Ашура оқиғасына қатысты сұрақтар (1)
"Ашура оқиғасына қатысты сұрақтар" атты бағдарламада ақиқатты іздеушілердің санасында осы оқиғаға қатысты туындауы мүмкін кейбір сұрақтарға жауап беруді жөн көрдік. Бүгінгі бағдарламада тарихи тұрғыдан Ашура оқиғасы қазір біз білетіндей х.қ.ж.с.б. 61 жылы орын алды ма, әлде жоқ па деген сұраққа жауап береміз.
Ашура оқиғасы – тарихтағы таңғажайып оқиғалардың бірі. Сол оқиғада бір топ ержүрек батыр мыңдаған рақымсыз жауынгермен өздерінің илаһи сенімдері жолында қасық қандары қалғанша соғысып, қорлық өмірден гөрі абыройлы өлімді таңдады. Батыл қарсыласу мен жанпидалық Алланың соңғы елшісінің әулеті мен оның адал серіктері тарапынан пайғамбар үмбетін түзету мақсатында жасалды. Ашура көтерілісі алғашқы сәттерінен бастап осы күнге дейін жұртты таңдандырып, жүректер мен саналарды сиқырлап алған.

Умайе әулеті Ашураны ұлы мейрам деп атап, имам Хосейннің (ғ.) шәһид болуын мұсылмандардың естерінен шығарып, Ахл-е бейт дұшпандарының сорақылығын жасыруға тырысқанымен ешқашан сәттілікке қол жеткізбеді. Ашура оқиғасы уақыт өте келе бір мәдениетке айналды. Зұлымдық пен озбырлыққа қарсы тұрып, осы жолда жан пида ету Ашура мәдениетінің басты белгілері болды. Мұндай мәдениет тарихтың қай кезеңінде болса да, билеушілер мен үстемшілдер үшін қатер саналады. Қазір де осы тұрғыдан Язид пен Муавиенің идеологиялық майданындағы адамдар әртүрлі тәсілдермен және кез келген құралды пайдаланып, тарих тудырушы көтерілісті мұсылмандардың жүрегі мен жадынан өшіруге күш салып жатыр. Тарих тудырушы көтерілістің әртүрлі қырына күдік-күмән тудырып, мұсылмандардың санасында күмән тудыру – осындай құралдардың бірі. Алайда бұл жаңа тәсіл емес. "Ашура оқиғасына қатысты сұрақтар" атты бағдарламамызда кейбір ақиқат іздеушілердің санасында пайда болған бұлыңғыр жайттардың бірқатарын талдап, даналық нұры арқылы қараңғылыққа табынатын жарқанаттардың ұшынуына жол бермеуді көздеп отырмыз.
Тарихи оқиғаларға қатысты алғашқы сауал солар жайлы берілген тарихи деректердің дұрыстық деңгейіне қатысты. Кербала оқиғасы шынымен біз қазір білетіндей орын алды ма? Тарихшылар мен тарихтанушылардың пікірлеріне сәйкес, ислам тарихында ешбір оқиға Кербала оқиғасындай дұрыс тарихи жазба деректерге ие емес. Шиіттер, сүнниттер мен тіпті мұсылман еместер арасындағы тарихи кітаптар Ашура оқиғасын мықты деректермен баяндаған. Тіпті, осы оқиғаның негізгі тіректері мен басты шындықтары тарихи бөлшектер саналады. Алайда оның егжей-тегжейі басқа тарихи оқиғалар сияқты әрқилы баяндалған. Тарихшылар тұрғысынан Кербала оқиғасы туралы айтылатын нәрселердің 90 пайызы шындыққа жанасады.

Кербала оқиғасына қатысты мағлұматтардың маңызды бөлігі бізге пайғамбар әулеті мен бейкүнә имамдар тарапынан жеткен. Х.қ.ж.с.б. 61 жылдың мұхаррам айында Кербалада имам Хосейнмен (ғ.) бірге болған адамдардың барлығы шәһид болмаған. Осы оқиға орын алған күні қатты ауырып жатқан имам Саджадпен бірге хазірет Әлидің (ғ.) қызы Зейнеп (с.), ол кезде бала болған имам Мұхаммад Бағер (ғ.) және имам Хосейн әулетінің осы оқиғаға куә болған бірнеше мүшесі тірі қалып, бірнеше жыл бойы оқиға жайлы басқаларға баяндап берген. Сонымен қатар басқа имамдардан, әсіресе имам Садық (ғ.) пен имам Резадан (ғ.) Ашура оқиғасы жайлы көп хадис қалған. Шиіттердің сенімі бойынша, имамдар бейкүнә саналатындықтан, олардың айтқандары кесімді дәлел мен құжат саналады. Имам Хосейннің (ғ.с.) кейбір серіктері, соның ішінде соғыста жараланып, тірі қалған Ғолам Хазірет Рабаб Кербала оқиғасына куә болып, сол жайлы баяндаған.
Кербала оқиғасы жайлы тарихи мағлұматтардың келесі бір бөлігін имам Хосейннің (ғ.) дұшпандары баяндаған. Ол заманда соғыстарда орын алған оқиғаларды жазу рәсім болған. Іс жүзінде ресми тілші тағайындалған. Хомайд бен Мослем осы мақсатпен Омар Саадтың әскеріне қызметке алынған. Ол соғыс алаңында көрген нәрсесін жазып отыруы тиіс болған. Ол көптеген оқиғаларды егжей-тегжейлі тіркеп отырған. Мұнымен қоса, осы қылмысқа қатыстылардың кейбіреуі Язидті қуанту үшін Кербалада не істегені туралы ауызша баяндаған. Олардың айтқандары тарихта тіркелген. Ашура оқиғасы жайлы әртүрлі дереккөздері кейде бір-біріне қарама-қайшы ойлармен баяндағанымен ортақ тұстар өте көп.
Осы оқиғаның тарихи деректерінің әртүрлі дәуірлердегі тарихшылар тұрғысынан нақты келтіріліп отырылғаны соншалықты, мұсылман немесе мұсылман емес бірде-бір тарихшы 14 ғасыр бойы осы оқиға мен оның элементтеріне күмән тудырмады. Тіпті, көтерілісте хақ имам Хосейн (ғ.) жағында болмады деп санайтын адамдардың өздері сол күнгі өкініш тудыратын оқиғаларды растап, кейде пайғамбардың (с.ғ.с.) ұрпақтарын өлтіргендерге лағынет айтқан. Шахабеддин Махмуд бен Абдулла Алуси (1270 жылы қайтыс болған) сүнниттердің қадірменді адамдарының бірі болған. Ол шиіттерді жақтырмаған, бірақ Ашура оқиғасы жайлы мәлімет бергеннен кейін: "Имам Хосейн үшін жас төге қоятындай Язидтің тәубеге келмегені мәлім. Ибн Зияд пен Ибн Саад та соның қатарында. Құдай Язид пен оның жақтастарын лағынет етсін",-деген. Шындығында, бұл оқиғаның маңыздылығы және ислам тарихына, шиіттердің тарихына, тіпті, адамзат тарихына әсерінің зорлығы соншалықты, кез келген мазхаб пен кез келген таңдаудағы тарихшылар мен өмірбаян жазушылар осы оқиғаны баяндап, тіпті қарсылардың өздері осы оқиғаның ұлылығы мен әсерін теріске шығара алмаған.