Ұлық пайғамбардың (с.ғ.с) Ғадир Хом мекеніндегі құтпасын талдау (2)
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i38848-Ұлық_пайғамбардың_(с.ғ.с)_Ғадир_Хом_мекеніндегі_құтпасын_талдау_(2)
Ұлық пайғамбар (с.ғ.с) Ғадир Хом мекенінде айтқан құтпасында: "Жебірейіл Жаратушы тарапынан үш рет түсіп, дәл осы мекенде Әли ибн Абуталибты (ғ.с) менің бауырым және менен кейін орнымды басатын мұрагерім әрі мұсылмандардың имамы екенін мәлімдеу туралы бұйрығын жеткізді",- деді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Там 19, 2019 01:30 Asia/Almaty

Ұлық пайғамбар (с.ғ.с) Ғадир Хом мекенінде айтқан құтпасында: "Жебірейіл Жаратушы тарапынан үш рет түсіп, дәл осы мекенде Әли ибн Абуталибты (ғ.с) менің бауырым және менен кейін орнымды басатын мұрагерім әрі мұсылмандардың имамы екенін мәлімдеу туралы бұйрығын жеткізді",- деді.

Өткен бөлімде Исламның Ұлық пайғамбарының (с.ғ.с) х.қ.ж.с.б 10 жылы қоштасу қажылығынан қайтар жолда «Ғадир Хом» атты мекенде маңызды құтпасын айтқанын баяндадық. Ол құтпасының басында Құдайға өте көркем мадақ айтты. Бүгін хазіреттің құтпасын одан әрі талдауды жалғастырамыз. Құтпаның жалғасында былай деді:

"... Құдайдың қарсыласы да, жолдасы да жоқ. Ол жалғыз, ол ешнәрсеге мұқтаж емес. Ол тумады да, туған жоқ. Оған ешкім тең емес. Ол жалғыз бағынатын Құдай әрі ұлы Жаратушы. Егер ол бір істі қаласа, ол іс жүзеге асады. Егер бір нәрсені қаласа, ол орындалады. Ол бәрін біледі және бәрін есептеп отырады. Ол бәрін жүргізіп, тірілтеді, қалаған адамды мұқтаж немесе мұқтажсыз етіп, қалаған адамды күлдіртіп, қалағанын жылатады. Қалағанын жақындатып, қалағанын алыстатады. Ол қалаған адамды сыйдан айырып немесе керісінше оған сый береді. Ол – барлығының патшасы; оған ерекше мақтаулар мен мадақ лайық. Жақсылық пен игілік тек Оның қалауымен жасалады. Оның қолынан бәрі келеді. Ол түнді күнмен, күнді түнмен алмастырып отырады. Одан басқа бағынатын Құдай жоқ. Ол қаһарлы, сондай-ақ, аса кешірімді, дұғаны қабыл етуші және берілетін сыйды арттырушы, тынысты санаушы және жын мен адамның Жаратушысы саналады. Ол үшін ешнәрсе қиындық тудырмайды. Жәрде сұраушыларға көмектесу оған ауырлық түсірмейді, дұға тілеушілердің табандылығы оның мазасын алмайды. Ол игілік жасаушыларды сақтап, құтқарылатындарға көмектеседі. Ол – мүміндердің еркі мен ықтиярына иелік етуші, әлемдіктердің Жаратушысы. Ол барлық күйде жаратқан мақұлықтарының шүкіршілігі мен алғысына лайық.

Шаттық пен қайғыда, қиыншылық пен тыныштықта Оған әрдайым мадақ айтып, алғысымды білдіремін. Мен Оған, Оның періштелері мен кітаптарына және пайғамбарларына иман келтіремін. Оның берген бұйрығын орындауды мойныма алып, Оның разылығы үшін кез келген нәрсеге бағынып, Оған қарай асығамын. Мен Оның үкіміне бойсұнамын, себебі Оның басшылығын қабылдап, Оның жазалауынан қорқамын. Себебі, қулық жасап, Оның ашуы мен әділетсіздігінен қорықпау мүмкін емес.

Енді өзімнің Оның пендесі және Оның Жаратушы екенін растаймын және уәһи етілген міндетімді орындаймын. Елестету өте қиын. Оның менімен достығы адал болғанына қарамастан, егер осы міндетімді орындамайтын болсам, Жаратушы қаһарынан ешкімнің аман сақтап қала алмайтын азапқа ұшыраймын. Себебі, Одан басқа Құдай жоқ. Егер оның осы түсірген бұйрығын халыққа жеткізбесем, бұл менің елшілік міндетімді орындамағаныма тең. Ұлы Алла Тағала халықтың мені азаптауынан сақтауға кепілдік берді. Себебі, Ол – кешірімді.

Содан соң Жаратушы маған мынадай уәһи түсірді: "Мейірімді де рақымды Алланың атымен бастаймын. Әй, Пайғамбар! Раббың тарапынан түсірілгенді жалғастыр. Егер оны істемесең, елшілік міндетін жалғастырмаған боласың. Алла сені адамдардан қорғайды. Күдіксіз, Алла қарсы болған елді тура жолға салмайды" (Мәида сүресі, 67-аят).

Уа, халайық! Алла Тағаланың маған уәһи еткен жолдауын насихаттап, оны сендерге жеткізуге енжарлық танытпадым. Сендерге мына аяттың түсірілген себебін айтамын: Жебірейіл Жаратушы тарапынан үш рет түсіп, дәл осы мекенде халықтың алдында Әли ибн Абуталибты (ғ.с) өзімнің бауырым және менен кейін орнымды басатын мұрагерім әрі мұсылмандардың имамы екенін мәлімдеу туралы бұйрығын жеткізді. Ол Харун Мұса пайғамбарға қандай болса, мен үшін де сондай. Менің бауырым әрі орынбасарым саналады. Тек менен кейін ешқандай пайғамбар келмейді. Әли Құдай мен оның пайғамбарынан кейінгі сендердің басшыларың әрі билеушілерің саналады. Құдай бұған байланысты маған түсірген келесі аятында былай деді: "Шынайы түрде сендердің достарың Алла және Елшісі және намазды толық орындайтын, зекет беретін әрі рүкуғ қылушы мүміндер (Мәида сүресі, 55-аят)". Әли ибн Абуталиб – намазын толық орындап, рукуғ қылып, зекет берген және кез келген жағдайда Алланың разылығына бөленуді көздеген адам".