Жетекші көзқарасы: Иранның ұлылығы, айбыны мен жеңімпаздығы 2
(last modified Mon, 22 Oct 2018 11:32:20 GMT )
Қаз 22, 2018 17:32 Asia/Almaty
  • Жетекші көзқарасы: Иранның  ұлылығы, айбыны мен жеңімпаздығы 2

Аятолла Хаменеи: «Олар революция мен Иран халқының ұлы қозғалыстарының негіздеріне кек сақтап жүргендіктен, аймақта үлкен ислам үкіметінің бас көтеруіне алаңдауда» деді.

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеидің басидждердің үлкен жиынында  Иранның ұлылығы, айбыны және Иран халқының жеңіліс таппайтындығын қуаттап, жастарға ИИР-ның әртүрлі салаларында маңызды рөл атқарғаны үшін алғыс айтты. Хазірет, сондай-ақ, дұшпандардың Иранның даму жолына кедергі тудыруына тоқталып, олармен қарсыласу үшін дұшпанды сезу мен өзі-өзіне сенім артуды кедергілерді залалсыздандыру саласындағы басты екі қадам деп атады.  

Аятолла Хаменеи басидждер жиынында

Ислам революциясының жетекшісі дұшпанның қастандтықтарына қарсы тұратын үшінші қадам ретінде дұшпанның шабуыл жасайтын   тану деп атап: «Дұшпанның қоқан-лоққысын дұрыс түсінуіміз керек. Оның мөлшері мен шабуыл жасайтын салаларын анықтау қажет. Дұшпанның қай жерден шабуыл жасайтынын білген де жөн»,- деді. Аятолла Хаменеи дұшпан шайқасының кейбір салаларына тоқталып, соның ішінде Ислам мен Ислам революциясын басты салалар ретінде атады. Иран халқының исламдық иманы оны дұшпанның шабуылдарының алдында күшейтті. Діни жетекші  Ислам революциясына дейін бөгделердің Иранға ықпал еткеніне тоқталып, олардың саясат, экономика және мәдениет салаларындағы кейбір араласушылықтарына сілтеме жасап: «Ислам мен Ислам революциясы олардың Иранға араласуына тыйым салды. Олардың революция мен Иран халқы қозғалысының негіздеріне кегі бар. Олардың алдап-арбаушылықтары соған байланысты. Олар аймақта исламдық алпауыт ел бас көтереді деп алаңдауда. Сондықтан оның алдын алғысы келеді. Олар исламдық және революциялық күш-құдыреттен қорқатындықтан күш-құдыреттің факторларына шектеу қойып, оларды жойғысы келеді»,- деді.

Аятолла Хаменеи ИИР күш-құдіретінің кейбіреуі ретінде саяси тұрақтылықтың орнатылуын, қоғамдық қауіпсіздікті, ұлттық бірлік, революция негіздеріне табанды болуды, исламдық және революцияшыл мәдениетті дамытуды, ғылыми-технологиялық дамуды жылдамдатуды, әскери даму мен аймақтағы зымырандық құдырет пен аймақ мәселелеріне араласуды арттыру сынды мәселелерді атап, исламдық Иранның күш-құдыретіне себеп болатын кез келген нәрсені қақтығыс орталығына айналдыруды соғыс майданы, үстемшілердің исламдық Иранмен қарсыласу майданы деп атады. Діни жетекші дұшпанның Иран халқына қарсы келесі саласы ретінде олардың елдің жағдайын үмітсіз көрсету әрекеттері деп атады. Хазірет  ақпарат құралдарын оларды  бұл мақсатқа жеткізетін құрал деп көрсетіп: «Олар қате мәлімет таратып, Иран халқының қоғамдық пікірін бұрмалауды көздеуде. Олар Иран, өздері мен аймақтың жағдайы туралы бұрыс мәлімет таратуда»,- деді.

