"Қасиетті қорғаныстың" алдыңғы шебіндегі ирандық әйелдер
(last modified Tue, 02 Oct 2018 08:55:43 GMT )
Қаз 02, 2018 14:55 Asia/Almaty

Ислам дінінде әйелдің бойындағы адами қасиеттерінің маңыздылығына байланысты әйел затының қоғамдағы белсенділігі жағымды әрі оңтайлы бағаланып, оның кез келген адам секілді өз тағдырын қалыптастыру істеріне араласуы сұралған.

Әйелдердің атқаратын әртүрлі рөлдері өмірді мағынаға толтырады. Сарапшылардың пайымдауынша, қабілетті әрі түсінігі мол әйел тәрбиелеген отбасылардағы перзенттер мықты қолдау мен қамқорлықта өсіп, тұлға ретінде қалыптасады. Перзенттері қателік жасайтын білімді әрі есті әйел сирек кездестіруге болады. Сонымен қатар, қоғамның әлеуметтік істеріне белсене атсалысатын әйелдер маңызды әрі әсерлі шешімдер қабылдауға көп үлес қосады.

Ислам дінінде әйелдің бойындағы адами қасиеттерінің маңыздылығына байланысты әйел затының қоғамдағы белсенділігі жағымды әрі оңтайлы бағаланып, оның кез келген адам секілді өз тағдырын қалыптастыру істеріне араласуы сұралған. Әйелдердің әлеуметтік істерге араласуындағы ең маңызды жайт мынадай: бұл қоғам істеріне қатысу әйелдің жәбір не қорлық көруіне және бұл істі теріс пайдалануға соқтырмауы мен әйелдің қоғам істеріне қатысуының қоғамды табысты әрі нәпсіқұмарлық ортаға айналдырмауы саналады.

Әйелдердің қоғамдық істерге араласу аспектілерінің қатарына олардың қорғаныстық салалар мен соғысқа қатысуы жатады. Ислам мен әлем және Иранның қазіргі заман тарихынан әйелдердің соғыс істеріне араласуы мен қатысуын көрсететін көптеген мысалдарды байқауға болады. Әйелдер қауымы қоғамның бір бүтін жүйе ретінде өзінің барлық мүшелерінің күш-қабілетін қажет ететінін көрсетті. Сондықтан олар қолдау көрсету қызметі шегінен шығып, ерлер секілді соғыс майдандарына аттанып, қарсыласу мен ерліктің аңызына айналды. Тарихтағы жауынгер әйелдердің саны ерлерге қарағанда аз болғанымен соғыс орын алып, бір халық дұшпанның шабуылынан отанын қорғаған кезде ерлердің шайқас алаңдарына аттануының жалғыз өзі жеңіске кепілдік бермейді. Сол күштерге көрсетілген қолдау мен көмек, ерлерді соғыс майданына аттануға ынталандыру, жарақат алғандарға медициналық көмек көрсетіп, оларды емдеу, тылдағы жертасаларды қорғау секілді әрекеттер жауынгерлердің рухына, тіпті соғыстың тағдырына да тікелей әсер етеді.

Ирактың Иранға қарсы таңған соғыс майдандарындағы әйелдер: Хоррамшаһр

Иран ислам революциясындағы әйелдер ерте ислам дәуіріндегі әйелдердің белсенді атсалысуынан үлгі алып, күрестің алдыңғы шебінде болып, жарқырап, әлі азаттық пен тәуелсіздіктің тәтті дәмін сезіп үлгермеген күйде Ирактың Иранға қарсы таңылған соғысына тап болды. Олар сегіз жылдық "Қасиетті қорғаныс" кезіндегі маңызды істерді жүзеге асыру үшін маңызды міндеттерді мойындарына алып, ислам революциясы тарихында жалынды құзырларымен аттарын қалдырды. Ерте ислам дәуіріндегі ең ірі қорғаушы әйел исламның Ұлық пайғамбарының (с.ғ.с) ардақты қызы хазірет Фатима (ғ.с) болған. Хазірет бір топ әйелмен бірге Уһуд шайқасына қатысқан. Хазірет Заһра (ғ.с) мен 14 әйел азық-түлік пен ауыз су тасымалдау, жараланғандарды күтіп, шөлдегендерге су жеткізу сияқты қызметтер атқарған. Сол соғыста хазірет Заһра пайғамбар (с.ғ.с) мен имам Әлиге (ғ.с) медициналық қызмет көрсетіп, қамқорлық жасаған.

