Жетекші көзқарасы: америкалықтардың Иранға қатысты арсыз әрекеттері
(last modified Wed, 05 Sep 2018 04:31:14 GMT )
Қыр 05, 2018 10:31 Asia/Almaty

Ислам революциясының жетекшісі америкалық басшылардың соңғы кездері арсыз және әдепсіз болып бара жатқанына сілтеме жасап: "Олар бұрын сөйлеген сөздерінде саяси және дипломатиялық әдепті сақтамайтын. Алайда, АҚШ-тың қазіргі режиміндегі жауапты тұлғалары әлеммен мүлдем ұяттан айрылғандай арсыз, әдепсіз сөйлеседі",- деді.

Хазірет аятолла Хаменеи өткен дүйсенбі күні  халықтың түрлі топ өкілдерімен кездесуінде саудиялықтардың Йемендегі соңғы екі қылмысына, аурухананы бомбалауы мен йемендік балаларды тасымалдайтын көлікке шабуыл жасап, бейкүнә балаларды жаппай қырғанын еске салып: "Осы қылмыстарға қатысты әлемнің намысы оянып, түрлі үкіметтер сыпайы түрде болса да өкініш білдірді. Алайда, америкалықтар бұл апаттарды айыптаудың орнына өздерінің саудиялықтармен стратегиялық қатынастары туралы айтты.

Ислам революциясының жетекшісі сондай-ақ 2000-ға жуық баланы ата-анасынан айырып, оларды мигрант болғаны үшін темір торға қамауды бұрын- соңды болмаған қылмыс деп атап: "Осы арада ой салатын мәселе америкалықтардың арсыздықпен осы әрекеттерін әлемдіктердің көзінше жүзеге асырып жатқанында",-деді.

Трамп үкіметінің Иранға қарсы дұшпандығы

Дональд Трамп басшылық етіп отырған АҚШ-тың қазіргі үкіметі Иранға қарсы дұшпандықтың шарықтау шегі және бұл жолда шындыққа жанаспайтын жайттарды жоспарлауда еш нәрседен тайынбайды. Американың мемлекеттік қайраткерлерінің өздері мен одақтастарының Иранға қарсы осындай бос сөз айтудың көрінісі болып отырған жағдайда кез келген ортада ИИР-на қарсы айып тағады. Дональд Трамптың өзі Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында ИИР-ды қауіпті режим деп атап, барлық қысымды Иранның қатынасын өзгерту мақсатында жасап жатқанымен түсіндіреді. Аймақтағы тұрақтылыққа қауіп төндірген мемлекеттің аймақтағы лаңкестікке қолдау көрсетіп, адам құқықтарын бұзуы мен басқа елдердің ішкі істеріне араласуы аймақ пен әлемдегі қазіргі шындыққа байланысты америкалық басшылардың арсыздығы мен ұятсыздығының шарықтау шегін көрсетеді. Бұлар – АҚШ-тың қазіргі басшылығының Иранға қарсы қатынасы мен әрекеттерінің жиынтығы. АҚШ-тағы университет профессоры Акбар Монтасар Veterans Today сайтында жарияланған мақаласында: "Америкалықтардың басым бөлігі Иранда билік етіп отырған жүйені сынағанымен АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның Иранға қарсы бос сөздерін қабылдамайды. Помпео Иран жайлы уәж айтқанда АҚШ-тың одақтастары Сауд Арабиясы мен БАӘ-нің лаңкес басшыларының қалауына көңіл бөлген",- деп жазды.

АҚШ-та билік етіп отырған қазіргі мемлекеттік қайраткерлер саясаттары әлемнің түкпір-түкпірінде қылмыс жасаған адамдармен бағыттас болғаны ешкімге құпия болмаған жағдайда әлемдіктердің алдында Иранға аймақта лаңкестік пен тұрақсыздыққа қолдау көрсетіп отыр деген айып тағып отыр. Америкалықтардың сионистерге палестиналық балаларды өлтіріп, палестиналықтарды босқынға айналдыруда барынша қолдау көрсетіп, Йемендегі соғыста саудиялық режимнің жанынан табылуы әлемдіктердің көз алдында жоғарыда аталған екі режимге қолдау көрсетіп отырған америкалықтардың арсыздығының шарықтау шегі болып табылады. АҚШ-тың қазіргі үкімет мүшелерінің дипломатиялық этиканы елемеуі мен әлемде орын алып жатқан өзгерістердің шындығына қатысты әрекеті олардың адам құқықтарын бұзудан тайынбай, өздерінің басқалармен күш көрсету арқылы сөйлеп жатқанын көрсетіп отыр. Трамп үкіметінің саясаты ашкөздіктен бастау алатын саясатты түсіндіру және бұзақылық әрекет болып саналады. Дәл осы тәсіл әлемдегі барлық қиындықтардың негізгі іргетасы болып табылады. Осы мәселеге қатысты Гарвард университетінің халықаралық қатынастар факультетінің оқытушысы Стефан Вальт бір сараптамасында былай деп жазған: "АҚШ-тың басқа елдерде орналасуы үнемі бүлік, әсірешілдік және жаңа диктатураның туындауымен қатар келген". Ол америкалық Foreign Policy журналында шыққан бір мақаласында: "АҚШ-тың Таяу Шығыстағы саясаттарының салдарларына көз жүгіртудің өзі АҚШ ықпалының төмендеуінің алаңдаушылық тудырмайтынын көрсетіп отыр. Себебі, АҚШ болған кез келген жерде зорлық-зомбылық, әсірешілдік пен жаңа диктатураның пайда болғанын байқауға болады",- деп жазды.

