"Еврей мемлекеті" атты нәсілшіл заңға шолу
(last modified Tue, 31 Jul 2018 10:04:30 GMT )
Шіл 31, 2018 16:04 Asia/Almaty

Бүгінгі бағдарламада сионистік режимнің Парламенті Кнессеттің басып алынған Палестина жерлерін еврейлерге тиесілі деп мойындайтын жуырда қабылдаған заң жобасын талдаймыз.

Сионистік режимнің Кнессет деп аталатын заң шығарушы органының басып алынған Палестина жерлерін еврейлерге тиесілі деп мәлімдеген жуырда бекіткен заң жобасы таңдаулы халық ретіндегі еврейлердің басып алынған Палестинадағы позициясын нығайтуға бағытталған келесі бір қадам саналады. Бұл заң жобасы сионистік режимнің Парламентінде Палестина басқыншылығы басталып, жалған Израиль үкіметі құрылғаннан бері қабылданған ең нәсілшіл заң саналады. Осы заңға сәйкес, Израиль бұдан былай тек еврейлерге тиесілі мемлекет және еврей халқының отаны ретінде мойындалады. Барлық басып алынған жерлерде сионистік қалашықтардың етек жаюы заңдылыққа ие болып, Бейт ул-Мұқаддас жалған Израиль режимінің территориясына кіріп, оның астанасы атанды. Сонымен қатар, еврей тілі мемлекеттік тіл ретінде бекітіліп, ал араб тілі мүлдем қолданыстан шығарылып,  ағылшын тілі басып алынған Палестинадағы екінші ресми тіл ретінде танылды. Бүкіл басып алынған Палестинадағы жол тораптары, қалалар мен ауылды мекендердегі белгілердің жазбаларынан бастап, бастауыш мектеп пен орта мектеп және университеттердегі білім беру жүйесі мен барлық мемлекеттік органдардағы ресми құжаттарды жүргізу жүйесінде пайдаланған араб тілін толығымен алып тастауға екі жыл мерзім берілді. Бұл заңда Бейт ул-Мұқаддастың шығыс бөлігі сионистік режимнің астанасы ретінде танылған.

"Еврей мемлекеті" заңы қабылдағаннан кейінгі коалиция мүшелерінің Нетаньяхумен бірге түскен суреті

Сионистер 1967 жылғы араб-израильдік соғыс кезінде Бейт ул-Мұқаддастың шығыс бөлігін басып алды. Осло келісіміне сәйкес, сионистік режим мен Палестина автономиялық үкіметі арасында бейбіт келісімге қол қойылғаннан кейін Бейт ул-Мұқаддастың шығыс бөлігі Палестина үкіметінің астанасы болуы тиіс еді. Басып алынған Палестинада 9 миллион тұрғынның шамамен 17 пайызын құрайтын 2 миллион араб өмір сүреді. Кнессет бекіткен заңға сәйкес, араб тілінің екінші мемлекеттік тіл ретінде мойындалмауымен қатар, басып алынған жерлерде өмір сүретін палестиналық араб азаматтар еврейлермен тең құқықа ие емес. Дегенмен, бұған дейін де басып алынған жерлерде мекендейтін палестиналық арабтар іс жүзінде еврейлермен тең құқыққа ие болмаған. Сионистік режимнің басшылары бүгінгі таңға дейін өздерін Таяу Шығыс аймағындағы ең демократиялы ел екені туралы уәж айтып келгенімен, енді "Еврей мемлекеті" заңының қабылдануымен сионистік режимнің нәсілшіл болмысына аз да болса күмән келтірген адамдар үшін жалған Израиль үкіметін тек отыз жыл бұрынғы Оңтүстік Африканың апартеидік үкіметімен салыстыруға болатынын анық көрсетті.