Басидждер жиыны

Ислам революциясының жетекшісі АҚШ пен басқа билеп-төстеуші елдердің өздерін жағдайды бақылаушы етіп көрсететінін, бірақ негізінде олай емес екендігіне тоқталды. Аятолла Хаменеи үстемшілердің қаржы, әскери құрал, ядролық қару, дамыған технологиялар мен ақпарат мүмкіндіктеріне ие екендіктерін растап, алайда әлемде басты сөзді «жұмсақ құралдардың» айтатынын қуаттап: «Жұмсақ құралдар құдыреті» деген – қисын, дәлел,  өмірді анықтайтын жаңа сөз. Олардың айтатын жаңа сөзі мен қисыны жоқ. «Жұмсақ күш» тұрғысынан АҚШ өте әлсіз. Оның сөзі – зорлық-зомбылық, қисыны – осал. Қазіргі кезде либерал демократияның әлемдегі жағдайы нашар»,- деді. Хазірет әлемдегі АҚШ-тың шынайы жағдайының мысалы ретінде осы мемлекеттің Ирак, Сирия, Ливан, Ауғанстан мен әлемдегі басқа елдермен қарсыласуына назар  аудартты.

Діни жетекші дұшпанның келесі қастандығы ретінде Иран мен Ислам жүйесін әлсіз көрсетуі деп атап: «Олардың басқа ұстанымдары болса, олары да қате. Олар әлемнің қоғамдық пікіріне Иран туралы өз көріністерін таратуға талпынуда. Олар тіпті, Иран халқына олардың өздері туралы мәлімет ұсынғылары келеді»,- деді.

Аятолла Хаменеи басидждермен кездесуінде сөйлеген сөзінде: «Жуырда АҚШ Президентінің кейбір еуропалық басшыларға «Екі-үш ай шыдай тұрыңдар. Екі-үш айдан кейін Иранның шаруасы таусылады» деп айтқанын естідім»,- деп, Ислам революциясының алғашқы кезеңіндегі батыстықтар мен елдің ішіндегі дұшпандардың бірнеше айдың ішінде Ислам республикасы жүйесін құлататыны туралы уәде бергендеріне тоқталып: «Сол күннен бері 40 жыл өтіп, нәзік көшет мықты талға айналды. Осындай жағдайда бұл бейшара өзі мен еуропалық әріптестеріне «Шыдай тұрыңдар, жүйе екі-үш айда құлайды» деп  уәж айтуда»,- деді. Ислам революциясының жетекшісі АҚШ Президентінің аңғырт сөзіне білдірген реакцияда: «Дұшпан Иран халқын дұрыс танымайды, дұшпан революция мен революцияшыл рух пен иманды танымайды. Оның барлық жылдардағы қате сараптамасы оны адастырып отыр. Қазір де оның адасуына себеп болуда»,- деді.

Аятолла Хаменеи Иранның экономикалық қиындықтар сынды қазіргі проблемаларына тоқталып, бірақ негізгі мәселе ретінде оларды шешуге деген үмітсіздік тудыруды  атап: «Дұшпан Иран халқын тығырыққа тірелдіңдер, АҚШ пен НАТО-ны пана тұтпасаңдар және АҚШ-қа бағынбасаңдар шешім жолын таппайсыңдар деп сендіргісі келеді. Алайда, бұл болмайтын жайт. Мен Аллаға сүйеніп, көзім тіріде, бойымда күшім бар кезде сіздермен бірге елімізде бұл оқиғаның болуына рұқсат етпеймін»,- деп баса айтты.

Ислам революциясының жетекшісі Иранды  құдыретті, мықты және мақтан тұтуға лайық мемлекет деп бағалап: «Тәжірибелі саясаткерлер, тіпті бізбен қатынастары жақсы емес АҚШ пен Батыс пен еуропалық мемлекеттердің өздерінде Иран халқының 40 жыл бойы дұшпанның қысымдарының алдында артқа шегінбегенін, керісінше көптеген жетістіктерге жетіп, өзін алпауыт елге айналдырғанына байланысты мадақтайды»,- деді.