Трамп үкіметінің Израильге адалдығы

Сарапшылардың басым бөлігі, соның ішінде профессор Акбар Монтасардың пікірі бойынша, АҚШ үкіметінің Иранға қарсы өтірік айтып, қауесет таратуының қайнар көзі Израиль саналады. Бұл қайнар көз қорқынышты түрде әлемдік ақпарат құралдарымен біріккен. Израиль режимімен тығыз байланыс орнатқан 15 миллиардер АҚШ-тағы ірі ақпарат тарату арналары мен агенттіктеріне ие болған. Бұл адамдар өз байлықтарын пайдалана отырып, ақпарат тарату бағытын өздері қалаған жаққа бұрып отырады. Америкалық жаңа консерваторлар Израиль режимінің адал достарының кебінін киіп, халыққа қиянат жасап жатыр. Veterans Today ақпарат агенттігі: "Осы америкалық-израильдік жаңа консерваторлар АҚШ үкіметінің барлық органдарында, атап айтқанда осы елдегі ақпарат тарату қауымдастығын құрайтын 17 органға өз ықпалын орнатқан",- деп хабарлады.

Бұл шындық сионистердің америкалықтардың Иранға қарсы арсыз саясаты мен тәсілінде қаншалықты рөл атқаратынын көрсетіп отыр. АҚШ-тың "Ортақ қадам" бағдарламасынан шығуы Дональд Трамптың бос сөз айту арқылы соңында Иранның ядролық келісімінен шыққан шындықтың айқын көрінісі саналады. Америкалықтардың Трамп үкіметінің билігі кезінде шарықтау шегіне жеткен сионистермен бағыттастығы Батыс Азия аймағындағы лаңкестердің басшыларының да арсыз түрде Иранға қарсы ұстаным білдіруіне себеп болды. Трамптың кейбір араб елдері мен Израиль режимінің бастамасымен Иранға қарсы коалиция құруға бағытталған әрекеті осы шеңберде бағаланып отыр. Осыған байланысты америкалық тарихшы Ноам Чомский былай деді: "АҚШ үкіметінің мақсаты АҚШ-тың аймақтағы гегемониясына қауіп төндіріп, Израильдің зорлық-зомбылық көрсету арқылы әрекет ету бостандығын қатерге ұшыратқан ортақ дұшпан – Иранмен күресу мақсатында Израиль мен араб елдері коалициясының негіздерін күшейту болып табылады".

АҚШ-тың саясаты – барлық дағдарыстың түп-тамыры

Тарих америкалықтар араласқан кез келген аймақта қиындықтардың артып, бейберекеттік пен тұрақсыздық тудырғанын анық көрсетті. Ирак, Сирия мен Йемендегі соғыстар әлемдіктер үшін  бұл соғыстардың түп-тамырының АҚШ-тың импералистік саясатында жатқанын, америкалықтардың бұл істі ақтауы үшін бос сөз айтуды әдетке айналдырғанын әшкере етті. АҚШ саясатының ДАИШ лаңкестік тобының құрылуына соқтырғаны баршаға мәлім. Алайда, АҚШ-тың қазіргі үкіметі арсыздықпен Иранды лаңкестікке қолдау көрсетеді деп айыптап отыр. Гарвард университетінің халықаралық қатынастар факультетінің профессоры Стефан Вальт АҚШ-тың бүлдіргі саясаттарын өте жақсы сипаттады. Ол АҚШ-тың аймақтағы ықпалы толығымен кері нәтиже берді деп санайды.  ДАИШ-тың пайда болуы мен 2003 жылы АҚШ-тың Ирактағы соғысында мыңдаған адамның қаза болуы осы теріс салдарлардың қатарын құрайды. Стефан Вальт Йемендегі қазіргі дағдарысты әлемдегі ең өкінішті дағдарыс деп атап, АҚШ-тың осы соғыста саудиялық коалицияға қолдау көрсетуін дағдарыстың туындауының факторы деп атады.