Жетекші көзқарасы: Иранның ұлылығы, айбыны мен жеңімпаздығы 1
(last modified Mon, 22 Oct 2018 11:16:46 GMT )
Қаз 22, 2018 17:16 Asia/Almaty
  • Жетекші көзқарасы: Иранның  ұлылығы, айбыны мен жеңімпаздығы 1

Иран Ислам революциясының жетекшісі атолла Хаменеи: «Біздің еліміз мұсылман елдері арасындағы ғылым, философия, саясат, өнер бойынша, кейін әлем халықтары арасында үлкен табысқа жетіп, беделін арттырды. Иранның ұлылығы – айқын мәселе. Әрбір адам мұны растайды» деді.

"Басидж" ұйымы – 1980-ші жылы имам Хомейнидің бұйрығымен миллиондаған революцияшыл халықтан құрылған орган. Бұл халықтық ұйымның ерікті күштері Иран халқының Саддам армиясының шабуылына қарсы қасиетті қорғаныс жылдары маңызды рөл атқарды. Соғыстан кейінгі жылдары да әртүрлі салаларда, әсіресе елді абадтандыру жұмыстары мен дамыту  саласында көп еңбек сіңірді. Бұл салада жүздеген мың басидж өткен бір айдың ішінде жиһадтық топтар құрамында елдің мақұрым аймақтарында құрылыс, медицина мен гигиена, мәдениет пен білім беру салаларында еңбек етті. Олар өз міндеттерінің соңында, яғни қазан айының төрті күні Иранның әртүрлі қалаларында жиналыстар өткізді. Солардың ең үлкені Теһранда өтіп, басқосуда Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи баяндама жасады.

Ислам революциясының жетекшісі басидждер жиынының алдында

Ислам революциясының жетекшісі бәрінен бұрын Теһранның "Азади" спорт кешенінде сөйлеген сөзінде жүз мың басидждің қазіргі маңызды жағдайда жиналып отырғанына тоқталып: «Бір жақта – АҚШ-тың теріс жарнамалары мен экономикалық қысымдары, екінші  жақта – мүмін жастардың күш-қуаты мен әртүрлі салалардағы жеңістері. Сондай-ақ, тағы бір жақта елдің экономикалық қиындықтары, оларға қарсы елдің көрнекті азаматтары мәселені шешу жолында талпыныстар жасауда»,- деді.

Діни жетекші сөзінің бірінші бөлімінде Иранның ұлылығы, Ислам республикасының күш-қуаты және Иран халқының жеңіліс тапттайтындығы туралы маңызды үш мәселеге тоқталып: «Қазіргі кезде Иран халқының дұшпандары біз оларды танымаймыз немесе оларға немқұрайдылық танытып отырмыз деп ойлайды.  Келесі мәселе дұшпан біздің өзіміз, еліміз және халқымыз туралы күмәнданумызды қалайтындығында»,- деді. Аятолла Хаменеи Иранның ұлылығы туралы: «Иран Ислам революциясының жетекшісі атолла Хаменеи: «Біздің еліміз мұсылман елдері арасындағы ғылым, философия, саясат, өнер бойынша, кейін әлем халықтары арасында үлкен табысқа жетіп, беделін арттырды. Иранның ұлылығы – айқын мәселе. Әрбір адам мұны растайды» деді.

Аятолла Хаменеи қасиетті қорғаныс кезеңінің қолбасшыларының қасында

Ислам революциясының жетекшісі басидждердің ортасында сөйлеген сөзінде ИИР-ның күш-қуаты туралы: «Ислам республикасының күш-құдыреті елді Англия мен АҚШ-тың үстемдігінен  шығарды. Үстемшілдік шамамен 19-шы ғасырдың басынан басталды. Елдің барлық ісін бөгде елдер басқарды. Пехлевидің үстемшіл режимі Иранда бөгделердің билігі үшін жағдай жасап, өзі де оларға тәуелді болды. Ислам революциясы мен ИИР-ның күш-құдыретінің келесі көрінісі елді басқыншы үкіметтен құтқаруы саналады. Иранда Ислам республикасы жүйесі орнатылған соң бұл жүйені құлатуды мақсат еткен көптеген ішкі және сыртқы қастандықтар орын алды. Бұл халықтық жүйені жоюды көздеген ең маңызды әрекеттердің бірі Иранға Ирактың рақымсыз диктаторы Саддам арқылы  сегіз жылға созылған соғыстың таңылуы болды. Алайда, қастандықтар жауынгерлердің ержүректігі және Иран халқының қарсыласуымен сәтсіздікке ұшырады.

