Сәу 06, 2016 19:38 Asia/Almaty
  • Хазірет Фатима (ғ.с.) – жаратылыстың кәусәрі

Хиджри қамари күнтізбесінің джамади ас-сани айының 20-шы жұлдызы – Исламның ұлық пайғамбарының ардақты қызы хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ның туған күнінің жылдығы.

Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ның туған күні Исламның ұлық пайғамбары ресалатының алғашқы жылдары орын алған қасиетті оқиға болды. Беғсаттың бесінші жылының осындай күні набоваттың үйі жәннәттың әтіріне толды. Бұл күні хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) жаратылған әлемге қадам басып, хазірет Мұхаммад (с.ғ.с) мен хазіреттің өмірлік серігі хазірет Хадиджа қуаныш пен шаттыққа бөленді. Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) Исламның ұлық пайғамбары мен хазіреттің әйелі Хадиджаға Алла тарапынан берілген сый болды. Пайғамбар Алланы мадақтап, Оған ризалық білдірген соң Фатиманы құшағына алып, маңдайынан сүйіп, нұрлы жүзіне қарады. Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ның көзі пайғамбарды тыныштыққа бөледі. Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ның дүниеге келуімен Алла Тағала пайғамбарға жаратылыстың қазынасын сыйлағандай болды. Расында Құранда айтылғандай, хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) «Кәусәр», яғни көптеген жақсылық болды. Алла Тағала ең көркем сөзбен пайғамбарға: «Мұхаммад (с.ғ.с.)! Шын мәнінде саған кәусәрді бердік. Сондықтан Раббың үшін айт намазын оқы, құрбан шал. Расында дұшпаныңның өзі ұрпақсыз қалады»,- деді.

Дұшпандардың шабуылдарына қарамастан бұл аяттар хазіретке үміт сыйлады. Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) дүниеге келіп, әлем әйелдерінің басшысы болып, оның перзенттері тауһид дінінің туын көтеріп, ахлақ пен адамгершіліктің шекараларын анықтады. Исламның ұлық пайғамбары оған «Фатима» деген есім қойды, яғни Алла Тағала оны жамандықтар мен тозақ отынан алыс ұстайды.

Әлемнің ең таңдаулы әйелі хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ға сәлем! Пайғамбар үшін ең жақын адамға сәлем! Кемел адмның айқын үлгісі саналатын хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ға сәлем!

Әлемнің барша мұсылмандары мен ақиқат талап етушілерді хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ның туған күнінің жылдығымен құттықтаймыз!

Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) өмірінің аз ғана жылын анасы хазірет Хадиджаның қасында өткізді. Бірақ қарсыласу мен Алла жолындағы күрестің әдемі хикаясын анасының аузынан естіді. Ол анасының жүзіне қараған сайын бұл хикаяның жаңа бөлімін оқығандай болды. Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) әкесінің қасында өмірдің ең жоғары түсініктерімен танысты. Ол әкесі Алла елшісі үшін ерекше орынға ие болды. Исламның ұлық пайғамбарының қызына деген махаббаты, оған құрмет көрсетуі әкелік мейірімділіктен жоғары болып, хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ның кемелдігі мен жоғары орынын көрсетті. Алла елшісі Фатиманы қатты жақсы көріп: «Ардақты қызым Фатима – барлық ғасырлар мен барлық ұрпақтардың әйелдерінің басшысы»,- деген болатын.

Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) адамгершілік пен адами құндылықтардан жұрдай қоғамда дүниеге келді. Соғыс, қантөгіс, қыздарды тірідей көму сынды қате салттар таралып, халықтың арасында тамырын жайған болатын. Ислам дінінің пайда болуымен пайғамбар осындай жағымсыз салттармен қарсыласты. Әкелер перзентінің қыз болғанына қайғырған жағдайда хазірет қызының қолын сүйіп, әйелдерге қатысты надандық әрекеттермен күресті.

Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ның рухы мен жаны уаһи үйінде, Алла елшісі сынды теңдессіз тұлғаның қасында илаһи тағылымдарға толды. Пайғамбарға уаһи жіберілген сайын халыққа жаңа ақиқаттарды баяндау міндеттелді. Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) пайғамбардың хикметке толы сөздерінен жаратылыстың тәпсірін үйренді. Ол өзінің білімімен адамдар мен барлық жақсылықтарды жаратқан әлемнің жаратушысына жақындады. Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.): «Куәлік етемін, әлемнің Жаратушысы біреу, Одан басқа Құдай жоқ»,- деді. Мұндай куәлік етудің нәтижесінде Алламен шын ниетпен дос болу, Аллаға ғашық болу сезімдері пайда болады. Мұндай сезімдер хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ды шырмап, ол тек Алланың ризалығы туралы ойлайтын. Ол өз өмірінде Алланың жолына қадам басқанына риза болды. Пайғамбар: «Қызым, қалауың бар болса айта ғой, дәл осы қазір уаһи періштесі менің қасымда»,- деген кезде: «Аллаға қызмет етуден алатын ләззатым мені барлық қалауымнан босатты. Мен тек Алланың сұлулығының бақылаушысы болғым келеді»,- деп жауап берді. Пайғамбар хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ның Аллаға деген шынайы махаббатына куәлік етіп, сахабаларының біріне: «Уа, Салман! Алла Тағала Фатиманың жүрегі мен жанын және бүкіл болмысын иманға толтырды»,- деді. Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) өзінің терең ойларымен жанұясы мен қоғамға қадам басып, өмірлік серік және ананың рөлін атқарып, Исламның әйелдер туралы айтқан қасиеттерінің үлгісі болды. Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) жаратылған әлемде әйел мен ер бір-бірін толықтырушы деген ақиқатты түсініп, жанұя ортасын махаббаттың әтіріне бөледі. Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ның жүрекке қонымды әрі мейірімді жүзі әрқашан имам Әли (ғ.с.)-ның тыныштығына себеп болды. Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) жанұяны ең маңызды қоғамдық және ең сүйікті илаһи орта деп санады. Ол үйі мен жанұя ортасын тәрбиенің ошағы санады. Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ның кішкентай үйінен тарихтағы маңызды өзгерістерге себеп болған үлкен тұлғалар шықты. Білім мен иманның сарқыраған бұлағы болған хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) өзінің тәрбие тәсілімен перзенттерінің болмысында адамды жақсы көру, әдеп пен басқа да ахлақ негіздерін қадыптастырды.