Иран туралы келесі шындық – елдің көптеген мүмкіндіктерге ие болуы. Аятолла Хаменеи: «Мұндай мүмкіндіктерге ие мемлекет әлемде көп емес. Географиялық, климаттық, адам күші, жерасты байлықтары, сондай-ақ, ел экономикасы мен елдің дамуы үшін өте маңызды жер үстіндегі мүмкіндік өте көп»,- деді. Аятолла Хаменеи мүмкіндіктердің дұрыс қолданылмауын  сынады. Діни жетекші елдің  ең маңызды байлықтарының бірі ретінде дұшпан ол құдыретті дұрыс бағаламаған ирандық мүмін жастар деп атап: «Елдің мүмін жастары елді қорғау, ғылым, мәдениет, сондай-ақ, әлеуметтік және басқа да тұрғылар бойынша  мүмкіндіктерге ие. Бұл – елдің шынайы бейнесі»,- деді.

Ислам революциясының жетекшісі басидждердің ортасында АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларынының себебін үстемшіл үкіметтің қоқан-лоққы көрсететін басқа жолының жоқтығы деп атап: «Экономикалық санкциялар біздің ұлттық экономикамыздан әлдеқайда әлсіз. Біздің ұлттық экономикамыз санкцияларды жеңеді. Алланың көмегімен санкцияларды сәтсіздікке ұшыратамыз. Санкцияларды   сәтсіздіктерді ұшырату – АҚШ-ты сәтсіздікке ұшырату»,- деп баса айтты.

Аятолла Хаменеи дұшпанның қоқан-лоққыларынан қорықпайтын, әрі басқа елдер үшін үлгіге айналған басидждер – халықтық ұйымды Иранның шынайы бейнесінің келесі көрінісі деп атады. Хазірет Иранның бейнесіндегі келесі жарқыраған жайтты таныстырып: «Жиһадтық топтар, басидждер ұйымы, «Раһиан-е нур» ағымы, революцияға қатысты шерулер, итикаф, имам Хусейн (ғ.с.)-ның Ашурасына қатысты рәсімдер – бұлардың барлығы елдің шынайы бейнесінің көріністері. Тек осы көріністерге көңіл бөліп, Иран халқын тануға болады»,- деп қуаттады.

Имам Хусейн (ғ.с.)-ға қатысты аза рәсім

Аятолла Хаменеи сөзінің соңында Теһранның «Азади» спорт алаңына жиналған халық пен басидж күштерінің алдында дұшпанның қолындағы ақпарат құралдарын әскери жабдықтарға емес, адамдарды жоятын соғыстағы химиялық қаруға теңеді.  Ақпарат құралдары да халықты жоя алмайды, бірақ олардың ой-пікірлерін өз мүдделеріне сай өзгертуге талпыныс жасайды. Ислам революциясының жетекшісі қуаттаған келесі мәселе халықтың бірлігін сақтап, олардың жауапкершілігін арттыру мәселесі болды. Аятолла Хаменеи: «Егер дұшпан Иран халқының, әсіресе ирандық мүмін жастардың міндеттеріне жауапты әрі мықты екендігін сезсе, артқа шегінеді. Бізд дұшпанға осалдығымызды емес, күш-қуатымызды көрсетуіміз керек. Дұшпан біздің сөздеріміз бен амалдарымыздан күш-құдыретті сезуі керек. Егер бізден әлсіздік көрсе, әрекеттерін арттырады»,- деді. Аятолла Хаменеи қасиетті қорғаныс кезіндегі оқиғаларының бірін еске алып, басидждердің алдындағы сөзін былай аяқтады: «Спорт алаңында жиналған жүз мыңдық адам 1986-шы жылғы дәл осы мекенде жиналған жүз мыңдық адамды еске түсіреді. Сол кездегі жастар сөзімді тыңдап болған соң соғыс  майдандарына аттанып, ел үшін үлкен жетістіктер әкелді. Сіздер, жастар, илаһи көмекпен ғылым, экономика, жұмыс орындарын ашу, еңбек пен жеке және ұжымдық талпыныстарда, әлеуметтік және мәдени арналар салалары мен талпынысты қажет ететін кез келген салада жеңіске жетесіздер»,- деді.  

  1986-шы жылы 100 мың басидж соғыс майдандарына аттанды