Еврей үкіметінің Кнессеті қабылдаған заң жобасы әлемде ауқымды реакция тудырды. Бұл заң сионистік режим Парламенті депутаттарының басым бөлігінің дауысымен бекітілді. Парламенттің 120 мүшесінен 62 депутат сионистік режимнің премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың заң жобасына қарсы дауыс берді. Сионист еврейлердің бір бөлігінің бұл заң жобасына қарсылығы оны жүзеге асырудың сионистік режим үшін қаншалықты зиян тигізетінін көрсетіп отыр. Аймақтағы тұрақсыздық жағдай мен Дональд Трамптың жан-жақты қолдауларына байланысты Нетаньяху сионистердің басқыншылық үдерісі Бейт ул-Мұқаддасты астана ретінде мойындау мен сионистік қалашықтар салуды жалғастыруға заңдылық сыйлайды деп ойлайды. Кейбір араб үкіметтерінің, атап айтқанда Сауд Арабиясы мен БАӘ секілді елдердің  сионистік режиммен жақындасуын сионистік режим премьер-министрінің  "Ервей мемлекеті" заңын бекіту үшін жасап жақтан талпыныстарының келесі себептеріне жатқызуға болады. Алайда, сионист еврейлердің басым бөлігі бұлай ойламайды. "Еврей мемлекеті" деп аталатын заң Кнессетте қабылданғаннан кейін сионистік режим Парламентіндегі араб және еврейден өзге депутаттар аталмыш заң жобасының алғынұсқасын жыртып тастаған. "Сионист одағы" партиясының депутаты Шелли Яхимович бұл заң жобасын сынап: "Бұл заң басқаларды жек көретін ұлтшылдықтың ең пасық көрінісі саналады",- деді. Еврей агенттігінің жаңа төрағасы Ицхак Герцог та бұл заңның қабылдануына қатысты алаңдаушылық білдіріп: "Қазір «Бұл заң Израильді күшейте ме, әлде оған зиян келтіре ме?" деген сауал туындап отыр»,- деді. "Қазір бейбітшілік" (Шалом ахшав) ұйымының белсенділері де бұл заңды бекітуге нарзылық білдіріп, Кнессет ғимаратының үстіне көтеріліп, оның балконына қара түсті ту тікті.

АҚШ-тағы сионистік лоббидің негізін қалаушы әрі оның басшысы Джереми Бен-Эми де Нетаньяхудің кабинетін бұл заңды бекіткені үшін сынады. АҚШ-тағы ең ірі еврейлік топ саналатын Реформашыл Еврей одағының төрағасы Рик Джейкобс, аталмыш заңның қабылдануын Израильдегі демократия үшін қайғылы күн деп атады.

Кнессеттегі араб депутаттарының "Еврей мемлекеті" атты нәсілшіл заңды қабылдауға қарсы наразылығы

"Еврей мемлекеті" заңын қабылдау басып алынған соңғы онжылдықтардың ішінде негізгі мақсаты Палестина жерлерінде екі үкімет құру үшін негіз дайындау болған ымыраға келу келіссөздеріне қайшы. Нетаньяху өткен айда: "Палестиналықтар тәуелсіз елге ие бола алмайды. Сондықтан олар Йордания үкіметімен бірге Палестина-Йордания конфедерациясын құруы тиіс",- деп мәлімдеді. "Еврей мемлекеті" заңын бекіту уақытша коалиция құрудан басқа сионистермен ымыраға келу мақсатындағы бірде-бір шешім жолының Палестина үшін пайдасыз екенін және басқыншылығында шек жоқ сионистермен күресудің дұрыс шешім жолы қарсыласу екенін көрсетті. Кнессетте жаңа заңның қабылдануымен Дональд Трамптың "Ғасыр мәмілесі" жобасының келесі бөлімдері әшкере болды. Осы жоба негізінде бүгінге дейінгі ымыраға келу жобаларын ығыстыру, сионистердің барлық басқыншылықтарын ресми түрде мойындау мен екі үкімет құру жобасын ығыстыру жатыр. Дональд Трамптың "Ғасыр мәмілесі" жобасына тән ерекшеліктердің бірі екі мемлекет құру жобасын ығыстырып, Палестинада тек еврей мемлекетін құру болып табылады. Кнессет бекіткен заңның бір тармағында еврейлер мемлекеті Израиль жайлы былай деп жазылған: "Үкімет еврей халқының ұрпақтары мен Израиль азаматтарының денсаулығын сақтауға міндетті. Еврей немесе Израиль азаматы болғаны үшін қиындыққа ұшыраған адамдарға үкімет осы мемлекет пен Израильден тыс жерлердегі еврей халқының ұрпақтары арасындағы байланысты сақтап қалу үшін шара қолданады. Бұл үкімет Израильден тыс жерлерде өмір сүретін еврейлердің мәдени, тарихи және діни мұрасын сақтау үшін тиісті шара қолданады". Израильдің Еврей мемлекетін құруға бағытталған заң жобасының бұл тармағын сараптап мынадай тұжырымдама жасауға болады: сионистер қазірден бастап бұл тарихи мемлекеттің палестиналық болмысын жоюды көздеп отыр. Бұл Дональд Трамптың "Ғасыр мәмілесі" жобасының негіздерінің бірі саналады.

