"Арбағин" рәсімінің жолаушысы 7
"Арбағин" – шәһидтердің жетекшісі, Исламның ұлық пайғамбарының немересі хазірет Аба Абдолла әл-Хусейннің (ғ.с.) қырқының жылдығы.
Таң намазынан кейін жолға шықтым. Кербалаға жақындаған сайын жаяу жолға шыққандардың қатары көбейіп, жол жүру қиындай түсті. Зияратшыларға қызмет көрсететін шатырлар да бір-біріне жабысып орналасқан екен Бір шетке шығып демалдым. Дәптерімді алып, шетінде жазылған: "Құран Кәрім мүміндерге илаһи кезеңдерде илаһи үлкен күндерді ұмытпауды еске салады. "Ибрахим" сүресінің 5-ші аятында "....Алланың күндерін ескерт..... Шәксіз, мұнда бейнетке сабыр сақтап, нығметке шүкіршілік етушілер үшін өнеге бар" деген сөздерді оқыдым. Арбағин – Кербала оқиғасының жалғасы. Сондықтан илаһи күндердің бірі саналатын Ашура күнін ұмытпас үшін имам Хусейннің (ғ.с.) ізбасарлары Арбағин күні имамдарымен келісімін жаңғыртады. Сол үшін Кербалаға зиярат етуге барады. Имам Хасан Аскаридің (ғ.с.) рауаяттарының бірінде Арбағин күні имам Хусейнді (ғ.с.) зиярат ету мүміннің белгілерінің бірі деп аталған. Имам Хасан Аскари (ғ.с.): "Мүміннің белгілеріне 51 рәкәт уәжіп және нәпіл намаздарын орындау, "Арбағин" зияратнамасын оқу, оң қолға жүзік тағып, маңдайды топыраққа тигізіп, дауыстап "Бисмилләхи рахмани рахим" деп айту жатады» деген.
Дем алып, ғашықтардың қатарына қосылып, басшым Хусейнмен (ғ.с.) келісімімді жаңғырту үшін жолымды жалғастырдым.
Күн әлі шықпаған кезде Кербала ерлігінің туын көтеруші хазірет Аба әл-Фазл әл-Аббастың қасиетті күмбезінің екі мұнарасының шырақтары алыстан көрінді. Хазірет Аббас өзі мен ағасының қабіріне зияратқа келгендерге қошамет білдіргендей. Кербалаға қарай ағылған жамағатқа жеттім. Жан-жағымнан "Уа, Хусейн!" деген дауыстар аспанға көтерілді. Салт бойынша ең бірінші Баб әл-Хаваедж дарбазасына сәлем бердім. Содан соң еріксіз халықтың толқынына еріп, кесененің алаңына қарай жүрдім. Аяқкиім қоятын жерде орын болмағандықтан ондаған мың аяқкиім кесененің есігінің алдында араласып жатқан еді. Адам "Таһа" сүресінің "...Кебісіңді шеш. Өйткені, сен қасиетті Туа ойпатындасың" деген 12-ші аятын есіне түсіреді.

Кербала имам Хусейн (ғ.с.) мен хазірет Аббасқа зияратқа келгендердің алдында құшағын жайғандай. Бұл – Алла Тағала жаратқан әлемінің барлық ұлылығын бір жерге жинақтаған Кербала жері. Иран Ислам революциясының жетекшісі: "Имам Хусейннің (ғ.с.) магниттік тартылыс күші Арбағин күні басталып, Джабер бен Абдолланы Мединеден Кербалаға қарай тартты. Бұл магниттік тартылыс бүгінде оқиға болған кезден бері ғасырлар өткенімен мені мен сіздердің жүректеріңізде сақталып отыр. Исламның ұлық пайғамбарының әулеті туралы білетін адамдардың жүрегінде Кербалаға деген махаббаттары ешқашан өшпейді. Имам Хусейннің (ғ.с.) шәһид болған жері мен қабіріне деген махаббат сол күннен басталды",- деген болатын.
Миллиондаған адамның толқынымен қасиетті зарихке жеткен кезде жүрегімнің соғысы күшейіп, денем қалтырай бастады. Ақырында халықпен бірге имамның кесенесіне кірдім.
Тұла бойым ерекше көңіл-күйге бөленіп:
" السَّلامُ عَلَیْکَ یا اَباعَبْدِاللَّهِ وَ عَلَی الاَْرْواحِ الَّتی حَلَّتْ بِفِناَّئِکَ عَلَیْکَ مِنّی سَلامُ اللَّهِ [اَبَداً] ما بَقیتُ وَ بَقِیَ اللَّیْلُ وَ النَّهارُ وَ لاجَعَلَهُ اللَّهُ آخِرَ الْعَهْدِ مِنّی لِزِیارَتِکُمْ اَلسَّلامُ عَلَی الْحُسَیْنِ وَ عَلی عَلِیِّ بْنِ الْحُسَیْنِ وَ عَلی اَوْلادِ الْحُسَیْنِ وَ عَلی اَصْحابِ الْحُسَیْنِ"
деп қайталап, имам Хусейн (ғ.с.) болмысының нығметтері үшін Аллаға шүкірлігімді айтып, "Арбағин" зияратнамасын жалғастырдым:
اَلسَّلامُ عَلى وَلِىِّ اللَّهِ وَحَبیبِهِ اَلسَّلامُ عَلى خَلیلِ اللَّهِ وَنَجیبِهِ اَلسَّلامُ عَلى صَفِىِّ اللَّهِ وَابْنِ صَفِیِّهِ اَلسَّلامُ عَلىَ الْحُسَیْنِ الْمَظْلُومِ الشَّهیدِ اَلسَّلامُ على اَسیرِ الْکُرُباتِ وَقَتیلِ الْعَبَراتِ اَللّهُمَّ اِنّى اَشْهَدُ اَنَّهُ وَلِیُّکَ وَابْنُ وَلِیِّکَ وَصَفِیُّکَ وَابْنُ صَفِیِّکَ الْفاَّئِزُ بِکَرامَتِکَ....»
Ашура тек бір күн ғана болғанымен, оның әсері –мәңгілік. Ол сезімтал ұждандар мен пәк жүректерге әсерін тигізеді. Имам Хусейннің (ғ.с.) көтерілісі хиджри қамаридің 61-ші жылынан осы уақытқа дейін сарқыраған мөлдір бұлақ сияқты өзінің мөлдір суымен білім, шындық және әділет іздегендердің шөлдерін қандырып, жалғандыққа қарсы көптеген қозғалысқа нәр берді. Бүгін ғашықтары мыңдаған қадам басып, имамдарына сәлем беру үшін жиналып: "Уа, басшымыз! Сізге көмекке келетін біз Кербалда болмадық. Сондықтан өзіңіз қорғаған дінді сақтаймыз деп айтуға келдік. Қасық қанымыз қалғанға дейін сіздің армандарыңызды қорғаймыз. Кербала даласында аққан қаныңызды аяқ астында қалдыруға рұқсат етпейміз. Сан ғасыр өткенімен имам Хусейнге (ғ.с.) «ләббейк» айтатындардың бар екенін әлемге жеткіземіз.
,
|