Ирактың Иранға қарсы таңған соғысында ИИР қоғамының қорғаныстық жағдайы әйелдердің тікелей соғыс амалдарына қатысуын қажет етпеді. Алайда, ирактық сарбаздардың тұтқиылдан шапқыншылық жасауы, әсіресе соғыстың алғашқы күндері кейбір шекаралық аймақтарға шабуылдап, әуеден бомбалап, қалаларға зымырандық шабуыл жасауы әйелдерді тікелей дұшпанмен бетпе-бет келуге итермелеп, олардың қорғаныстық және жауынгерлік рухтарын арттырды. Сол себепті әйелдер әскери жаттығулар мен әскери қосындарға келіп, біртіндеп «басидж» – ерікті  жауынгерлер ұйымының әйелдер бөлімін қалыптастырды. Таңылған соғыстың басынан Хоррамшаһр, Абадан, Ахваз, Сусангерд және оңтүстік басқа қалалардағы әйелдер ислам діні мен революциясы мен отандарын жан-тәндерімен қорғады.

Дұшпан Хоррамшаһрды басып алуды күткен, тұрғындары біртіндеп азайып жатқан сол күндері Хоррамшаһрдың жұмылдырылған «басидж» ұйымы мен сақшыларының әйелдер тобы өз отбасыларының көшуінің алдын алу мақсатында қажет соғыс құралдар қоймасын қорғап, оларды ислам жауынгерлеріне жеткізуге күш салған. Осындай батыл әйелдердің келесі бір тобының орналасқан мекені Хоррамшаһрдың орталық мешіті болды.

Ирандық әйелдердің таңылған соғыстың әртүрлі сахналарындағы құзыры

Хаджишаһ отбасында күрестің туын алдымен сол отбасының қызы көтерді. Соғыстың алғашқы күндері Шаһназ әскери дайындықтан өтіп, қолына қару алып, жертаса жасап, оны қарауылдап, қарауылдамайтын сағаттарда жараланғандарға көмек көрсетіп, ақырында снаряд пен жарықшақтан шәһид болды. Ол шәһид болған соң оның бауырлары майданға аттанып, бірінен соң бірі шәһид болады.

Ол кезде 17 жастағы бойжеткен Заһра Хосейни кенеттен соғыстың қызған шағына тап болды. Шәһидтердің сүйектерінің көмілмей қалғаны хабарланғанда теңдессіз батыл әрі қарсыласушы рухпен мәйітті жуатын адамдармен бірге сонда аттанып, қаза болғандардың денесін жуу, кебінге орау және жерлеу рәсімдеріне қатысты. Зираттың қызметкерлеріне тамақ беріп, оларға медициналық көмек көрсетуді үйретіп, кез келген істе медициналық көмек көрсетуден бастап, жараланғандарды тасымалдау, қару-жарақ жөндеп, дайындау, тамақ әзірлеу мен қажет жабдықтарды таратуға дейін белсенділік танытты. Оның жалғыз мақсаты халыққа қызмет етіп, пайдасын тигізу болды. Оның әкесі мен бауыры Хоррамшаһрдағы соғыста шәһид болған. Ол оларды өз қолымен жерлеген болатын. Ол Хоррамшаһрды қорғау кезінде жараланып, жарықшақ оның жұлынына дейін еніп, сол кезден бастап осы жарықшақпен өмір сүріп, оның ауыр салдарына шыдаудан басқа амалы болмады. Оның өмірі "دا" (Да, яғни "Ана") деп аталатын кітапта баяндалып, бірнеше рет басылып шыққан. Бұл кітап оқырманды қатты таңырқатқан.

