Халықаралық қарттар күні
(last modified Mon, 01 Oct 2018 04:35:50 GMT )
Қаз 01, 2018 10:35 Asia/Almaty
  • Халықаралық қарттар күні

Бір жағынан қуанышқа себеп болған, басқа жағынан әлеуметтік қиындық тудырған жиырма бірінші ғасырдағы маңызды мәселелердің бірі – әлемде қарттар санының артуы. 2015 жылы әлемде қарт кісілердің саны 900 миллионнан асты. 2030 жылға дейін бұл көрсеткіш 1 миллиард 400 миллионға, 2050 жылға дейін 2 миллиард 100 миллион адамға жетеді деп болжанып отыр. Сол кезде қарт адамдар мен 15 жасқа толмаған балалардың саны теңеседі.

Қарт адамдар санының артуы барлық қоғамдар үшін жаңа қиындық тудырып, қарттар мәселесін бұрынғыдан бетер шешу қажеттігін көтеріп отырған әлеуметтік өзгерістердің бірі саналады. Бұл мәселе халықаралық қауымдастықтың да назарын өзіне аударған. Сол себепті БҰҰ 1982 жылы Халықаралық қарттар кеңесін құрып, сол жылы бір күнді "Халықаралық қарттар күні" деп атауға арналған жоба ұсынды. 1990 жылы аталмыш кеңес қазанның бірінші жұлдызын "Халықаралық қарттар күні" деп бекітті. Бүгін қазанның бірі – Халықаралық қарттар күні. Назарларыңызға осы күнге орай  әзірленген бағдарламамызды ұсынамыз.

Қарттық – адамның өмір кезеңінің соңғы бөлігі. Әдетте 60 жастан асқан адамдар қарттық кезеңге жетті деп есептелінеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осы ұғымды жете зерттеп, қарттық кезеңді үш топқа бөлген: алғашқы топқа 60-74 жастағы қарттар, екінші топқа 74-90 жастағы қариялау, үшінші топқа 90 жастан асқан қарт адамдар жатады. Бұл кезеңде әдетте адамның физикалық, ақыл-ой және әлеуметтік тұрғыдағы қабілеттері мен күш-қуаттары төмендейді. Кейбір физикалық өзгерістерге байланысты қариялар жастарға қарағанда жиірек ауруға шалдығып, сауығулары да ұзаққа созылады. Әлеуметтік тұрғыдан да қарт адамдар өмірде көптеген қиындықтарға ұшырайды. Зейнетке шығу, перзенттерінің оларды  қарттар үйіне өткізуі, жұбайы немесе зайыбының қаза болуы, қарттарға қатыгез қатынас көрсету олардың денсаулығы мен тәуелсіздігінің қауіпке ұшырап, өздерін жалғыз сезініп, басқалармен қарым-қатынаста өздерін пайдасыз санауға себеп болатын қарттардың қиындықтарының қатарын құрайды.

Бүгінде денсаулық сақтау саласындағы жағдай мен мүмкіндіктердің дамуымен әлемнің жер-жерінде қарт адамдар санының қарқынды түрде артуына куә болып отырмыз. БҰҰ-ның баяндамаларына сәйкес, қазіргі таңда дамыған елдердің басым бөлігіндегі халық құрамындағы қарттар саны артып, кейбір дамушы елдердегі халықтың құрамы қарттар санының арту кезеңіне таяп қалған. Халқының құрамында жастардың үлесі көп елдердің көбінің бұл кезеңге тез жетуі күтіліп отыр. Жарияланған статистикалық мәліметтерге сәйкес, соңғы онжылдықтың ішінде қарттар санының жаппай артуы дамушы елдерде көрініс тапқан. Қазір әлемдегі қарт адамдардың жартысынан көбісі Азия құрлығында өмір сүруде. Соның ішінде, 177 миллион қарт адам Еуропада, 75 миллион қария мен кейуана Солтүстік Америкада, 71 миллион мосқал адам Оңтүстік Америка мен Кариб аралдарында, 64 миллион егде адам Африкада, 6 миллион қарт адам Океания құрлығында өмір сүріп жатыр. Басқаша айтқанда, халықтың қартаю құбылысы барлық елдерде қарқынды немесе әлсіз түрде орын алып жатқан тез таралатын құбылыс саналады.

