уақытқа дейін шерулер ағымында шамамен 12000 адам зардап шекті. Соның ішінде шамамен 3000 адам оқтан жарақат алды",- деп мәлімдеді. Аталмыш ұйым Дүниежүзілік Денсаулық ұйымының мәлеметтеріне сүйеніп: "Зардап шеккендердің шамамен 11 пайызы, яғни бір мыңнан астам адам мәңгілік мүгедек болып қалуы мүмкін",- деп баса айтты.

Мұхаммад бен Салман – АҚШ пен Израильге тәуелді «кішкентай Саддам»

Мұхаммад бен Салман мен Сауд Арабиясының одақтасы саналатын кейбір араб үкіметтері – биылғы Құдс күнінің маңыздылығының келесі факторы. Ағымдағы жылдың наурыз айында АҚШ-қа сапармен барған Мұхаммад бен Салман Израиль режимін ресми танып,  Палестинаны  Израильдің қылмыстарынан қорғаудың орнына "Израильдің өзін қорғау құқығы бар" деп жариялады. Бахрейн Сыртқы істер министрі де Мұхаммад бен Салманның саясатын қайталап, Израильдің өзін қорғау құқығын қуаттады. Негізінде Сауд Арабиясы мен кейбір араб үкіметтері Израильмен қарым-қатынас орнату кезеңіннен өтіп, бұл режиммен қарым-қатынастарын нығайту, тіпті бейресми түрде бірігуді қарастыруда. Бұл Сауд режимі мен кейбір шағын араб мемлекеттерінің  саясаты Израильдің Палестина халқына қарсы зорлық-зомбылықтарын оңай іске асыруына себеп болды. Расында Сауд Арабиясы мен одақтастарының мұндай саясаты Палестина  халқын одан сайын езгіге душар етеді.

Құдс күні – Палестинаның әділетке шақыру жолдауын жеткізетін күн

Қорыта айтқанда, аталмыш оқиғалар биылғы Құдс күнінің маңызын өткен 30 жылдағы   Құдс күндерінен арттырды. Палестина халқына қолдау көрсететін Құдс күнгі шерулер Палестина халқының езілген жағдайын қоғамдық пікірдің есіне тағы сала алады. Құдс күнгі шерулер Дональд Трамптың Бениямин Нетаньяху мен Мұхаммад бен Салманның зорлық-зомбылықтарды қолдап, олардын орын алуына жағдай жасағанын әшкерелеп, Палестина халқына қарсы  қылмыстарының бетін ашады. Құдс күнгі шеру "Бақытсыздық күнінің" 70 жылдығында палестиналықтардың басқыншы Израильге қарсы көтерілісінің еш уақытта өшпейтінін, тіпті кейбір араб үкіметтерінің Израиль режимімен қарым-қатынастарын нығайтқандарына қарамастан, Қарсыласу қозғалысы пен палестиналықтардың көтерілісінің халықтың қолдауы мен иманына сүйеніп, Алламен уәде етілген жеңіске жетуге талпынатындықтарын көрсетеді.