Діни жетекші бұл туралы: «Ислам республикасы кезеңінен бұрын Пехлеви мен Қаджар кезеңдеріндегі соғыстарда дұшпандар елдің жерлерін бөлшектеді немесе біздің елге әскерилерін орналастырып, халықты қорлады. Иран халқы сегізжылдық таңылған соғыста бірінші рет дұшпанды толығымен сәтсіздікке ұшыратып, оларды елден шығарып, елдің территориялық тұтастығын қорғады. Күш-құдырет деген – осы. Ислам республикасының күш-құдыреті аймақ пен әлем деңгейіндегі сенімі мен құрметін арттырды»,- деді.

Иран халқының жеңімпаздығы аятолла Хаменеидің басидждермен кездесуінде ортаған салынған келесі маңызды тақырып болды. Хазірет халықтың исламдық құндылықтарды қолдауын жеңімпаздықтың негізгі себебі деп атап: «Жеңімпаздықтың белгілері Иран халқының Ислам революциясының жеңіске жетуінен, Иран халқының қасиетті қорғаныс жылдарындағы жеңісінен, Иран халқының өткен 40 жылдағы дұшпанның қастықтарына қарсы табандылық білдіруінен байқалады. Біздің халқымыз артқа шегінбеді, дұшпанның алдында әлсіздік танытқан жоқ. Бұл – Иран халқының жеңісі»,- деді.

Ирандық жастар ғылыми салада көптеген табыстарға жетті

Аятолла Хаменеи бұл күнгі және басқа да көптеген сөзінде елдің келешегін құрайтын жастарға сенімді әрі үміт артатынын көрсетті. Ислам революциясының жетекшісі басидждердің жиынында: «Біз Ислам революциясы жеңіске жеткеннен кейінгі 40 жылда көптеген жиһадтардға куә болдық. Сол жиһадтардың барлығында жастар алда болды»,- деді. Аятолла Хаменеи жастардың елдің жетістіктеріне тигізген рөліне тоқталып, жастардың Ислам революциясына дейінгі кезеңдегі Пехлеви режиміне қарсы және революцияның алғашқы жылдарындағы талибандар мен лаңкестерге қарсы күрестерге қатысуын, елді абадтандыру жиһадындағы белсенділігін, сегізжылдық қасиетті қорғаныс соғысындағы шапқыншыларға қарсы жиһадын, елдің ғылыми-технологиялық даму ағымына қатысуын, тәкфиршіл лаңкестікпен күресін, ғылым мен  экономика салаларындағы талпыныстарын еске салды. Ислам революциясының жетекшісі елдің мақұрым аймақтарын абадтандыруға көмектесетін жиһадтық топтарға тоқталып: «Қазіргі күні шамамен он мың жиһадтық топ елдің әртүрлі аймақтарында жұмыс істеп жатыр. Олар – елдің келешегінің үлкен қоры»,- деді.

"Азади" спорт кешеніндегі басидждер жиыны

Аятолла Хаменеи сөзінің екінші бөлімінде ИИР-ның дамуының алдын алатын кедергілерге қарсы жолдарға тоқталып: «Біздің алдымыздағы даму жолы ашық болғанымен көптеген қиындық бар. Бұл – құлдыраулар мен шарықтауларға толы жол. Дұшпан бізге қарсы бар күшімен әрекет етуде. Біз кедергілерден өтіп, бұл жолды өтуіміз керек. Осы жолдағы біздің бірінші қадамымыз – дұшпанның құзырын сезуіміз. Өйткені, адам дұшпанның оған қарсы тұрғанын білмегенге дейін өзіне қамал дайындамайды, қолына керек  қаруды алмайды»,- деді.

 

Ислам революциясының жетекшісі алға ілгерілеуді жалғастырып, жолындағы кедергілермен қарсыласу үшін өз-өзіне  сенім артуы мен шынайы жігердің қажеттігін қуаттап: «Жігерсіз, қорқақ, мұрсат талап етуші, өз-өзіне сенбейтін адам майданда жұмыс істей алмайды. Ол басқаларды да үмітсіздендіреді немесе жалқауға айналдырады». Аятолла Хаменеи сөзінің жалғасында «Тәубе» сүресінің 47-ші аятына тоқталып: «Егер мұнафықтар сіздер, мұсылмандармен бірге жиһадқа шықса, тек бұзақылық пен күдік тудырады. Әрине, жиһадқа шыққан барлық жастарымыз өздеріне сенімді, ержүрек болып, күмәнданбайды. Олар қорқақ болмайды»,- деп баса айтты.