Қарт адамдар – басқа заманда және мүлдем бөлек жағдай мен дәстүрде тәрбиеленіп шыққан, өздерінің әдет-ғұрыптарын берік сақтайтын адамдар. Сондықтан олар жас ұрпақтың мейірімсіздігін ескі әдет-ғұрып негізінде қабылдай алмайды. Жастар да жаңа орталар мен жаңа факторлар жағдайында өсіп, ер жеткен. Сол себепті жаңа беталыстар мен үрдістер, тіпті, кейде әсірешіл жаңа бастамаларымен ескі дәстүрлермен күреседі. Бір жағынан дәстүрді сақтау құбылысы, екінші жағынан жаңашылдық беталысы тіпті кейде қарттарға нұқсан келтіруге соқтыратын отбасы мен қоғам ішінде дағдарыстың туындауы үшін қолайлы негіз жасайды.

Қарт адамдар физикалық және рухани жағдайларына байланысты әдетте өз құқықтары мен бостандықтарынан мақұрым қалып, құқықтары мен бостандықтарының бұзылуына соқтыратын қоғамның әлсіз топтар қатарын құрайды. Халықаралық адам құқықтары жүйесінде ресми түрде мойындалған ар-ұждан, теңдік, кемсітпеу принциптеріне қарамастан, қарт адамдар мен басқа адамдардың өз құқықтары мен бостандықтарын пайдалануда еш айырмашлыық жоқ. Барлық адамдардың ар-ұжданына құрмет көрсетіліп, олардың барлығы заң алдында тең саналады. Сондықтан оларға кемсітіп, қорлайтын қатынас көрсетілмеуі керек. Алайда, іс жүзінде қарт адамдардың әлеуметтік жағдайына көз салатын болсақ, көптеген жағдайда олардың құқықтарына көзжұмбайлық танытылып, ьұзылу жайттары орын алады. Мысалы, көптеген қоғамдарда жұмыспен қамтылу, несие алу, алғашқы қызметтерге қолжетімділік секілді салаларда қарт адамдарға шектеулер қойылуда. Зерттеулер қарт адамдардың шетке ығыстырылып, оларға кемсітушілік көрсетіліп жатқанын көрсетті. Бұл мәселе оларға жәбір көрсетіп, теріс пайдаланған жағдайларда көбірек көрініс табады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ең соңғы зерттеуі бойынша, әлемдегі қарт адамдардың алтыдан бір бөлігі өмірлерінде кемінде бір рет жәбір көрген. Баяндама нәтижесіне сәйкес, алдағы жылдары бұл көрсеткіш арта түспек.

Lancet денсаулық сақтау қорының әріптестігімен және табысы төмен және орташа елдерді қамтитын түрлі аймақтарда орналасқан 28 елде жүргізілген 52 зерттеу жұмысы негізінде жүзеге асырылған бұл зерттеу жасы 60-тан асқан әлемдегі қарт адамдардың 60 пайызының түрлі теріс пайдалану және жәбір көрсету жайттарына тап болғанын көрсетіп отыр. Олардың 11,6 пайызы психологиялық тұрғыдағы теріс пайдаланушылыққа, 6,8 пайызы экономикалық сипаттағы теріс пайдаланушылыққа, 4,2 пайызы көңіл бөлмеу немесе елемеуге, 2,6 пайызы физикалық жәбірлеуге, 0,9 пайызы жыныстық зорлыққа ұшыраған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қарт адамдардың денсаулығын сақтау жөніндегі аға кеңесшісі Алана Афисар бұл мәселеге қатысты былай дейді: "Қарт адамдарды теріс пайдалану мен оларға жәбір көрсету жайттары күн сайын артуда. Бұл мәселе жеке және қоғамдық көптеген шығынға соқтыруы мүмкін. Біздің міндетіміз осындай теріс пайдаланушылық жағдайларын жүзеге асыру жолдарын жабу үшін елдерге көмектесу болып табылады".