Күндердің бірінде – өмірдің сынақтарының бірінде имам Әли (ғ.с.) мен хазірет Фатима (ғ.с.) үш күн бойы өз тамақтарын мұқтаж, кедей және тұтқындарға беріп, оразаларын сумен ашты. Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ның жанұясынан перзенттері де үлгі алып, өмірдің ауыр сынақтарында Хақ пен илаһи құндылықтарды жаңғырту жолында қолдарында бар нәрселерін құрбан етті. Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ның үйі – мүшелері ойланып, Алланы өз ғамалдарының негізі етіп таңдаған жанұя. Жанұяның бануы ғибадат пен дұға жасаушы болды. Перзенттерінің айтуынша, аналары Алланың алдында ғибадат жасаған кезде өзін ұмытып, хаіреттің айналасынан жарқыраған нұр байқалатын болған. Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) өмірді терең түсініп, дұғасының бір бөлімінде: «Уа, Алла! Өзің міндеттеген міндеттемелеріңді орындауым үшін маған уақыт бере гөр және мені басқа істермен айналысуымнан алыстата гөр»,- дейтін.

Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ның көзқарасы бойынша, әйелдердің жанұя ортасындағы белсенділігі олардың қоғамдағы сындарлы талпыныстарына кедергі бола алмайды. Алайда әйелдер өздерін ерлермен салыстырмаулары керек. Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) әйелдерге олардың артықшылығы ерлермен ақылсыздықпен бақталасуда емес, жаратылған жүйеде өздеріне міндеттелген міндеттерін дұрыс орындауда деп үйретеді. Бұл міндеттерді ерлер орындай алмайды. Мұндай көзқарасымен хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) әйел және ана болу міндеттерін басты деп санағанымен, қоғамдық және саяси жұмыстарынан да алыстамайды. Тарих Исламның ұлық пағйамбарының ардақты қызының Исламның тағдырын шешетін маңызды сахналарға қатысқанын куәлік етеді. Пайғамбардың Меккеден Мединеге қоныс аударуынан бастап, соғыстар мен пайғамбар дүниеден озғаннан кейін орын алған оқиғаларға қатысуы бұл қадірлі банудың қоғамдық және саяси өзгерістердегі жауапкершілігін көрсетеді. Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) ақиқатты анықтау үшін құндылықтарды құртуды мақсат еткен ағымдарға қарсы шығатын. Оның діни наным-сенімдері мен ахлақ салларындағы әсерлі сөздері Құран аяттарымен араласқан қазына болып табылады. Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) Құранның құндылықтарын тек сөзбен ғана айтпай, қоғамның жағдайы Құранның ақиқаттарына сәйкес келгенге дейін келіспеушіліктермен қарсыласуға өзін міндетті санады.

Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ның қоғамдық және саяси мәселелерге деген терең көзқарасы Құранның тағылымдарынан бастау алған. Құрани тағылымдар арқылы хазірет адамдарды зұлымдық, бұзақылық және кемстушілікке қарсы күреске шақырды. Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) ахлақи және рухани құндылықтарды ақыл-кеңестері, сөздері мен ғамалдары арқылы жеткізді. Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ның көзқарасы бойынша, Құранға оны түсініп, оған сай ғамал ету үшін назар аудару қажет. Сол себепті хазірет: «Егер мұсылман Құранның жақтасы болса бақытты болып, құтқарылатын жолға нұсқалады»,- деген. Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) пайғамбар дүиеден озғаннан кейін орын алған оқиғаларда мұсылмандардың арасындағы қайшылықтардың алдын алу үшін Құранның маңызды рөлін еске салып: «Алланың кітабы тұрған кезде неліктен адастыратын жолға қадам басасыңдар? Оның мазмұны айқын әрі ахкамы түсінікті, оның дұрыс жолға нұсқайтын белгілері мен ескертулері анық. Құранды жақсы көре тұра, төрелікті басқа жерден іздейсіңдер ме?»- деді.

Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) Құран Кәрімді құрмет тұтуымен бірге илаһи кітаптың тағылымдарын ғамалдарында пайдаланды.

Иранда хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ның туған күні – әйелдер мен аналар күні. Әлемнің барлық мұсылман әйелдері мен аналарын Исламды дұрыс түсінуге шақырып, хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ды үлгі ету арқылы жанұя мен қоғамдағы шынайы дәрежелеріне жетеді деп үміттенеміз.

Исламның ұлық пайғамбарының ардақты қызы хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ның туған күнінің жылдығы құтты болсын!

Тегтер