Шынтуайтында, сионистер заң жобасын бекіту арқылы кез келген демократиялық шешім жолына, соның ішінде ИИР-ның басып алынған Палестинада референдум өткізіп, сол елдегі палестиналықтар мен еврей, христиан және шетелдегі палестиналық мұсылмандандарды қамтитын босқындардың қатысуымен Палестинаның тағдырын анықтау туралы ұсынысына бөгет жасауға талпыныс жасауда. Бұл заң жалған ервейлік болмыс негізіндегі халықтың құрамы және тарихи-өркениеттік тұрғыдан өзгерістер енгізуді тездету үшін сылтау болмақ. Мұсылмандардың қасиетті мекендері, әсіресе Құдс пен әл-Ақса мешіті осы өзгерістердің басында орналасатын болады. Трамп үкіметінің Палестина дағдарысын шешу әдісінде палестиналық тарап ұғымы мүлдем қарастырылмаған. Ол араб режимдері ұғымымен алмастырылған. "Еврей мемлекеті" заңы америкалық жоба аясында палестиналық болмысты мүлдем алып тастаған. Сионистер өздерін палестиналық тарапты қабылдауға міндетті деп есептемейді. Шын мәнінде, Осло келісімінің күші ресми түрде жойылды. Бұл заң палестиналық азаматтардың болмысы жоқ деп мәлімдеп, оларды қайтадан босқынға айналдыру үшін негіз дайындап жатыр. Бұл мәселе палестиналық босқындардың қайта оралу құқығының жолындағы маңызды кедергі болмақ. БҰҰ-ның №194 қарарында осы мәселе баса айтылған. Трамптың билік басына келуімен басталған АҚШ-тың БҰҰ және ЮНЕСКО, Адам құқықтары жөніндегі кеңес, тіпті Қауіпсіздік кеңесі секілді оған қарасты халықаралық ұйымдардың беделін түсіруге бағытталған әрекеттері шындығында аталмыш заңды бекіту үшін негіз жасау саналады. Палестиналықтар мен мұсылман елдерінің Нетаньяхудың нәсілшіл үкіметінің әрекеттеріне қарсы қолдары байлаулы емес. Нетаньяхудың соңғы бірнеше жыл ішінде жасаған әрекеттері мен сионистік режимнің басқыншылық саясаттарының жалғасуы соңғы онжылдықтар ішінде сионистік режимнің шынайы демеушілері болған Еуропа үкіметтерінің бұл режимнің ірі сыншыларына айналуына себеп болды. Олар енді бұрынғыдай сионистік режимнің басқыншылық әрекетін жасыра алмайды. Олар бұл режимнің дағдарыс тудыру әрекеттерінің Еуропа үшін қауіпсіздік саласында салдарларға ие болатынын түсінді. Сол себепті бұрынғыдай сионистік режимнің әрекеттерін біржақты түрде  қорғамайды. Еуропа елдерінің бұл әдісі палестиналықтар мен мұсылман елдері үшін сионистік режимнің дағдарыс тудырушы әрі нәсілшіл болмысын халықаралық қауымдастық, саяси орталар мен БАҚ деңгейінде әшкере ету үшін жақсы мүмкіндік саналады. Сонымен қатар, сионистік режиммен қарсыласу және оған табандылық көрсетудің заңдылығы әлемдіктер үшін көбірек дәлелденді. Бұл сионистік режимге қарсы табандылық көрсету мен қарсыласуды жалғастырудың жарқын көкжиегін көрсетіп отыр.