Сол себепті қарттарды жәбірлеудің алдын алу және олардың өз құқықтары мен бостандықтарын пайдалануға кепілдік беру үшін көбірек заңды әрі әсерлі шара қолдану қажеттігі туындап отыр. Осындай көзқарасқа байланысты БҰҰ барлық елдердің қарт адамдар құқықтарының сақталуына көбірек көңіл бөлуі және оларға көбірек құрмет пен сыйластық көрсету үшін биылғы жылғы Халықаралық қарттар күнінің ұранын "Қарттардың құқықтарын нығайтып, қарттардың құқықтарын қолдаушыларға алғыс білдіру" деп бекітті. Бұл мәселе көне заманнан бері илаһи діндерде баса айтылып келе жатқан тақырыптардың бірі саналады. Мысал ретінде Исламдағы осыған қатысты тағылымдарға сілтеме жасауға болады.

Қарт кісілерді құрметтеп, ерекше ілтипат көрсету –исламдық айқын тағылымдардың бірі. Нұр мен жетекшілікке толы қасиетті кітап Құрандағы «Исра» сүресінің 23-ші аятында былай деп баса айтылған: "Раббың өзіне ғана ғибадат етуге, әке-шешеге жақсылық жасауға әмір етті. Ал егер ол екеуінің бірі немесе екеуі де жандарыңда кәрілікке жетсе: “Түһ” деме (кейіс білдірме). Сондай-ақ, ол екеуін зекіме де, ол екеуіне сыпайы сөйле". Сондай-ақ, исламның Ұлық пайғамбары (с.ғ.с) қарт адамдардың алатын жоғары орны жайлы: "Үмбетімнің қарттарына құрмет көрсету – мені құрметтеумен тең",- деп айтқан.

ИИР да исламдық тағылымдарды ұстанып, БҰҰ-ның қарт адамдарға қатысты бекіткен қарарының негіздерін заңдастыру мақсатында өз заңнамасында осы мәселеге ерекше көңіл бөлген. Мысалы үшін, Иран Конститутциясының 1-ші бабының 6-шы бөлімінде адамның ар-ұжданы мен жоғары құндылықтары мойындалып, 29-шы бапта адамдардың зейнетке шығу, жұмыссыздық, қартаю, жұмыстан айрылу, асыраушысыз қалу, сақтандыру арқылы денсаулық сақтау және емдік қызметтерді алу, дәрігерлік күтім секілді қызметтерді қажет ету жағдайында әлеуметтік тұрғыдан қамтамасыз етілуі баршаға берілген құқық ретінде танылып, үкімет осының барлығын жүзеге асыруға міндеттелген. Осы арада Иран үкіметі де осы мәселеге қатысты арнайы шараларды жүзеге асырған. Атап айтқанда, елдің Әлеуметтік қамсыздандыру ұйымының құрамында Ұлттық қарттар кеңесін құрды. Бұл кеңес қарт адамдардың қоғамда рөл атқарып, белсене атсалысуына жағдай жасап, отбасындағы қарт адамдардың құрметі мен орнының сақталуын қуаттап, қарттардың ең негізгі қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, олардың абыройы мен құрметін сақтап, олардың халық, қауымдастықтар мен жекеменшік мекемелердің істеріне араласуына мүмкіндік тудыру үшін құрылып отыр.

Бағдарламамызды қорытындылай келе айтарымыз, әлем бүгінде қарт адамдардың бағалы тәжірибелерге толы құнды сандық екенін мойындауы тиіс. Егер қоғамда оны пайдалану негіздері үкіметтердің жоспарлары мен бағдарламалары арқылы жасалатын болса, олар өмірде шетке ығыстырылмайды. Әлем мемлекеттері қарттар істеріне қатысты әлеуеттерді танып, әлеуметтік жәбірлеу мен нұқсан келтіру жайттарының алдын алу мақсатында қарттардың әлеуметтік шаттығы мен мәдени болмысын нығайтуға күш салып, қарттардың өмірлерін жалғастыру  үшін жақсы сезім сыйлауы тиіс.