Сейеде Заһра Хосейни – "دا" ("Ана") кітабының авторы

Әйелдер жаңадан құрылған революцияның құндылықтары мен армандарын қорғауда дұшпанға қарсы қарсыласу қозғалысы кедергіге ұшырамас үшін жолдағы кез келген ауыр жүкті көтерді. Әйелдердің қорғаныс саласындағы табандылығы мен бастамашылдығы имам Хомейниге қорғанысты жалғастыруға көбірек сенім беріп: "Мен кесімді ерік-жігерімен біздің мақсатқа жетер жолда кез келген іске, тіпті шәһид болуға дайын тұрған құрметті бануларды көргенде бұл жолдың жеңіске жеткізетіндігіне толық сене бастаймын",- деп айтуына себеп болды.

Аятолла Хаменеи де әйелдердің соғысқа қатысуы мен қабілетін жоғары бағалап, әйелдер қауымының соғыс кезіндегі табандылығы мен қарсыласуы жайлы былай деді: "Сусангерд қаласында жолдасы соқыр болған сүннит араб әйел өмір сүрген. Ол кісінің жасы 40-тан асып, 50-ге таяп қалса да, шындығында өз қаласын нағыз ер кісідей батылдықпен қорғады". Бұл әйел ағаш таяқпен бірнеше ирактық сарбазды аяқтан қағып түсірді. Сондай-ақ, Керманшаһтың ержүрек күрд әйелі Фарангис Хейдарпурдың батылдығына да сілтеме жасауға болады. Ол жалғыз өзі ирактық сарбазды балтамен өлтіріп, тағы бір сарбазды тұтқындады.

Фарангис Хейдарпур

Шын мәнінде ирандық әйелдер "Қасиетті қорғаныс" кезінде өздерінің идеологиясы мен ой-пікірінің қаншалықты берік екенін көрсетті. Олар "Қасиетті қорғаныс" кезінде хабардар әрі таңдаушы мұсылман әйелінің болмысын толық мағыналы етіп көрсетті.

Жауынгерлік істерге атсалысумен қатар әйелдер тылда, яғни, үйде медициналық көмек көрсетуден бастап, зауыттарда қажет жарақтарды өндіріп шығаруға дейін ауқымды салаларда белсенділік танытты. Мектептер, хосейниелер, мешіттерде, әсіресе «Басидж» қарсыласу ұйымының орталықтарында халықтың көмектерін жинау әйелдердің әсерлі әрекеттерінің бірі саналды. Әйелдер бұл тұрғыдан ерлерге қарағанда басым түсті. Олар соғыс кезінде үйленген кездеріндегі естеліктері болған қымбат әшекей бұйымдарын да майдан үшін құрбан етті. Әйелдердің қалаларда, шәһидтерді жерлеу және еске алу рәсімдеріндегі саяси, әлеуметтік, мәдени және тәрбиелік сипаттағы әрекеттері ирандық әйелдердің сегіз жылдық "Қасиетті қорғаныс" кезіндегі керемет белсенділігінің бір қыры саналады.

Ислам революциясы жетекшісінің айтуынша, егер әйелдер соғыстағы ерлікті жырламай, соғысты үйлердің арасында құндылық ретінде бағаламағанда, ерлер соғыс майданына аттану үшін жігерленіп, ынталанбас еді. Хазірет сондай-ақ: "Көптеген факторлар жұмылдырылған күштердің майданға аттануына әсер етеді. Сондай факторлардың ең маңыздысы аналар, жұбайлар мен жас қыз-келіншектердің рухы саналады. Ирандық әйел – сарбаз  емес, бірақ Құдайдың жолында джиһадқа барып, барлық салаларға белсене қатысады",- деп айтқан.

Осылайша сегіз жылдық "Қасиетті қорғаныстан" кейін әйелдер Иранның батыл да, қарсыласушы ерлерімен қатар тұрып, жеңістің мәңгілік ерлігін тудырды.